Соңғы аптада Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық барысында доллар бағамы 12,5% өсті. Бұл туралы «Асыл-Инвест» АҚ сараптама департаментінің директоры Айвар Бәйкеновке сілтеме жасап Lsm.kz хабарлайды.
"Таңғы сессиядағы теңгенің орташа құнын ескерсек, ұлттық валюта құны 1 долларға қатысты 243,1 тг-ден 273,6 тг-ге құлдырады немесе 12,5% -ға төмендеді",-деді А.Бәйкенов. Оның пікірінше, теңгеге "фундаментальді әрі алыпсатарлық" негізінде түскен қысым сақталуда. Сонымен қатар, теңге құлдырауына салыстырмалы сауда-саттық көлемінің азаюы да әсер ететінін айтты. А. Бәйкенов тамыз айында 1 долларға қатысты теңге құны 300 тг-ге дейін құлдырайды деп болжам жасағанын растады. "Өтімділік төмендеген кезде және нарықтағы ойыншылар саны азайған кезде банктердің алып - сатарлыққа мүмкіндіктері көбейеді. Теңге курсын еркін айналымға жіберген сәттен бастап, біз теңге курсын 280-300 теңгеге жететінін күткен едік. Енді ойлаған төменгі шекке жеткендіктен жылдың соңына дейін 300 теңгені ұстаса деп күтеміз. Алайда бұл біз ойлаған шек болмауы да мүмкін",-деді ол. АҚШ доллары сауда аясында бірден 9 теңгеге (34%) нығайып, қатысушылар ұлттық валюта құны долларға қатысты 270 теңгеге әлсірейді деген еді. Дүйсенбі күнгі сауда-саттық барысында теңге бағамы 1 долларға қатысты 278,54 тг көлемінде жабылған еді. [caption id="attachment_20822" align="aligncenter" width="799"] Фото: lsm.kz[/caption]Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024