Дағдарыс біздің күнделікті тұрмысымызға өзгерістер енгізгені рас. Күнделікті ас мәзіріміз қалтамызға қарай құрылатын болды. Мейрамхана мен дәмхана табалдырығын аттау да азайтылады. Ал дағдарыс уақытындағы олардың жағдайы қандай? Отандық мейрамхана нарығы қаншалықты өзгеріске түседі? 7kun.kz толығырақ түсіндіреді.
ҚР Республикасы Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2013 жылы Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны 23 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан. Шын мәнінде, мейрамхана ашу тәуекелділікті қажет етеді. Статистика бойынша, жыл сайын ашылатын бес мейрамхананың кемінде үшеуі 3 жылға жетпей жабылып қалады екен."Мейрамхана" атына лайықты мейрамханалар желісі қазіргі таңда көп емес. Жергілікті менталитет талаптарына сәйкес біздің нарықта банкет залдары, түрлі кофеханалар бар. Мұндай атауға сай болу үшін кәсіпкерлер өздері естіп-біліп көрмеген түрлі стандарттармен, түрлі параметрлермен танысуы керек. Көпшілігі мейрамхана ашудан ұтылмаймыз деп ойлағанмен, осындай деңгейге келгенде сапалы ойыншылардың саны аз деуге болады", - дейді Persona Grata мейрамханасының әкімшісі Виктория Габченко.
Инофграфика kapital.kz-тен аударылды[/caption]
«Ресторан.kz» ЖШС атқарушы директоры Зәуреш Есенгартованың айтуынша, қазіргі әлемдік дағдарыс барлық нарыққа әсер етуде. "20 тамыздан бері шикізат бағасы теңге еркін айналымға жіберілгеннен кейін 30%-дан 70%-ға дейін өзгерді. Бастапқыда жалға беру бағасы индексацияға байланысты болғанмен олардың да бағасы 70%-ға көтерілді. Қазіргі кезде рестараторлар үшін жағдай оңай болып отырған жоқ. Біреуі бұған көнсе, екіншілері келесі жылдың қаңтар айындағы есеп нәтижесіне сеніп отыр. Ал кейбіреулер жағдай реттеледі дейді. Алайда осы саладағы тәжірибені негізге алатын болсақ, 2016 жылы көптеген мейрамханалар, әсіресе орындарды жалдап отырған мейрамханалар желісінің 50%-ы жабылып қалуы мүмкін. Жалға алу бағасы төмендейді, бірақ біраз күтуге тура келеді", - деді ол.
Ал "Persona Grata" кафесінің әкімшісі Виктория Габченконың сөзінше, жалға берушілер бағаны қалай болғанда да төмендетеді. "Қазіргі кезде мейрамхана орындары жеке меншікке тиесілі. Дегенмен жалға алып, қызмет түрін ұсынып отырғандар да бар. Жалға берушілер бағаны төмендетуі керек. Ол алдағы уақытта жүзеге асады. Себебі оларда нарықта қалып, айналым болу керек. Бос орынды босқа сақтап отыра алмайды", - деді ол.
Ас мәзіріне келер болсақ, мамандар тағамдар үшін отандық тауарлар сатылып алынып жатқанын айтады. Олардың сөзінше, тауар жеткізушілер бағаны жоғарылатып отыр. Қазіргі девальвация жағдайында мейрамханалар ондай сұранысты орындай алмайды. Қазақстандық мейрамханалар нарығында ішкі және сыртқы дизайндар көбінесе шығыс үлгісіне ұқсатып жасалады. Еуропалық тағамдары сәнге айналғанымен көпшілігі шығыс тағамдарын ұнатады. "Біздің менталитет шығыс дәстүріне өте ұқсас. Италиялық және еуропа үлгісіндегі тамақтар болғанмен, көпшілігі ет тағамдарына тапсырыс береді", - дейді Persona Grata әкімшісі.





