Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3,5 триллион теңгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 1,9 пайызға артық, деп хабарлайды LS.
Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі жеке құрылыс ұйымдары есебінен орындалды. Яғни, жалпы құрылыстың 81,8 пайызын, шетелдік құрылыс 17,8 пайыз, мемлекеттік құрылыс 0,4 пайызын құрады.
Сондай-ақ, жаңа ғимараттардың жалпы ауданы 15,7 млн шаршы метрді құрады.
Сонымен қатар, 2017 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 11,6 пайызға өсіп, 979,8 млрд теңгеге жетті. Жыл ішінде 11,1 млн шаршы метр пайдалануға берілді.
Тұрғын үйдің басым бөлігі (9 367,7 мың шаршы метр немесе 83,9 пайызы) жеке құрылыс салушыларға берілді.
Тұрғын үй құрылысының өсуі республиканың 15 өңірінде байқалды. Бұл ретте айтарлықтай өсім Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай (1,4 есе), Ақтөбе, Павлодар (1,3 есе), Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстарында (1,2 есе) байқалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024