Криптовалюта әлеміндегі ірі алаяқтар кімдер: Әйгілі боксшы, Кеңес Рақышевтің серіктесі, Уолл-Стриттік қаржыгер

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz — psm7.com сайты «Криптовалюта әлеміндегі басты қылмыскерлер, олардың 9 өмірі бар сияқты» деген атпен мақала жариялады. Онда криптовалюта нарығында заңсыз әрекеттер жасады, адамдарды алдады, деп істі болған, бірақ қазіргі кезде бұрынғы ісін қайта жалғастырып жатқан адамдардың тізімін жариялады. 7kun.kz тізімді аударып ұсынады.

Сайттың жазуынша, Chainalysіs сараптамалық тобының мәліметінше алаяқтар өз әмияндарында құны $25 млрд болатын криптовлютаны ұстап отыр. Бірақ бұл болжам ғана. Шынайы цифрлар бұдан да көп болуы мүмкін.

Криптовалюта дауымен сотталғандар:

Чарли Шрем

BitInstant және Bitcoin Foundation тең құрылтайшысы Silk Road қылмыстық тобының қаржы операцияларына қатысқаны үшін екі жыл түрмеде отырған. Қазір Шрем Jaxx, Dash DAO криптоәмияндарымен байланысты және CryptoIQ негізін салушы.

Майкл Патрин (Омар Дханани, 0xsifu)

2004 жылы 20 жасар Дханани E-gold атты цифрлық валютаның көмегімен Shadowcrew-тен жеке мәліметтерді ұрлау арқылы ақша бопсалады деген күдікпен 18 ай түрмеге отырып шыққан. Кейін Понци схемасымен жұмыс істейтін Quadriga CX криптобиржасының негізін салушылардың бірі болды. Гибридтік DAO жобасында, Wonderlan-да, инвестициялық қорда жұмыс істеді. Қазір қайда екені белгісіз.

Флойд Мэйвезер

Бұл жігіт тек бокспен ғана әйгілі емес. Ethereum Max, Bored Bunny, Real Floyd NFT және басқа да көптеген кирптожобаларға қатысқан. Алайда бәрі жабылып тынды. Кейін Mayweverse атымен NFT жобаны қолға алды. 2018 жылы Centra жобасының инвесторлары Мэйвезерді сотқа беріп, ол сот шешімі бойынша заңсыз иеленген $300 мыңды қайтарып, $300 мың айыппұл төледі.

Джордан Белфорт

«Уолл-Стрит қасқыры» атанған ол Stratton Oakmont компаниясымен күмәнді қаржы айналым жасағаны үшін 22 ай түрмеде отырды. 2018 жылы «биткоин нағыз алаяқтық» деп мәлімдеме жасады. Қазір сериялы криптоинвестор, промоутер. Түрлі криптовконференцияларда басты баяндамашы.

Мартин Шкрели

Retrophin Inc. Компаниясынан заңсыз ақша шығарды деп айыпталып, жұмыстан кеткен. Кейін құнды қағаздармен алаяқтығы, нарыққа манипуляция жасағаны үшін сотталды. Түрмеден шыққан соң бәрібір криптоәлемге келді. Қазір түрлі криптовалюталық жобалармен жұмыс істейді.

Ричард Харт

Жалған e-mail-дар арқылы адамдарды адастыратын ауқымды спам таратқаны үшін істі болған. Қазір HEX криптожобасының негізін салушы.

Күдікті деп танылғандар:

Джон Макафи

2012 жылы Макафи Белизедегі көршісін өлтіруі мүмкін деген күдікке ілініп, елден қашып кеткен. Алайда кейін айып алынды. 2021 жылы Испания түрмесінде өзіне қол салды. Оны криптовлютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұстап, АҚШ-қа экстрадицияламақ болған.

Риккардо Спаньи

Monero-нің жетекші мейнтейнері былтыр бұрынғы жұмыс берушісінің төлем шоттарымен алаяқтық жасады деген айыппен ұсталып, Оңтүстік Африкаға экстрадиялануды күтіп жатыр. Ол әлі де Monero қызметкері саналады. Tari Labs жобасының негізін салушылардың бірі Blockchain Africa 2023 қатысушылар тізіміне енген.

psm7.com «Құрметпен еске алу» деп бөлек жариялаған адам қазақстандықтарға жақсы таныс. Моше Хогега қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышевтің жақын серіктестерінің бірі саналып келген. Оған БАҚ-дағы ондаған жарияланымдар куә. 2014 жылы Хогега Қазақстанға келіп, Рақышевпен бірге $100 млн. капиталы бар Singulariteam венчурлық қорын таныстырғаны да есімізде. Сол кезде олар әрқайсы $1-1,5 млн. салынған 12 инвестициялық жоба туралы айтқан еді. Оның қатарында телефонды 30 секундта қуаттайтын құрылғы, Yo мобильді қосымшасын ерекшелеп айқтан.

Кейін серіктестер сатылып кеткен GeneSort, Juno, Mobli стартапының гео-фильтр патенті, жарыққа шықты деп кейін белгісіз болып кеткен Finney смартфоны сынды ондаған жобаға бірге иелік ететіні айтылған. Алайда 2021 жылы Моше Хогега криптовалюталық активтермен алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оған дейін 2019 жылдың қаңтарында Stox жобасының қытайлық инвесторы Zhewen Hu $4,6 млн қайтару үшін сотқа жүгінген болатын. Былтыр қамауға алынған кезде Хогегаға адам саудасына қатысты, сексуалды зорлық жасады, адамдарды жезөкшелікке күштеп, жеке өміріне араласты, жасөспірімдерге алкоголь мен есірткі сатты деген айыптар тағылған. Алайда ең негізгі айып криптовалютамен байланысты.