Біздің өмірімізде парадкостер көп. Мысалы, сен жас болған кезде, саған ақша көбірек керек болады, бірақ оны табуға деген мүмкіндігің аз. Ал есейген сайын аамдардың қалағанынша табыс табады, тіпті көп ақша табудың жолын да меңгереді. Бірақ олардың қажеттілігі азаяды. Көбінде жастар өздерінің қалауларын тізгіндей алмай, несие алып, өмір бойы банкке қарыз болады.
Немесе басқаша мысал. Біз өмір бойы жұмыс істейміз. Өзіміздің қажеттілігімізді енді ғана қанағаттандырғанда, балаларымыз өседі. Балалардан соң немерелердің кезегі келеді. Сонда адам өмір бойы тек тамақ табумен ғана айналысуы керек пе? Онда біздің жанубарлардан қандай айырмашылығымыз бар?
Біз ақша тауып, байлығымызды көбейтуге әбден үйренгенбіз. Бұған бүкіл уақытымызды жұмсаймыз. Барлығына қол жеткізген күннің өзінде өзімізді тоқтата алмай, ақша табуды жалғастыра береміз. Себебі одан басқа қолымыздан ештеңе келмейді. "Бұл әлемде адамзатты тамақтандыру үшін жеткілікті қор бар, бірақ адамның сараңдығын толтыра алмайды", - деген еді бұл туралы Махатма Ганди.
Еліміздегі ақша айналымына Ұлттық банк жауап береді. Ол шығарған ақша жаңа өмір бастап, қолдан- қолға өтеді. Ақша табиғаты моральға мән бермейді, оларға тек нәтиже қажет. Кассирді алдап, қосымша ақы табуға болады, бірақ моральға жат қылық. Қоғам ақшаның тиімділігін әрдайым 2 ереже арқылы шектеп отыруға тырысады. Бірінші ереже -заң қабылдау. Заң - ақша айналымы мен шекарасын анықтайтын құрал. Ал заңның орындалуы қоғамдағы мораль деңгейіне байланысты болады. Егер қоғам моральді ақшадан төмен қойса, ақша барлығын билейді. Ал қоғам моральды ақшадан жоғары қойса, айналада заң мен тәртіп болады. Сондықтан өркениетті қоғамда мораль бірінші, ал заң екінші орында тұрады.
Екінші ереже - ақшаны қоғамдық өміріміздің кейбір салаларына араластырмау. Ақша тұрғысынан қарасақ, бізге бақыт әкелетіннің барлығы тиімді емес. Мысалы, жақыныңа көмек жасау, жомартттық, махаббат, достық және қайырымдылық. Қоғам мейірімді болған сайын, ақшаның негізгі құндылыққа айналу мүмкіндігі азая түседі. Өкінішке орай, қазір осы екі ережені де бұзып отырмыз.
Біз "өркениетті елдер" деп танитын мемлекеттерде барлық адамдар қоғамға барынша көмек көрсетуге тырысады. Ол жерде волонтерлік қозғалыс өте жақсы дамыған, зейнеткерлер жастарға тегін ақыл-кеңесін айтып, өз мамандықтарына үйретеді. Кәсіпкерлер өз байлығының жартысын еш қысылмастан қоғамға береді. Адамдар өз еркімен Африкаға барып, қолдауға мұқтаж елдерге көмек көрсетеді. Мұның барлығы да адамдарда ең жақсы қасиеттерді оятады. Қоғам адами қасиеттерін көбейткен сайын, біздің өміріміздегі мейірімділік пен жақсылық та ұлғая түседі.
Айналаға қарайықшы. Қоғамға тек біздің ақшамыз ғана емес, біздің назарымыз да қажет. Үйге келе сала, балаларымыз бен әйелімізге "Мен сендерге ақша әкелдім, енді басқа ешқандай қарыз емеспін. Менен аулақ болыңдар!" демейміз ғой. Біз балаларымызға сабақ оқуға, әйелімізге үй шаруашылығында көмектесеміз. Қарт ата-анамыздың көңілін аулауға тырысамыз. Ендеше неге өмір сүріп отырған қоғамға да осындай ниетпен қарамасқа? Қоғамның өзі біздің отбасымыздан, жақындарымыз бен достарымыздан құралады ғой.
"Мен жауап беремін" жобасын іске қосқаннан кейін, қаншама адамдардың қоғам үшін жұмыс істеуге дайын екендіктерін көрдім. Бізге жұмысы мен жасына, жынысына қарамастан әріптестеріміз бен достарымыз, еріктілер қосылды. Мұның барлығы олардың алдындағы менің жауапкершілігімді арттыра түсті. Осы уақытқа дейін маған жасағаны үшін қоғамға алғыс айтамын. Жақында 50-ге толамын, енді өз уақытымның 50 пайызын өз еркіммен қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге арнамақпын. Алла маған қанша өмір берсе, сол уақытымды қоғам үшін жұмыс істеуге арнағым келеді.
Мұның барлығы
- "Мен жауап беремін" қозғалысының қайтарымсыз жұмысынан
- қайтарымсыз дәріс оқудан
- қайтарымсыз жастарға кеңес беріп, оларды үйретуден
- қайтарымсыз адамдарға көмек көрсетуден
- қайтарымсыз қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетуден
- қайтарымсыз мемлекетке көмек көрсетуден
- менің білімім мен тәжірибем қажет жағдайдың барлығында қайтарымсыз көмектесуден байқалады.
Менің өмірім енді бұрынғыдай болмайды. Барлығын осы қозғалысқа қатысуға шақырамын. Өмірімізді барынша жарқын етейік!
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024