Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда геологиялық зерттеу шеңберіндегі инвестициялар 7 млрд теңгені құрады

Қазақстанда геологиялық зерттеу шеңберіндегі инвестициялар 7 млрд теңгені құрады

2015 жылы инвесторлардың есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберіндегі инвестициялар шамамен 7 млрд теңгені құрады. Ал жер қойнауын пайдалану саласындағы 2015 жылы өткізілген аукционның қорытындылары бойынша пайдалануға қатысты 38 жаңа келісімшарт жасалып, 200-ден 1000 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Астанада өткен алқа отырысында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев баяндады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

"Жалпы бастапқы құны 190 млн теңгені құрайтын 49 объектінің 38 кен орны бойынша сауда жүргізілгенін ескертеміз. Солардың қатарында алтынды, өзге түсті және сирек металдарды, сондай-ақ құлпырма тастарды өндіру жөніндегі объектілер бар. Аукционға қатысуға барлығы 92 компаниядан 106 өтінім келіп түсті. Сауда максималды ұсынылған бағаға дейін жүргізілді. Шығарылған лоттардың 18-і пайдалы қазбаларды өндіруге, 31-і  барлауға арналған. Жалпы түскен қаражат сомасы 1 млрд 415 млн теңгені құрады", - делінген баспасөз хабарламасында. Бұдан бөлек, 2015 жылдың қараша айында «бірінші болып келдің - бірінші болып алдың» принципі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру басталды. Тиісті рәсімді жүргізу үшін бастапқы жоба ретінде Степногор қаласының аймағы белгіленді. «Министрлік «Зерде» ҰИХ» АҚ-мен бірлесіп «Австралия әдісі бойынша құқық беру үшін интерактивті картаны әзірлеу және енгізу» жобасы бойынша жұмысты бастады. Алайда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу және жаңа практиканы нығайту үшін әлі де айтарлықтай жұмыс көлемін орындау қажет. Жер қойнауын пайдалану геологиясы бағыты бойынша нақты көрсеткіштерге қатысты Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арқылы тартылған инвестициялар көлемін атап өту керек. 2015жылы тартылған инвестициялар қатты пайдалы қазбалар (ҚПҚ) бойынша – 1 трлн теңгені, жерасты сулары бойынша – 27 млрд теңгені, КПҚ бойынша 46 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті Ә. Исекешев. Сондай-ақ, Министр 2016 жылы Қазақстан өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының стандарттарына сәйкестігін растайтынын атап өтті. Оның айтуынша, өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру өндіруші сектордағы компаниялар мен үкімет табыстарының ашықтығына бағытталған. "Біздің ел үшін жобаның халықаралық, саяси және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәртебесі бар. Екі жыл болды есептер үшін деректер «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта беріледі", -деді ол. Фото: forbes.kz

Похожие материалы