2 милионнан астам қазақстандықтың жеке деректерінің таралуына кінәлі «Robokesh.kz» ЖШС (zaimer.kz) микроқаржы ұйымына 1,8 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қаржы ұйымынан деректердің таралып кеткенін 5 наурызда анықтаған. Бұдан кейін министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Оның қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымына 1000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. Компания ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жеңілдетілген тәртіпте 500 АЕК (1 846 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеген.