Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бүкілресейлік стартап-тур Алматыда өтеді

Бүкілресейлік стартап-тур Алматыда өтеді

Бүкілресейлік стартап-тур Ресей шегінен шығып, Қазақстанда 19-20 наурыз күні Almaty Management University-де (ALMA University) өтеді. Стартап-тур осыған дейін Ростов-на-Дону, Томск,  Төменгі Новгород, Қазан және Екатеринбургта өткізілген болатын.

2015 жылы төртінші рет өткізіліп отырған бүкілресейлік стартап-турдың мақсаты жас IT-мамандарға өзінің стратегияларын жоспарлауға көмектесу, жоғарытехнологиялық нарықта талап етілген инновациялық шешімдерді іздеу. Сонымен қатар, ең негізі мақсаты - инновацияға қатысы бар барлық адамдарды (студент, ЖОО оқытушылары, кәсіпкерлер, билік органының өкілдерін) біріктіретін инновациялық бірлестік құру.

Екі күндік стартап-тур бағдарламасының конкурстық іріктеуі келесі бағыттарды қамтиды:

  • Ақпараттық технологиялар
  • Биологиялық және медициналық технологиялар
  • Энерготиімді технологиялар
  • Өнеркәсіптік технологиялар мен материалдар
  • Балаларға арналған инновация

Іріктеуге заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да қатыса алады. Сонымен бірге, шағын инновациялық компаниялар, ғылыми ұжымдар, жеке ғалымдар, студенттер мен кәсіпкерлердің де қалауынша қатысуына болады. Идеядан бастап дайын өнімге дейін қаралады. Яғни, дамудың қай саласында болмасын, жобалар іріктеуден өтеді. Стартап-тур қатысушыларына сарапшылар мен әлеуетті инвесторлар алдында өз жобасының таныстырылымын өткізуге мүмкіндіктер беріледі.

Әр бағыт бойынша үш жеңімпаз анықталады. Оларға серіктестер мен ұйымдастырушылар тарапынан берілетін сыйлықтардан бөлек ресейлік ірі стартаптап конференциясы Startup Village-ға шақырту алады. Ол конференция Мәскеу қаласында 2015 жылы 2-3 маусымда өтеді.

Стартап-тур бағдарламасына инновациялық жобаларды жүзеге асыру саласындағы жетекші мамандар мастер-класстар, семинарлар мен тренингтер өткізеді.

 

Похожие материалы