Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – Референдумның алдын ала нәтижелері бойынша, қатысушылардың 18,66%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерге қарсы дауыс берген, деп хабарлайды 7kun.kz.
Өңірлер бойынша алматылықтар ең көп қарсы дауыс берген. Жалпы үлесі – 27,41%. Мегаполис тұрғындарының 65,22% қолдап дауыс берген.
Алматылықтардың референдумға қатысу көрсеткіші де төмен. Барлығы 1 129 117 алматылық қатысуы керек болған, алайда іс жүзінде тек 373 057 адам дауыс берді. Бұл өңірлер арасындағы референдумға қатысудың ең төменгі нәтижесі.
Сондай-ақ, Алматы жарамсыз және ескерілмеген бюллетеньдер бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие болды, 4,6% және 2,77%.
Жалпы, Конституцияға өзгерістер енгізуге қарсы дауыс берген референдумға қатысушылардың үлесі төмендегідей:
- Алматы – 27,41%;
- Маңғыстау облысы – 26,39%
- Ақтөбе облысы-24,71%;
- БҚО – 24,16%;
- Атырау облысы-23,29%;
- Қостанай облысы-20,87%.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024