Дағдарыс біздің күнделікті тұрмысымызға өзгерістер енгізгені рас. Күнделікті ас мәзіріміз қалтамызға қарай құрылатын болды. Мейрамхана мен дәмхана табалдырығын аттау да азайтылады. Ал дағдарыс уақытындағы олардың жағдайы қандай? Отандық мейрамхана нарығы қаншалықты өзгеріске түседі? 7kun.kz толығырақ түсіндіреді.
ҚР Республикасы Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2013 жылы Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны 23 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан. Шын мәнінде, мейрамхана ашу тәуекелділікті қажет етеді. Статистика бойынша, жыл сайын ашылатын бес мейрамхананың кемінде үшеуі 3 жылға жетпей жабылып қалады екен."Мейрамхана" атына лайықты мейрамханалар желісі қазіргі таңда көп емес. Жергілікті менталитет талаптарына сәйкес біздің нарықта банкет залдары, түрлі кофеханалар бар. Мұндай атауға сай болу үшін кәсіпкерлер өздері естіп-біліп көрмеген түрлі стандарттармен, түрлі параметрлермен танысуы керек. Көпшілігі мейрамхана ашудан ұтылмаймыз деп ойлағанмен, осындай деңгейге келгенде сапалы ойыншылардың саны аз деуге болады", - дейді Persona Grata мейрамханасының әкімшісі Виктория Габченко.
"Шайлық" тастау Қазақстанда әлі де қалыптаспаған
Мейрамхана нарығы үшін арнайы қызметкерлерді дайындауға көптеген рестораторлар мән бермейді. Тек нарықта жетістікке жеткен мейрамханалар ғана даяршылар үшін арнайы курстар өткізуі мүмкін. "Егер нақты рестораторлардың әрекетіне немесе даяршылардың қызметіне қатысты ережелер болатын болса, ендеше оқытуға болады. Бұл әлемдік стандарттарға сай болуға мүмкіндік береді", - деді Зәуреш Есенгартова. Ал Виктория Грабченко арнайы қызметшілерді оқытудың қажеті жоқ екенін айтады. "Мысалы біз әрбір қызметкерді жұмысқа келген сәттен бастап үйрете бастаймыз. Арнайы курстан өткізудің қажеті жоқ. Себебі олардың кемінде 2 жыл істеп, кетіп қалмасына кім кепіл?", - деді ол. Мейрамхана нарығында қызмет көрсету құны - 10%. Ал клиенттердің "шайлық" тастауы Қазақстанда әлі де қалыптаспаған. "Әрине үлкен банкет залдарында келушілер "шайлық" қалдыруы мүмкін. Алайда көптеген кішігірім кафелерде мұндай үрдіс қалыптаспаған", - деді Виктория Грабченко. Зәуреш Есангартованың айтуынша, мұның барлығы әркімнің жағдайына байланысты. "Мысалы дағдарыс басталғалы бері нарықта мейрамханаға келушілер саны азайды деуге болады. Біреулері арзан кафелерді таңдады, өзгелері бұрынғысынша қымбат мейрамханаларға бара береді. "Шайлық" тастау да әрбір адамның қалтасына байланысты", - деп түйіндеді ол. Арнайы акциялар мен жеңілдіктер науқанына келер болсақ, көптеген мейрамханалар арнайы мереке кезінде жеңілдіктер ұсынады. Алдағы Жаңа жыл мерекесі үшін жеңілдіктер ұсынысы басталып кетті. "Барлық мейрамханалар Жаңа жыл мерекесіне арналған акцияларды бастады. Бірақ биылғы жылы көптеген компаниялар мерекелік кешті тойлауға арналған бюджеттерін қысқартты деуге болады. Оны келіп түскен тапсырыстардан байқаймыз. Мерекені атап өту жоспарланған күннің өзінде қаржыны әркім өз қалтасынан шығарады", - дейді Виктория Габченко. Фото: pgrata.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024