Алматыда ауызашар мәзірін ұсынатын орындар

1844
Фото: lifeislam.org

Рамазан – мұсылмандар үшін ораза айы. Ораза кезінде ет, ұн тағамдарын және тұзы тамақтарды аз жеу ұсынылады. Осыған орай алматылық рестораторлар арнайы ифтар мәзірін дайындады. Алматы қаласында жақындарыңыз бен достарыңызды қайда ауызашарға шақыруға болады? 7kun.kz сіздерге ораза талаптарына сай ауыз ашуға болатын үздік мейрамханаларды ұсынады.

«RUMI» ресторандар желісі

Фото: voxpopuli.kz

Ас мәзірі: сорпа (окрошка), ірімшік қосылған көкөніс, саңырауқұлақ пен күріш қосылған бефстроган (ет тағамы), мерекелік палау, бәліштер, балмұздақ, жеміс-жидек, бауырсақ-шелпек және самса кіреді. Ал сусынға су, ташкент шайы және компот тапсырыс берсеңіз болады.

Асханасы: Шығыс және өзбек ас үйі

 

Орташа есеп: 1500-3000 теңге, ифтар мәзірі 3900 теңге. Сыйымдылығы 130 адам.

Байланыс нөмірі: +7 (727) 346‒91‒42, +7 (701) 808‒01‒11

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 92а (Қарасай батыр қиылысы) немесе Достық даңғылы 63 (Шевченко көшесінің қиылысы).

Madeni асханалар желісі

Ас мәзірі: Апта күніне қарай әр түрлі мәзір ұсынылған. Жалпы 10 түрлі тағам мен сусын кіреді. Ауызашар мәзірінде бірінші және екінші тағам, салат, нан, сусын түрлері және жеміс-жидектер бар.

Асханасы: Шығыс-Еуропа ас үйі, қазақ және орыс ас үйі

Орташа есеп: 1500 теңге, ифтар мәзірі 2900 теңге,

Байланыс нөмірі: +7 (727) 346-93-65

Мекен-жайы: Абай даңғылы 44 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы), Абылай хан көшесі 18 (Райымбек көшесінің қиылысы).

«Тағам» асханалар желісі

Ас мәзірі: Арнайы ифтар мәзірі жоқ. Таңдау бойынша әртүрлі тағам түрлері ұсынылады

Асханасы: Шығыс-Азия, Қытай, үй тағамдары

Орташа есеп: 1000-2000 теңге

Байланыс нөмірі: +7 (771) 501-29-38

Мекен-жайы: Қонаева 38 (Мақатаев көшесінің қиылысы), Жандосова 1/1, Мұстафина 21/6 (Фрунзе көшесінің қиылысы), Төле би 185 (Сейфуллина көшесінің қиылысы)

Villaggio мейрамханасы

Ас мәзірі: Villaggio рестораны  ифтар-фуршет ұсынады. Фуршетке тойымды тіскебасарлар, үш түрлі ыстық тағам, сушидың бәрнеше түрлері, салат, десерт, сусындар, жеміс-жидектер мен балмұздақ т.б. кіреді.

Асханасы: Еуропа ас үйі, шведтік дастархан

Орташа есеп: ифтар мәзірі 5000 теңге, есептің 10 пайызы қайырымдылыққа жұмсалады. Жалпы орташа есеп 7000-10000 теңге. Сыйымдылығы 150 адамға дейін.

Байланыс нөмірі: +7 (701) 099‒77‒88

Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғылы 140а

Nomad мейрамханасы

Ас мәзірі: Ауызашар мәзіріне 2 түрлі ыстық тағам, 5 түрлі салат. Одан бөлек, басқа да тіскебасарлар мен сусындарға өз таңдауыңыз бойынша тапсырыс бере аласыз.

Асханасы: Шығыс – Еуропа және қазақ ас үйі

Орташа есеп: 15000 теңге. Сыйымдылығы 200 адамға дейін.

Байланыс нөмірі: +7 (727) 271-62-22, +7 (727 271) 62 62

Мекен-жайы: Жамбыл көшесі 77 (Наурызбай батыр қиылысы)

Sancak рестораны

Ас мәзірі: 2 түрлі сорпа, 5 түрлі ыстық тағам, 3 түрлі гарнир, салаттар, құрма, шай, компот, су т.б.

Асханасы: түрік ас үйі, шведтік дастархан

Орташа есеп: ифтар мәзірі 4000 теңге

Байланыс нөмірі: +7 (727) 382-30-28

Мекен-жайы: Жібек жолы 15 (Бәрібаев көшесінің қиылысы)

«Вечное небо» мейрамханасы

Ас мәзірі: 3 түрлі ыстық тамақ, екіншіге 2 түрлі тамақ, салаттар, самса немесе чебурек және десерт. Сондай-ақ мейрамхана есебінен шелпек, бауырсақ, құрма, нишалды

Асханасы: Әзірбайжан, қазақ, қырғыз, татар, түрік, өзбек, ұйғыр, түрікмен, балқар ас үйі.

Орташа есеп: 4500-7000 теңге, ифтар мәзірі – 3500 теңге.

Байланыс нөмірі: +7 (727) 248‒36‒50, +7 (727) 248‒36‒52, +7 (775) 111‒04‒44, +7 (775) 111‒02‒22

Мекен-жайы: Бұзырбаев көшесі 23

Ескерту: Орындарды арнайы тапсырыс беру арқылы брондайсыз.