Күн сайын миллиондаған адам әртүрлі ақпараттарды іздеу үшін Google-ді пайдаланады. Алайда көпшілігіміз Google ұсынған мүмкіншіліктерді толық біле білмейміз. 7kun.kz назарларыңызға Google іздеу жүйесі арқылы ақпаратты тиімді табудың әдістерін ұсынады.
1. Сөз тіркесін дәлме-дәл немесе нақты сөз формасын қалай іздеу керек? Іздеу жолы өте оңай! Бұл үшін «» тырнақшаны пайдаланасыз . Өзіңізге керек сөзді немесе сөз тіркесін тырнақша aлсаңыз, Google дәл сіз іздеген сөз тіркестері кездесетін веб-парақшаларды тауып беретін болады. Мысалы: «қаржы жаңалықтары» 2. Сөзі түсіп қалған пікірді қалай іздеу керек Пікірді толық есіме сақтай алмай қалдым деп уайымдаудың енді қажеті жоқ. Есте қалған пікіріңізді тырнақшаға алып, ұмытып қалған сөзіңіздің орнына жұлдызшаны * бассаңыз болғаны, Google оның толық нұсқасын тауып береді. Мысалы: «Қазір бой жарыстыратын заман емес, * жарыстыратын заман» 3. Кез-келген бірнеше сөзді қалай табуға болады Ол үшін іздеген сөздеріңіздің арасына тік жақша (слеш) қоясыз. Google сіз іздеген әрбір сөздерге байланысты ақпарат тауып беретін болады. Мысалы: қаржы| экономика| дағдарыс 4. Бір сөйлемде қолданылған сөзді табу Іздеу барысында керек сөздер арасына "амперсанд" операторын яғни & мына белгіні қоясыздар. Сонда іздеу жүйесі сіз іздеген сөздердің бір сөйлемде қолданылған нұсқаларын тауып береді. Мысалы: доллар бағамы & Қазақстан & күндізгі сессия 5. Белгілі бір сөзді қалай табуға болады Іздеген сөзіңіздің алдына (+) таңбасын қойыңыз таңба мен сөз арасына пробел қойып алыстатпаңыз. Іздеу кезінде міндетті бірнеше сөз енгізу керек. Мысалы: Алматы қаласындағы +ескерткіштер 6. Белгілі бір сөзді іздеуден қалай алып тастау керек Іздеу нәтижелерінен көргіңіз келмеген сөздің алдына (–) таңбасын қоясыз. Осылай бірнеше сөзді іздемеуге болады. Мысалы: шетел валюталары -доллар -еуро 7. Тек белгілі бір сайттан ақпарат іздеудің жолы қалай? Ол үшін site операторын қолданасыз. Ол тек сол сізге керек сайттан ақпарат іздейді. Тек site операторынан кейін (:) қос нүкте қойсаңыз болғаны. Мысалы: Қаржы кеңесшісі site: 7kun.kz 8. Құжаттың белгілі бір түрін ғана іздеу Ол үшін mime операторы пайдаланылады. Керек құжаттың аты мен қай форматта керек екенін жазып (pdf немесе doc) кейін mime деп қос нүкте (:) қоясыз. Мысалы: Қазақстан экономикасы mime:pdf 9. Сайттардағы белгілі бір тілдегі ғана ақпаратты іздеу Бұл жерде Lang операциясын қолданасыз. Яғни, Lang-тан кейін қос нүкте қоясызда қай тілде құжат керек екенін көрсетесіз. Егер қазақша ақпарат керек болса kz, орыс тілінде болса ru, ағылшынша болса – en, французша – fr деп жазасыз. Мысалы: сауда экономикасы lang:kz 10. Сөздің мағынасын білу Ол үшін іздеу барысында define деп жазып қос нүктеден кейін (:) керек сөзді жазсаңыз болғаны. Мысалы: define: ақша 11. Кері сілтемені табу links:деп жазып сайттың атын жазсаңыз, сол сайтқа кіретін сілтемені табатын боласыз. Мысалы: links:7kun.kz 12. Өлшемдерді анықтау Егер өлшемдерді анықтағыңыз келсе, іздеу жүйесіне керек өлшемдерді жазыңыз Мысалы: 1 фунт килограмм 13. Валюта курсын тексеру Валюта курсын тексеру үшін керек валютадағы сұрауыңызды жазасыз. Алайда бұл ақпаратты қазақ тілінде қолдану әзірше мүмкін емес. Орыс тілінде жазсаңыз болады. Мысалы: 1 доллар в тенге 14. Қалалардағы уақыт Іздеу жүйесіне time: деп қала атауын жазсаңыз, іздеген қалаңыздағы уақыты шығады. Мысалы: time: Алматы 15. Қалалардың ауа-райын көру Ол үшін weather сөзінен кейін қаланың атын жазасыз. Бір емес, бірнеше күннің ауа-райы шығатын болады. Мысалы: weather Астана 16. Кэштелген беттерді іздеу Google-дің кэштелген беттерді сақтап қоятын сервері бар. Егер бұл серверді қолданамыз десеңіз caсhe: деп жазасыз. Мысалы: caсhe:google.com 17. Калькулятор Іздеу жүйесіне есептейін деп отырған сандарды жазсаңыз, Google автоматты түрде нәтижесін шығарып береді әрі калькуляторда пайда болады. Мысалы: 77+2 18. Аудармашы Сөздерді іздеу жүйесінде тұрып-ақ аударуға болады. Ол үшін translate дегеннен кейін аударылатын сөзді жазып into деп керек тілді жазасыз. Мысалы: translate бәрі жақсы болады into EnglishЖұлдыз Ерік "7"