Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тимур Құлыбаевтың «Joint Resources» АҚ компаниясы 86 млрд теңгеге шығынға батты

Тимур Құлыбаевтың «Joint Resources» АҚ компаниясы 86 млрд теңгеге шығынға батты

Экс-президенттің күйеуі баласы Тимур Құлыбаев «Joint Resources» АҚ арқылы бірнеше компанияны басқарып келген еді.

Оның ішінде былтыр Атырау облысының прокуратурасы 13,6 млрд теңге айыппұл салған «Каспий нефть» АҚ, «Premier Development Company» ЖШС, «ҚазАзот» АҚ, «Шұбаркөл Премиум» АҚ, «Кристалл Менеджмент» АҚ, тағысын тағылар болды. Алайда, «Joint Resourced» компаниясы 2024 жылы 6,3 миллиард теңге, 2023 жылы 4 млрд теңге шығын әкелген  «Шұбаркөл Премиум» АҚ-ның 67 пайыз үлесін олигархтар – Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимовке аударған-ды.

Ендігі кезек «Каспий мұнайға» келіп тұрған сияқты. Себебі, мұнай өндіретін компания Астанадағы AIX биржасынан кететінін жариялаған болатын.

Сондай-ақ «Кристалл Менеджмент» мұнай компаниясы 2028 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы Арысқұм кен орнында құм-қиыршық тас қоспасын өндіретін болған. Қазір бұл компанияның да жағдайы мәз емес.   

 Қазақстан қор биржасындағы ақпаратқа сәйкес, «Каспий нефть» АҚ акцияларының 100 пайызы Joint Resources АҚ-на тиесілі. Ал «Joint Resources компаниясы акцияларының 100 пайызына Тимур Құлыбаев ие» деп көрсетілген. Дәл осы Joint Resources компаниясы 2022 жылы 127,6 млрд теңге шығын әкелсе, 2023 жылы 39 млрд теңге пайда тапқан. Ал «Joint Resources» АҚ-ның 2024 жылға арналған қаржылық есеп беруі және аудиторлық қорытындысына сүйенсек, былтыр 86 млрд теңге шығынға батқан.

«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС есебіне сәйкес, қаржылық нәтиженің елеулі аспектілерде 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Joint Resources» АҚ қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IFRS) сәйкес осы күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының қозғалысын әділ көрсетеді делінген.

Сонымен, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы аудиторлық деректерге сәйкес (егер басқасы көрсетілмесе, мың теңгемен):

------------------------------------------------------------

                                                              31.12.2                 31.12.2

Көрсеткіш                                                        4​                      3​

------------------------------------ ----------- ----------------------------

Жарғылық капитал                   20 753 586                       20 753 586

Меншікті капитал (капитал тапшылығы) 311 743 573        396 314 910

Жалпы активтер                           352 860 266                      406 063 858

Жалпы міндеттемелер                   41 116 693                         9 748 948

Таза пайда (таза шығын)              - 86 028 961                       39 150 975

Жай акцияның баланстық құны, теңге    309 005                    392 834

ROA, %                                              - 24,38                                      9,64

ROE, %                                               - 27,60                                      9,88

 Қазақстандағы ең табысты әрі ықпалды кәсіпкердің бірі, байлығы 5 млрд долларға жуықтайтын Тимур Құлыбаев шикізат мұнай, банк, логистика саласын жаулап алғаны мәлім. Алайда, соңғы жылдары бизнестегі белсенділігі мен ықпалы төмендеп, көптеген активтерінен айрыла бастады. 

 Соған қарамастан, биыл отандық бизнес серкелері
арасында рейтингтің бесінші және алтыншы орнын «Алмэкс» холдингтік тобының басшысы және тең иесі Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Құлыбаева иеленді. Әлемдік рейтингте олар бір орынды – 673-ші орынды (2024 жылы 612-ші орын) бөлісіп тұр. 

Ұқсас материалдар