«Атамекен» Қордай ауданына жұмыспен қамтитын екі орталық ашты

33

Қордай ауданында «Атамекен» қолдау орталығы» жұмыспен қамтудың екі бірдей орталығы ашылды.  Жобаны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесуімен іске асырылуда.

«Атамекен» қолдау орталығы» жобасы дәл осы ауданда кездейсоқ іске қосылған жоқ. Қордай ауданында болған соңғы оқиғалардан кейін орталық халық арасындағы  әлеуметтік шиеленісті жеңілдетіп, жұмыссыздық пен кәсіпкерлік қызметке жұмылдыру мәселелерін айтарлықтай шешуге көмектесуі керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев орталықтың ашылу рәсімінде.

Қордай ауданында Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары – «Мәдениет үйі» және «Қаракемер» ауылында орналасқан.

 «Атамекен» қолдау орталығы» міндеті – халыққа жақын болу, жұмыссыз адамдармен байланыс орнату әрі жұмыспен қамту. Біз жұмысқа тұруға көмексіп қана қоймай, сонымен қатар Эльдар Жұмағазиев.

«Мұндай орталықтар кешенді шараларды көрсетеді. Жұмыспен қамту мобильді орталығында бүгінгі таңда Қордай ауданында жүргізілген сауалнама негізінде бос жұмыс орындарының базасы қалыптастырылған. Бұл 7 859 кәсіпкерлік субъектісі. Олар  111 бос жұмыс орны туралы хабарлады. Компанияларға сатушылар, бақташылар, жүргізушілер, сату жөніндегі менеджерлер, тігіншілер, тракторист-механизаторлар, жұмысшылар, сауыншылар, жанармай құю станцияларының операторлары қажет. Орташа айлық еңбекақы 42 000-90 000 теңгені құрайды. 2 күн ішінде «Атамекен» қолдау орталығы» 90 адамға қызмет көрсетті », – деді Жамбыл облысы ӨКП директоры Олжас Қаржауов.