
2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге немесе 55,6% аз.
I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, ең көп қаражат пайдалы қазбаларды өндіру салығынан түсті – 512,2 млрд теңге.
Өзге салалар бойынша көрсеткіш әртүрлі:
- ӨБК (өнімді бөлу келісімі) бойынша үлес – 502,4 млрд теңге (-78,2 млрд теңге немесе -13,5%);
- КТС – 496,7 млрд теңге (-387,5 млрд теңге немесе -43,8%);
- Экспорттағы рента салығы – 169,2 млрд теңге (-19 млрд теңге немесе -10,1%).
Ал жыл басынан бері 3,1 трлн теңге жұмсалды, бұл ретте алынған барлық қаражат бюджетке кепілдендірілген трансферт – 2 трлн теңге және нысаналы трансферт көлемі 1,12 трлн теңгені құрады.
Биыл I жартыжылдықта Ұлттық қордан таза шығын – 1,9 трлн теңгені (2025 жылдың 5 айы – 886 млрд теңге) құрады, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін 34,7 трлн теңгеден 32,8 трлн теңгеге дейін азайды.
Жалпы, Ұлттық қорға түсетін түсімдердің қысқаруы жалғасып жатыр. Бұған әсер еткен негізгі факторлар мұнай бағасының төмендеуі және әлемдік экономикадағы тұрақсыздық.
Айта кетейік, кеше Ұлттық қор жаңа қағидамен басқарылатынын жазған едік. Үкімет 2 шілдеде Ұлттық қорды қалыптастыру, пайдалану және есеп беру тәртібін реттейтін жаңа қағидаларды бекітті.