Мал шаруашылығы. Усундер шаруашылығының даму ерекшелгі не көбіне-көп Жетісудың географиялық жағдайы себеп болды. Мұдағы ерекшелік сол, «классикалық» егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізіледі, ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылық пен ұштасты.
Усундердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердің мәліметтері үздік-создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді. Ежелгі заман авторларының усундердің шаруашылығы мен тұрмысына берген сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп жүреді деп барынша қысқа қайырылады. Бұл – көшпелі және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым. Алайда ол усундер жөнінде онша дәл емес.
Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен өтті. Оның алғашкы кезеңі б. з. б. II мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастап қола дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б. з. б. IX-VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шаруашылығына айналды. Бұл кезеңде жайылымдар мен су көздерін маусымдық пайдалану қалыптасты, табында алысқа көшуге және қыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой мен жылқы басым болды. Мұндай жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды. Ғасырлар бойы қоныстардың, қыстаулардың және жерлеу құрылыстарының белгілі бір жерлерді орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі ескерткіштердең тұратын үлкен зираттар мен көп қабатты қыстау-қоныстар осылайша пайда болды. Атап айтқанда, усундер заманынан бастау алған осындай зираттар әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймақтарда көп кездеседі.
Ежегі усундердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйектерінің қалдықтарына жасалған статистикалық талдау оларда қандай мал табындары мен малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, мал шаруашылығының формасы туралы және тайпалардың тұрмыс салты туралы қорытынды шығаруға болады.
Бүкіл Жетісу усундерінің мал құрамында үй малдарының барлық түрлері: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр.
Хань әулеттік хроникаларында усундерде жылқы шаруашылығының дамығаны атап өтілген. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы усундер шаруашылығының негізгі түрі болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін сақтап қалды шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі жетілдіріліп отырылды.
Егіншілік және отырықшылық. Ақтас қыстау-қонысын қазып ашқанда усундерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы – тас кетпендер және егін жинау құралы – қола орақ (сынығы). Тастан жасалған дәнүккіштер өсімдік тағамының тұрақты тамақ құрамына кіргенін айқын көрсетті.
Өңделген алаптар су өздігінен ағып баратын жерлерде орналасқан; арықтардың арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген. Усундерде бақша егу егіншіліктің бір түрі ғана болып қоймайды. Егер тас кетпендер бақша дақылдарын күтуге жұмсалса, қола орақтар дәнді дақылдарды оруға пайдаланады
Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған деп топшылауға болады. Жауын-шашынның біршама көп болуы, топырақтың табиғи ылғалы жақсы болуы жағдайында төлімі егіншіліктің өнімі түсімді болған.
Меншік қатынастары. Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, көшпелі мал шаруашьшығына көшу қоғамның өндіргіш күштері дамуында ілгері басқан қадам болды. Осы негізде малға жеке меншік қалыптасты, қауымдық тайпалық және рулық жайылымдарды тайпаның үстем топтарының озбырлықпен иемденіп алу процссі жеделдеп, тайпааралық айырбас өрістеді.
Сол кездің өзінде-ақ әлі аз болса да рулық-тайпалық ақсүйектердің қоғамның үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялық материалдардың көретіп отырғанындай, рулық зираттарда құрылымының алыптығымен және жерлеу рәсімінің байлығымен қайран қалдыратын ақсүйектер зираттарының табылуы кездейсоқ емес.
Қандай формада болса да – рулық па, қауымдық па, немесе жеке меншіктің болғанынын бір белгісі оның ерекше бір белгісі оның таңбалануы. Ерекше белгілерді ойлап тауып, оларды пайдалану ең алдымен әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты болды, мұның өзі таңбалардың пайда болған кезінен бастап меншік белгісіне дейінгі эволюциясын жоққа шығармайды.
Қоғамдық байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім, олардың біріншісінде – мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын үйлер, екіншісіне жер жатқызылады. Қозғалмалы мүлік ертерек жеке меншік өнімдеріне айналды, өйткені оны айырбасқа беруге болатын еді. Шаруашылығының негізі мал шаруашылығы болған көшпелі тайпалар көшіп жүретін тұрмыс салтының нәтижесінде басқа халықтармен үнемі араласып жүрді. Мұның өзі отырықшы халықтарға қарағанда айырбастың біршама ертерек шығуына, сол арқылы байлықтың жинақталып, мүліктік теңсіздігінің дамуына себепші болды. Жетісудың ертедегі усундерінде нақ осындай үрдіс дамыды.
Тегі б. з. б. I ғасырда-ақ ежелгі усун қоғамында шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталған болуы керек. Көшпелі қоғамдардың бәрінде де орын тепкен жазылмаған заң – кімнің малы болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы – усундердің де нақты әлеуметтік өмірін бейнелейді.
Бертін келе, біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында усун жоғарғы топтарының қолдарында қозғалмалы мүліктер қорлана берді де мүліктік теңсіздік езушілердің үстемдігі мен езілгендердің тәуелділігін күшейте түсті.
Құлдық және әлуметтік қатынастар. Ежелгі усун қоғамында кұлдық бола тұрсада, құл еңбегі өндіріс негізі болған жоқ. Сол кездегі дүние жүзінің көптеген халықтарындағыдай, усундерде де құлдықтың негізгі көздерінін бірі соғыс тұтқындары болды.
Халықтың едәуір бөлігінде қару болмауы ерекше назар аударарлық. Тегінде, қаруланған халықтың орнына ұлы және кіші гуньмолардың жасақтары пайда болды. Бұл жасақтар олардың билігіне сыртқы соғыстар кезінде ғана емес, халық толқулары кезінде де тірек болып отырды. Ал мұның өзі енді мемлекеттік өкімет элементтерінің айқын дәлелі болатын.
Көрші халықтармсн қарым-қатынастары. Усундер ерте замандағы Орталық Азиядағы этникалық-саяси бірлестіктердің бірі деп саналды. Усун мәдениетінің ескерткіштері ұлан-байтақ Жетісу, Ферғана (ішінара) аумағына және тегінде, Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне де таралған.
Ертедегі усундер мәдениеті бұрынғы мекендеген жерлерінде, олар түрік қағанаттарының бақылауында болғанымен, одан әрі дами берген. Тіпті біздің заманымыздағы X ғасыдың өзінде деректемелер беттерінде усун атауы қайтадан пайда болады. Сонымен, ежелгі усундердің қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен жәпе үйшүндермен генетикалық жағынан сабақтастық байланысы болды деп айтуға толық негіз бар.
УСУНДЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Ежелгі усундердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар усундердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, керамиканың эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, усун тайпаларының еңбек құралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды.
Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы
Ертедегі усундердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетте, құрылыстарді екі үлгісі де бір қорымның құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым құрайды, бірақ мұндай реттер біршама аз.
Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар усундердің жерлеу құры-лыстарын сипаттайтын есі ерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар жазықдалаларда – топырақтан, өзен анғарларында – сары топырақтан немесе өзеннің малта тастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақ тастан, тастардан тұрғызылған.
Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда – дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді.
Усун ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хронологиялық үш кезеңін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, қабір құрылыстарының өзгешелігі және кұрал-саймандардың, қару-жарақтың, тұрмыс заттарының, әшекейлердің өзіндік түрлері мен үлгілері тән.
Усун мәдениеті әр түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын сақтап отырған, бұл – 600-700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.
ТҰРҒЫН ҮЙ, ТҰРМЫС ЖӘНЕ ҮЙДЕГІ ӨНДІРІС
Ежелгі усундердің материалдық мәдениеті әжептәуір Жетісудағы, негізінен алғанда Іле, Талас және Шу аңғарларындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар усундердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көріністерін елестетуге, еңбек құралдары мен қару-жарағын білуге, кераминань оның негізгі үлгілеріп зерттеуге мүмкіндік туғызды.
Усундердің отырықшы қоныстарының қалдықтары Шу және Кеген өзендерінің аңғарларында зерттелді. Шу аңғарларындағы қоныстарда тұрғын үйлердің пішімі тік бұрышты болған, шикі кірпіштен салынып, балшықтан соғылған таға тәрізді ошақтармен жылытылған.
Суық түскенде усун отбасылары екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қыскы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай кұйылып қаланған.Әрбір тұрғын үйде үлкен бөлме, ұсақ қосалқы жайлар және мал қамайтын қашалар болды. Үй-жайлардың бәрі біріне-бірі жапсарластыра салынған. Олардың едендері балшықпен сыланған жер еден болды. Тұрғын бөлмелердің едендерінде айнала тас қаланған ашық шаршы жерошақтар болды. Жерошақтар үйді жылытты, жарық берді және оларда тамақ пісірілді. Кыс кезінде үй ішінің тіршілігі ошақтың айналасында өткен, оның маңынан ас құйылған қыш ыдыстар, ұн тартатын тас қол диірмендер табылды.
Бала-шағалы төрт-бес үй бір ауыл болды. Қонысқа жақын жерде ру және әулет зираттары орналастырылды. Зираттардың үстіне топырақ және тас обалар үйілді, тас қалама немесе қоршау жасалды.
Жаз кезінде, көшіп жүргенде, ежелгі авторлардың жазуына Караганда, усун отбасылары «киізбен жабылған дөнгелек жайда» - киіз үйде тұрған. Усун отбасының тамағы ет, сүт және түрлі өсімдіктер болған. Ерлер, әйелдер және балалар жүннен, теріден және жібектен тігілген киім киген. Жібек және басқа бөтен ел бұйымдары не сауда арқылы әкелінген, не усун шонжарлары соғыс шапқыншылықтары кезінде қолға түсірген.
Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар усундерде үй кәсібі, колөнер дамыған.
Усундерде кұмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ыдыстар құмырашы ұршықшасында жасалды. Ыдыстар түрі жағынан да, пайдаланылуы жағынан да алуан түрлі болды.
Ас пісіретін керамикадан табылғаны – жентектелген балшықтан қаралай күйдіріліп, алуан түрлі көлденең және тік құлақ шығарылған, калың, жайпақ қазандар.
Ежелгі усундердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызды орын алды. Темірден, мыс пен қоладан еңбек құралдары, тұрмыс және табыну заттары – балталар мен шоттар, орақтар мен пышақтар, біз бен шеге, қазандар мен құрбан шалатын ыдыстар, кішкене мехраптар мен шырағдандар, қару-жарақ, қанжарлар мен жебелердің ұштары және сәндік заттар – білезіктер, сырғалар мен сақиналар жасалды. Алтыннан ерлер мен әйелдер киімінің, бас киімінің және қаруының әшекейлері, көлемі мен бітімі әр түрлі қаптырмалар жасалды.
Жұқа жапырақша алтынан сақиналар мен қаптырмалар жасалды. Соңғы усун дәуірі кезінде зергерлік заттарға түсті тастардан көз салу таралды. Полихромдық өнердің мұндай ескерткіштерінің тамаша үлгілері қызыл тастан түйірлеп көз салған, бедерленген алтын салпыншақтар
Усун қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық киіз басу, үйде жүннен киім тоқып тігуді қамтамасыз ететіндей едәуір ауқымда болған. Мата тоқу үшін қарапайым тоқыма станогы (қазақтардың «өрмегі» сияқты) қолданылған. Былғары ісі – жануарлардың терісін өндеу және аяқ киім ішік, тері шалбар мен бешпент тігу үшін тері илеу, теріден ыдыстар мен ат әбзелдерін дайындау кеңінеп дамыды.
Тастан енбек құралдары – кетпен, диірмен, келі; тұрмыс заттары мен сәндік заттар – ұршықбас, мұсат, қайрақ тас, түрлі-түсті асыл тастан моншақтар жасалды. Сүйектен жұмырлағыштар, жебелердің ұштары істелді, сүйек түймелер мен басқа да ұсақ заттар шаруашылық пен тұрмыста пайдаланылды.
Жазбаша және археологиялық деректемелер бойынша усундердің тілі мен жазуы жөнінде жөнді ешнәрсе жоқ. Біз руналық үлгідегі белгілер тырнап салынған призмалық үш қырлы тас және төрт белгісі мен сөз бөлгіші бар, соңғы усун және соңғы сақ заманына (тиісінше б. з. б. IV-III ғғ. және б, з, III-V ғғ.) жататын кішкене тас ыдыс табылғанын бұдан бұрын айтқанбыз. Алайда олардың жазба ескерткіштеріне жататындығы болжам ғана және оны филологтар қуаттаған жоқ.
Оның есесіне усундердің этникалық-мәдени бабалары – соңғы сақтарда беймәлім әліпбилік жазба ескерткіштің табылғаны бұлтартпайтын факт. Бұл жазуды сол тайпалар шығарып, пайдаланған деп жорамалдауға толық негіз бар.
Усундерге көршілес мемлекеттер мен тайпалардағы лингвистикалық жағдай усун қоғамында да әліпбилік жазудың болуына қолайлы еді. Сірә, VІ- VІІ ғасырларда Кучада түрік жазуы қолданылған болуы ықтимал, өйткені оның тұрғындары көлденең жолдармен жазған.
Усундердің тілі мен жазуына ғылыми әдебиетте орын алып жүрген көзқарас негізделу дәрежесі бойынша әр түрлі, бірақ жалпы алғанда жұмыс болжамы денгейінде қала береді.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Абель Ремюза да 1809 жылы Ертістегі үңгірден және Зыряновск руднигінің маңынан Г.Спасский тапқан руналық тоғыз жазбаны зерттей келіп, жазылуы жағынан олардың солтүстік руналарға ұқсастығы бар және бұл жазуды «қытайларға У-сунь деген атпен белгілі және Христос туғанға дейін 100 жыл бұрын Ертіс жағасымен Зайсан көлінің батыс жағында жатқан жерлерді мекендеген» тайпалардың қолданғаны күмәнсіз деп жазған еді.
А. Ремюзадан кейін ежелгі түркі жазуымен айналысқан шығыстанушылар мен филологтардың көпшілігі оның көзқарасын қолдап, ертедегі усундердің түркі тілдес болуы мүмкін екеніне қосылды.