Экономика
Медиа
7kun.kz AWARD.kz жүлдесіне ие болды
Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz - AWARD.kz ұлттық интернет жүлдесі 2016 жылдың ең үздік сайттарын жариялады. 14-ші рет өткізілген конкурста 12 салалық және 11 ынталандыру аталымы бойынша өткізілген байқауда Vласть интернет журналы бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ «Масс-медиа» аталымында бірінші орынға ие болды. Екінші орын The Steppe ақпараттық порталында. 7kun.kz үшінші орынға ие болды.
7kun.kz сондай-ақ «Қазақ тіліндегі ең үздік сайт» атанды.
«Мәдениет пен өнер» аталымына қазақстандық киноға арналған «Бродвей» сайты, «Бала бәрбиесі, білім мен ғылым» аталымына Маңғыстау облысындағы мектептердің электронды порталы, «физкультура және спорт, медицина, денсаулық, саяхаттау және демалыс» номинациясына «Ренессанс» спорт клубының сайты, «желілік сервис» номинациясына HiPO жұмыс іздеу порталы, «корпоративтік сайт» номинациясына «Top Kazakhstan» компаниясының сайты, «салалық және өңірлік портал» номинациясына AND.KZ сайты, «билік огандары мен өзін өзі басқару» аталымына «Атамекен» ҰКП сайты, «қоғамдық ұйымдар» аталымына Red Jolbors, «жеке парақшалар» аталымына бизнеске арналған Netpeak блогы, «интернет-дүкендер» аталымына Topfood Kazakhstan, «промо-сайт» номинациясына gear360.kz ие болды.
Бұдан бөлек, 7kun.kz қазақ тіліндегі үздік сайт атанды. Үздік екі тілді сайт Маңғыстау тарихи мұражайының сайты, маркетингтік әлеуеті бар үздік сайт Lamoda.kz, дизайны ең үздік сайт COME ON гаджеттер сайты, «2016 жылдың ашық сайты» Topfood Kazakhstan интернет дүкені болды.
AWARD.kz ұлттық интернет премиясының мақсаты - Қазнеттің дамуын ынталандыру. 2016 жылы 500-ден аса қатысушылардың арасынан жеңімпаздар қазақстандық сарапшылар мен халықаралық қазылар алқасының қолдауымен іріктелді.