Азиядағы жаңа индустриялы елдерге экономикалық-географиялық сипаттама (курстық жұмыс)

17027
кітапхана

Азиядағы жаңа индустриялы елдер – экономикалық дамудың жаңа жолына түскен елдер тобы жатады. Атап айтатын болсақ Оңтүстік Корея Республикасы, Сингапур, Тайвань және Гонконг жатады. Тайвань мен Гонконгты кейбір деректерде Қытайдың қос қанаты деп те атайды.

Осы мемлекеттерге қысқаша сипаттама беретін болсам. Олар мына төмендегідей:

Тайвань

Ел атауы: Тайвань Республикасы;

Жер көлемi: 36 мың шаршы шақырым;

Халық саны: 21 миллион адам;

Астанасы: Тайбэй қаласы;

Ақша бiрлiгi: жаңа тайвань доллары.

Сингапур

Ел атауы: Сингапур Республикасы;

Жер көлемi: 0,6 мың шаршы шақырым;

Халық саны: 4,6 миллион адам;

Астанасы: Сингапур қаласы;

Ақша бiрлiгi: АҚШ доллары.

Корея Республикасы

Ел атауы: Корея Республикасы;

Жер көлемi: 99,6 мың шаршы шақырым;

Халық саны: 48,3 миллион адам;

Астанасы: Сеул қаласы;

Ақша бiрлiгi: корей вонасы.

Гонконг

Ел атауы: Гонконг;

Жер көлемі: 1075 шаршы шақырым;

Халық саны: 5,8 миллион адам;

Астанасы: Гонконг;

Ақша бірлігі: гонконг доллары.

Бұл елдер туралы кіріспеде қысқаша мәлімет бере кеттім. Толық мәліметті негізгі тараулардан оқи аласыз.

Менің курстық зерттеу жұмысымның  мақсаты:  Азияның жаңа индустриялы елдерінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау.

 Зерттеу міндеттері:

  • Азиядағы жаңа индустриялы елдер мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай?
  • Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай?
  • Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай?
  • Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай?
  • Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай?
  • Мемлекеттегі туризмнің қазіргі күйі қандай?
  • Азиядағы жаңа индустриялы елдерның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?                                                    1.1 Географиялық орны мен табиғат жағдайлары, тарихи қалыптасуы         Тайвань

Ел атауы: Тайвань Республикасы;

Жер көлемi: 36 мың шаршы шақырым;

Халық саны: 21 миллион адам;

Астанасы: Тайбэй қаласы;

Ақша бiрлiгi: жаңа тайвань доллары.

Тайвань аралы Қытай жағалауынан 166 шақырым қашықтықта орналасқан. 349 шақырым ұзындық пен 144 шақырым ендiкте созылып жатқан аралдың жалпы жер көлемi 35563 шаршы шақырымды құрайды. Тайваньның маңындағы Пенгху, Ланью, Лиучиу, Кинмен, Матсу аралдары осы республиканың қарамағына қарайды. Ал аралдағы Юйшань тауы (биiктiгi — 3952 метр) солтүстiк-шығыс Азиядағы Тибеттен кейiнгi ең биiк тау болып есептеледi. Жалпы Тайвань өсiмдiк және жануар әлемiне мейлiнше бай болғанымен, экономиканы көтеру жылдарында батыс жағалаудағы табиғи ортаның бүлiнуiне жол берiп алады. Осының әсерiнен да аралдағы көптеген жануарлар дүниесi жойылып кеткен. Бiрақ соған қарамастан бүгiнде аралда 67 қорық пен 6 ұлттық саябақ бар. Тайвань негiзiнен субтропиктi белдеуде жатқандықтан, жауын-шашын мөлшерi өте жоғары. Ел астанасы — Тайбэй қаласы. Қала шетелдiк туристердi зәулiм құрылыстарымен тартады. Биiктiгi 508 метр Тайбэй-101 құрылысы әлемдiк рекордты ұстап келген Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы «Петронас» аталатын егiз-сарайдан 50 метр биiк. ХҮII ғасырға дейiнгi Тайвань аралы жөнiндегi деректер Қытай тарихында өте мардымсыз. Ғасырдың басында аралға испан және голландиялық зерттеушiлер алғаш табан тiресе, 1950 жылы Португалия саяхатшылары жаңа мекенге Формоза (Көрiктi арал) есiмiн еншiлейдi. Ал 1661 жылы орталық Қытайдан қашып келген Чжэн Чэнгун аралды нидерландылықтардан тартып алады да, араға жиырма жыл сала, Тайваньға Қытайдан 200 мың адам қоныс аударады. Осылай арал Қытайдың отар елiне айналып, Фуцзянь провинциясына қосылады. 1886 жылы Тайваньға өз алдына провинция дәрежесi берiлгенiмен, тоғыз жылдан кейiн арал Пескадор, Рюкю аралдарымен бiрге Жапонияға берiлдi. Бұл әрекет 1894-1895 жылдары болған Қытай-Жапон соғысы нәтижесiнде бекiтiлген Симоносек келiсiмi бойынша жасалған болатын. Жапония Тайваньға өз тiлiн енгiзумен қатар, елдiң денсаулық саласын, ауыл шаруашылығы мен энергетикалық қорларын, сонымен бiрге транспорт-коммуникация саласын да көтердi. Ал II дүниежүзiлiк соғыс уақытында Тайвань Жапонияның Тынық мұхитына енетiн тiрек нүктесi қызметiн атқарған. 1945 жылы арал Қытайға қайтарылды. Алғашқы жылдары ел губернаторы Чэньнiң билiгiне қарсы болған тайваньдықтар көтерiлiске шыққанымен, Қытайдағы азаматтық соғыс коммунистердiң жеңiсiмен аяқталған тұста билiкке келген Чан Кайши Тайваньды «үлгiлi провинция» етiп көрсету арқылы аралды инфрақұрылымдық жағдайын жақсартып тастайды. Чан Кайши Тайваньда аграрлық реформа жүргiзедi. Осы реформа негiзiнде де кедей, дамуы жағынан артта қалған аралдық провинциядан өндiрiстi, тұрақты даму жолына түскен Тайвань республикасы жетiлiп шықты[1].

Сингапур

Ел атауы: Сингапур Республикасы;

Жер көлемi: 0,6 мың шаршы шақырым;

Халық саны: 4,6 миллион адам;

Астанасы: Сингапур қаласы;

Ақша бiрлiгi: АҚШ доллары.

Аңызға сенсек, Суматра ханзадасы аралға аяқ басқаны сол екен, теңізде арыстан басты тіршілік иесін байқайды. Содан бері арыстанбасты балық туралы аңыз осы кезге жеткен. Қызыл көзді арыстан аралды жауларынан қорғап, тіпті күлге айналдырып жіберетін қасиетке ие болған көрінеді. Содан да аралға Sіnga Pura деген атау берілген. Санскрит тілінен аударғанда ол  “арыстан қала” дегенді білдіреді. Егер Сингапурға бара қалсаңыз, қаланың ең көрікті жеріне, судың жағасына аузынан су атқылаған арыстанбасты, балық құйрықты мүсінді көресіз. Бұл ХІV ғасырдан жеткен мистикалық жануардың құрметіне қойылған белгі әрі мемлекеттің символы да. Жай символ емес, өркениетті­ліктің айбыны деп қарастыруға да болар. Қалай болған күнде бұл құбылыс кім-кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.

Малакка түбегінің оңтүстігінде орналасқан Сингапур мемлекеті Оңтүстік-Шығыс Азия­дағы аралдық мемлекет болып табылады.  Сингапур атауы аралға, осындағы өзенге және қалаға да қатысты аталады. Тұтастай аумағы 697,1 шаршы шақырым (ұзындығы – 42, ені – 23 шақырым) ғана. Халқының саны 4,2 миллион адам болса, сонда әрбір шаршы шақырымға 4884 адамнан келеді. Бұл Сингапур әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі деген сөз. Мұнда малай тілі – мемлекеттік, ал қытай, тамил және ағылшын тілдері ресми. Аралдың байырғы тұрғындары – малайлықтар. Аралды ағылшындар отарлап алғаннан кейін сауда-саттық қарқын алған. Қытай, Үндістан, Еуропа және өзге де елдерден көптеген адам осында қоныс аударып, орныға бастаған. Қазіргі таңда арал халқының 76,2 пайызын – қытайлықтар, 13,8 пайызын – малайлықтар, 8,3 пайызын – үнділер және 1,7 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Соның ішінде 32 пайызы – будда, 22 пайызы – даосизм, 15 пайызы – мұсылман, 15 пайызы христиан және 4 пайызы үнді дінін ұстанады. Сондықтан да болар, Сингапур президенті С.Натан Қазақстан Пар­ламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жановпен болған әңгімесінде арал тұрғында­рының мәдениеті мен өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, сингапурлық біртектілік құру қажеттігі жөнінде жан-жақты айтып берді. Мұндағы билік басындағылардың құрамы түрлі ұлт өкілдерінен тұрады. Мысалы, Сингапур президенті тамил болса, үкімет басшысы – қытай, ал парламент спикері –– малай.

Сингапурлықтар арасында дініне, ұлтына, түр-түсі мен өзге де ерекшеліктеріне қарамас­тан, адамның жақсы қасиеттерін бағалайтын түсінік қалыптасқан. Қоғам арасында “жақсы адам” деген бағаға ие болған адам ғана билік табалдырығынан жоғары көтерілетіндей жүйе құрылған десе де болады. Яғни, білікті де білімді, таза да алғыр адам ғана жоғары лауа­зым­дарға иек арта алады. Тағы бір айта кетер­лігі, мұнда мемлекеттік шенеунік жеке секторда жұмыс істейтін менеджерлерден жалақы алып тұрады. Баспана мәселесі де 85 пайызға дейін шешімін тапқанға ұқсайды. Әрбір ауданда қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп, тұрғын үйлердің күтімі жергілікті атқарушы органдардың мойнына жүктелген. Күтім дұрыс болуы үшін баспана иесіне басыбайлы жекешелендіріліп те беріледі екен. Егер біреу-міреу пәтер алғысы келсе, онда ол 2,6 пайыз­дық үстемемен 30 жылға дейін шарт жасасуы керек. Оны осындағы Тұрғын үйді дамыту жөніндегі комитетіне келіп рәсімдеуге болады. Басымдық балалы отбасыларға беріледі. Екінші дәрежедегі банктердегі үстеме 3,5 пайыз болса, сингапурлықтар оның өзін көпсінетін көрінеді. Ал бізде 15 пайыздық үстемемен 15 жылға ғана ипотекалық несие берілмеуші ме еді?.. Осы ретте айта кетерлігі, мұнда зейнетақы қорындағы ақшаға пәтер сатып алуға мүмкіндік жасалған. Бірнеше адам қосылып, бір пәтер сатып алуына да болады. Мысалы, қаланың шеткері жағындағы 100 шаршы метрлік пәтер бағасы 97 мың АҚШ доллары көлемінде көрінеді. Жоғары жалақы алатын елде бұл айтарлықтай ауыртпалық түсірмесе керек.

Қолы мен ары таза емес пенделер қайда болмаған. Аралда жемқорлыққа қарсы күрес бюросы жұмыс істейтін көрінеді. Аталған құрылым тікелей премьер-министрге бағын­ғанымен, егер оның заңсыз әрекеттерін байқап қалса, онда үкімет басшысының ісін тексеру үшін бюро президентке жүгіне алады. Бірде әлгі бюроның бір қызметкері күдікке ілігіп, тексере келгенде оның заңсыз әрекеттері анықталған. Содан кейін барып бюроның бұрынғы директоры өзі бастап, қызметкер­лерімен жалған мәліметті анықтайтын детектордан өздерін толық тексеруден өткізіпті. Басты мақсат – ­жаңағыдай абыройсыз істің екінші рет қайталанбауы. Әрине, жемқорлыққа барған адам Сингапурда оңай жазадан құтыла алмайды. Заңсыз жолмен талан-таражға түскен қаржы түгел дерлік мемлекетке қайтарылады. Мемлекет аударған оның зейнетақы қорындағы жинақталған қаржы да өндіріліп алынады. Одан қалса, дүние-мүлкі тәркіленіп, айыпты 7-8 жыл жазасын өтеу орындарына жіберілуі мүмкін. Жазасын өтеп келгеннен кейін де оған ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне жол берілмейді. Әрине, атақ-шеніне қарамастан, мұндай қатаң жазалаулардан кейін ешкім лас тірлікке бара қоймайтыны өзінен-өзі түсінікті де.

Корея Республикасы

Ел атауы: Корея Республикасы;

Жер көлемi: 99,6 мың шаршы шақырым;

Халық саны: 48,3 миллион адам;

Астанасы: Сеул қаласы;

Ақша бiрлiгi: корей вонасы.

Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан Корея Республикасының құрамына Жапон және Сары теңіздегі 3 мыңдай ұсақ аралдар енеді. Бұл аралдардың тек 400-ден астамында ғана тұрақты қоныстар бар, ең ірісі – Чеджудо аралы. Жағалау бойымен континенттік қайраң жолағы созылып жатыр, мұнда судың тереңдігі 100 м-ден аспайды. Жағалауда балық қрына бай, соңғы жылдары мұнда мұнай барлау жұмыстары жүргізілуде.

Ел аумағының 70 ℅-ға жуығын аласа таулар алып жатыр. Гранитті жартастар мен кішігірім сарқырамалар таулы өңірге айрықша сән береді. Сейсмикалық жағдай көршілес Жапониямен салыстырғанда тұрақты, ел аумағында сөнбеген жанартаулар жоқ және күшті жер сілкінулер болмайды. Кішігірім жазықтар елдің батысы мен орталығында және өзендердің сағасында орналасқан, олар көбінесе күріш егуге қолайлы. Корея жері пайдалы қазбаларға кедей; тек вольфрам кенінің дүниежүзілік маңызы бар. Сонымен қатар кварц, алтын мен темірдің, мырыштың шағын кен орындары кездеседі.

Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты ел аумағында ылғалды шығыс Азиялық муссондық климат тән. Жазғы муссон мол жауыш-шашын әкеледі, оның 70 ℅-ы маусым мен қыркүйек аралығында түседі. Чеджудо аралында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 1500 мм-ге жетеді. Күшті нөсерлермен қоса, жаз кезінде күшті ыстықтар да байқалады; 1943 жылдың тамызы мен 1994 жылдың шілдесінде ауа температурасы +40ºС-қа жетеді. Қыс кезінде суық, құрғақ ауа райы орнайды. Корейлердің негізгі кәсібі – күріш егу. Бірақ оншақты жылда бір рет болатын «құрғақшылық» (жылдық жауын-шашын 1000 мм-ден кем жылдар) күріш шаруашылығына зиянын тигізеді.

Корея өзендері қысқа болғанымен мол сулы, жазғы муссон кезінде су тасқындары жиі болады. Кезінде өзендердің су жолы ретіндегі маңызы зор болған, елдегі ірі қалалардың көбі өзен бойындағы порттар негізінде қалыптасқан. Қазіргі кезде өзен сулары күріг егістігін суаруға пайдаланылады. Ел аумағында 4 мыңнан астам өсімдік түрі кездеседі. Жазықтарда қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары, ал оңтүстік жағалауда мәңгі жасыл өсімдіктер тобы (жапон камелиясы, мәңгі жасыл емен, бензой ағашы) өседі. Өзен аңғарларының биіктігі 10 м-ден асатын бамбуктерді кездестіруге болады. Халық тығыздығының жыл сайынғы артуы табиғи ландшафтылар аумағын тарылтып келеді.

Гонконг

Ел атауы: Гонконг;

Жер көлемі: 1075 шаршы шақырым;

Халық саны: 5,8 миллион адам;

Астанасы: Гонконг;

Ақша бірлігі: гонконг доллары.

Жарты тәуелсiздiктiң аз жылында халқының әл-ауқатын көтерiп, озық елдердiң есебiне тiркелген мемлекеттер қатары көп емес. Оның iшiнде дүние тарихында бодауға берiлiп, бақуатты елге айналып шыға келген Гонконг пен Тайванның алатын орны ерекше. Аждаһа бейнелi алып Қытайдың қолтығына сұғынып жатқан шағын ғана қала-мемлекеттiң тәлейiне тоқсан тоғыз жыл бойына ағылшын жұртының дәргейiне бас ұру жазылыпты. Гонконг тек 1997 жылдың 1 шiлдесiнде ғана Ұлыбританияның Қытаймен жасасқан 99 жылдық жалға алу мерзiмiнiң аяқталуына орай Қытай қарауына толықтай көшiп, арнайы әкiмшiлiк аудан болып бекiтiлдi. Дегенмен Ұлыбритания отары боламын дегенше тарихи, шығыстық Сянган атын сақтап келген қаланың тарихы сонау ХҮI ғасырдан бастау алады. Ал Тайвань 50 жыл Жапонияның қоластында күн кештi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс бiтiсiмен Қытайға керi қайтарылған аралдық елдiң екпiндi даму үдерiсiне түскенi белгiлi. Екi елдiң де өнеркәсiптiк экономикасынан Қазақстан үшiн алар үлгi мол.   Гонконг Дунцзян өзенi сағасы тұсынан Оңтүстiк Қытай теңiзiнiң оңтүстiк-шығыс жағалауы бойымен созылып жатыр. Қаланы айнала орналасқан бiрнеше аралды қоса есептегендегi Гонконгтың жер көлемi 1097 шаршы шақырымды құрайды. Осындай алақандай аймақты алты миллион адамның мекендейтiнiн ескерсек, Гонконгтағы халықтың қоныстану тығыздығы әлем бойынша жоғарғы нүктеде екенiне көз жеткiзуге болады. Айта кетерлiк жайт, Сянган халқының 95 пайызы – этникалық қытайлықтар. Соған қарамастан, елдегi ең көп қолданылатын тiлдер – ағылшын мен қытай тiлiнiң катонездiң диалектiсi болып табылады.  Гонконг ресми түрде Коулун түбегi, Гонконг аралы, «жаңа мекендер» және «алыс аралдарға» бөлiнген. Ал бұл кiшiгiрiм аралдардың жалпы саны 260-ты құрайды. Оның iрiлерi – Чеунг Чау, Ламма, Лантау, Пенг Чау, Чек Лаб Кок және басқалар. Елдiң әкiмшiлiк орталығы – Сянган қаласы. Сонау 1839 жылы Қытайдың Кантон қаласынан қысым көрiп қуылған ағылшын есiрткi сатушылары ол кезде тұрғындарының саны 4 мыңнан аспайтын осы Сянган аралына қоныс тебедi. Ал өз адамдарына қысым көрсеткенi үшiн Британ үкiметi қытайлықтарға қарсы әскери шабуылдар ұйымдастырып, жеңiске жету арқылы 1842 жылы Гонконгты өз меншiгiне өткiзiп алады. Тек араға 56 жыл салып, Ұлыбритания мен Қытай арасындағы жердi жалға беру келiсiмiнiң нәтижесiнде, жоғарыда аталғандай, 99 жыл британдықтардың бодауында болған Гонконг 1997 жылы қайтарылып, Қытайдың арнайы әкiмшiлiк ауданына айналды[4].

1.2 Халық, еңбек ресурстары және демографиялық проблемалары

Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өміріне барлық саласындағы алатын орны маңызды.Сол себепті оны зерттеп білудің мәні де зор.

Халық – елдің тек басты өндіргіш күші ғана емес, сонымен бірге көптеген ұлттардың бірлестіні. Халық ұғымының бірнеше мәні бар.

Гонконг – жалпы халық саны 5,8 млн. адам. Бұл елде урбандалу дәрежесі өте жоғары. Урбандалу – 93℅-ы құрайды. Халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 8 адам. Ұлттық құрамын төмендегі диаграммадан көруге болады. Мұнда: 1. Халықтың 95℅-ын – қытайлықтар, 2. Өзге де ұлттар – 5℅-ын құрайды. Гонконгта халық арасында ұстанатын діндер ала-құла таралған. Оны төмендегі диаграмада көруге болады. Мұнда: 1. Халықтың 74℅-ы –буддизм, 2. 8℅-ы – христиан, 18℅-ы — өзге де діндерді ұстанады.

Корея Республикасы – жалпы халық саны 48,3 млн.адам. Халық тығыздығы 1 км² 484 адамнан келеді. Халықтың 79℅-ы қалада тұрады. Ең ірісі – Сеул, оның тұрғындарының саны 11,2 млн. адам, яғни ел халқының 23℅-на жуығы.

Халықтың ұлттық құрамы біркелкі: ел тұрғындарының 99℅-ын корейлер құрайды. Оны төмендегі диаграммадан көруге болады.Мұнда: 1. Халықтың 99℅-ын – корейлер, 2. Өзге де ұлттар – 1℅-ын құрайды.

Бұл халық үшін өте сирек кездесетін құбылыс. Бұған мемлекеттің түбекте орналасуы, ұлттық менталитет себепші болды. Ежелден бері корейлер әулеттерге бөлінеді, әр әулеттің шежіре кітабы бар болады. Қазіргі кезде шетелдерде 5,5 млн. адамнан астамкорейлер бар. Олардың басым бөлігі Қытай, АҚШ пен Жапония азаматтарын құрайды. Дегенмен соңғы жылдары репатриация үрдісі жүруде.

Кореяда жергілікті ұлт өкілдерінен басқа, қытайлардың шағын тобы және елге жұмысқа келген шетел азаматтары тұрады. Корея ресми түрде 1994 жылдан бері көршілес елдердің азаматтарын келісімшарт бойынша жұмысқа қабылдай бастады. Олардың арасында қытайлар, непалдықтар, пәкстандықтар, вьетнамдықтар және т.б. бар. Соңғы жылдары Кореядағы шетел жұмысшылары қатарын Қазақстан азаматтары да бар. Ел халқының табиғи өсуі 7℅-ға жуық. Медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы адамның өмір жасының ұзаруына себепші болды. Мысалы, қазіргі кезде бұл көрсеткіш ер адамдар үшін 72, әйелдерге 79 жасқа жетті. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, жасы 65-тен асқан адамдар саны артуда, олар ел халқының арасында 6℅-ы құрады. Керісінше 14 жасқа дейінгі балалар саны азайып кетті. Халықтың жыныстық құрамында ер адамдар санының артуы байқалуда; жаңа туған сәбилер бұл арақатынас 110:100-ге тең.

Кореяда денсаулық сақтау жүйесі өте тиімді ұйымдастырылған. Қатардағы медицина орталықтарымен қатар, арнайы шығыс медицинасының орталықтары ашылған. Медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Халықтың жоғарғы білім алу көрсеткіші жөнінен Канада мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орынды алады. Кореяның әр адамның 100 мың тұрғынға шаққанда 4,5 мыңнан астам жоғары білімді азамат келеді.

Еңбек нарығында соңғы онжылдықта түбегейлі өзгерістер жүрді. Еуропа елдерімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі өте төмен (5℅). Қазіргі кезде еңбекпен қамтылған 21 млн-ға жуық адамның 66℅-ы өндірістік емес салада жұмыс істесе, өнеркәсіпте 23℅-ы, қалған бөлігі орман және ауылшаруашылығында, барлық кәсіпшілігінде жұмыс істейді. Қазіргі кезде Корея Республикасы шетел жұмысшыларын қабылдауда; бұл елдің кәсіпорындарында арнайы келісімшарт негізінде Қазақстан азаматтары да еңбек етеді[5].

Сингапур – жалпы халық саны 4,6 млн. адам. Сингапур халқы өте тығыз қоныстануымен ерекшеленеді. Бұл елде 1 км² 4884 адамнан келеді.

Мұнда: 1. қытайлықтар – 76℅, 2. 14℅ – малайлықтар, 8℅ – үнділер, 2℅  – өзге де ұлттар құрайды. Сингапур елінде әлемдік дін ала-құла таралған. Оны төмендегі диаграммадан көруге болады. Мұнда: 1. 32℅ – будда, 2. 22℅ – даосизм, 3. 15℅  – мұсылман, 4. 15℅  – христиан, 5. 4℅  – үнді, 6. 2℅  – өзге де діндерді ұстанады. Тайвань – жалпы халық саны 21 млн. адам. Ұлттық құрамы біркелкі. Оны төмендегі диаграммадан көруге болады. Мұнда: 1. 98℅  – қытайлықтар, 2. 2℅  – өзде де ұлт өкілдері. Тайваньда әлемдік діндер ала-құла таралған. Төмендегі диаграммада діндердің таралуы көрсетілген. Мұнда: 1. 93℅  – конфуций және даоцизм діндері таралған, 5℅ – христиан, 2℅ – өзде де әлемдік діндер таралған.

2.1 Азиядағы жаңа индустриялы елдердің экономикасының дамуындағы жетістіктер

Гонконг экономикасы. Бұл елдiң экономикалық екпiнiн көтеруде маңызды рөл атқарған Гонконг бүгiнде батыс пен шығысты байланыстыратын алтын көпiр iспеттес. Бұл елде өнеркәсiптiң дамуы 1950 жылдардан бастап жақсы қарқын алған болатын. Ол қарапайым жүк тиеу портынан дүниежүзiлiк маңызы бар индустриялық орталыққа айналды. Әсiресе Ұлыбританиядан тәуелсiздiгiн алған жылдары бүкiл Азия бойынша қаржы дағдарысы орнаған шақта Гонконгтың өз қаржы секторын реформалау жөнiнде қабылдаған шешiмi бүгiнде көптеген елдер үшiн бағалы тәжiрибе. Реформа шеңберiнде елдегi үш биржа қайта құрылымданып, 2000 жылы НКЕХ қор биржасының тұсауы кесiлдi. Бұл биржаның басты мақсаты өз аумақтарындағы және Қытай рыногына қатысушы компаниялардың құнды қағаздарын айналым рыногына салу едi. Осының нәтижесiнде Гонконг қор биржасындағы құнды қағаздар айналымының көлемi бойынша Азияда Жапония елiнен кейiнгi екiншi орынды иеленсе, әлем бойынша алғашқы жетiлiктi қорытындылап тұр. Қазiргi таңда қазақстандық компаниялар да Гонконг қор биржасына өз акцияларын орналастыруға кет әрi емес. Сянган сонымен қатар, инновациялық және технологиялық жетiстiктерi жөнiнен де көптеген елдерден көш iлгерi. Мұнай-газ өндiрiсiнде, экономиканың шикiзаттық емес секторында тиiмдi жаңа жобалар жүзеге асып жатыр. Сыртқы саудада қаржы-финанстық салаға маманданған Гонконг экономистерi биржаның жұмысын алға қойған. Ал өнеркәсiптiк салада Гонконг сыртқа жеңiл өнеркәсiп, тамақ өнiмдерiн, радиоэлектроника құралдарын шығарады. Сянганның сыртқы саудадағы сыбайластары болып АҚШ, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Сингапур мемлекеттерi болып табылады. Шаруашылық салада балық шаруашылығы жөнге қойылған. Ал қаладағы темiр жол 34 мың шақырымды құраса, автомобиль жолдары 1,9 мың шақырымға шамалас. Гонконг сонымен бiрге туристiк кешендерге де бай. Орта есеппен жылына Сянганға 3 миллион туристер келедi екен. Гонконг Дүниежүзiлiк сауда ұйымына ең алғашқы кiрген мемлекеттердiң қатарында.

Тайвань экономикасы. Тайваньның экономикалық гүлденуi жапондардан азат болған жылдардан басталады. Оған дейiнгi кезеңде тек аграрлы саясат ұстанып, яғни, күрiш пен қант өсiрумен ғана шұғылданған Тайвань халқы Қытай билiгiне Ұлттық үкiмет келгеннен бастап, өнеркәсiп алаңына айналу үдерiсiне көшедi. Алпауыт АҚШ-тың қаржылық жәрдемiмен 4 жылдық даму бағдарламасын iске асырған аралдық мемлекет 1965 жылға қарай өзiнiң дербес экономикалық бағдарламасы бойынша жұмысқа кiрiседi. Сандарды сөйлетсек, елдiң 1953-1986 жылдар аралығындағы экономикалық өсiмi жылына 8 пайызды құраса, 1986 жылдан бастап, 7 пайызға тұрақтап отырған. Дегенмен Тайвань экономикасын Қытайдан бөлiп қарастыру үлкен қателiк болар едi. Өйткенi Тайбэй экономикасының негiзгi екi секторы саналатын химия және мұнай-химия өнеркәсiбi салалары Қытайға тiкелей қарайды. Басқаша айтқанда бұл өнеркәсiптердi жүргiзiп отырғандар — Қытай компаниялары. Тайвань дүиежүзiлiк сауда ұйымының табалдырығын 2002 жылы аттады. Ол арқылы Тайбэй төрт кедендiк аймаққа бөлiндi: Тайвань, Пенгху, Кинмен және Матсу. Мiне осы уақыттан берi аталмыш салаларда салық салымы күрт төмендеп, елдегi өнеркәсiп салаларына шет елден тартылған инвестиция көлемi күрт ұлғайған. Ал Тайвань соңғы 5 жылда сыртқа мұнайдың соңғы өнiмдерi, пластмасса, полиэтилен тауарларын шығаруды ретке келтiрiп алды. Тайваньның электрондық өнеркәсiбi де жақсы дамыған. Компьютер, оның саймандары,  ИС, ЖК-технологиялар өнеркәсiбi елдегi ғылыми прогресстiң жоғары деңгейде екендiгiнен хабар бередi. Елде бұл салалармен айналысуға «Тай Цзи Дянь», «Лянь Дянь» компаниялары маманданса, әлемдiк жетекшi «Apple», «Dell», «Fujitsu», «Hewlett Packard», «IBM», «Siemens», «Sony» және «Toshiba» компаниялары Тайваньдық өнеркәсiпшiлермен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қорыта айтқанда, Тайвань экономикасы негiзiнен ауылшаруашылық және өнеркәсiптiк салаға маманданған. Ал таза өндiрiстен өнеркәсiп алаңына айналмақ Қазақстан үшiн Тайвань мемлекетiнен алар үлгi мол. Ең алдымен аралдық елдiң ғылыми-техникалық үдерiсiне сай үзеңгiге аяқ салған жөн болар…

Сингапур экономикасы. Бұл елде Орташа жылдық табысы әрбір сингапурлық­қа шаққанда 25 000 АҚШ долларын құрайды. Мұншалықты жетістікке арал өзінің стратегия­лық орналасуымен қол жеткізіп отыр. Еуропа, Азия және Австралияға қатынайтын теңіз жолдарының айырығында жатқан Сингапур әлемнің байланыстырушы орталығына айналған. АҚШ, Еуропа және Жапониядан жеткен өндіріс тауарлары алдымен Сингапурға келіп, көршілес мемлекеттерге тарайды. Ең бастысы – аралда саяси тұрақтылық пен жоғары сапалы әрі арзан жұмыс күшінің болуы инвесторларды қатты қызықтырды. Оның үстіне арал басшылығы жұмысшы орындарын ашуға мүдделі болғаны соншалық, Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Ли Куан Ю өзінің “Сингапурлық ғажайып” атты еңбегінде ел азаматтарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін қармақ жасауға дейін барғандық­тарын еске алады. Бірде ол Мальтаға барса, алты күнге созылған араб-израиль соғысынан Суец каналы жабылып қалған екен. Соған қарамай, ағылшындар атал­ған канал жұмыс­шыларына айтарлықтай қаржы төлеген. Мұндай тегін келген ақша­ның адамдарды масылдыққа ұрындырарын жақсы түсін­ген Ли Куан Ю парламентте сөйлеген сөзінде сингапур­лықтарға арнап: “Әлем бізді асырауға міндетті емес. Біз кедейшілікпен өмір сүрмеуі­міз керек”, деп ескерткен. Тоғыз жылдық тынымсыз еңбектен бір сәт болса да тыным алу әрі өзінің біліктілігін арттыру үшін Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі АҚШ-тың Гарвард университетіне де барып, көптеген ғалымдар­мен, оқытушылармен әңгімелесіп, пікір алы­сады.  Кәсіпкерлердің де тамырын дәл баса білді. 1967 жылы іскер азаматтармен Чикагода болған басқосуда Сингапур басшысы 120 балықшы тұратын аралдың тұрғындары 2 миллионға жеткен қалаға айналып шыға келуін түсіндіргенде өздерінің тауар өндіру мен қызмет көрсетуді өзгелерден сапалы да өнімді жасау керектігін, не аштан өлуді жақсы түсінгендерін әсерлі тілмен айтып өтеді. Содан кейін барып АҚШ-тың инвестициясы да біртіндеп аралға ағыла бастаған[7].

Химия, мұнай өңдеу, электроника құрас­тыру, радио және электротехникалық өндіріс, сондай-ақ кеме жасау Сингапурда жалғасын табуда. Сол сияқты қалайы балқыту мен каучук өндірісі де аймақта үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, аралдық мемлекет интеллектуалдық қызмет көрсету саласында да (ақпараттық, технология­лық және медициналық)  айтарлықтай табыс­тарға жетті. Мысалы, мемлекеттік “Джуронг Таун Корпорейшн” корпорациясының басшы­лығымен көптеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.  Жер аумағының тарлығына байланысты бірнеше аралдардың арасын толтырып, ол жерлерге мұнай-химия өндіріс орындарын сала бастаған. 1990 жылдардың өзінде Сингапур мұнай өңдеуді 1,2 миллион баррельге жеткізді. Сонымен ол әлемдегі Хьюстон мен Роттердамнан кейінгі мұнай өңдеуші және Нью-Йорк пен Лондоннан кейінгі мұнай мен мазутты сататын сауда орталығына айналды. Ендігі армандары жапондықтар сияқты мұнай мен газ қорын молынан жинап, теңіздің түбінде сақтау. Корпорация басшыларының мәліметі бойынша, ешқандай мұнай өндірмейтін елдің қазіргі қоры 55 күнге дейін жетеді екен. Мөлшерін нақтылап айтпағанға қарағанда, қор мөлшері бұдан да көп болуы мүмкін. Оның үстіне Малакка түбегіндегі табылған мұнай мен табиғи газдың мол қоры аралда энергетикалық компаниялардың штаб-пәтерлерінің орын тебуіне алып келді.

Сол сияқты аралдық мемлекеттің әрі қаланың орталығында бой көтерген зәулім ғимараттарда орналасқан банктер Лондон, Нью-Йорк, Токио, Майндағы Франкфурт, Гонконг және өзге де маңызды қаржы орталықтарымен өзара компьютерлік желілермен жалғанған. Осылайша Сингапур Цюрих – Франкфурт – Лондон – Нью-Йорк– Сан-Франциско сияқты қаржы орталықтарының эстафетасын жалғасты­рушы болып табылады. Ірі қаржы орталығы болып қана қоймай, сонымен бірге, көршілері үшін коммерциялық және ақпараттық дерек көзіне де айнала білді. Сингапур әлемдегі ең бір ірі портқа (жүк тасымалы жөнінен әлемде екінші орынға ие) айналып үлгерді. Оның әр түрлі кемелерге қызмет көрсететін 250-ге тарта желілері бар, тәулігіне  150 кемені қабылдай алады. Аралдың әуежайы кез келген ауа райында ұшақтардың ұшып, қонуына ыңғайлы саналады. Сондықтан да болар, жыл сайын аралды тамашалау үшін 6-8 миллион турист келетін көрінеді. Олар үшін Джуронгте құстар мен әр түрлі жәндіктердің ұлттық  паркі және Сентоза аралында көңіл көтеру орны жасалған.

Әсіресе, зоологиялық парктің жағдайы қайран қалдырады. Аумағы 40 гектарға созылып жатқан тропикалық орманда 2000-ға тарта жануар мен аң түрлері еркін табиғатта өмір сүреді. Олардың көбі түнгі өмір кешетіні ескеріліп, мұнда жарық шамның көмегімен түнгі сафари серуені ұйымдастырылады. Электромобиль туристерді хайуанаттардың тура жанымен алып өткен кезде, ортада сақтық бөгеттердің барлығын байқай бермейсің. Негізінен олар ор немесе ішіне су толтырған арна, тоғандар түрінде болып келуі де мүмкін. Мұнда, сонымен қатар, туристердің жүріп-тұруы үшін де жақсы жағдайлар жасалған. Метро, троллейбустар мен автобустар үнемі жүріп тұрады. Әсіресе, таксилер көптеп саналады. Көшеден  Жапонның “тойота” авто­көлігін көптеп кездестіруге болады. Сингапур өздері мәшине шығармайды, сондықтан да автокөлік сатып алуға ниеттенген адам алдымен иелік ету құқына қажетті рұқсаттаманы сатып алуы керек. Ол кәдімгідей саудаға да түседі екен. Өз мұнай өнімдерін тұтынуы үшін өзге елдерге шығатын автокөлік­тердің бензин бактерін тексереді, егер ол бос болып шықса, айыппұл салады деген де ақпараттар айты­лып қалып жатты. Көшеде де бей-бе­рекет тәртіп бұза алмай­сыз, шектен шық­саңыз айыппұл күтіп тұрады. Арал экватор белдеуіне жақын орналас­қандықтан, мұнда күн жыл бойына отыз градустың айналасында тұрақтап, ылғалдылық мөлшерден тыс көп болады. Дымқыл ауа адамның ты­нысына кәдім­гідей әсер етеді. Сондықтан да барлық көліктерде және ғимараттарда желдеткіштер тынбай жұмыс істеп тұрады. Суы тым жылымшы әрі лайсаң болғандықтан ба жағалауда шомылушылар бірен-саран ғана кездеседі. Жауынды күндер жылдың 40  пайызын құрап, муссондар мезгілі қарашадан қаңтарға дейін жалғасады.

Мемлекеттік құрылым жағына келер болсақ, Сингапур Республикасы – бір палаталы парламенттік басқару жүйесіндегі мемлекет. Арал Британ қауымдастығына кіретіндіктен, мұндағы парламент вестминстерлік (британия­лық) заңдар мен ережелерді үлгі тұтады. Тіпті, көлік қатынасында да сол жақпен жүру ережесі қалыптасып, автокөліктерінің рөлі оң жағында болып келеді. Өйткені, арал 1965 жылдың 9 тамызынан кейін Малайзия Федерациясынан шығып, өздерінің ағылшындарға тәуелділігінен біржолата босады. Аралда мемлекет басшысы – президент. Ел басшысы 1991 жылы конституцияға түзетулер енгізбегенге дейін парламент тарапынан тағайын­далып келген. Қазіргі мемлекет басшысының міндетіне негізінен өкілеттік қызметтер кіреді, мысалы, қабылданар бюджетке вето жариялау, бақылаушылық міндет және сол сияқтылар. Ал атқарушы билік үкіметке тиесілі болса, президент премьер-министрлікке жалпыпар­ламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия басшысын тағайындайды. Өз кезегінде премьер үкімет құрамын президентке бекіттіріп алады. Осы орайда бір ескере кетерлігі, үкімет өзін бекіткен мемлекет басшысына емес, парламентке есеп береді. Осылайша өзара тәуелділікке жол бермейтін жүйе құрылған. Парламент болса тікелей дауыс беру арқылы 5 жылда бір рет сайланады. Палата 94 депутаттан тұрса, соның 84-і сайланбалы, ал 1-ін оппозициядан (ешқандай сайлау округінен ұсынылмайды әрі жеңілген партиялардың жақсы нәтиже көрсеткені ғана), сол сияқты 9-ын парламенттік сайлау комитетінің ұсынысымен президент тағайындайды. Тағайындалған депутаттар ме­дицина қызметкерлерінің мүддесін, қоршаған ортаны, әйелдер құқын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдардың немесе басқа да танымал орталардың өкілдері тарапынан ұсынылуы мүмкін. Соңғы сайлауда осы 9 орынға 25 үміткер бақтарын сынап көріпті. Парламенттің мүшелері өздерінің негізгі жұмыстарын қоса атқарады.  Ай сайын сайлаушыларымен арнайы сессия екі рет өткізілсе, сонымен қатар осы уақыт аралығында депутаттар өздерінің демалыс күндерін пайдаланып қоғамдық негізде 3 немесе 4 кездесу ұйымдастыратынын білдік. Себебі сингапурлықтар өте талап қойғыш келеді екен. Тіпті, өздерінің шағын мәселелеріне халық қалаулысының араласуын сұрайтындар да бар көрінеді[8].

Сингапурда соңғы парламенттік сайлау биылғы жылдың 6 мамырында болып өтіпті. Сол сайлауда Халықтың іс-қимыл партиясы (ХҚП) жеңіске жетіп, 82 орынды иемденген. Ал оппозицияға 3 орын ғана бұйырыпты. Егер пайызға шағатын болсақ, онда ХҚП үшін жалпы сайлаушылардың 66,6 пайызы, Жұмысшылар партиясына – 38,6 пайыз, ал Сингапурлық демократиялық альянсына  23,2 пайызы өз дауыстарын берген. Халықтық іс-қимыл партиясы Сингапур 1959 жылдан бері билік басынан түспей келе жатқан бірден-бір саяси күш. Аталған саяси құрылым елдің тәуелсіздігіне қол жеткізген саяси және кәсіп­одақ тұлғаларының 1954 жылы құрған пар­тиясы. Одан кейінгі саяси күш Еңбек майданы ұйымынан бөлініп, Сингапурдың бұрынғы үкімет басшысы Дэвид Маршалл бастаған Жұ­мысшы партиясы араға үш жыл салып өмірге келді. Аталған партия кәсіподақ ұйымдарымен байланыс жасап, өздерінің демократиялық социализм бағытын ұстанатындықтарын байқатып келеді. Олардың негізгі талабы елден шетелдік әскерилерді шығарып, Малайзиядан бөлініп шығу болды. 1980 жылы құрылған Демократиялық партиясы шетелдік инвестор­лар­дың құқын, елдің экономикалық және саяси тұрақтылығын сақтауды ұсынып, парламенттік демократияны нығайтуға күш салып келеді. Және мемлекеттің бизнеске араласуын төмендету арқылы еркін рыноктық қатынас жүйесін құру олардың басты мақсаты. Аталған партия 1988-1997 жылдар аралығында белді оппозициялық күш саналғанымен, қазір оның парламентте бірде-бір өкілі жоқ. Соңғы партия Сингапур демократиялық альянсы (СДА) 1990 жылдардың соңына таман құрылып, құрамына ұлттық бірлік партиясын (центристік), Халықтық партияны (либералдық), Әділеттілік партиясы мен Сингапур малайлық ұлттық ұйымын біріктірді. 2001 жылғы сайлауда 1 орынды ғана иемденді.

Қорыта келгенде, Сингапур аралдық мемлекет ретінде әрі стратегиялық тұрғыдан сауда жолының кіндігінде орналасқандықтан да әр түрлі өркениеттердің тоғысқан жеріне айналды. Әрі су көлігінің арзан да табиғатының жыл бойғы қалыпты температурада болуы қосымша шығындарды талап та етпейді. Қысқасы бармақтай елдің басына Ли Куан Ю сынды дарынды басшының бұйыруы халықты өркениет пен өркенділіктің көшіне ілестірді.

Корея Республикасының экономикасы. Елдің экономикалық өркендеуі ХХ ғасырдың 60-жылдарында арнайы мемлекеттің экономикалық саясат негізінде басталды. Ең алдымен, «корей» кереметіне үкіметтің экспорттық салаларды дамытуға бағдар алуы, халыққа кәсіби білім беруді жақсартуға бағытталған шаралар, халықтың еңбексүйгіштігі себепші болды. Сонымен қатар шетелдерге, әсіресе АҚШ тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмек, айрықша жеңілдіктерге ие болған жапон капиталының ел экономикасына келуі Кореяның өркендеуіне өзіндік әсерін тигізеді. 60-жылдарда Корея Республикасы шетелдерге, ең алдымен, мұнайлы араб елдеріне құрылыс қызметін экспорттай бастады. Корея құрылысшылары бұл елдерге салыстырмалы түрде арзан бағаға қазіргі заманғы жолдар мен көпірлер, қонақүйлер мен порттар сала бастады. Соның нәтижесінде ел қазынасына қосымша қомақты қаржы түсті. 1970 жылдарда машина жасау өнеркәсібіне, құрылыс пен мұнай химиясын дамытуға айрықша көңіл бөлді. Сыртан әкелінетін шикізат негізінде жұмыс істейтін металлургия зауыттары салына бастады. Ауылшаруашылығының ұлттық табыстағы үлесі 35℅-дан 4,6℅-ға қысқарып, керісінше өңдеуші өнеркәсіп үлесі 20℅-дан 43℅-ға дейін артты. Экономикадағы түбегейлі құрылымдық өзгерістер басында ел халқының уақытша қиындықтар туғызды. Бірақ мемлекет тарапынан жоспарлы түрде басқарылатын бұл қайтап құрулар ақыр соңында Кореяны Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің деңгейіне жеткізді. 1997 жылы Азияның дамыған елдерін түгел қамтыған экономикалық дағдарысқа дейін Корея Республикасын «Азия жолбарысы» деп атайтын. Бұл қысқа уақыт аралығында артта қалған елден дүниежүзінің алдыңғы қатарарына қосылуымен байланысты болды. Ғалымдар елдегі экономикалық дағдарыстың бірнеше себептерін атайды: қаржы жүйесінің экономикамен байланыссыз, бақылаусыз дамуы; елдегі саяси күштердің экономикаға басым ықпал етуі; экономикалық құрылымы мен шығарылатын өнім түрлерінің Шығыс Азияның басқа елдерінікіне ұқсас болуы және т.б. Халықаралық валюта қорының несиесі және үкіметтің тарапынан монополиялар қызметіне бақылау орнатылуы, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауы нәтижесінде 1999 жылдың соңына қарай ел экономикасы қалпына келе бастады.

2.2 Туризмнің қазіргі даму жағдайы

 Азиядағы жаңа индустриялы елдерде туризм соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамуда.

Туризмге жоғары мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінетін әлем елдерінің бірі – Азиядағы жаңа индустриялы елдер болып табылады. Мұнда туристердің құқықтары сенімді қорғалған. Бұл елдердің заңнамаларына сәйкес, туроператор болып саналатын әрбір шетелдік фирманың туристердің дұрыс қабылдануын қамтамасыз ететін серіктес фирмасы болады. Демек, мұнда трансферлердің төленбеуі немесе қонақ үйден орын брондауға қатысты мәселе туындауы мүмкін емес. Айта кету керек, мұнда демалғанда өзіңізді толық қауіпсіз сезінесіз. Қылмыс көрсеткіші болар-болмас, тіпті оны жоқтың қасы деп айтуға да болады. Статистикаға сүйенсек, Азияның жаңа индусриялы елдеріндегі абақтыда отырғандардың көбі болмашы заңды бұзған епсіз шетелдіктер екен. Ал азиялықтар өздері ақ көңіл, жайдары, қонақжай халық. Азиядағы барлық курорттар тәрізді базарлық бұйымдар нарығы жақсы жолға қойылған. Өзіңіз бен дос-жарандарыңызды небір теңіз таңғажайыптарымен қуанта аласыз. Экзотикалық бақалшақтар мен кептірілген теңіз мақұлықтарынан бастап, ежелгі құмыралардың қолдан жасалған көшірмесіне дейін бар.

Қорытынды

Гонконг экономикасы. Бұл елдiң экономикалық екпiнiн көтеруде маңызды рөл атқарған Гонконг бүгiнде батыс пен шығысты байланыстыратын алтын көпiр iспеттес. Бұл елде өнеркәсiптiң дамуы 1950 жылдардан бастап жақсы қарқын алған болатын. Ол қарапайым жүк тиеу портынан дүниежүзiлiк маңызы бар индустриялық орталыққа айналды. Әсiресе Ұлыбританиядан тәуелсiздiгiн алған жылдары бүкiл Азия бойынша қаржы дағдарысы орнаған шақта Гонконгтың өз қаржы секторын реформалау жөнiнде қабылдаған шешiмi бүгiнде көптеген елдер үшiн бағалы тәжiрибе. Реформа шеңберiнде елдегi үш биржа қайта құрылымданып, 2000 жылы НКЕХ қор биржасының тұсауы кесiлдi. Бұл биржаның басты мақсаты өз аумақтарындағы және Қытай рыногына қатысушы компаниялардың құнды қағаздарын айналым рыногына салу едi.

Тайвань экономикасы. Тайваньның экономикалық гүлденуi жапондардан азат болған жылдардан басталады. Оған дейiнгi кезеңде тек аграрлы саясат ұстанып, яғни, күрiш пен қант өсiрумен ғана шұғылданған Тайвань халқы Қытай билiгiне Ұлттық үкiмет келгеннен бастап, өнеркәсiп алаңына айналу үдерiсiне көшедi. Алпауыт АҚШ-тың қаржылық жәрдемiмен 4 жылдық даму бағдарламасын iске асырған аралдық мемлекет 1965 жылға қарай өзiнiң дербес экономикалық бағдарламасы бойынша жұмысқа кiрiседi. Сандарды сөйлетсек, елдiң 1953-1986 жылдар аралығындағы экономикалық өсiмi жылына 8 пайызды құраса, 1986 жылдан бастап, 7 пайызға тұрақтап отырған. Дегенмен Тайвань экономикасын Қытайдан бөлiп қарастыру үлкен қателiк болар едi. Өйткенi Тайбэй экономикасының негiзгi екi секторы саналатын химия және мұнай-химия өнеркәсiбi салалары Қытайға тiкелей қарайды. Басқаша айтқанда бұл өнеркәсiптердi жүргiзiп отырғандар — Қытай компаниялары.

Сингапур экономикасы. Бұл елде Орташа жылдық табысы әрбір сингапурлық­қа шаққанда 25 000 АҚШ долларын құрайды. Мұншалықты жетістікке арал өзінің стратегия­лық орналасуымен қол жеткізіп отыр. Еуропа, Азия және Австралияға қатынайтын теңіз жолдарының айырығында жатқан Сингапур әлемнің байланыстырушы орталығына айналған. АҚШ, Еуропа және Жапониядан жеткен өндіріс тауарлары алдымен Сингапурға келіп, көршілес мемлекеттерге тарайды. Ең бастысы – аралда саяси тұрақтылық пен жоғары сапалы әрі арзан жұмыс күшінің болуы инвесторларды қатты қызықтырды. Оның үстіне арал басшылығы жұмысшы орындарын ашуға мүдделі болғаны соншалық, Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Ли Куан Ю өзінің “Сингапурлық ғажайып” атты еңбегінде ел азаматтарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін қармақ жасауға дейін барғандық­тарын еске алады. Бірде ол Мальтаға барса, алты күнге созылған араб-израиль соғысынан Суец каналы жабылып қалған екен. Соған қарамай, ағылшындар атал­ған канал жұмыс­шыларына айтарлықтай қаржы төлеген. Корея Республикасының экономикасы. Елдің экономикалық өркендеуі ХХ ғасырдың 60-жылдарында арнайы мемлекеттің экономикалық саясат негізінде басталды. Ең алдымен, «корей» кереметіне үкіметтің экспорттық салаларды дамытуға бағдар алуы, халыққа кәсіби білім беруді жақсартуға бағытталған шаралар, халықтың еңбексүйгіштігі себепші болды. Сонымен қатар шетелдерге, әсіресе АҚШ тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмек, айрықша жеңілдіктерге ие болған жапон капиталының ел экономикасына келуі Кореяның өркендеуіне өзіндік әсерін тигізеді. 60-жылдарда Корея Республикасы шетелдерге, ең алдымен, мұнайлы араб елдеріне құрылыс қызметін экспорттай бастады. Корея құрылысшылары бұл елдерге салыстырмалы түрде арзан бағаға қазіргі заманғы жолдар мен көпірлер, қонақүйлер мен порттар сала бастады. Соның нәтижесінде ел қазынасына қосымша қомақты қаржы түсті. 1970 жылдарда машина жасау өнеркәсібіне, құрылыс пен мұнай химиясын дамытуға айрықша көңіл бөлді. Сыртан әкелінетін шикізат негізінде жұмыс істейтін металлургия зауыттары салына бастады. Ауылшаруашылығының ұлттық табыстағы үлесі 35℅-дан 4,6℅-ға қысқарып, керісінше өңдеуші өнеркәсіп үлесі 20℅-дан 43℅-ға дейін артты. Экономикадағы түбегейлі құрылымдық өзгерістер басында ел халқының уақытша қиындықтар туғызды. Бірақ мемлекет тарапынан жоспарлы түрде басқарылатын бұл қайтап құрулар ақыр соңында Кореяны Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің деңгейіне жеткізді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Б.Тасболат,Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005,24-28 беттер
  2. В.П.Максаковский «География» Алматы 1997,157-162 беттер.
  3. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
  4. «География және табиғат» 2006,№6
  5. Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова «География» Алматы 2007, 124 беттер
  6. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире (экономико-географический очерк) Алматы, 1998
  7. Кунхожаев Н.Р. Экономика современного Казахстана: состояние и развитие. Алматы, 1998
  8. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаев «Экология» Алматы, 2002
  9. Ж. Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы, 2002
  10. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Алматы, 2000
  11. Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005
  12. Экологиялық білім бағдарламасы – Алматы, 2007
  13. А. Т. Райымбекова «Экология- экономикалық дамуға ықпалы»
  14. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы, 2007
  15. Ғ. Нысанбаев «Мың құпиялы металдар» Алматы, 1998
  16. Д.Ұ. Смағұлов «Металлография» Алматы, 1997
  17. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
  18. Егеменді Қазақстан 2005, №1235  05.24
  19. Егеменді Қазақстан 2006, №4377 12.06.28
  20. Атлас СССР. М., ГУГК. – 1983
  21. Лаппо Г.М: География городов. М., Владос. – 1997
  22. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы