Amazon әлемдегі ең қымбат бренд деп танылды

Amazon
Фото: dazeinfo.com

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Amazon онлайн-ритейлері кезекті рет Brand Finance Global 500 әлемдік рейтингісінде бірінші орынға ие болды. Amazon бренді 187,905 млрд АҚШ долларына бағаланған, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 24,6%-ға көп.

Ең қымбат брендтердің бестігіне Apple ($153,634 млрд), Google ($142,755 млрд), Microsoft ($119,595 млрд) және Samsung ($91,282 млрд) кірді.

Сарапшылар ең мықты бренд (коэффициент маркетингке инвестициялар, акционерлік капитал мөлшері және осы факторлардың бизнестің тиімділігіне әсері негізінде есептеледі) Ferrari деп таныды. Осы көрсеткіш бойынша автоөндіруші McDonald ‘s, Coca-Cola,Lego және Disney компанияларын айналып өтті. Екінші орынды Ресей Жинақ Банкі иеленді, өткен жылдың қорытындысы бойынша 12-ші орында болатын. Оның бренді Deloitte, McDonald’s, Intel, Rolex, Coca-Cola және PwC компанияларынан озық болды.

Сондай-ақ «Brand Finance» компания басшыларының жеке индексін есептеді, ол олардың бренд-менеджерлер ретінде қаншалықты мықты екенін көрсетеді. Бірінші орын «Amazon» басшысы Джефф Безосқа бұйырды.