QAZAQ INVEST 2025 халықаралық форумында Алматы облысының негізгі стратегиялық бастамалары таныстырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Алатау қаласының даму жоспары туралы баяндап, жыл соңына дейін іске асатын екі ірі жоба жайлы мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл Алатауда индустриялық парктің екінші кезеңі іске қосылады. Бұл жоба аясында қосымша 20 мың шаршы метр қойма алаңдары салынады. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге. Сонымен қатар, жалпы құны 73,3 млрд теңгеге бағаланған заманауи көлік-логистикалық орталықтың құрылысы басталады.
– Алатау қаласында Шэньчжэнь үлгісіндегі арнайы экономикалық аймақ құрылды. Біз инвесторларға дайын инфрақұрылым, салықтық және әкімшілік жеңілдіктер ұсынып отырмыз. Сондай-ақ халықаралық нарықтарға тікелей шығу мүмкіндігі қарастырылған, – деді Рустам Исатаев.
Ұқсас материалдар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





