Алматыда Қайрат Нұртас, Садраддин, МузАрт тобының қатысуымен танымал әндер фестивалі өтеді
Осы жексенбіде КБТУ алдындағы концертке келушілер ерекше алматылық vibe-ті сезіне алатын болады. Бұл күні алаңға жиналған көрермен заманауи қазақ музыкасының үш буынының ең жарқын өкілдері – «МузАрт», Қайрат Нұртас және Садраддиннің бір сахнада өнер көрсеткенінің куәсі болмақ.
Оған қоса, музыка сүйер қауымның назарына сонау 80-ші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін ел аузынан түспей жүрген хит әндер ұсынылмақ. Концертке «URKER» pop тобы, Карина Абдуллина, Өктем Алтаев, Саят Медеуов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаева, Ғазизхан Шекербеков, Әбдіжаппар Әлқожа, Бағлан Әбдірайымов, Нұржан Халжан, Мөлдір Әуелбекова, Беркут пен Аиша, Бейбіт Қорған, Тұрар, Маченский, AyaFunk, Ильхан қатысады.
Алматы - мәдениетіміздің отаны, музыкадағы трендсеттер, шығармашылықтың бастау алатын мекені. «Сағындым Алматымды» сол қалыптасқан тенденцияны айқындап көрсетеді. Мереке Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. Оpen air форматындағы кеш сағат 17:00-де басталатын кеш түнгі 23:00-ге дейін жалғасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024