Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында 2017 жыл қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Қазақстанда тіркелген – 7,1 пайыз. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
Инфляция деңгейінің ең төменгі көрсеткіші Ресейде және Арманияда – 2,5 пайыз бен 2,6 пайыз. Ал, Қырғызстанда көрсеткіш - 3,7 пайыз құраса, Беларусияда - 4,6 пайыз.
«2017 жыл қорытыныдысы бойынша мүше мемлекеттер үшін инфляция деңгейінің шекті мәні 7,5 пайыз болды. Инфляция одақ елдерінде ЕЭО туралы құрылған келісім бойынша бекітілген сандық мәнінің шегінен аспады», - деп хабарлады ЕЭК.
ЕЭО елдерінің үшеуінде - Беларусия, Қазақстан және Ресей - тұтыну бағаларының өсу қарқыны төмендеді. Осылайша, макроэкономика көрсеткіштерінің ең маңыздыларының бірі - инфляция деңгейі - макроэкономикалық тұрақтылық аймағында орналасқан. Ал Армения мен Қырғызстанда дефляция – экономикалық белсенділік пен ішкі сұраныстың қалыпты өсуін түзету нәтижесінде, қалпына келді.
Барлық мүше мемлекеттер ел деңгейінің ЕЭО туралы Шартпен белгіленген инфляцияның ең жоғары сандық мәніне сәйкестігін қамтамасыз етті - 107,5 пайыз. Сонымен қатар, осыған ұқсас нәтиже Белоруссияда кәсіподақтың жұмыс істей бастағандығынан бастап алғаш рет қол жеткізілді», - деп атап көрсетті ЕЭК.
Қания Табыс