Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның қор биржасы туралы не білеміз?

Қазақстанның қор биржасы туралы не білеміз?

Қазақстанның қор биржасы қалай жұмыс істейді? Инвестор мен брокердің қандай айырмашылығы бар? Еліміздің қор нарығы туралы Қазақстан қор биржасы жобаларды басқару бөлімінің басшысы Мирас Молдабаевтың "Іскерлік журналистика" мектебінде дәріс оқыған еді. Негізгі түсініктерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Қор биржасы не үшін керек?

Қор биржасы - компаниялар үшін қосымша табыс көзі. Мысалы,  мұнай өндіруші компания қаражатты алу үшін банкке барып 20 пайызбен несие алады немесе қор биржасынан инвестор табуына болады. Дамыған елдерде көбіне қор биржасын пайдаланады. Бірақ бізде бұл нарық қатты дамымағандықтан, тек мүмкіндігі бар компаниялар ғана осы қызметті пайдаланады. Қор биржасы арқылы компаниялар инвесторлардан қаржы алады. Ол компанияларды эмитенттер деп атайды.

Эмитенттер дегеніміз кімдер?

Эмитенттер – биржаға келіп өзін қаржыландырғысы келетін компаниялар. Ал инвесторлар сіз бен біз. Солардың акцияларын, облигацияларын сатып алу арқылы оларға қаржылай қолдау білдіреміз.

Эмитент болу үшін не істеу керек?

Ең біріншіден, эмитент болғысы келетін компания өз құнын білу үшін брокерлер мен қаржы кеңесшілерін жалдайды. Мамандар бұл компанияның есеп-қисап құжаттарын қарап шығып, оны 2 млн долларға бағалап, оның биржаға қанша акция шығара алатынын айтады.  Одан кейін аталмыш компания  қор биржасына өтініш тастайды. Оны биржа мен Ұлттық банк мақұлдауы керек. Бұдан кейін инвесторлар оның акцияларын сатып ала алады.

Инвестор неге тәуекел жасайды?

Қор биржасындағы тәуекел деңгейі жоғары. Егер қандай да бір компания банкротқа ұшыраса, инвестор құйған ақшасын қайтарып ала алмауы да мүмкін. Бірақ банкте жинақталатын депозитке қарағанда, табыс көбірек болады. Сатып алған акциясының табысынан бөлек компания тарапынан дивиденттер төленеді.

Қор биржасының қандай  мүшелері бар?

Мүшеліктің үш түрі болады. Қор нарығы,  валюта нарығы, деривативтер нарығы. Қор нарығы акциялар мен облигацияларды саудалайды. Валюта нарығында елімізде жүретін доллар, теңге, рубль, юань және т.б. валюталарды сатылады. Бұл нарықтың мүшелері тек қана банктер бола алады. Деривативтер нарығы оларға қарағанда күрделірек.  А есімді азамат бидай өндіреді. Ол қыста кәсіпкерге келіп «Мен қазір бидайды егемін, ал сіз күзде келіп, ол бидайды 120 тг аласыз» деп екеуі келісім шарт құрады. Бұл келісімді фьючерс деп атайды. Фьючерс те - қор нарығы құралдарының бір түрі. Дегенмен біздің экономикамызда бұл нарық жақсы дамымаған, сұраныс жоқ.

Қор биржасы мүшелері қандай-да бір комиссия төлей ме?

Ия, мүшелікке енгеннен бастап эмитенттер де, инвесторлар да биржаның қызметтері үшін түрлі алымдар төлейді. Мысалы:

  • Бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтінішті қарағаны үшін;
  • Листингке кіру алымы;
  • Ақпарат алуға байланысты бірнеше төлемдер;
  • Жыл сайынғы листингілік алым.
Биржадағы сауда жабылғаннан кейін өзара қалай есеп айырысады?

Биржадағы есеп айырысу клиринг деп аталады.  Бұл процесс қор биржасы жабылғанда, күннің соңында жүзеге асады. Яғни, күндіз сатылған акциялар мен сатып алынған акцияларды бір-бірімен алмастыру, сонымен қатар, акция сатып алған адамның ақшасын акцияны сатқан адамның есепшотына аудару. Ең маңыздысы күндіз тек келісім жасалады. Кешке құнды қағаздар мен ақша аудару операциялары жүзеге асырылады.

Қор биржасының өзі саудаға қатыса алады ма?

Қазақастан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңына сәйкес, бағалы қағаздар нарығында тек кәсіби қатысушылар ғана қызмет ете алады. Биржа тек сауда-саттық ұйымдастырушысы. Бұл алаңда нарықтың кәсіби қатысушылары бағалы қағаздарды сатады  және сатып алады.

Сонымен қатар, қор биржасы өзінің бағалы қағаздарын эмитент ретінде шығарып, сата алады. Сондай-ақ өзге эмитенттердің бағалы қағаздарын инвестор ретінде өкілетті брокер арқылы сатып алып, сата алады.

Брокердің қызметіне жүгінбей, жеке тұлғалар биржада on-line сауда жасай ала ма?

Жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, биржа өткізетін сауда-саттыққа тек брокерлер ғана қатыса алады. Жеке тұлғалар инвестор болу үшін міндетті түрде осы қаржы кеңесшілеріне жүгінуіне тура келеді.

Қазақстандағы соңғы үш жылдағы брокерлер: • Halyk Finance • Сентрас Секьюритиз • BCC Invest • Казкоммерц Секьюритиз • Асыл Инвест • Еуразиялық Капитал • RESMI Инвестициялық Қаржы Үйі • SkyBridge Invest • БТА Секьюритис • Private Asset Management • Фридом Финанс

Похожие материалы