Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — Лондон биржасында KAZ Minerals акциялары 15%-ға төмендеді, сауда-саттық 419,1 пенс белгісінде жабылды.
Күндізгі уақытта олар 494,7 пенс шамасында сатылды. Осылайша, бір тәулік ішінде акциялар 15,28%-ға арзандады. Қазақстан қор биржасында да бағалы қағаздар теріс мәнді көрсетті. Олар 2,5 мың теңгеден 2,2 мың теңгеге дейін 9,6%-ға төмендеді.
Еске сала кетейік, компания 2019 жылдың І жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелерді жариялады.
Оған сәйкес, мысты сатудан түскен табыс 4,1%-ға қысқарды 1,05 млрд долларды құрады, өткен жылы - 1,09 млрд доллар. EBITDA маржалығы 4%-ға, 59%-ға дейін төмендеді, ал EBITDA көрсеткіші 10,1%-ға, 620 млн долларға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, операциялық кіріс 464 млн доллардан 410 млн долларға дейін төмендеді, ал салық салынғанға дейінгі табыс 19%-ға, 355 млн доллардан 289 млн долларға дейін қысқарды.
Табыс 18%-ға, 276 млн доллардан 227 млн долларға дейін төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024