Акционерлік қоғам қызметінің экономикалық тиімділігі мен ерекшеліктері (диплом)
Қазақстан өзінің нысаналы дамуын «Қазақстан-2030»ұзақ мерзімдік Стратегиясына сәйкес іске асырып келеді.
Бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай-ақ, әлеуметтік салаларда да Еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісуміз керек.»
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қатынастардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Айта кету керек, дамыған нарықтық экономика жағдайында бір акцияға түскен табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына әсер ететін ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, ол өкілетті статистикалық зерттеулермен дәлелденген. Оның аналитикалық тұрғыда негізгі кемшілігі - әртүрлі компаниялардың акцияларының нарықтық құнының бірдей еместігі салдарынан оларды кеңістікте салыстыруға келмейтіндігі болып табылады.
Тақырыптың актуалдылығы: Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырады. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар туғызу.
Тақырыптың мақсаты: еліміздегі рыноктық қарым-қатынастың дамуы экономикалық саясатын бара-бар жүзеге асуын талап етеді,бұл акционерлік қоғамдардың қызметін тиімді дамуына жолданған.
Ұсынылған дипломдық жұмысым «Акционерлік қоғам қызметінің экономикалық тиімділігі және оны бағалау»туралы қарастырылған. Бірінші тарау АҚ мәні мен мазмұны, қызметінің жұмыс жасау тиімділігінің ерекшеліктері жайлы қарастырылған. Екінші бөлімінде АҚ қазіргі кездегі экономикадағы рөлі, АҚ экономикадағы жұмыс атқару қызметінің ерекшеліктері, АҚ қазіргі кезде экономикаға қосатын үлесі туралы талқыланған. кәсіпорындарның жағдайы туралы. Ал үшіншісінде коммерциялық банктің акционерлік қоғам ретінде дамуының негізгі бағыттары, коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың стратегияларын қалыптастыру жолдары туралы негізделіп, қорытындымен аяқтала отырып, пайдаланылған әдебиеттер көрсетілген.
- АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Акционерлік қоғамның мәні және мазмұны
Акционерлік қоғам дегеніміз қатысушылардың қоғамға деген міндеткерлік құқықтарын куәланлдыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады.
Қоғам балансында ескерілетін иелігінде жекелеген меншігі бар, өз атынан заттай және заттай емес құқықтарды иеленіп жүзеге асыратын заңды тұлға.
Акционерлік қоғам заңға қайшы келмейтін кез-келген іс-әрекетке құқылы. Қоғамның іс-әрекеті негізінен құнды қағаздар мен акция операцияларынан пайда табуға бағытталған.
Фирмалық аты мен жарғысында көрсетілгендей, қоғам ашық немесе жабық болады.
Ашық АҚ-ң акционерлері өзге қоғам мүшелерінің келісімінсіз меншігіндегі акциясын сата алады. Бұндай қоғам өзі шығарған акцияларын ашық жазылу (подписка) мен олардың еркін сатылуын ҚР-ң заңы мен өзге құқықтық актілеріне сәйкес жүргізе алады. Сонымен бірге қоғамның жарғысы мен ҚР құқықтық актілеріне сәйкес келсе, акцияларына жабық жазылу құқығына ие. Ашық АҚ акционерлер саны шектелмеген.
Акциялары тек құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген адамдар арасында бөліске түсетін АҚ жабық болып табылады. Бұндай қоғам өзі шығарған акцияларын ашық жазылуына (подписка) немесе басқа жолмен көптеген өзге тұлғаларға ұсынуға құқығы жоқ. Жабық АҚ акционерлер саны елуден аспауы тиіс.
Егер акционерлер саны елуден асатын болса, жабық АҚ бір жыл ішінде елуден асатын болса, қоғам соттық тәртіппен жойылады. Жабық АҚ мүшелері басқа тұлғаға сататын жағдайда қоғам мүшелері ұсынған бағамен ерекше сатып алу құқықына ие [1].
Қоғам құрылтайшылары арқылы қайта құрылуы немесе жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну, сіңіру, қайта құрылу) мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылуы деп есептеледі.
Қоғамның барлық органдарына және акционерлеріне талаптардың орындалуы негізгі құжат қоғамның жарғысы болып табылады.
Акционерлік қоғамның акциялары
Акция – меншік титулы, жазбаша куәлік, акционерлік қоғам капиталына қаржы салымын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.
Ол акция иесіне Акционерлік қоғамның істеріне қатысуға, салынған капитал мөлшеріне байланысты белгілі көлемде дивиденд алуға құқық береді. Акция иесі – акционер болып табылады. Акционер Акционерлік қоғамның кредиторы болып табылмайды, сондықтан күнделікті дивиденд төлемін және акцияны сатып алуына (егер акция курсы төмендейтін болса) фирмадан талап етуге құқы жоқ. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденд) көлемі баланста көрсетілген табысына тәуелді. Жалпы акционерлік жиналыста осы табыс үлесін дивиденд түрінде болу және төлеу, табысты қолдану сұрақтары шешіледі. Табыс акция мөлшеріне байланысты пропорционалды бөлінеді.
Егер Акционерлік қоғам тиімді жұмыс істесе, онда акицонерлік капиталды көбейтуге мүмкіндік болады. бірақ акция иелері акционерлер санын көбейтуге ұмтылмайды, себебі әр акционер қайта шығарылған акцияны алуға ерекше құқық алады. Әрбір акционер «ескің акция мөлшеріне пропорционалды суммада жаңа акция ала алады [2].
Бағалы қағаздар нарығында, әсіресе қор биржасында, компанияның іс жүзіндегі қоры ешқандай шайқалусыз дамуына қарамастан, бір кәсіпорынның акциясы бір уақытта әр түрлі баға (курсқа) ие бола алады.
Акционерлік қоғам табысы келесідей қолданылады: бір бөлігі акционерлер арасында таратылады, екінші бөлігі акционерлік қоғамның резервіне бағытталып, капитал ұлғаюына немесе кәсіпорын құлдырағанда дивиденд төлеуге қолданылады.
Әдетте, Акционерлік қоғам «жасырын резервтердің өсіруге жағдай жасайтын саясатты жүргізеді. Резервте жиналымдар біткеннен кейін акционерлік компания дивидендтерін төмендетеді. Бұл Акционерлік қоғам күйреуінің бірінші белгісі. Акция иелері аз дивидендтер әкелетін акциялардан құтыла бастайды. Бұл акция курсының номиналды құнынан төмендеуіне әкеледі. Егер Акционерлік қоғам қызметін тоқтатса, онда акция ұстаушылар Акционерлік қоғамға салған қаржысын толығымен жоғалтады, ал акция ешкімге керек емес қағазға айналады.
Акционерлік қоғам қалыпты жұмыс істеген жағдайда акция ұстаушы өз акциясынан қоғам жұмысына сәйкес дивиденд алады. Мысалы, 50 теңгелік акция табысы 6 теңге құрайды. Сондықтан, бір акция дивидендті 6 теңге құраса, онда акционер жылдық 12% алады. Қоғам құрылған кезде алғашқы акциялар номиналды құны бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады. Бұл жағдайда табыс көлемін іс жүзінде келесі формула бойынша анықтайды:
Қор биржасында және банкте акция сатылу мен сатып алу бағасын акция курсы деп аталады. Ол негізгі екі факторға тәуелді: дивиденд мөлшеріне және саудалық пайыз көлеміне. Әрине, төленетін дивиденд көлемі жоғары болса, яғни оның курсы жоғары.
Акция сатып ала отырып, ақшалай қаржы иесі әрдайым алынған дивидендтің, аз капитал салымын берік табысқа кепіл беретін банк немесе өнеркәсіп облигациясынан кепілмен ала алатын табыстармен салыстырады.
Банктік пайыздық көрсеткіш акция курсының төмендеуі мен жоғарылауына әсер ететін фактор: банктік пайыз жоғары болған сайын, қор биржасындағы акция курсы соншалықты төмендейді және керісінше. Айталық, акцияның номиналды 100 теңгелік құны 12 теңге көлемінде дивиденд әкеледі, ал ссудалық пайыз көлемі – 4. Онда бұл акция қор биржасында 360 теңге курспен сатылады, өйткені дәл осындай соммамен банкке жылдық 4% есеппен қойылған сомма 12 теңге әкеледі.
Сонымен, акция курсы өзімен капитализацияланған дивидендті көрсетеді, оны мына формуламен есептейді:
Берілген түсініктегі шамалар акция курсының әрдайым тербелінуі, акцияның сұраныс пен ұсыныс қатынасына тәуелді [3].
Қоғам акция ұстаушыға түрлі артықшылықтарды беретін және атаулы акция түрлерін шығарады. Акция ұстаушы – заңды түрде компанияның акционері екенін куәландырады. Атаулы акцияларды шығарғанда, оларды тек акционерлік кітапқа енген акционерлер иемдене алады. Әр түрлі елдерде, қоғам қызметін реттейтін түрлі заңдар бар. Біреулерінде ұсынушыға, ал екіншісінде атаулы акциялар көп кездеседі. Акцияның әр түрлі артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие.
Ұсынушыға арналған акция сату операцияларында қолдануға ыңғайлы. Бұл жағдайда компания акция иелерінің аттарын білмейді. Осылайша акцияларды сату және сатып алуда қоғам құрылтайшыларына және акционерлеріне түрлі қиыншылық туғызуы мүмкін.
Акциялар тағы жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акция – акционерлік құқықта негізінде көрсетілген қоғам табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді. Артықшылығы бар акция жағ акцияға қарағанда ұстаушыға түрлі формада көрсетілетін арнайы басымдылықтарға ие. Басымдылықтардың бірі, қоғам акцияларына табыс деңгейі аныталғанға дейін кепілді табыс нормасы төленеді. Артықшылығы бар акцияның екі түрі бар. Біріншісі: нақты белгіленген дивидендті бар акция, бұнда қоғам қызметінің нәтижесін байланыссыз алдын ала келісілген табыс төленеді. Артықшылығы бар акцияның бұл түрі өз мәні бойынша облигациядан айырмашылығы жоқ. Бұндай акция өте сенімді, бірақ олардың дивидендтің жоғарлауы болмайды. Артықшылығы бар акциялардың сату барысында компания акцияның тұрақты бағасын қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері, акцияларды биржалық курспен сатудан түскен пайданы бөлуге қатыса алмайды. Артықшылығы бар акция ішінде нақты белгіленген дивидендке қоса, қосымша шектеулі көлемде табыстың белгілі бір бөлігі төленеді. Сонымен қатар, артықшылығы бар акция иемденушілер, компания жойылғанда, қоғам мүлігін бөлуде басымдылыққа ие болады.
Компания жай акциялар бойынша қарыздарды өтеу бұрын, артықшылығы бар акция иемденушілерге, сол акцияның номиналды құнынан жоғары, яғни нарықтық курсты толығымен жабатын сомма төленеді. Соған қарамастан, артықшылығы бар акция иемденушілеріне қоғам жойылуында теріс жақтары бар. Қоғамды заңды түрде жасырын резервтер болады. Оларды бөлу көбінесе жай акцияларға кетеді, сондықтан жай акцияларға төлегенде олардың номиналдық құнынан әлде қайда жоғары болады.
Фирманың стратегиясын және қоғам ісінің негізгі бағытын акционерлер жиналысы мен директорлар кеңесі шешеді. Ал барлық шаруашылық – жүргізу процессін және фирманы басқаруды атқарушы орган жүзеге асырады [4].
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" заңына сәйкес қоғамның ағымдағы ісін басқаруды қоғамның жеке атқарушы органы жүзеге асырады.Коллегиялық атқару органының басшысы жеке атқару органы болып табылады.
Атқару органының өкілеттілігі Заңда анықталып, жалпы түрде ол: қоғамның ағымдағы ісін басқаруда барлық сұрақтарға, тек жалпы акционерлік жиналыс пен директорлар кеңесіне қатысты сұрақтардан басқа сұрақтарды шеше алады. Бас директорлардың және ол басқаратын билеудің өкілеттігіне Заңда көрсетілмеген. Ол қоғамның жарғысында жеке және коллегиалдық атқару органы біркелкі көсетілген. Билеудің де жүргізу ісі Заңда қарастыырылмаған. Ол жарғыда немесе директорлар кеңесімен бекітілген ішкі құжатта анықталған. Заңда тек, атқару органының отырысының протоколына және билеу отырысы немесе лирекция шешімі негізінде қоғам атынан барлық құжаттарға қол қоятын бас директор.
Осыған байланысты, қоғам атқару органының ісі Заңда жалпы түрде берілген. Басқа органдармен нақты қарым-қатынасын анықтауға директорлар кеңесіне қалдырылды.
Атқарушы орган
- Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етеді. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Атқарушы орган қоғам қызметінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.
Егер мәміле жасасу кезінде тараптардың қоғам белгілеген шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, қоғам өзінің атқарушы органы осы шектеулерді бұза отырып жасаған мөміленің жарамды екеніне дауласуға құқылы.
- Қоғамның акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлері алқалы атқарушы органның мүшелері бола алады.
Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.
Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен, қоғамның жарғысымен, сондай-ақ аталған адам мен қоғам арасында жасалатын жеке еңбек шартымен белгіленеді. Қоғам атынан атқарушы органның басшысымен жасалатын жеке еңбек шартына директорлар кеңесінің төрағасы немесе осыған жалпы жиналыс немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген адам қол қояды. Атқарушы органның қалған мүшелерімен жасалатын жеке еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды.
Атқарушы орган басшысының өкілеттігі
Атқарушы органның басшысы:
1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді;
4) қоғам қызметкерлерін (атқарушы органның мүшелері болып табылатын қызметкерлерді қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен коғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;
5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;
7) қоғам жартысында және қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде бслгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады [5].
Акционерлік компанияның қызметін басқарудың негізгі принциптері:
Акционерлік компанияны басқару процесін ұйымдастыруда маңызды роль негізгі принциптерге беріледі. Экономикалық әдебиеттерде принцип түсінігіне экономикалық қатынасқа қатысушылар арасындағы байланыс заңдылығын көрсететін негізігі ережелер енеді. Жеке авторлар принцип мазмұнына әр түрлі талқылама береді. Мысалыға, К.Джексон принципті «бастапқы концепция – нарықтық өзара іс қимылға қатысушылардың мінез құлқын регламенттейтін басшының идеясың, деп анықтайды. Біздің көз қарасымыз бойынша бұндай анықтама «принципң мазмұнының түсінігіне өте кең талқылама. Шынында да бұндай кең мағына тауар-ақша қатынасының заңдылығын көрсететін теориялық постулаттар мен концепцияларға қолдануға болады. Л.Хамердің ойынша «бірлескен қызметте немесе бәсекелістікте, іскерлік шарт жасағанда контрагенттер қолданатын іс-әрекеттің жалпы ережесі мен нормасың, деп принципті түсіндіреді. Біздің ойымызша, Л.Хамердің экономикалық принциптердің мінез-құлқына бағытталған асыра сілтеме талқыламасы экономикалық принциптерді негіздеуі мен өндірімі субъективизмге алып келуі мүмкін. Негізгі принциптер экономикада объективті экономикалық заңдылықтармен байланысты болады. Бірақ сонымен қоса принциптер объективті мазмұннан бөлек экономикалық қатынасқа қатысушылардың белгілі бір дәстүрлеріне сәйкес іс-әрекетін субъективті элементтермен рәсімдейді.
Басқарудың негізгі принциптерінің түсініктемесін бергенде, әр бір принципті рәсімдеуде субъективті элементтер жалпы экономикалық принциптерге қарағанда маңыздырақ роль атқарады. Сонда да, маңыздылығына қарамастан объективті мазмұн шешуші болып табылады. Мысалы, принциптердің кезкелген нормативтік құқықтық рәсімделуі. Басқару принциптердің мазмұнының басымдылығы сыртқы формалардың сақталуында, волюнтаристік елемеушілік принцип мәнділігінде анық шектеушілік қызметін атқарады. Мысалыға, компанияның ұзақ мерзімді стратегиясына байланысты шешім қабылдағанда акционерлердің барлық топтарын, тәуелсіз эксперттер мен консультанттарды тарту арқылы коллегиялдық принципті ұстануға болады, бірақ соңғы шешім акциялардың басқару пакетін иемденушілердің мүддесіне сай қабылданады. Ірі компанияларды басқару тәжірибиесінде, сыртқы көрінісінде заңды талаптармен формалды процедураларды сақтап, колданған кезкелген принциптердің мазмұнын бұзатын түрлі «сұр технологиялардың қолдану кезігеді. Сондықтан принциптің формалды процедурасына емес оның мәнін сақтауға аса маңызды акцент аудару керек [6].
Басқару принциптерінің құрылымы мен салыстырмалы мәндігі әр түрлі менеджмент мектептерінің өкілдері арасында өткір дискуссия тақырыбы болып табылады. Неотейлоризмді жақтаушылар басқару принциптер жүйесінің көпсатылығын алға тартады. Оған олар жалпы корпоративтік стратегияны жүзеге асырумен зерттеу принципін қосады. Екінші сатысына – іскерлік стратегияны жүзеге асыру принципін, үшінші сатысына – функционалды стратегияны жүзеге асыру принципін, ал төртіншісіне – жеке басқару функциясын регламенттейтін негізгі ережелерді жүзеге асыруын, яғни ұзақ мерзімді болжамдауды регламенттейтін ережелер, стратегиялық жоспарлау ережелері, стратегиялық жоспарларды ұйымдастыру мен координациясын іске асыратын ережелер т.б. қосады. Біздің ойымызша, неотейлоризм өкілдері басқару принциптерінің көпсатылығын ұсына отырып, жалпы корпоративтік басқару принциптерді қамтитын негізгі түсініктің түбін қарастырмаған, өйткені жеке процедураларды жүзеге асырғанда олардың нақты ережелерін теңейді. Мысалға, ұзақмерзімді жоспарлауды бірінші дәрежелі, жалпы корпоративтік басқаруды ұйымдастыру тиімділігін, ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асыру процесі ретінде алдын ала анықтау болып табылатын басқару идеясымен теңейді.
Бұл мәселенің келесі ұшқарлығы стратегиялық менеджменттің негізгі принциптерін мұқият зерттеумен барлау, объективті қажеттілігін елемеушілік болып табылады. Мысалы, класикалық болып қалған И.Ансоффаның «Жаңа корпоративтік стратегияң еңбегінде көрестілген басқарудың негізгі принципін қолданумен проблематикасын анықтау шетте қалады. Бірақ автор бірнеше негізін қалаушы принциптерді жүзеге асыруына жанама нұсқау береді. Бұл негізінен стратегия мақсатының оперативтік принципінің басымдылығы. А.Томпсонмен А.Стриклендтің «Стратегиялық менеджмент: стратегияны зерттеумен жүзеге асыру өнерің деген еңбегінде де басқарудың негізгі принциптерінің проблематикасын айналып өтеді. Бірақ автор, ең болмағанда, төрт негізгі принципке қатаң ұяды. Мұндай жағдайды ғылыммен өнер синтезі ретінде жалпы түрде басқаруды, ал жеке түрде стратегиялық менеджментті қарастырумен байланысты менеджмент әдістемесі және дәстүрлі теориясы арқылы жартылай түсіндіруге болады. Менеджментке мұндай көзқарас жетерліктей қатаң шығармашылық тапқырлықтың шекарасына көңіл адармауына нұсқайды. Бұл әсіресе менеджменттің негізгі принциптеріне жүгінетін ірі компанияларды басқаруда нақ анықталады.
Басқару принциптерінің маңыздылығы бірінші дәрежелі екенін ашық қабылдайтын зерттеушілер арасында да жеке принциптердің мәнділігі, олардың сандық құрамы, корпорацияны толық немесе оның бөлек функционалды құрылымдарын басқару кезінде принциптерді маңыздылығы бойынша тізу жөнінде ортақ пікір жоқ. Түрлі көзқарастарды талдау түрлі менеджмент мектептеріне жататын зерттеушілердің пікірінің басқарудағы жеке принциптерінің мәнділігі мен олардың өз-ара «салмақ қатынасындаң ажырайтындығын көрсетеді. Сонымен бірге, егер неотейлоризм өкілдері стратегиялық басқарудың «қатаңң жүйесінің негізі ретінде дара басқару принципінің маңыздылығын алға тартса, «адамдар қатынасың мектебінің өкілдері дара басқару принципін абсолюттеуге біршама табандылықпен қарсы тұрып, оны біртұтас дара басқарумен коллегиялық принциптердің диалектикалық балансында тек бір әлпеті ретінде қабылдайды, яғни дара басқаруды міндетті түрде шектеулі қолданып, мүмкіншілігінше стратегиялық шешімді коллегиялық түрде қабылдау керек деп санайды. Түрлі мектептер өкілдерінің басқа принциптерге көз қарасын талдағанда да пікірлердің алшақтығы немесе қарама-қарсы пікірлер де кездеседі.
Басқару принциптерінің сандық қатынасы бойынша келесі көзқарастар бар:
- негізгі принциптерді шектеулі көлемде қолданып, оларды стратегиялық шешімдерді қабылдауда және зерттеулерде қатаң ереже ретінде қолдану керек;
- функционалды және оперативті стратегиясын, негізгі бөлімшелердің іскерлік стратегиясын және корпоративтік стратегиясын дайындауды және жүзеге асыруды принциптерді үлкен көлемде және түрлі үйлесімде қолдану керек;
- бүкіл компанияны басқаруын ұйымдастыруна негізгі принциптерді қосатын көпсатылы иерархиялы принциптерді;
- стратегиялық басқарудың жеке функционалды және өндірістік бөлімшелердің ерекшеліктерін көрсететін арнайы принциптерді;
- төменгі сатыдағы басқарушылық иерархиясының стратегиялық шешімдерді ұйымдастыру технологиясын анықтайтын ережелер мен регламенттерді қолданған жөн [7].
Біздің ойымызша, міндетті түрде комлексті тәсілді қолданған жөн. маңызды стратегиялық шешімді дайындауда, негізгі принциптер түрінде жасалған нағыз басқарушылық идеясын мейлінше шектелген көлемде қолданған жөн. Олар бұзулғанда немесе балансталмаған түрде қолдану өндірістік-коммерциялық іскерлтің тиімділігін бірден төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар компанияның жеке бөлімшелерінде жалпы корпоративті стратегиялық шешімдерді жүзеге асыруда, өндірістік, инновациялық, инвестициялық, маркетингтік қызметерінің арнайы ерекшеліктері көрсетілген қосымша мамандандырылған принциптер мен ережелерді қолдану жөн. Комплекстік тәсіл, принциптер мен ережелерді қолдану сферасының маңыздылығы бойынша иерархиялығын бөлу ғана емес, сонымен бірге, принциптердің қарама-қарсылығын жоюды қамтасыз етеді. Комплексті тәсілдің тағы да бір артықшылығы, принциптер мен ережелердің жиынтығын қолдануда кумулятивті эффектке жету болып табылады.
Басқаруды ұйымдастырудың принциптері мен ережелеріне комплекстік тәсілін қолдану кестеде жақсы көрсетілген, онда түрлі иерархиялық сатыда тұрған арнайы принциптер көрсетілген нақты компанияның қалыпты даму стратегиясын дайындау мен жүзеге асыруда қолданатын негізгі принциптер иерархияның жоғарғы сатысының функциясын атқаратын жүйе үсті деңгейінде көрсетілген. Олар тек нарықтық экономика жағдайында өндірістік коммерциялық іскерліктің дамуын анықтайтын басқару идеясының концепциясын қамтып қоймай, сонымен қатар түрлі табиғи технологиялар және әлеуметтік экономикалық жүйедегі басқарудың жалпы заңдылығын қамтиды. Жүйе үсті деңгейге кіретін принциптерді тізбекті және өнерлі қолданған жағдайда нақты компанияның іскерлігін ұйымдастырудың жалпы форматын, стратегиялық басқарудың негізгі принциптерін анықтауға және бұлжытпай орындаудың метолдологиялық базасын және фирмаішілік иерархиясында одан да төмен тұрған деңгейлерде қолданатын принциптер мен ережелерді береді.
Ұйымдастыру теориясының ішінде жүзеге қиын асатын принцип құрылыммен функция бірлігінің принципі. Ірі әлеуметтік экономикалық жүйеде сонымен бірге көпсалалы компанияда құрылым функцияларының байланыс проблемасымен айналысатын мамандар зерттеуінде құрылым функциясының үйлесімділігін анықтау үшін әр түрлі критериялар мен тәсілдер қолданады. Осы күнге шейін өндірістік маркетингтік қаржылық инновациялық және тағы басқа қызметтердің осы компания бөлімшелерінің құрылымының арасында функцияны қаншалықты рационалды бөлгеніне объективті баға беретін жалпы танымал критериялар мен көрсеткіштердің жоқтығы. Сондада компанияның құрылым функциясының жеке есептерін мамандар сәтті шешеді. Құрылыммен функция жетілдіру қатынасында стратегиялық басқарудың сұрақтарын қиын шешілетін көп менеджерлер мойындайды. Жалпы корпоративтік принципті құруда құрылыммен функция принцибін міндетті түрде нақты анықтау керек.
Компанияның қалыпты дамуында басқарудың тиімді ұйымдастыру үшін иерархиялық принциптік маңыздылығына күмән келтірмейді. Кез келген компания бірнеше иерархиялық сатыдан тұрады. Иерархиялық сатысының саны компанияны басқару ерешелігін анықтайтын маңызды көрсеткіш. Акционерлік емес компанияларға қарағанда акционерлік компанияларда көп иерархиялы болып келеді. Акционерлік иерархияның жоғарғы сатысы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Мұнда компания дамуының маңызды сұрақтары шешіледі. Акционерлік қоғамның өндірістік және коммерциялық қызметінің түрлілігіне байланысты үш-төрт иерархия сатысы болады. Иерархия сатысы арасындағы құқық пен міндеттерінің бөлінуі басқару сапасына және компанияның қалыпты дамуына әсер етеді. Жалпы корпоративтік принциптерді құруда иерархиялық принцип талаптарын анықтау керек [8].
Сыртқы ортамен байланыстың мақсаттылық принцип қатынасында корпоративтік менеджмент зерттеуінде түрлі көзкарас бар. Бір зерттеушілер мысалыға Дж.Робертс бұл принциптерді жеткізушілермен тұтұнушылармен және басқа іскер серіктермен өзара байланысында компания позициясының қатаң ұстануы деп түсінеді. Басқа да көзқарастар айтылуда. Мысалы, Т.Скарлет бұл принципті әлеуметтік экономикалық қоршаған ортаның өзгермелі шартына терең адаптацияның объективті қажеттілігі ретінде талқылайды. Тәжірибеде түрлі компаниялар аралық тәсілді қолданады олар сыртқы факторлардың осы немесе басқа қатынастарына қарағанда компанияның позициясы күшті кезінде контрагенттермен бәсекелестермен өзара байланыста өз шарттарын қосатын агресивті стратегияны қолданады. Егер сыртқы факторлардың кейбір қатынастарына байланысты компания позициясы әлсіз болғанда оңай икемделетін стратегияны қолданады. Яғни компанияның мүддесін белгілі бөліктерін көрсететін компрамисті шешім іздеу. Кезкелген жағдайдағы қатаң немесе жұмсақ әдістер қоршаған ортамен өзара байланысқанда компания өз мүдделерін табандалықпен қорғайды.
Жалпы корпоративтік принциптерді қарастырғанда компания бөлімшелердің сонымен бірге түрлі сыртқы контрагенттермен өзара қатынасының арасындағы тиімді байланысты басқаратын ережелерді көрсету керек. Бұл ережелер жалпы басқару принциптерінен шығуы немесе осы принциптердің жеке аспектісін мазмұыныда көрсетілуі керек.
Нарықтық экономикалық қызметтің ережелерімен жалпы корпоративтік принциптерінің өзара байланысы күрделі диалектикалық мінезді алып жүреді. Нарықтық шаруашылықтың негізінде, өндірістік экономикалық байланысты қалыптастыруда, бизнес сферасын таңдауда фундаменталды принцип жатыр. Бұл принципті абсолютті деңгейге шығаруға болмайды, өйткені мемлекеттік араласу немесе нарықтың белгілі бір секторының монополиялануына байланысты дын шектелуі мүмкін. Бірақтан да, таңдау еркінділігі түрлі тәуекелдермен байланысты.Егер компания ішіндегі жоғарғы сатылы менеджерлер жоспарлы және алдын ала көрудің жоғары деңгейіне қол жеткізе алатын болса, онда әлеуметтік-экономикалық сыртқы ортамен байланыста, әрдәйім стихиялы және алдын ала анықсыздығы кездеседі. Осы жағдайда компания басшылары өндірістік және коммерциялық іскерліктің стратегиялық басқаруды құрғанда еркін кәсіпкерліктің диалектикалық қарама-қайшылығын есепке алып отыру керек. Бір компанияның қызметінің параметрлерін таңдауда нарықтық еркіндіктің өз-ара байланысын максималды қолдану керек. Басқа жағынан нарықтық шаруашылық дамуының стихиялық, алдын ала белгісіздік элементтерінің зиянын мүмкіндігінше минимумына дейін төмендету керек. Дәл осылай жалпы корпоративті принциптер мен басқа да нарықтық фундаменталдық принциптерді дайындауда және жүзеге асырудың арасындағы тікелей байланыс байқалады. Компанияның даму стратегиясын дайындауда қызметтің жеке түрлерінің және жалпы бизнестің ұтымды тәуекелділік деңгейін жақсылап есептеу өте маңызды [9].
Ірі акционерлік компанияның негізгі басқару принциптерін дайындауға және жүзеге асыруға жүйе үсті денгейдің принциптер мен пастулаттарының әсер етуінің жалпылай қарастырғанда келесідей пікірлерді атап көрсетсек болады:
- ірі акционерлік қоғамның қалыпты дамуынның сапалы стратегиясын дайындауда жалпы ғылыми принциптер мен постулаттарды шығармашылық түрде қолданған жөн. Оларды рациналды түрде қолданғанда статегиялық басқарудың ғылыми методологиялық базасын құруға мүмкіндік береді;
- нарықтық экономиканың жүзеге асуының принциптері, компанияның өндірістік-коммерциялық қызметін толығымен қамтиды және сыртқы экономикалық ортамен байланыстын стратегиясын дайындаудың негізі болады;
- жүйе үсті постулаттары мен принциптерінің бірыңғайлығы, акционерлік компанияны басқарудың жалпы принциптерінің құрылуы мен табылуын, ізденістін теоритикалық-методологиялық бағытын анықтайды.
Басқару бойынша әдебиеттің түрлі авторлары жалпы корпоративтік стратегиясының дайындау мен жүзеге асыруының көп көлемді принциптерін құрады.Сонымен қатар, ірі акционерлік компанияның ерекше стратегиялық дамуын көрсететін бөлек принциптерді ұсынады.Біз жүргізген талдау жалпы корпоративтік принциптердің отыздан астам түрін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл зертеуде көрсетілген принциптер мен ірі акционерлік компанияның негізгі басқару принциптерін дайындауға және жүзеге асырудың негізгі ережелерінің көптеген модификатцияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін түбегейлі ашып көрсетуге мүкіндігі жоқ.Сондықтан, біздің ой-пікірімізді кезкелген принциптер ізденісінің жеке аспектісіне, құрылыуына және ең негізгісі оны қолдануының мақсаттылығын дәйектеуге саламыз. Біздің ойымызша, басқарудың негізгі принциптері бір жақты, метафизикалық, ішкі диалектикадан ажыраулы болмауы керек [10].
1.2 АҚ қызметінің жұмыс жасау тиімділігінің ерекшеліктері
Ең алғашқы акционерлік қоғамдар біздің елде 15.12.1990 жылы “Меншік туралы” және 13.02.1991 жылғы “Қазақ ССР-індегі кәсіпорындар туралы” Заңдарды жүзеге асырумен пайда болды. Ал одан кейінгі қабылданған 26.06.1991 жылғы “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” және 22.06.1991 жылғы “Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы” Қазақ ССР-інің Заңдарын ресми түрде бекітіп, акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар түсініктеріне заңды түрде анықтама беріліп, мемлекеттік кәсіпорындарды республика үшін жаңа шаруашылық жүргізуші субъекті формасына түрлендіру реті мен мерзімі анықталды [13. 74 б.]. Яғни, акционерлік қоғамдар ең алғаш бізде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің бір түрі – акционерлендіру негізінде пайда болды. Жекешелендірудің негізгі мақсаттары:
- Рентабельділігі төмен және тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарды субсидиялау мен дотациялау негізінде пайда болған бюджет дифицитін азайту;
- Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін көтеру және сол арқылы Ұлттық экономиканың тиімділігін өсіру болып табылады.
Бірақ, постсоциалистік елдердегі жекешелендіру ерекшелігіне оның, ең алдымен, экономикалық жүйенің сипатын өзгертуге бағытталуы және рыноктық қатынастарды қалыптастырудың алғышарты болып табылатындықтан, еліміздегі жекешелендірудің, соның ішінде, оның негізгі формаларының бірі – акционерлендіру процесін жүзеге асыруда бірқатар ерекшеліктер орын алды [11].
Қазақстан Республикасында меншікті рефрмалаудың бірінші кезеңінде (1991-1992 жылдары) акционерлендіру өзінің қажетті деңгейіндегі дамуына ие бола алмады. 1992 жылдың аяғында Қазақстанның халық шаруашылығында барлық жекешелендірілген объектілер санының 8.4%-ы ғана акционерлендірілді, онда барлық халық шаруашылық жұмысшыларының 4%-ы ғана жұмыс істеді және мұнда өнеркәсіп өнімдерінің 16.3%-ы өндірілді. Акционерлендіру процесі өнеркәсіп, сауда, құрылыс және көлік саласында неғұрлым белсенді жүрді, барлық акционерлендірілген кәсіпорындар ішінде сәйкесінше 42.3%; 15,5%; 12,5% және 7,5%-ды құрады. Облыстар мен қалалар арасында акционерлендірудің жоғары үлесі Алматы қаласына – 15,9%, Павлодар облысына – 12.6%, Оңтүстік Қазақстан – 8.6% , Қарағанды және Көкшетау –7.5 %-дан, ал ең төмені - Батыс Қазақстан – 1.0%, Жезқазған –1.2% және Солтүстік Қазақстан –1.7%-дан келген.
Бұл, ең алдымен, ҚР-дағы мемлекеттік меншік объектісін мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші кезеңінің ерекшелігі мен идеологиясына байланысты болды, яғни әртүрлі себептерге байланысты бұл процесті жүзеге асырудың акционерлендіруден басқа экономикалық формалары таңдалды.
Тек қана Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы (ІІ кезең) мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасын қабылдаумен бұл бағыт түбірімен өзгеріп, акционерлік қатынастардың дамуына ерекше көңіл бөліне бастады. Нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорынды акционерлендіру процесінің дамуы жедел қарқынға ие болды. Бұл Қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорындарды жаппай жекешелендірудің басталуымен байланысты болды. Төмендегі 1-кестеде Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру нәтижесінде орын алған акционерлендіру процесінің деңгейін көруге болады. Сондай-ақ, осы кестеден 1992 жылмен салыстырғанда 1994 жылы акцинерлендіріу деңгейінің өскендігін көруге болады. Және де оның жоғары деңгейі 1992 жылы Жамбыл мен Павлодар облысында орын алса, ал 1994 жылы Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарынан байқауға болады. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы 3 есеге жуық өскендігі байқалады /8,4-тен 25-ке/.
Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сыпаттайтын негізгі көрсеткіштер:
- Бір акцияға түскен табыс (пайда);
- Акцияның құндылығы;
- Бір акцияның баланстық құны;
- Акцияны котировкалау – бағалау коэфиценті;
- Бір акцияның табыстылығы;
- Дивидендтерді төлеу коэфиценті (төленген дивиденттер үлесі, дивидендтік шығу);
- Тұрақты өсу коэфиценті;
- Капиталдандыру коэфиценті; [12].
Бұл көрсеткіштерді талдау қор биржасында тіркелген және сонда өздерінің құнды қағаздарын бағалайтын компанияларда орындалады. Талдау тікелей қаржы есебі бойынша ғана орындала салмайды, оған қосымша ақпарат керек. Біздің елімізде құнды қағаздар бойынша терминология әлі қалыптасып болмағандықтан, келтірілген көрсеткіштер атауы шартты болып табылады.
Акцияға түскен табыс. Инвестор акцияны сатып алғанда, әрқашан дивиденд түрінде алатын болашақ табысты бағдарға алады.Өйткені, компанияның табысы дивидендтер төлеудің негізгі көзі болып табылатындықтан және келешекте акцияның рыноктық құнын көтеруге бизнес болғандықтан, инвесторлар әрқашан акцияға табыстылық коэффициентіне қызығушылық білдіреді. Ол таза табыстан айырықша акциялар бойынша дивидендтерді алған соңғы қалдықтың, шығарылған және қолдағы әдеттегі акциялардың жалпы санына қатынасы ретінде формуламен есептеледі.
бір акцияға түскен таза табыс;
таза табыс;
айрықша акциялар бойынша дивидендтер;
айналымдағы әдеттегі акциялар саны.
Бір акцияға түскен табыс, айналымдағы әдеттегі әрбір акцияға таза табыстың қанша үлесі тиетін көрсетеді (айрықша акциялар бойынша төленген дивидендтерді алып тастағанда). Айналымдағы акциялар жалпы шығарылған әдеттегі акциялар мен меншікті портфельдегі акциялар саны арасындағы айырмамен есептеледі.
Акцияға түскен табыс – бұл сол бойынша төленетін жыл сайынғы табыс. Осы көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін жанама түрде сипаттайды, бірақ қаржылық стратегияның үлкен ықпалында болады, өййткені кәсіпорынның өз табысын өндіріске қосымша қайтадан инвестициялау (реинвестиция) қажеттіг, акция бойынша төленетін табыс мөлшерінің азаюына әкеліп соқтырады. Акцияға табыстың нақты шамасы басұа көрсеткіштен – үлестіру нормасынан тәуелді, ал соңғысы дивиденд түрінде төленген табыс сомасын барлық таза табысқа бөлу жолымен есептеледі [13].
Айта кету керек, дамыған нарықтық экономика жағдайында бір акцияға түскен табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына әсер ететін ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, ол өкілетті статистикалық зерттеулермен дәлелденген.
Оның аналитикалық тұрғыда негізгі кемшілігі - әртүрлі компаниялардың акцияларының нарықтық құнының бірдей еместігі салдарынан оларды кеңістікте салыстыруға келмейтіндігі болып табылады.
Акциялардың құндылығы. Ол акцияның нарықтық бағасын акцияға түскен табысқа бөлгендегі бөлінді ретінде формуламен есептеледі:
- акцияның құндылығы;
- акцияның нарықтық бағасы;
- бір акцияға түскен таза табыс.
Акцияның нарықтық бағасы мен бір акцияға түскен табыстың ара қатынасы компания мен оның акционерлері арасындағы қатынасын көрсетеді.
Акцияның нарықтық бағасы мен акцияға түскен табыс шамасы арасындағы өзара байланысты әдетте «баға табысы» коэффиценті деп атайды. Бұл көрсеткішті акционерлер мен мүмкін инвесторлар компанияның акцияның құндылық бағалылығығын бағалау үшін жалпы басшалаққа алады. ол аталған компанияның акциясына деген сұраныстың индикаторы ретінде қызмет етеді, өйткені, акционерлер мен инвесторлар компания акциясының таза табысының бір ақша бірлігіне қанша ақша бірлігін төлеуге келісетіндігін көрсетеді.
Бұл көрсеткіштің динамикасында салыстырмалы түрде жоғары өсуі, басқа фирмаларға қарағанда аталған фирманың табысының жылдамырақ өсуін инвесторлар күтулі екенін көрсетеді. Бұл көрсеткішті кеңістіктік (шаруашылықаралық) салыстырылуда пайдалануға болады. Өсуге жеткілікті мүмкіншіліг мол фирмалар әдетте «баға - табыстың» жоғары коэффициентіне ие және керісінше [14].
Инвесторлар жоғары табыс алу мақсатымен ақшасын бір компанияға жиі сала береді. Кейбір акционерлер мен инвесторлар бүкіл алынған табысты, компания өзінде, операцияларды кеңейту мақсатымен қалдыруына мүдделі. Осындай тәсіл қолданатын компаниялардың акцияларының нарқтық құны тұрақты тез өседі, оларды сатса үлкен табыс келтіруі мүмкін. Бірақ бұл операция қор нарығында болатын кездейсоқтыққа байланысты қауіпті.
Басқа инвесторлар кепілді табыс көзін табуға ынталы. Сондықтан олар үшін тұрақты дивиденд төлеп тқратын акциялар қызығушылық тудырады. Алайда акционерлер мен инвесторлардың екі тобы үшін де дивидендтік табыстылық пен дивиденттік төлеу коэффициенттерінің маңызы зор [15].
Бір акцияның баланстық құны кәсіпорынның бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтеріне сәйкес бір әдеттегі акцияға келетін таза активтерінің (меншіктік капиталдың) құнын көрсетеді. Бұл көрсеткіш былайша есептеледі:
- акциялардың баланстық құны;
- акционерлік капиталдың құны;
- айрықша акциялардың құны;
- айналымдағы әдеттегі акциялар саны.
Акцияны бағалау коэффициенті акцияны нарықтық бағасының оның баланстық құнына (есептеу бағасы) қатынасымен формула бойынша есептеледі:
- акцияны бағалау коэффициенті;
- бір акцияның нарықтық бағасы;
- бір акцияның баланстық құны.
Бағалау коэффициенті мағынасының бірден артық болуы, потенциалды (мүмкін) акционерлер акцияны алуға, сол уақытта нақты капиталдың бухгалтерлік бағалауынан артық бағаға сатып алуға дайын екенін білдіреді.
Акцияның есептеу (баланстық) бағасы көрсетілген (номиналдық) құнның (яғни акционерлік капиталды есептелгендей акцияның бланкісінде қойылған құны) эмиссиялық табыс үлесінің (сату кезіндегі акцияның нарқтық бағасы мен көрсетілген құны арасындағы жиналған айырмасы) және фирманың дамуына салынған және жинақталған табыс үлесінің қосындысынан тұрады.
Акцияның нарықтық бағасы – бұл оның қазіргі сату және сатып алу бағасы. Ол сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы әсерімен қалыптасады, тек экономикалық себептерге ғана тәуелді емес және саяси – психологиялық, алып – сатарлық сияқты көптеген жағдайларға да байланысты.
Акцияның нарқтық бағасының көрсетілгеннен айырмашылығы, ол капиталдандырылған табысты есепке аллады. Акцияның сату дивиденді алу құқығын сату болып табыллатындықтан, қор биржасындағы оның нарықтық құндыллығы капиталдандырылған дивидендті көрсетеді. Сондықтан ол акция бойынша табыстылыққа тура пропорционалды (акция әкелген дивидендпен мөлшерінен) және несиелік капиталдың (депозит бойынша төленетін пайыздың) пайыздық мөлшерлемесіне кері пропорционалды болады [16].
Несиелік пайыз есебінен (есептелген пайыздың орташа мөлшерлемесі) салым бойынша жоғары дәрежедегі кепілдікпен төлей алуға болатын мөлшерлеменің пайызы қабылданады. Ал несиелік пайыз ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің коммерциялық банктерге қаржы ресурстарын сатудың есептік мөлшерлемесін алып қарауға болады.
Акцияның табыстылығы. Табыстылықты ағымдағы және жиынтықке бөледі. Ағымдағы табыстылық дегеніміз ең алдымен акция иесінің қолына тиетін дивидендтер. Бұл коэфффициент дивидендтік табыс немесе дивиденд нормасы деп аталып, былайша есептеледі:
- дивидендтің іс жүзіндегі нақты нормасы;
- бір акцияға түскен дивиденд;
- бір акцияның нарықтық бағасы.
Басқа сәйкес компаниялармен салыстырғанда акцияның табыстылық коэффициентін талдаумен қатар төленетін дивиденд сомасы акцияның көрсетілген құнына қатынасын көрсететін, дивидендтің нақтылы (хабарланған) нормасымен салыстырғандағы дивиденд нормасының деңгейін бағалау маңызы. Сондықтан жоғарыдағы келтірілген дивидендтік табыс көрсеткішін дивидендтің нақты нормасы деп атауға болады.
Акцияның табыстылығы курстық айырманы есепке ала отырып та есептелінуі мүмкін, оны акция иесі акцияны сатқанда сала алады. Бұл жағдайда акцияның табыстылығы акцияны иеленген кезеңде алыңған дивиденд сомасын бір акцияға бөлгенде және акцияны сатып алу бағасы мен оның сатылу бағасыны арасындағы (табыс пен шығын) айырмашылықты акцияның сатып алу бағасына бөле отырып анықталады
- бір акцияға түскен дивиденд;
- акцияның сатып алу бағасы;
- акцияның сатылу бағасы.
Акцияның табыстылығы жоғары болған сайын инвестор болуы мүмкін кісілерді солғұрлым қызықтырады. Дамыған нарықтық экономикалы елдерде акциялардың табыстылығы туралы мәліметтерді қор биржасында тіркелген сарапшылардың аналитикаллық шолуларынан алуға болады. Мүдделі акция ұстаушы ретінде, мамндарға бұл ақпарат қаржы нарығында қандай бағыт ұстану қажеттігін көрсетеді. Төленетін дивидендтер үлесі немесе дивидендтерді төлеу көрсеткіші (48) компанияның таза табысын дивиденд түрінде төленуге тиісті бөлігін сипаттайды. Әрбір кәсіпорында бұл көрсеткіштің өз мағынасы болады. Әдетте жас және тез өсіп келе жатқан кәсіпорындарда бұл көрсеткіштің шамасы өте төмен және кейде нөлге жақын болады. Акционерлер фирманың өсуінің болашағымен қағаттанып, іс жүзінде ұзақ мерзімді инвестицияларды қаржыландыру. Қазіргі кәсіпорындар акционерлерді өзіне тұрақты жоғары (50 пайызға дейін) дивидендтер төлеу арқылы тартуға тырысады.
Бұл көрсеткіш дивидендтің бір әдеттегі (жай) акцияға және бір жай акцияға түскен табысқа қатынасымен формула бойынша есептледі:
- дивидендтерді төлеу коэффициенті;
- бір акцияға түскен дивиденд;
- бір акцияға түскен табыс.
Аталған коэффициентті талдаудың бір ерекшелігі оның «жақсы» немесе «жаман» деңгейінің болмайтындығы. Бұл жерде ең жалпы критерий, ол бірден аспауы керек. Егер осы шарт сақталса, ол да компания есеп беру жылында дивидендтер төлеу үшін жеткілікті табыс тапқан деп қорытынды жасалады. Бұл коэффициенттің бірден асуы компанияның тиымсыз дивиденттік саясатын немесе оның қаржылық қиыншылықтарын (компания ақшаны өзінің қаржы резервтерінен «қарызға» алуға мәжбүр болады) дәлелдейді.
Қаралған коэффициенттің белгілі бір деңгейіне келсек, ол әр компанияда 0-ден 0,9 – ға дейін ауытқиды. Оған қоса, әрбір инвестор оның бір ғана деңгейінің өзін, сол фирмаға салған қаражатының инвестициялық мақсатына байланысты әртүрлі талқылайды.
Дивиденд төлеу коэффициентінің мағынасы фирманың инвестициялық саясатына тәуелді.Құнды қағазға инвестициялаудың екі негізгі мақсаты бар: ағымдағы табысты (дивиденд) алу және акцияның курстық құнының артуы есебінен қаржы жинақтау. Бұл екі мақсат белгілі дәрежеде біріне – бірі қайшы келеді: бірдей жағдайда неғұрлым дивидендтер төлеу үшін табыстың көп бөлігі жұмсалса, соғұрлым аз қаражат компанияға қайта инвестициялануы, оның өсу қарқыны төмендеуі және акцияларының курсының құнының өсуі қиындап баяулауы мүмкін. Дивидендтік шығыс көрсеткіші мағынасы мен табысты қайта инвестициялау коэффициентіні сомасы бірге тең [17].
Әдетте инвесторлар олардың инвестициялау мақсатына дивидендтік саясаты жоғары дәрежеде сай келетін компанияларды таңдап алады. Сондықтан жалпы алынғанда, дивидендтік саясаттың өзгеруі, дивиденттің төмен деңгейіне қарағанда акционерердің көбірек наразылығын тудырады. Сонымен, дивидендтік саясаттың тұрақтылығы инвесторлардың компанияға қатынасына әсер ететін ең басты себептердің бірі болып табылады.
Тұрақты өсу коэффициенті компанияның келесі жылы өзінің активтерін ішкі қаржыландыру есебінен арттыру мүмкіндігін көрсетеді, ол жағдайда меншікті капитал мен міндеттемелер арасындағы пропорция сақталуы және дивидендтер төлеу үлесі есеп беру жылындағы мөлшерде сақталлуы шарт. Аталға коэффициент, дәлірек айтқанда ішкі көздер есебінен тұрақты өсу.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 129- бабына сәйкес белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын кұжат бағалы қағаз болып табылады.
Бағалы қағаздар өз алдына бір институтты құрай отырып негізгі міндетіне құжаттардың белсенді сауда айналымына материалдык емес объектілерді енгізу мүмкіндігін қарастырады.
Заңгерлер жалпы бағалы қағаздарды жылжымалы мүлікке теңестіреді. Сәйкесінше, бағалы қағаздарга да жылжымалы мүлік режимі таралатыны сөзсіз [18].
Ресейде вексель ұғымы 14 ғасырда қолданысқа енді. Ғалымдар вексельдің болғанын Псков кеме грамотасының болуымен дәлелдейді. Г.Ф.Шершеневичтің тұжырымы бойынша: «Қағаздың өздігінен бағалы болмайтындығы, керісінше кандай да бір құндылығы бар мүлікке құқықтарын көрсететіндігі белгілі". Басқаша айтсақ егер құқық, қағазсыз жүзеге асатын болса, онда оған қағазда орын іздеп не керек. Осылайша міндеттемелік құқықтарды басқа ұқсас құқықтардан ерекшелейтін және бір мезгілде оларға заттық объектінің режимін тарататын арнайы құжаттармен рәсімдей бастады.
У.Э.Батлер: "Акционер — корпорация акцияларының меншік иесі. Америка Құрама Штаттарында, ол осы меншіктен туындайтын құқықтардың меншік иесі болып табылады" - деп көрсетеді. Құқықтың континентальдық жуйесі бар елдерде бағалы кағаздар деп, сол кұжатты шығаратын тұлға арасында және оның иесінің арасындағы қатынасты аныктайтын, сондай-ақ иесіне жүзеге асуы құжатты көрсеткенде ғана мүмкін болатын белгілі бір мүліктік құқықтарды бекітіп беретін кұжат танылады. Осылайша, бірінші кезекке көмегімен мүліктік құқықтарды анықтайтын кағаз нысаны қойылады. Ал меншік құқығы мүліктік құқықты көрсететін және бекітетін құжатқа таралады.
Сәйкесінше кейбір елдерде меншік құқығы кұжатқа таралса, ал кейбірінде меншік құқығының тікелей объектісі ретінде бағалы қағазда бекітілген құқықтар танылады.
Бағалы қағаздарды заттардың қатарына енгізу келесі белгілердің болуына байланысты, мүмкін болып саналады:
1)бағалы қағаздар материалдық құндылықтарды алуға құқықты куәландырады;
2)бағалы қағаз материалдық объект ретінде болады;
3)бағалы қағазбен, онымен куәландырылатын құқықтар арасында өзара тығыз байланыс орнайды;
4)бұл байланыс бағалы қағазбен куәландырылатын құқықтардың берілу әдісі заттарға берілетін құқықтардың әдіспен сәйкес екендігін көрсететін сипат иеленеді [19].
Қазақстанда құнды қағаздар рыногы 1991 жылдан бастап пайда бола бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі мен акционерлендірілуі шешуші роль атқарады. Қыска мерзім ішінде республикамыздың күллі халык. шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде керінеді. Осы акционерлік капиталды құрып, оны одан әрі өркендету үшін едәуір мол қаражат керек. Өз елімізде қаржы көздерінің негізгі бөлігі табылып тұрған жағдайда, оны тек қана шетелдерден алуға сенім арту біз үшін тиімсіз әрі ақылға сыйымсыз іс болып табылады. Тиімді әрі ұзақ мерзімдік несиелер алу жолдарының біреуі - акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару.3- мыңнан асатын акционерлік кәсіпорындар 1996 жылғы 1-қаңтарға дейін жалпы сомасы 30 млрд. теңгеден асатын құнды қағаздар эмиссиясын тіркеді және жүзеге асырды, Мұның сыртында Қазақстан республикасындағы жаппай купонды жекешелендіру шеңберінде құрылған 170 инвестициялық жекешелендіру қорлары да құнды қағаздар рыногының субъектілері болып табылады.
Қазақстанда құнды қағаздар рыногының дұрыс жұмыс істеуі үшін оның қажетті компоненттері: нарықтық инфрақұрылым, қор биржалары, инвестициялық қорлар, сондай-ақ реттеу және өзін өзі реттеу жүйелері, заңдық негіз жасала бастады [20].
Қазіргі кезге дейін Қазақстанда құнды қағаздар рыногы ретінде мыналар:
- Үш мың акционерлік қоғамдар, банктер, компаниялар, фирмалар;
- Орталык Азия Қор биржасы;
- Қазақстан Банкаралық-валюталық қор биржасы;
- Құнды қағаздар рыногының, кәсіпқой өкілдері (мыңнан астам брокер, дилерлер);
Дилерлік және брокерлік қызметті жүзеге асыру құкығына ие 22 ұйым жұмыс істеп жатыр.
Алайда, қор рыногының қалыптасу процесінде кемшіліктер де жоқ емес.
Акциялар рыногы мемлекеттік меншікті кең көлемде жекешелендіргеніне қарамастан іскерлік байланыстар мен қызметі әлі де кемдеу. Қазақстанның құнды қағаздар рыногында көбінесе алғашқы орналастыру жағы басым. Қайталама рыноктың көлемі мен өтелуі тым төмен. Мемлекеттік кәсіпорыңдарға жаппай жекешелендіру жөніндегі Ұлттық бағдарлама шеңберінде құрылған көптеген акционерлік қоғамдардың құнды қағаздары ешқандай сұранысқа ие емес. Мұндай акциялармен тек бір рет, негізінен, бақылау пакетіне ие болу мақсатында акциялар сатып алумен шектелетін операциялар ғана жүргізіледі
Құнды қағаздар рыногы - нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің тиімді механизмі, қаржы ресурстары мен халықтың жиған қаражатын топтастырудың, ел экономикасындағы қаржыны үйлесімді түрде қайта бөлудің, меншіктің нактылы қожасы және шынайы меншік иесі ретіндегі занды тұлғалар мен жеке түлғалардың белсенділігін арттырудың құралы.
Құнды қағаздар рыногын құрудың еліміздегі айналыста жүрген акцияның айналымын тездетуде, ақша агрегаттары мен несиенің макроқұрылымын рационализацңялауда шешуші маңызы бар.Оның экономиканы қаржы түрғысынан тұрақтандырудағыинфляциялық процестерді жеңіп, инвестициялық процестерді жандандыруға, иелік етуші субъектілердің өзара қарыздары мен республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығын жоюдағы ролі зор.
Құнды қағаздар рыногы, жалпы алғанда каржының бір саладан екінші салаға кұйылуын қамтамасыз етеді.
Акционерлік қоғамдар — құнды кағаздар рыногының басты субъектісі. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорындарды жедел түрде акционерлендіру, жеке түрде жобалау принциптерін іске асыру, сондай-ақ келісім-шарттык баскаруды жүзеге асыру негізінде жекешелендіру процестері жүруде [21].
Президенттің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» заң күші бар Жарлығы, Қазакстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттык комиссиясының кұрылуы құнды қағаздар рыногының лайықты дамуына әрі оны реттеуге құкықтык. және атқарушылық негіз жасайды.
Құнды қағаз рыногын қалыптастыру үшін бірінші кезекте рыноктың дамуына қажетті ұзак мерзімді саяси бағдарлама жасап, құнды қағаздар жөніндегі қарама-қайшылыксыз заңдар шығарудың жүйесін реттеу қажет. Рынокта қалыптаскан ойын тәртібіне қатысты құкықтық бірізділік қамтамасыз етілуі тиіс. Бір жағынан, сонымен бірге ашық және еркін бәсекелестік рынок, екінші жағынан, рынокта қаржы жағдайын және қаржы делдалдарының істі қауіпсіз түрде жүргізуін қадағалайтын мемлекеттік күшті бақылау керек. Яғни инвесторлар үшін аса сенімді, ақпараттык жағынан жариялылығы басым рынокты калыптастыру қажет. Мұндай ақпарат жариялылығын тек мемлекет қана қамтамасыз ете алады.
Осы арада аса маңызды мынадай жайттарды атап өтпеске болмайды. Қазіргі кезде қор рыногында тек мемлекет қана шешім қабылдап, аса маңызды компонентті енгізе алады. Қазіргі кезде құнды қағаздар рыногын реттеуді бірнеше мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Соның нәтижесінде құнды қағаздар рыногы бөлшектенуге ұшырады, ал осы салада бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу аса қиынға соғып отыр. Бәлкім, тек әлдебір үйлестіруші орган деңгейінде ғана келісімге келіп, қордаланған проблемаларды шешуге болар деп ойлаймыз [22].
- ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АҚ – ның ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАНУЫ
2.1 АҚ қазіргі кедегі экономикадағы рөлі
Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: тұрғыдан жан – жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім өозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі және туынды болып бөлінеді.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, жазылыс құқықтары және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.
Сөйтіп, бағалы қағаздар – бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен саналуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі.
Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәләндырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәләндырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқытар онда аталған адамға тиесілі болады [22].
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпорациялық және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т.б.) бағалы қағаздар жүр.
Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орыналады.
Акция – акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздардың түрі мен санатына байланысты дивидент алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлікінің бір бөлігін акционерлердің алған құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акцияллары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл қызметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүллкіне қатысудың өзгеше нысаны.
Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының қызметкерлері арасында таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылады. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүллкіндегі үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылады. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа қызметкерлердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болса да сатуға құқығы болмайды. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды [23].
Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұлл акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді акциялар іс жүзінде облигацияллар болып табылады және меншіктің акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы мүмкін. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бағдарламасын орындау барысында шығарылған акциялардың республика заңнамасымен белгіленген бір бөлігі шетелдік тұлғаларды қоса (қаржы – шаруашылық қызмет жөніндегі шектесушілер мен басқа әріптестерге) қызығушы зңи немесе жеке тұлғаларға нақтылы құны немесе биржа бағамы бойынша сатылуы мүмкін. Акциялардың бір бөлігі өзінің дәл мәнісінде акционерлік қоғамдардың акцияларына жақындайды.
Меншіктік акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жай акциялар, не жай және артықшыллықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылады.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелрді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналлысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивиденттер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді [22].
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастар тамырын тереңге жайған сайын құнды қағаздардың маңызы арта түсетіні де анық. Алайда көпшілік қауым құнды қағаз сатып алғанымен, оны қалай пайдалану керектігін жете біле бермеуі де мүмкін. Құнды қағаздардан тиісінше пайда табумен қатар, оны шығарған кәсіпорынның экономикалық мәселелерін ойдағыдай шешуіне үлес қосарын, сонымен бірге өзінің де әлеуметтік жағдайын едәуір жақсарта түсеріне көзі анық жетер ме екен? Осындай сауалдарға нақтылы жауап табу үшін, халыққа құнды қағаз туралы мәліметтер кеңінен таралуы үшін, өз мемлекетінің экономикасын халықтың өзі көтеруге мүмкіндіктері бар екендігіне кәміл сенуі үшін сұрақ-жауап үлгісінде жазылған осы кітапша дүниеге келді.
Құнды қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады.Бұл қағаздар бұрынырақта қазақша «бағалы қағаздар» деп аталған. Бірақ «бағалы» деген сөзден гөрі «құнды» деп алғанымыз дұрысырақ, неге десеңіз, бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне тек пайда, табыс әкеледі.
«Құнды» деген сөздің өзі мейлі қай жағынан - тілдік, экономикалық жағынан алсақ та, мағынасы жағынан біз айтып жүретін акция, облигациялардың анықтамасын аша түседі.
Құнды қағаздың үш түрлі қүндылық қасиеті бар, яғни, оны сатып ала отырып сіз:
біріншіден, акция иемденушісі боласыз;
екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынның белгілі бір бөлігіне ие боласыз;
үшіншіден, акцияның екі бағасының - номиналды және рыноктық бағасының айырымы арқылы пайда көресіз. Бұл соңғы қасиетін таратып айтар болсақ, сіз бастапқыда акцияны номиналды бағасымен сатып аласыз да, оны аукционда рыноктық өсіңкі бағамен сата аласыз, сөйтіп сіз де, оны шығарушы кәсіпорын да пайда көреді.
Құнды қағаздың екі түрі бар: қарыз түріндегі құнды қағаз және корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды қағазды мемлекет шығарған болса, оны мемлекеттік құнды қағаз дейді, мемлекеттік құнды қағаз — қатерсіз (риск) құнды қағаз болып табылады.
Сіз мемлекеттік құнды қағаз сатып алсаңыз, пайда табасыз. Бірақ одан аз пайда көресіз. Әйтсе де, сіздің каржыңызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акцияңызды жоғалтпайсыз, керісінше шамалы пайда үлесін аласыз.Корпоративтік құнды қағазда қатер бар, әйтсе де оның пайдасы жоғары. Әр құбылыстың пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар десек, нарықтык экономика кезінде құнды кағазды таңдай білу керек. Таңдау - үлкен жұмыс. Мысалы, Смағұлов және К сияқты фирмаларға, тағы басқа компанияларға сеніп, көпшілік халық алданып қалды. Алданып калғандар оны мемлекеттің кінәсі дейді. Шын мәнінде, бұл мемлекеттің қателігіне жатпайды. Өйткені, мемлекеттің өзі халықтың қаржысымен (түрлі салықтар) күн көреді. Алданғандар әу баста, ақшасын саларда мемлекетпен ақылдасқан жоқ қой. Міне, таңдаудың үлкен мәселе екеңдігі осыдан келіп туады [24].
Құнды қағаздар рыногының пайда болуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, ғылыми-техникалық прогреске көп ақша керек.
Кеңес Одағы кезіндегі құнды қағаздардан қазіргі кездегі құнды қағаздың айырмашылығына келетін болсақ, естеріңізде болар, жұртшылықтың қолында «25 сомдық», «50 сомдық» облигациялар болды. Осы облигацияларды, егер ақша керек болған жағдайда, жинақ кассасына барып ауыстырып алуға болатын, бірак ешқандай пайдасыз. Одақ кезіндегі осы облигацияларға кейде ұтыс жариялайтын, ол ұтыска жүздің бірі, не мыңның бірі ие болатын. Яғни, бұл облигациялар көпшілікке ешқандай табыс, пайда әкелмейтін.
Ал егер сіз қазір жақсы дамыған акционерлік қоғамның акциясын алсаңыз, сіз сол акционерлік қоғаммен бірге пайда көресіз.
Бұған жеке капиталдың шамасы келмейді. Сондықтан бірнеше жеке капиталшы бірігіп, акционерлік қоғамдар құрады. Ал, осы акционерлік кәсіпорындар ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамыта алады.
Екіншіден, әр уақытта үнемдеудің арқасында адамдарда басы артық азын-аулақ ақша қалады. Сондай жағдайда олар: мына кішкентай ақшамды қалайша көбейтсем екен деп ойлайды. Олар осы үнемделген ақшасын құнды қағаз рыногына салады. Құнды қағаз сатып ала отырып, оны иеленуші өз жағдайын да көтереді, өндіріске де көмектесе алатын болады. Біздің халық соны түсінсе, артық ақшасына басы артық зат ала бергеннен гөрі шамалы мөлшерде болса да, құнды қағаз алар еді. Бұл оның өз республикасының экономикасына көмектескені болып табылады.
Айналыста мемлекеттік құнды қағаздар бар: айналым мерзімі үш және алты айлық мемлекеттік қазыналық вексельдер. Алғашқысы жиі, кейінгісі ай сайын аукционда шығарылып тұрады. Келешекте ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік қазыналык вексельдер шығару жоспарда бар. Қазір қазыналык, облигация бар, ол бір рет айналымға шықты, енді екінші рет шығарылады. Яғни, мемлекеттік құнды қағаз айналыста бар деген сөз.Оны алуға болады. Осы шығарылып жатқан құнды қағаздардан халыққа түсер пайда - 36%—45%. Ресейде — 65%. Деректерге қарағанда, 100 адамның бір-екеуі ғана қолындағы басы артық қаржысын акция сатып алуға жұмсайтын көрінеді. Бұдан шығатын корытынды: экономикалық сауаттандыру жөнінде біраз еңбектену керек. Түбінде құнды қағаздар табыс табудың тетігіне айналатыны сөзсіз.
Қазіргі уақытта мемлекеттік құнды қағазды қарапайым халық ала алмайды. Оны тек банктер алып жатыр. Мемлекеттік құнды қағазды жай адамдарға беруді ойластырып, шешуге болады. Егер банкте есепшотыңыз болса, сіз акция алып, брокерге тапсырма бересіз де, құнды қағаздан пайда көру жайын ойластырасыз. Осы кезде кәсіпқой өкілдер - брокердің, дилердің жұмысы көрінеді.
Кез келген адам брокер бола алмайды, оның кұнды қағаз туралы білімі болу керек.
Қазіргі құнды қағаздар рыногында екі түрлі құнды қағаз айналыста бар: корпоративтік, мемлекеттік. Мемлекеттік түріне сұраныс бар. Бірақ құнды қағаздың бұл түрін қаржылы банктер алады. Неге десеңіз, мемлекеттік құнды қағаз алса, банктермен салыстырғанда пайда төменірек. Екінші түрі - корпоративтік құнды кағаздарда айналыста бар. Құнды қағаздың бұл түрін банктер, шетелдік инвесторлар, қаржысы көп өнеркәсіптер алады. Қарапайым халық корпоративтік құнды қағазды да ала алмай жатыр. Неге десеңіз, халық бұл акцияның қайда екенін де білмейді. Жай адамдарға өнеркәсіп өзінің акциясын беру керек. Екінші жағдайда, кепшіліктін, халықтың акцияны сатып алуына тек брокер, дилерлер ғана көмектесе алады. Олар құнды қағаздарды алу үшін шарт жасасады. Шартта брокердің жауапкершілігі мен міндеті қатар жүреді. Ал шарт-түсінісбестік болған жағдайда заң орындарына баруға қажет құжат [25].
Қазақстанда құнды кағаздар рыногы 1991 жылдан бастап пайда бола бастады. Бүл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі мен акционерлендірілуі шешуші роль атқарады. Қыска мерзім ішінде республикамыздың күллі халык. шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде керінеді. Осы акционерлік капиталды құрып, оны одан әрі өркендету үшін едәуір мол қаражат керек. Өз елімізде қаржы көздерінің негізгі бөлігі табылып тұрған жағдайда, оны тек қана шетелдерден алуға сенім арту біз үшін тиімсіз әрі ақылға сыйымсыз іс болып табылады. Тиімді әрі ұзақ мерзімдік несиелер алу жолдарының біреуі - акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару.3- мыңнан асатын акционерлік кәсіпорындар 1996 жылғы 1-қаңтарға дейін жалпы сомасы 30 млрд. теңгеден асатын құнды қағаздар эмиссиясын тіркеді және жүзеге асырды, Мұның сыртында Қазақстан республикасындағы жаппай купонды жекешелендіру шеңберінде құрылған 170 инвестициялық жекешелендіру қорлары да құнды қағаздар рыногының субъектілері болып табылады.
Қазақстанда құнды қағаздар рыногының дұрыс жұмыс істеуі үшін оның қажетті компоненттері: нарықтық инфрақұрылым, қор биржалары, инвестициялық қорлар, сондай-ақ реттеу және өзін өзі реттеу жүйелері, заңдық негіз жасала бастады.
Алайда, қор рыногының қалыптасу процесінде кемшіліктер де жоқ емес.
Акциялар рыногы мемлекеттік меншікті кең көлемде жекеше-лендіргеніне қарамастан іскерлік байланыстар мен қызметі әлі де кемдеу. Қазақстанның құнды қағаздар рыногында көбінесе алғашқы орналастыру жағы басым. Қайталама рыноктың көлемі мен өтелуі тым төмен. Мемлекеттік кәсіпорыңдарға жаппай жекешелендіру жөніндегі Ұлттық бағдарлама шеңберінде құрылған көптеген акционерлік қоғамдардың құнды қағаздары ешқандай сұранысқа ие емес. Мұндай акциялармен тек бір рет, негізінен, бақылау пакетіне ие болу мақсатында акциялар сатып алумен шектелетін операциялар ғана жүргізіледі
Құнды қағаздар рыногы - нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің тиімді механизмі, қаржы ресурстары мен халықтың жиған қаражатын топтастырудың, ел экономикасындағы қаржыны үйлесімді түрде қайта бөлудің, меншіктің нактылы қожасы және шынайы меншік иесі ретіндегі занды тұлғалар мен жеке түлғалардың белсенділігін арттырудың құралы.
Құнды қағаздар рыногын құрудың еліміздегі айналыста жүрген акцияның айналымын тездетуде, ақша агрегаттары мен несиенің макроқұрылымын рационализацңялауда шешуші маңызы бар.Оның экономиканы қаржы түрғысынан тұрақтандырудағыинфляциялық процестерді жеңіп, инвестициялық процестерді жандандыруға, иелік етуші субъектілердің өзара қарыздары мен республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығын жоюдағы ролі зор.
Құнды қағаздар рыногы, жалпы алғанда каржының бір саладан екінші салаға кұйылуын қамтамасыз етеді.
Акционерлік қоғамдар — құнды кағаздар рыногының басты субъектісі. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорындарды жедел түрде акционерлендіру, жеке түрде жобалау принциптерін іске асыру, сондай-ақ келісім-шарттык баскаруды жүзеге асыру негізінде жекешелендіру процестері жүруде.
Президенттің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» заң күші бар Жарлығы, Қазакстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттык комиссиясының кұрылуы құнды қағаздар рыногының лайықты дамуына әрі оны реттеуге құкықтык. және атқарушылық негіз жасайды.
Құнды қағаз рыногын қалыптастыру үшін бірінші кезекте рыноктың дамуына қажетті ұзак мерзімді саяси бағдарлама жасап, құнды қағаздар жөніндегі қарама-қайшылыксыз заңдар шығарудың жүйесін реттеу қажет. Рынокта қалыптаскан ойын тәртібіне қатысты құкықтық бірізділік қамтамасыз етілуі тиіс. Бір жағынан, сонымен бірге ашық және еркін бәсекелестік рынок, екінші жағынан, рынокта қаржы жағдайын және қаржы делдалдарының істі қауіпсіз түрде жүргізуін қадағалайтын мемлекеттік күшті бақылау керек. Яғни инвесторлар үшін аса сенімді, ақпараттык жағынан жариялылығы басым рынокты калыптастыру қажет. Мұндай ақпарат жариялылығын тек мемлекет қана қамтамасыз ете алады [25].
Осы арада аса маңызды мынадай жайттарды атап өтпеске болмайды. Қазіргі кезде қор рыногында тек мемлекет қана шешім қабылдап, аса маңызды компонентті енгізе алады. Қазіргі кезде құнды қағаздар рыногын реттеуді бірнеше мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Соның нәтижесінде құнды қағаздар рыногы бөлшектенуге ұшырады, ал осы салада бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу аса қиынға соғып отыр. Бәлкім, тек әлдебір үйлестіруші орган деңгейінде ғана келісімге келіп, қордаланған проблемаларды шешуге болар деп ойлаймыз.
Аралас үлгі - бұл үлгі бойынша құнды қағаздар рыногының механизмдері арқылы қаржы ресурстарын қайта бөлу жөніндегі операторлар - әрі банктер, әрі банктік емес мекемелер болып табылады. (Мысалы, Жапониядағы үлгіні айтуға болады).
Бұл үлгіге Жапония да, Ресей де көшіп жатыр. Ресейдіңде банктері жақсы жағдайда. Ал біздің Қазакстан банктерінде ақша жоқ. Банктер ұзак уақыт қарызын күтпейді, сондықтан өндіріске ақша салмайды. Ал банктердің ұзақ мерзімге несие бергені дұрыс. Банктерде ондай шама жоқ. Қазакстан Республикасы үшін құнды қағаздар рыногында банктік емес үлгі жақсырақ. Себебі банк өз қаржысын өндіріске, бюджетке салмайды.
Құнды қағаздар рыногының үлгісін таңдап алу - құнды қағаздар рыногын дамытудың мемлекеттік концепциясын білдіреді және ақша қозғалысын қайта бөлуді ұйымдастырудың, олардың қозғалысын бағыттаудың жалпы қабылданған схемаларының біреуін таңдап алуды білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы Құнды қағаздар рыногының спецификасы меншік қатынастарын Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттык, бағдарламасы шеңберінде қайта құруларды жүзеге асыратын үлгі жекешелендіру және акционерлендіру процесіне шағын және жаппай жекешелендіру механизмдері арқылы жеке инвесторлар мен қатардағы азаматтарды кеңінен тартуға негізделген болатын. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруға банктердің қатысуы белгілі себептерге байланысты шектеулі болатын. Құнды қағаздар рыногындағы банктердің қызметі рынокты монополияландыруға, құнды қағаздар рыногын тек қана аздаған қаржы компанияларының қызмет саласына және әсіресе, банктердін қызмет саласына айналдыруға әкеліп соғады. Ал құнды қағаздар рыногының банктік емес үлгісін таңдау экономиканы қайта құруды жүзеге асырудың бірыңғай бағытын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және қалыптасып жатқан құнды қағаз рыногына әлеуметтік бейімделу сипатын береді.
Құнды қағаздардың отандық рыногы республика азаматтарына рынокты қалыптастыру процесіне кедергісі аз және құнды қағаздарды еркін қаржы ресурстарын инвестициялаудың балама нұскасы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тап осындай мүмкіндіктер құнды қағаздар рыногын дамытудың банктік емес үлгісін жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Құнды қағаздар рыногынын барлык эмитенттері келісе отырып, құнды қағаздар рыногын құру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың біртұтастығын қамтамасыз етуі қажет.
Қазақстандағы құнды қағаздар рыногы бес жылға жуық уакыт ішінде классикалық цикл зандары бойынша: жоғары белсенділік танытудан белсенділіктің күрт төмендеуіне әкеліп соққан заң бойынша дамыды.
Осы процесті мемлекеттік қолдаумен бірге, белгілі бір субъективтік факторлардың арқасында биржалық сауданы дамытудың объективтілік қажеттілігін 1991-1993 жылдар арасында бірнеше ондаған тауар, тауар-шикізат және қор биржаларының құрылуына жағдай жасады. Бұл кезең ішінде өткізілген сауда-саттык, жасалған келісімдер, биржаның сауда айналымдары санының тұрақты түрде есу динамикасымен ерекшеленеді. Алайда, 1993 жылдың өзінде-ақ бұл процесс кері сипатқа ие бола бастады: Биржалар мен брокерлік кеңселердің саны қысқара бастады, келісімдер саны азайып, биржаның сауда айналысы күрт төмендеп кетті. Осы саладағы қалыптаскан дағдарыс кұбылыстары, басы артык және тиімсіз жұмыс істейтін биржалардың қыскаруына әкеліп соқты [26].
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногында екі биржа: Қазақстан Банкаралық Валюта-қор биржасы (КБВК.Б) және Орталық Азия қор биржасы (ОАКБ) жүмыс істейді. Екі биржаның да сауда көлемі әзірге болымсыз мөлшерде. Құрылғаннан бері жұмыс істеу кезеңі ішінде жалпы келісімдердін саны 85, келісімдердің жалпы сомасы 794 млн. 167 мың 772 теңгені ғана құрайды.
Қазақстанның нарықтық жүйеге өтуіне байланысты ірі өндірістердің құрылымын өзгертуге мәжбүр етті. Мемлекетсіздену және жүелендірудің он жылдық кезеңінде 2 мыңнан астам түрлі нарықтық типтегі ірі ұйымдық формалар құрылды. Келесі кестеде 1.08.2007 жылға сәйкес Қазақстанда тіркелген тұлғалар саны мен олардың меншік түріне байланысты құрылымы келтірілген.
Кесте 1. 1.08.2007 жылға сәйкес ірі заңды тұлғалар, оларды меншікті түріне байланысты құрылымы
Ірі заңды тұлғалар – барлығы | Көлемі | Құрылымы % |
Сонымен бірге: | 2273 | 100,0 |
мемлекеттік | 132 | 5,8 |
жеке | 1410 | 62,1 |
оның ішінде: | ||
мемлекет қатысуымен (шетел қатысушыларынсыз) | 233 | 10,3 |
қосылған өндіріс (шетел қатысушыларымен) | 65 | 2,9 |
шетелдік | 32 | 1,4 |
сонымен бірге өндірістік | ||
ірі | 435 | 19,1 |
сонымен бірге: | ||
мемлекеттік | 56 | 2,5 |
жеке | 395 | 17,5 |
оның ішінде: | ||
мемлекет қатысуымен | 114 | 5,0 |
қосылған өндіріс | 48 | 2,1 |
шетелдік | 21 | 0,9 |
Республикада негізгі өнім өндірушілер болып жеке меншіктегі өндірістер табылады. олардың үлесіне 81,9 % көлемдегі өнім келеді. Үлкен салымды басқа мемлекет, оның заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігінде өндірістер салды. Олармен 12,3 % көлемінде өнім өндіріледі. Мемлекет меншігіндегі өндірістің өнеркәсіптік өнім көлемінде көрсетілген, олардың үлесі 5,8 % құрайды.
Берілген бөлу өте өзгермелі, интенсивті процесс ретінде құралған меншік түрін мінездейді. Тек 2005 жылдың өзінде меншік түріне байланысты құрылым, барлық ұстаным бойынша өте қатты өзгерген. 2004ж. салыстырғанда 2005ж. өзінде мемлекеттік меншіктің 0,8 % қысқарғанын көреміз. Бұл негізінен республикалық меншіктің салыстырмалы салмағының қысқару есебінің арқасында болды. Сонымен бірге басқа мемлекеттің, олардың заңды тұлға мен азаматтарының меншік үлесінің қысқаруымен болды. Сонымен қатар жеке меншіктің үлес саламығ 3,3% өсті. Ең бастысы мемлекеттік және шетел қатысушыларынсыз кәсіпорын меншігінің өсуінің арқасында [26].
Берілген меншік түрлерінің өзгерістеріне мемлекетсіздену, жекешелендіру және басқарудың берілуі негіз салды. Нарықтың қайта құрылуының ресми программалық құжаттарында, Қазақстан Республикасында мемлекетсіздену мен жекешелендіру үш кезеңі анықталған. Шындығына келгенде, олар әлде қайда көп болған. Республикада мемлекеттік меншікті денационализацияның басталу есебі 1990 ж басталады, яғни сауда да, қоғамдық тамақтануда, тұрмыстық қызмет сферасында мемлекетті мемлекетсіздендіру туралы жергілікті халықтық Кеңес депутаттарының ұсыныстары берілген уақыттан басталады. Оларды жүзеге асыру 1991-1992жж. кішігірім жекешелендіру барысында жүрді. Бұл жылдар жекешелендірудің ресми бірінші кезеңі деп санайды. Ұйымдық құрылымға айналу бұл кезеңде мемлекеттік мүлікті коллективті сатып алу болды. Бұл кезеңде сауда саласында 30% жуық кәсіпорын, 40 %-құрылыстық және 25 % - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жекешелендірілді
1990 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан өнеркәсіп өндірісінде өндіріс көлемінің 70-ші жылдар деңгейіне дейін төмендеуі тіркелуде. Берілген тенденция төмендеудің тежеуімен 2003ж. бастап және соңғы жылдардағы тұрақтанумен байланысты. Өнеркәсіп өндірістің төмендеуінің салыстырмалы динамикасы шикізат саласындағы өндіріс салыстырмалы жай қысқаруы мен қайта өндіруші өндірістің көлемінің бірден төмендеуін мінездейді. Бұндай өндіріс көлемінің қысқаруы – сыртқы және ішкі нарық сұранысының төмендеуінің, сыртқы және ішкі нарық сұранысының төмендеуінің, өндірілген қорлардың жетіспеушілігі, төмен төлемдер өндірілген қорлардың жетіспеушілігі, төмен төлемдер ережелері, бартердің қолдануы мен ақша алмастырушылардың салдарынан болады.
1990ж. бастап осы күнге дейін республика өнеркәсібінің жағдайын талдауда мұнайдан басқа, барлық өндіріс саласының өклем төмендеуін көрсетті. Металл жасауда және машина жасауда (13,3%), жеңіл өнеркәсіпте (12%), химия мен мұнай – химиялық өнеркәсіпте (6,7%), құрылыс материалдар өнеркәсібінде (5%). 1990ж. көрсеткіш деңгейіне дейін төмендеуін көрсетті. Қара металлургия барлық өнеркәсіп көрсеткіштерінен жоғары деңгейде тұр.
Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша көптеген көлемдегі ірі заңды тұлғалар NASE халықаралық жүйе версиясы болып табылатын ЭҚЖК (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы) жүйесінде. Республикада топ бойынша ауыл шаруашылығы, аң аулау мен орман шаруашылығы (662), одан кейін денсаулық сақтау мен қоғамдық қызмет (328) және үшінші орында өңдеуші өнеркәсіптер (273) тұр. Барлығы 475 ірі заңды тұлға өнеркәсіпте тіркелген.
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымын қарағанда, 2004-2005жж. аралығында өндірліген өнім көлемдері бойынша есептелген. 2005ж. маусымына дейін тау-кен 16,1% өсті, өңдеуші өндірістердің үлес салмағы 8,9% төмендеді, ал электроэнергия газ және суды бөлу және өндіру – 9,2% .
Отанды өндірістің спецификасы бір халық-шаруашылық комплекстің дамуына негізделген. Осыған байланысты өндірістің барлығын және оның бөлек объектілерін қрса құрайтын өнеркәсіптердің қаржылық сауықтандыру мен тұрақтандыруына міндет етті.
Нарықтық жағдайға экономиканың бейімделуіне жақсы негіз болған инвестициялық ресурстарды ірі отандық өндірісте реформалауына қолдану табылады. Бұның барлығы өндірісті қайта құруға жаңа инвестицияның ағылуымен, менеджмент және маркетинг қолданумен байланысты. Отандық капитал сол кезде шектеулі болған. Міне осыған байланысты мемлекет экономикасына шетел инвесторларды, сонымен қатар менеджмент пен маркетингті жетік білетін кадрларды тарту талпынысы болды. 2004ж. аяғынан Бельгия, Швецария, Япония, Оңтүстік Корея және Қазақстанда тіркелген шетел компания басшыларымен бірінші келісім шарт жасалды. 2005ж. экономиканың түрлі саласы бойынша 46 ірі өнеркәсіпті қамтитын 24 келісім-шарт жүріп жатты.
Фирма басқарушыларын таңдау келесі шарттарды орындаумен анықталды:
- Еңбекақы, пенсиондық қор және бюджет бойынша қарыздарды жабу, сонымен қатар электроэнергия, газ, темір жол мен жеткізушілер бойынша қарыздарды жабумен;
- айналым қаржысын толтырумен;
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне бонус төлеу
- Кредиттік, қарыздық және тағы басқа қаржыны өндіріске инвестициялау үшін тарту.
Қазақстан Республикасының жекешелендіру бойынша комитетінің мәліметі бойынша, экономиканың түрлі саласындағы кәсіпорын шартының талаптары, олардың спецификасы есепке алынуы. Басшылыққа басты түрде тау-металлургиясы мен химиялық комплекстер береді.
Шаруашылық комплексындағы реформа мемлекеттегі кәсіпорынның тек бір бөлігін тиіп өтті және бұл негізінен ауыр өнеркәсіп объектілері болды. Республикадағы үлкен экономикалық массив қаржылық экономикалық сауықтандыру программасын қамтымады. Сонда да кейбір кәсіпорындар өз жағдайын тұрақтандырып, инвесторлар үшін тартымды болды. Өнеркәсіптің басқа жағы, проблемалар мен экономика өнеркәсіптің басқа жағы проблемалар мен экономикалық көрсеткіштерін дұрыстай алмады.
Қаржылық экономикалық сауықтандыруына бағытталған реформаның үлкен бөлігін кәсіпорынның екінші тобы құрайды. Бұл өнеркәсіптер республиканың үлкен өндірістік потенциалын қамтиды.
Екінші топтағы өнеркәсіптерді сауықтандыру барысында қаржылық тұрақтылыққа алып келіп инвесторлар үшін қызығарлықтай болады немесе қаржылық жағдайын одан да төмендетіп жіберуі мүмкін [27].
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының экономикалық даму тенденциясы мен жағдайын талдау әрі ұйымдық құрылымдардың құрылу ерекшеліктері мен дамуын анықтап көрсетті.
Қазақстанда реформа қарқынды түрде өтті. Он жылдың ішінде негізгі ірі кәсіпорындар түрлі меншік түріндегі акционерлік қоға ретінде қайта құрылды. Қайта құрудың қарқынды темпы жақсы және жаман жақтарын тигізді. Жақсы жақтарына өнеркәсіптің негізгі массасы өндірістік және коммерциялық қызметі нарықтық ұйымдастыруымен үйлесуі. Сонымен қоса реформа жүргізу барысында ірі кәсіпорындардың бір бөлігі монополистер қолына беріліп, кәсіпорынның ұлғасымына алып келді. Ал, бұл өндіріс көлемін төмендетті немесе кейбір түрін шығаруды тоқтатты.
Қазақстан өнеркәсібіндегі құрылымдық жылжу ірі өңдеуші өнеркәсіптер нарық жағдайына тез бейімделуін және өздерінің өнімдерін өткізу нарығы бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар өнеркәсіптер сыртқы және ішкі нарықта қатты бәсекеге түсті. Соның салдарынан кейбір кәсіпорындар қысқарды.
Қазақстанның ірі акционерлік қоғамдарында басқару стратегиясының қазіргі формасы мен әдісін толық қолданбай тұр. Көптеген өнеркәсіптердің басқару жүйесі қысқа мерзімді мақсатқа негізделген.
2.2 «THE ВЕST» Акционер қоғамның жұмыс атқару қызметінің ерекшеліктері
Соғыс жылдары Алматы қаласына көшiрiлген Москва және Харьков кондитер мекемелерi негiзiнде құрылған Алматы кондитер фабрикасы ең алғашқы өнiмiн 1942 жылы шығарды. Қазiргi уақытта “ THE BEST ” АҚ-нда техникалық мүмкiншiлiктерi бүгiнгi салалық ғылымдар мен техникалардың даму дәрежесiне сәйкес келетiн тәттi тағам өндiрiсiнiң барлық дәстүрлiк технологиялары бар. Кәсiпорында 2200 адам өнiмдi еңбек етуде. Өндiрiстiк күштердiң жыл сайын 65000 тонна кондитер өнiмдерiн шығаратын мүмкiндiгi бар. Қазiргi уақытта кәсiпорында: бисквит, карамель, ирис, шоколад, кәмпит, зефир шығаратын 6 цех жұмыс iстеуде.
Фабриканың зертханасы шикiзаттың және өндiрудiң барлық сатысында өнiмнiң сапасына бақылау жасап отырады. Салқын тасымалдауыштарды экологиялық қауiпсiз салқын тасымалдауыштарға ауыстыру арқылы салқындату жүйесi жетiлдiрiлдi. Өндiрiстi автоматандыру деңгейi де тұрақты дамуда. Қолданыстағы механизмдердiң 100-ден астамы күрделi жөндеуден өткiзiлдi. Осының бәрi цехтар бiр қалыпты жұмыс iстеуiн, технологиялық процестердiң параметрлерiнің қатаң сақталуын, цехтардың бар қуатын күшейтудi, қазiргi заман технологияларын қолдануды қамтамасыз етедi. Шоколад дайындайтын цехтың жыл сайын 3,6 мың тонна какао бұршағын өңдеу мүмкiндiгi бар. Нәтижесiнде жоғары сапалы какао майы, ұнтақталған какао ұнтағы, шоколад глазурi өнiмдерi дайындалады. Бұдан басқа, фабриканың кондитерлiк өнiмдер ассортиментiне төмендегiлер кiредi: шоколад - вафелдi, пралине, помадалы және желе, көп қабатты кәмпиттер; мұздақ, жемiс-жидек толтырыл- ған, бұлғанған, помадалы және қабатталған салмалары бар, глазурленген карамельдер; сегiз түрлi ирис, желатиннен жасалған мармелад, капол және қант қосылған желелi мармелад пен глазурленген мармелад, ақшыл-қызғылт зефир және глазурленген зефир, дессертiк тақта шоколадтар, сүт қосылған, ащы, қоспалар қосылған және салмалары бар шоколадтар, кеуектi шоколадтар; негiзi желатиннен жасалған мармелад, жаңғақ пен жүзiмнен жасалған драже; қлшеулi, бөлшектеп өлшенген, глазурленген вафли; түрлi қаптамадағы қантты және затяжное печеньелерi; диабетпен ауыратындардың тұтынуына рұқсат етiлген нәрлiлiгi төмендетiлген қант алмастырғыштарынан жасалған “На здоровье” сан алуан түстi брендiнiң құрамына кiретiн шоколад, кәмпит, печенье, вафли, драже; шығыс тәттiлерiнiң төрт түрi бар. Өнiмнiң сексеннен астам түрi салмағы 20-500г полипропилендi, картонды, флатты қаптамаға бөлшектеп салынып шығарылады.
Енді оның тасымалдау байланысын қарастырсақ 2001 жылы Шымкент қаласында “THE BEST»-Шымкент” ЖШС өндiрiстiк еншiлес кәсiпорыны кондитер өнiмдерiн шығара бастады. Қазiргi уақытта мұндағы ассортимент саны 20-ға жуық.
Фабрика өнiмдерiнiң тұтынушыларға арзанырақ болуы үшiн және әрбiр өнiмнiң құндылығы мен ерекшелiгiн толық көрсету үшiн фирмалық дүкендер жүйесi құрылды. Бүгiн республиканың 14 қаласында тұтынушыға бiрлескен қызмет көрсету стилiмен, фирманың өнiмдерi толық көрсетiлген фирмалық дүкендер ашылды. Фирмалық дүкендерде тұтынушы әрбiр кондитерлiк өнiмнiң ерекшелiгiмен танысуға, жақында шығатын жаңа өнiмдер жөнiнде бiлiктi кеңес, толық мағлұмат алуына мүмкiндiк бар, халық өнiмнiң сапасы мен дәмi, көрсетiлген қызмет жөнiнде өзiнiң ойын бiлдiре алады. Республиканың өңiрлерiндегi тұтынушылар фабрика өнiмдерiн алматылықтармен тең дәрежеде сатып алу мүмкiндiгiне ие болуы үшiн Қазақстанның облыстары мен Бiшкек қаласында 10 еншiлес кәсiпорын ашылды. Бұл бөлiмшелер барлық жерде бiрдей баға саясатын ұстап, сұраныстарға сай тұтынушыларды керектi ассортиментiмен қамтамасыз етедi, “THE BEST” АҚ өнiмдерiнiң сату процесiне түрлi қатысушылар тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениетiн құрайды.
«THE BEST» АҚ акционерлерінің жеткен жетістіктері
«THE BEST» кондитер фабрикасы «Песни Абая» және «Сказки Пушкина» деген атаумен шоколад – вафли кәмпитерінің жаңа екі түрін шығарды. Бұндай ассортиментті кенейту екі мемлекеттің: Россиядағы "Абай Жылы" мен Қазақстандағы "Пушкин Жылы", мәдени өміріндегі қоғамдық маңызды уақиғаларға орайластырылған. Аталған кәмпиттерде жаңа рецепт жүзеге асырылған.
“THE BEST” АҚ-ның директорлар Кеңесі 2006 жылғы 21 маусымдағы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері мен дауыс беру қорытындыларын жариялайды. Дауыс беруге қатысқан дауыс берушілер саны – 3153392 (“Рахат” АҚ-ның дауыс беретін акцияларының жалпы санынының 87,59%). Күн тәртібінің мәселелері бойынша төмендегі шешімдер қабылданды:
- “ THE BEST ” АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін: жақтап – 3149452 дауыс, қарсы – 1200 дауыс, қалыс қалған – дауыс жоқ;
- “ THE BEST ” АҚ Басқармасының Қоғамның 2005 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебі бекітілсін: жақтап – 3153232 дауыс, қарсы – дауыс жоқ, қалыс қалған – дауыс жоқ;
- Қоғамның 2005 жылғы қаржы есебі бекітілсін: жақтап – 3153242 дауыс, қарсы – дауыс жоқ, қалыс қалған – дауыс жоқ;
- Қоғамның 2005 жылғы таза табысы 946785 мың теңге (Тоғыз жүз қырық алты миллион жеті жүз сексен бес мың теңге) өндірісті дамытуға бағытталсын: жақтап – 3134012 дауыс, қарсы – 18830 дауыс, қалыс қалған – 60 дауыс;
- “ THE BEST ” АҚ-ның бірлесіп басқару Кодексі бекітілсін: жақтап – 3143912 дауыс, қарсы – 8540 дауыс, қалыс қалған – дауыс жоқ.
06.2006 жыл
“THE BEST” кондитер фабрикасында Халықаралық балаларды қорғау күнінде қайырымдылық акция өткізіп отыру жақсы дәстүрге айналып келеді. Мейрам алдында 30 мамыр күні “Рахат” АҚ-ның қызметкерлері № 3 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне 100 кг алматылықтарға танымал кәмпит, карамель, вафли және печенье түрлерін тапсырды. Балаларды қорғау күні фабрика автокөліктері кондитерлік өнімдермен Купкиналар отбасылық балалар үйіне және Алматы қ. № 1 балалар үйіне тәттілерді жеткізіп, өздерінен кейін шоколад дәмін аңқытып, көтеріңкі көңіл күй мен алдағы аптада тәтті өмірдің болатындығына сенімділік қалдырды. 2 маусым күні фабрика жұмыскерлері Special Olympics Kazakhstan мүгедек балаларға ұйымдастырған шараларға қатысты. Орталық демалыс саябағы мен хайуанаттар саябағын серуендеп болғаннан кейін жас мүгедек-спортшылар күн бойы асыға күткен кондитерлік өнімнің жинақтарын алды.
03.2006 жыл
«THE BEST» АҚ көршілес елдердің сауда орталықтарында өз өнімін бірнеше рет жарнамалады. Көрмеге келушілердің назары фабрика өнімінде болды. Бұл жәйт жергілікті бұһаралық ақпарат құралдарының назарынан да тыс қалмады. Қалалық және облыстық газеттердің бетінде фабрика және фабрика шығаратын өнім туралы бірнеше жариялымдар басылды.
Осы жылы фабрика екі халықаралық көрме-жәрменкелерге: Берлин қаласындағы (Алмания) «Жасыл апталық» және Ташкент қаласындағы «World Food Uzbekistan 2006», қатысты. | Теледидарда «Рахат» АҚ туралы бағдарлама көрсетілді. Осылардың бәрі фабрика өнімінің таралу аумағын кеңейте түсті. |
Өз еңбек жолын фабрикада аяқтаған, осы фабрикадан зейнетке шыққан ардагерлерді «THE BEST» АҚ-ның президенті А.В. Попелюшко Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға сыйлық ретінде кондитерлік өнімдер жиынтығын сыйға тартты.
“THE BEST ” АҚ-ның шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері 2004 жыл. Мың тг.
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2003 жыл | 2004 жыл | Ауытқу (+;-) | Өсу қарқыны % |
1 | Сатудан түскен табыс | Мың теңге | 16116,2 | 8785,9 | -73303 | 54.5 |
2 | Сатылған өнімдердің өзіндік құны | Мың теңге | 9383.4 | 6545.2 | -2838 | 69.7 |
3 | Жалпы табыс | Мың теңге | 6732.8 | 2240.7 | -4462 | 33.2 |
4 | Кезең шығындары | Мың теңге | 2542.6 | 1010.7 | -1531 | 39.7 |
5 | Салық салынғанға дейінгі табыс | Мың теңге | 3647.8 | 1956.3 | -1691 | 53.6 |
6 | Таза табыс | Мың теңге | 4742.14 | 2543.19 | -21989 | 34.17 |
7 | Өнім рентабельділігі | Пайыз | 69,32 | 45,95 | -23,37 | 66,2 |
8 | Сату рентабельділігі | Пайыз | 29,42 | 28,94 | -0,49 | 98,3 |
9 | Өндіріс рентабельділігі | Пайыз | 41 | 25,6 | -15,4 | 62,4 |
10 | Жұмыскерлер саны | Адам | 18 | 14 | 4 | 77,7 |
11 | Жұмысшышар саны | Адам | 15 | 11 | 4 | 73,3 |
12 | 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі | Мың теңге | 895,3 | 627,5 | -267,8 | 70,08 |
13 | 1 жұмысшының еңбек өнімділігі | Мың теңге | 1074,4 | 798,7 | -275,7 | 74,3 |
14 | Жұмыскер керлердің айлық фонды | Мың теңге | 3955,5 | 3252,4 | -703,1 | 82,2 |
15 | Жұмысшылардың айлық фонды | Мың теңге | 3440,5 | 2979,4 | -461,1 | 86,5 |
16 | 1 жұмыскер кердің айлық көрсеткіші | Мың теңге | 3296,2 | 1935,9 | -1360 | 58,7 |
17 | 1 жұмысшының айлық көрсеткіші | Мың теңге | 1911,3 | 2257,1 | 345,8 | 118,09 |
18 | Негізгі құралдардың жылдық орташа құны | Мың теңге | 5544,9 | 5289,1 | -255,8 | 95,3 |
19 | Қор қайтарымдылығы | Мың теңге | 2,9 | 1,66 | -1,24 | 57,2 |
20 | Қор сиымдылығы | Мың теңге | 0,3 | 0,60 | 0,3 | 200 |
«THE BEST»кәсіпорынның өз өнімдеріне қойған салыстырмалы бағасы
2006 жылдың 1-шы қараша басталатын | |||||||
ПРАЙС ПАРАҚ | |||||||
Ассортимент/бөлшектеп өлшенуі. кг | 1 орын. салм. кг | 1 орын. дана | ҚҚС-мен бірлік/кг бағасы. Тенге | Ассортимент/бөлшектеп өлшенуі. Кг | 1 орын. салм. кг | 1 орын. дана | ҚҚС-мен бірлік/кг бағасы. Тенге |
ПЕЧЕНЬЕ | |||||||
Қанты | Алматинское,Сливочное (өлшемді) | 5 | 175,00 | ||||
На-на(өлшемді) | 5,5 | 175,00 | Алматинское,Сливочное (к/бума 0,220) | 4,84 | 22 | 41,80 | |
На-на (к/бума 0,185) | 5,55 | 30 | 35,15 | Көктем, Жетiсу (к/бума 0.155) | 4,65 | 30 | 26,35 |
Алатау (өлшемді) | 5,5 | 160,00 | Курортное, Жастар (к/бума 0,155) | 4,65 | 30 | 27,13 | |
Алатау (к/ бума 0,185) | 5,55 | 30 | 32,38 | Созылмалы | |||
Курортное, Жастар (өлшемді) | 5,5 | 155,00 | Шоколадное (өлшемді) | 5,5 | 145,00 | ||
Көктем, Южное, Жетiсу (өлшемді) | 5.5 | 150,00 | Крокет, Детское, Зоологическое, Яблочко,Подарок первокласснику(өлшемді) | 5 | 130,00 | ||
Арман, Турнир, Осеннее (к/бума 0,185) | 5,55 | 30 | 32,01 | Зоологическое, Яблочко, Подарок первокласснику(п/пакет 0.25) | 2,5 | 10 | 35,50 |
ВАФЛИ | |||||||
Артек (өлшемді) | 5.5 | 233,00 | Белоснежка (өлшемді) | 5,5 | 240,00 | ||
Артек (к/бума 0.11) | 5,28 | 48 | 29,70 | Белоснежка (к/бума 0.11) | 5,28 | 48 | 30,47 |
Арахисовые (өлшемді) | 5,5 | 245,00 | Сюрприз (термопленка)өлшемді | 5 | 245,00 | ||
Арахисовые (к/бума 0.11) | 5,28 | 48 | 31,02 | Сюрприз ( к/бума 0.11) | 5,28 | 48 | 30,80 |
КАРАМЕЛЬ | |||||||
Жеміс-жидек салмалы | Монпасье (п/пакет 0,075) | 4,8 | 64 | 15,98 | |||
Абрикос, Апельсин, Лимон, Слива, Черная смородина | 7 | 175,00 | Жаңғақ салмалы | ||||
Восточная | 6,5 | 173,00 | Кузнечик, Зубренок, Коралл | 7 | 255,00 | ||
Лимон, Абрикос ( п/пакет0.25) | 5 | 20 | 46,00 | Гуси-Гуси, Малыш | 6,5 | 255,00 | |
Шоколад-жаңғақ салмалы | |||||||
Сүт салмалы | Гусиные лапки,Рачки | 7 | 260,00 | ||||
Дубок, Клубника со сливками, Кофейная, Малина со сливками | 7 | 185,00 | Май-қант салмалы | ||||
Коровка | 7 | 195,00 | Снежок, Чунга-Чанга | 7 | 230,00 | ||
Клубника со сливками (п/пак 0.25) | 5 | 20 | 48,75 | Снеговичок | 6,5 | 230,00 | |
Шоколадты глазурмен глазурленген | |||||||
Помада салмалы | Кокосовый орех, Щелкунчик | 5 | 290,00 | ||||
Сказка, Ивушка | 7 | 185,00 | Рахат | 5 | 315,00 | ||
Му-Му | 7 | 195,00 | |||||
Бұлғанған салмасы бар | |||||||
Мұздақ | Загадка, ГауҺАр | 6,5 | 180,00 | ||||
Престиж, Восторг, Встреча | 7 | 187,00 | Ликер салмалы | ||||
Барбарис, Взлетная, Дюшес, Мятная, Театральная | 7 | 177,00 | Клубничный ликер, Клюквенный ликер, Рябиновый ликер | 7 | 192,00 | ||
Барбарис (п/пакет 0.25) | 5 | 20 | 46,75 | Молочный ликер | 7 | 202,00 | |
ИРИС | |||||||
Тузик/Тузик кв | 6/5,5 | 260,00 | Зол. ключик/Зол. ключик кв (өлшемді) | 6/5,5 | 255,00 | ||
Забава/Забава кв (өлшемді) | 6/5,5 | 260,00 | Золотой ключик (п/пакет 0.2) | 5 | 25 | 56,00 | |
Забава (п/пакет 0.2) | 5 | 25 | 56,00 | Нежный | 6 | 235,00 | |
Кис-Кис/Кис-кис кв (өлшемді) | 6/5,5 | 255,00 | Фруктовый | 6 | 210,00 | ||
Кис-Кис (п/пакет 0.2) | 5 | 25 | 56,00 | Петушок | 6 | 210,00 | |
Фруктовый сад | 5.5 | 220,00 | Петушок (п/пакет 0.2) | 5 | 25 | 47,00 | |
ДРАЖЕ | |||||||
Арахисовое (өлшемді) | 5 | 240,00 | Арахис в сахаре (к/қорап 0.15) | 6 | 40 | 39,00 | |
Арахисовое (к/қорап 0.15) | 6 | 40 | 40,50 | Золотой орешек (сладкий, соленый) (х/кор 0.05) | 3,2 | 64 | 22,50 |
Арахис в сахаре (өлшемді) | 5 | 230,00 | |||||
Морские камешки (өлшемді) | 6 | 205,00 | |||||
ҚӘМПИТТЕР | |||||||
Шоколадты-вафелді кәмпиттер | Глазурленген | ||||||
Золотой фазан,Отырар, Ананасные, Ботагөз | 6 | 440,00 | Цитрон,Буревестник,Ласточка, Любимые, Молодежные | 7 | 330,00 | ||
Красная шапочка, Мелодия | 6 | 510,00 | Ромашка,Василек, Вечер, Каприз, Бэлис | 7 | 345,00 | ||
Тузик | 6 | 515,00 | |||||
Мишка косолапый | 6 | 585,00 | Желелі | ||||
Мишка на севере | 6 | 620,00 | Южная ночь, Лето, Ацерола | 6 | 340,00 | ||
Сказки Пушкина, Песни Абая | 6 | 585,00 | |||||
Пралинді | Екі қабаттан тұратын | ||||||
Ажар | 7 | 425,00 | Столичные, Арман | 6 | 330,00 | ||
Белочка | 7 | 630,00 | Салмасы бар ассорти | ||||
Қара-құм | 7 | 520,00 | Гармония | 4 | 595,00 | ||
Красный мак | 7 | 500,00 | Рахат, Достык | 4 | 585,00 | ||
Танго | 7 | 470,00 | Северное сияние | 4 | 850,00 | ||
Маска | 7 | 475,00 | Глазурленбеген | ||||
Соната | 7 | 440,00 | Колосок,Тропиканка,Арахисовые,Дәмдi | 7 | 300,00 | ||
Молочно-вафельные | 7 | 340,00 | |||||
Грильяж в шоколаде | 7 | 455,00 | Шоколадно-вафельные | 7 | 340,00 | ||
Глазурленбеген | |||||||
Абрикос в шоколаде | 4 | 1600,0 | Премьера года | 7 | 230,00 | ||
Чернослив в шоколаде | 4 | 1600,0 | Школьные годы | 7 | 230,00 | ||
ҚОРАПТАҒЫ КӘМПИТТЕР | |||||||
Ассорти (к/қорап 0.135) | 3,64 | 27 | 118,40 | Любимые (к/қорап 0.29) | 4,64 | 16 | 133,40 |
Ассорти (к/қорап 0.245) | 3,92 | 16 | 214,87 | Птичье молоко (к/қорап 0.29) | 4,64 | 16 | 245,92 |
Ассорти (к/қорап 0.275) | 2,2 | 8 | 241,18 | Легенда (к/қорап 0.31) | 4,96 | 16 | 232,50 |
Ассорти (к/қорап 0.245) новогод.кор. | 3,92 | 16 | 242,55 | Аленький цветочек(к/қорап 0.34) | 5,44 | 16 | 316,20 |
Ассорти (к/қорап 0.275) новогод.кор. | 2,2 | 8 | 272,25 | Поздравляю (к/қорап 0.4) | 3.6 | 9 | 350,80 |
Десертные (к/қорап 0.15) | 5,4 | 36 | 97,50 | Тойбастар (к/қорап 0.4) | 3,2 | 8 | 1227,60 |
Черноплодная рябина(к/қорап 0.15) | 2,4 | 16 | 142,50 | Снежинка (к/қорап 0.13) | 1,82 | 14 | 175,50 |
Виноград в ликере(к/қорап 0.155) | 2,48 | 16 | 147,25 | ||||
Вишня в ликере (к/қорап 0.155) | 2,48 | 16 | 147,25 | Самал (к/қорап 0.44) новогод.кор. | 3,52 | 8 | 394,68 |
Грецкий орех (к/қорап 0.16) | 2,24 | 14 | 166,72 | Самал (к/қорап 0.44) | 3,52 | 8 | 350,68 |
Ассорти с трюф.нач.(к/қорап 0.165) | 1,98 | 12 | 280,50 | Рахат (к/қорап 0.49) | 3,43 | 7 | 745,78 |
Айсұлу (к/қорап 0.175) | 2,8 | 16 | 148,75 | Астана (к/қорап 0.5) | 4 | 8 | 745,50 |
Бұл-Бұл (к/қорап 0.2) | 2,8 | 14 | 174,00 | Курочка ряба (к/қорап 0.5) | 5 | 10 | 500,00 |
Для тебя (к/қорап 0.2) | 2,8 | 14 | 245,60 | Томирис (к/қорап 0.65) | 2,6 | 4 | 2017,60 |
Чернослив в шоколаде(к/қорап 0.2) | 2.4 | 12 | 360,00 | Желаем счастья (к/қорап 0.75) | 3 | 4 | 2193,00 |
Василек,Вечер,Ромашка (к/қорап 0.29) | 4,64 | 16 | 137,75 | Снежная королева (к/қорап 0.34) | 2,38 | 7 | 614,04 |
Каприз (к/қорап 0.18) | 2,16 | 12 | 180,00 | Подарочный набор Юрта (к/қорап 0.6) | 2,4 | 4 | 526,20 |
ШОКОЛАД | |||||||
Казахстанский, Алатау, Отырар, Сарыарка(0.1) | 5 | 50 | 60,50 | Рахат-Престиж с ваф.крошкой,изюмный ореховый,орехово-изюмный (0.07) | 4.2 | 60 | 42,70 |
Рахат (0,1) | 5 | 50 | 86,50 | ||||
Казахстанский,Детский,1001 ночь,Сказки Пушкина (0.02) | 4.5 | 225 | 13,00 | Almaty темный, молочный, особый (0.09) | 2,88 | 32 | 69,30 |
Сказки Пушкина (0,16) | 4,48 | 28 | 126,40 | Cinderella (0.1) | 3,4 | 34 | 61,00 |
ПАСТИЛДІ-МАРМЕЛАД ӨНІМДЕРІ | |||||||
Зефир бело-розовый | 2,5 | 240,00 | Марм. Ягод, поляна (к/қаптама 0,25) | 3,25 | 13 | 65,00 | |
Зефир глазированный | 2,5 | 325,00 | Марм. Любимый(к/қаптама 0,25) | 3,25 | 13 | 65,00 | |
Зефир глазир. (к/қорап 0.225) | 3,15 | 14 | 100,13 | Мармелад в шоколаде | 6 | 280,00 | |
Мармелад в шок. (к/қорап 0.16) | 4,32 | 27 | 69,60 | ||||
Мармелад в сахаре | 6 | 210,00 | Мармелад на желатине | 5 | 270,00 | ||
Мармелад в сахаре (п/қаптама 0.25) | 3,25 | 13 | 65,00 | Мармелад на жел (п/пакет 0.125) | 4 | 32 | 35,00 |
Диабетиктердің тұтынуына арналған конд. өнімдер | ШЫҒЫС ТӘТТІЛЕРІ | ||||||
Вафли "На здоровье" (к/бума 0.11) | 5,28 | 48 | 58,30 | Козинак из орехов | 6 | 250,00 | |
Драже "На здоровье" (к/қорап 0.12) | 4,8 | 40 | 59,40 | Нуга ореховая | 6 | 210,00 | |
Конфеты Ноктюрн (к/қорап 0.06) | 3,24 | 54 | 84,00 | Нуга изюмно-ореховая | 6 | 210,00 | |
Шок-д "На здоровье"(с мол.)0.02 | 4,5 | 225 | 19,00 | Парварда (п/упак0,2) | 2,6 | 13 | 37,00 |
Шок-д "На здоровье"(с орех.)0.05 | 4 | 80 | 47,00 |
«THE BEST» кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға арналған іс-шара Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту іс-шара-матрица.бұл қаржы жағынан бақылайтын стратегия.Соны сіздеріңіздің алдыңызға ұсынамын.
РХД=ПР+∆ЗЗ+∆ДЗ-∆КЗ-И+ПИ,
Мұнда:
РХД-косіпорынның шаруашылық жағдайы;
ПР – реализациядан тускен табыс;
∆ЗЗ- қарастырылған уақыт арасында шығындар мен заимдар:
∆ДЗ- дебиторлық қарыздың өзгеруі;
∆КЗ- кредиторлфқ қарыздың өзгеруі
И - өндіру жағдайындағы инвестиция;
ПИ- мүлік сату;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау үшін мына формула керек:
РФД=∆ЗС-СП-Тпр–Д+ЭА-ДФВ+ДДФВ
Мұнда:
РФД- кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау үшін;
∆ЗС- заимдық қорлардың өзгерісі;
СП-төленген процентің суммасы;
Тпр-табысқа салық; Д-төленген девидентер;
ЭА-акцмяның эмиссиясы;
ДФВ- ұзақ уақытқа арналған қорының сақтауы(вложения);
ДДФВ- ұзақ уақытқа арналған қорының сақтауының табысы;
Қаржы жаңынан және шаруа жағынан қосындысы,ол қаржы-шаруа көрсеткіктерін көрсетеді [26].
«THE BEST»АК-ның қаржы-шаруашылық жағдайы
№ | Көрсеткіштер | Қойылған белгі | Мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Реализациядан табыс | ПР | 196303 |
2 | Қор мен шығындардың өзгеруі | ∆ЗЗ | 2575,3 |
3 | Дебиторлық қарыздың өзгеруі | ∆ДЗ | 73,8 |
4 | Кредиторлфқ қарыздың өзгеруі | ∆КЗ | 2033,0 |
5 | Өндіріске салынған инвестиция | И | 332,0 |
6 | Мүлік сату | ПР | 25,6 |
7 | Косіпорынның шаруашылық жағдайы | РХД | 1041,4 |
8 | Заимдық қорлардың өзгерісі | ∆ЗС | 2997,7 |
9 | Төленген процентің суммасы | СП | 0 |
10 | Табысқа салық | Тпр | 652,4 |
11 | Төленген девиденті | Д | 0 |
12 | Акцмяның эмиссиясы | ЭА | 0 |
13 | Ұзақ уақытқа арналған қорыны сақтауы(вложения) | ДФВ | 509,9 |
14 | Ұзақ уақытқа арналған қорының сақтауының табысы | ДДФВ | 10,4 |
15 | Кәсіпорынның қаржылық жағдайы | РФД | 1845,8 |
16 | Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайы | РФХД | 2887,2 |
Сонымен РХД=1041.4 мың тг,РФД=1845.8 мың тг,РФХД=2887,2 мың тг.
2.3 АҚ – ның қазіргі кезде экономикаға қосатын үлесі
Сонымен, экономист-сарапшылардың пікірінше, сонау Америкадан басталған әлемдік дағдарыстың әсері Қазақстан экономикасына да айтарлықтай зиян келтірді. Зиянын тигізді деген тым қарапайымдау болар, дұрысы Қазақстан экономикасын әлемге әйгілі етіп отырған астық пен мұнай, одан қала берді соңғы кезде тамырына қан жүгірген құрылыс саласының жандануына едәуір тосқауыл қойғандығы белгілі. "Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде" демекші, К.Мәсімов бастаған Үкімет құрамы жағадан алған әлемдік қаржы дағдарысынан біраз тәжірибе жинақтап қалған сияқты. Әу баста қымбатшылықтың алғашкы лебі біліне басталған кезде-ақ мәселенің алдын алып, оны қадағалауға ба-рынша күш жұмылдырып, өз тарапынан министрліктерге арнайы тапсырма беру арқылы инфляцияны ауыздықтау үшін жанталасып бақты. Алайда, азық-түлік бағасы күннен-күнге қымбаттамаса, арзандайтын түрі жоқ. Бұл аздай, отандык азық-түлік нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көзделсе де, күнделікті тұтынатын тауар бағасы күрт қымбаттап, тіпті кей аймақта нан бағасының өскенімен қоймай, дүкен сөрелерінен таппай қалатын жағдай да кездесіп жатты. Яғни, осыдан-ақ отандық өнім халықтын сұранысын толыққанды қанағаттандыра алмайтындығын әрі ішкі рыноктың қабілеттілігіне сай еместігін мойындаудың өзі ерлік емес пе?! Жақында мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "ҚазАгро" холдингіне еліміздегі азық-түлік базасын нығайтуды тапсырды. "Біз дәл осыған қарап Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "ҚазАгро" холдингінін жұмысына баға беретін боламыз. Мүмкіндік те, қаржы да жетерлік. Біз ауыл шаруашылығы мен ауылшаруашылық өнімдерін өндеудің сапасы мен келемін жақсартып, оны бәсекеге қабілетті тауарға айналдыратындай етіп дамытуымыз керек", — деді Н. Назарбаев. Осы нақты тапсырмадан кейін экономиканың етегін ұстаған министрлердің іштері қылп ете қалғандығын аңғару қиынға соқпады. Ал банк секторы болса, өзінің несиелік үстемелерін өсіріп әлек. Әшейінде жарнамасы жер жаратын банктердін бүгінде жағдайы әрі-сәрі күй кешуде. Бетін ары кылсын, егер әлемдік дағдарыс көлеңкесін ел экономикасына тағы да түсіретін болса, оған біздің билік қарсы түра ала ма? Мәселенің мәнісі де сонда [27].
Премьер-министр К.Мәсімов өткенге салауат айтып, Үкімет мүшелерінің соңынан өзі де 2007жылға қорытынды жасады. Ол былтырғы Жыл еліміздің әлеуметтік-саяси, мәдени өмірінде игі жаңалықтарымен есте қалды десе де, алайда қаржы дағдарысы экономикамыздың әлсіз тұстарын көрсетіп қалғанын мойындағысы келеді. Сондай-ақ ол соңғы төрт-бес жыл көлемінде жылына 9-10 пайыз деңгейінде дамып отырған экономиканың есім қарқыны әлемдік қаржы дағдарысынан кейін едәуір бәсендегенін де тілге тиек етті. Естеріңізде болса, Елбасы биылғы кезекті жолдауында экономиканың өсу қарқынын осы қалыпта ұстап тұру үшін Үкіметке біраз міндеттер жүктеді. Оның ішіне тағы да қайталануы ықтимал әлемдік қаржы дағдарысына жан-жақтан қарсы түру шарасы мен жедел түрде жоспар құру жұмысы кірмек. Мұнымен қоса, К.Мәсімов үкіметі ұлттық банкпен, Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен бірлесіп, банктердін қаржылық әл-ауқатына кең ауқымда әрі қатаң жүйеде мониторинг жасауға шешім қабылдайтынын да жеткізді. Өйткені, биыл Қазакстан банктері сырттан алған 13 млрд. АҚШ долларына жуық қарызын қайтарумен бастарын қатырып, әлектің үстіне түсіп жатқандығын ескерсек, бұл өте ұтымды тексеру болар еді. "Қаржы саласындағы тәуекел" форумында банк саласы жөнінде мәселе көтерген ҚР Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі төрағасы-ның орынбасары М. Байсыновтың айтуынша, былтыр да отандық банктер осыншама қарыз алған. "Сол себептен де жақсы болжам жасауға болады екен. Былтыр Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) өсіп, банк активтері азайған жоқ. Сыртқы қарыздың әсерінен банктің төлем қабілеті нашарлай қойған жоқ. Банк және осы тектес қаржы ұйымдары өз міндетін адал атқарды" деп ағынан жарылды. Дегенмен, бұның астарында қаншалықты шындықтың жатқаны бізге беймәлім.
Бір анығы, еліміздің банк саласына түбегейлі мониторинг жүргізу қажет. Егер де банктің алпауыт қожайындары мен қаржы ұйымдары бұл мониторингті Үкіметпен бірлесе отырып, алдын-алуға ишара білдірмесе заңнамаға байланысты олардың орнына жаңа басшылар, тіпті қажет болса, жаңа инвесторлар тартылуы ғажап емес. Неге десеңіз, былтырғы жылы дүниежүзі экономикасына жаппай түрде әсер еткен қаржы дағдарысынан соң екінші деңгейлі банктердін көпшілігі дерлігі сырттан алған қарыздарын өтеумен бас қатырып, құрылыс саласын қаржыландыруды іс жүзінде тоқтатуға мәжбүр болғандығын қалайша ұмытпақпыз. Соның салдарынан ірі мегаполиске жататын калаларда экономиканың қарқын алып жатқан секторы құрылыс саласы уакытша тоқтап, бәсендеушілік байқалып қалды. Оның үстіне арнайы қатаң бақылаудың болмағандығынан сырттан қарызды бейберекет алып, сондай-ақ, несие беру барысында халықтың төлем қабілетін елеп-екшеместен онды-солды қарыз беруге машықтанған банктер енді келіп бюджетке кәдімгідей күш салып отырған жоқ па? Бұдан өзге Елбасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін білікті (оның ішінде шетелдік) кадрмен, тиісті еңбекақымен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл жерде басымдык, түсіре айтқаны тек отандық қана емес, шетелдік мамандар да қаржы жүйесінің мониторингіне бір кісідей қатысып әрі ортақ ұсыныс қабылдау кезінде міндетті түрде тартылуы керектігі [25].
Ал Тышқан жылы көрші Ресей экономикасы үшін жайлы басталыпты. Өйткені, жергілікті мамандар Жаңа жыл басталғалы нарықтык экономикада қандай да бір керіағар жағдайлар орын ала қойған жоқ дейді. Атап айтсак, біріншіден, әзірге инфляцияның деңгейі бір қалыпты. Екіншіден, ауа-райының әзірге жылына қоймағандығына байланысты жылу-энергетикалык сала да ішкі және сыртқы нарыққа тоқтаусыз бірдей қызмет жасауда. Үшіншіден, қаржы нарығында ішкіэкономикалык конъюнктура сақталды. Төртіншіден, халықтың табыс көзі кебейіп, яғни, ақпан айынан бастап; жалақының өсуі сұранысты қанағаттандырып, тұтынушы көңіл-күйін көтерді. Ал бесіншіден, кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайының бірқалыпқа түсуі үміт пен инвестициялық серпінді кәдімгідей бір арнада ұстауға түрткі болды. Мұның бәрі; экономиканы дамытуға, яғни, 2008 жылы ІЖӨ-ді 6,4 пайыздан 6,6 пайызға өсіру мүмкіндігіне қол жеткізуге бастайтын жол деп түсіндіреді мамандар. Айта кету керек, Ресей үкіметі үшін 2008 жылғы экономиканын күн тәртібінде тұрған басты мәселе — инфляциямен күрес. Өйткені, 2007 жыддың қорытынды есебі бойынша, тұтынушы баға индексінің 11,9' пайызға өскенінің өзі мемлекеттің инфляцияға алдын ала жасаған жобасын бірден өзгертіп жіберді. Бұған себеп, былтырғы жылдын, соңында өнім өндірушілер тауарының бағасын кенеттен бірнеше есеге өсіріп жібергендігі. Осыған қарай, сарапшылардың пікірі 2008 жылдың бірінші жартысында инфляция бұдан әрі өспесе, төмендемейді дегенге сайып отыр.
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтында еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда.
Бүгінгі таңда дүние жүзінің 60 – тан астам елінде шамамен 200 биржа бар. Дамыған капиталистік елде кем дегенде бір – бірден биржа бар. Биржалар жаңадан дамып келе жатқан индустриалды мемлекеттерде де бар, сол сияқты Қытай мен Венгрияда бар. 31 биржа Халықаралық қор биржаларының федерациясына кіреді. Бұл федерацияның мақсаты барлық акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рыногының құрылымын үйлестіріп отыру болып табылады.
Сонымен, бағалы қағаздар рыногы дегеніміз не? Ол финанс рыногының бір бөлігі екен. Қалған бөлігін банк қарызы рыногы құрайды. Банк, шын мәнінде комерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес), қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Албағалы қағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны оңдаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Финанс рыногы осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты.
Бағалы қағаздар – спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар. Бағалы қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивидент (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Бағалы қағаздардың өздері туралы айтар болсақ, оның үш түрі бар. Олар – акциялар, облигациялар олардан туындайтын қағаздар.
Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі корпорациялар ұйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп, финанстың қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивидент ретінде алып отырады.
Акционер – кәсіпорынның жеке меншік иесі, осы тұрғыдан оның бірқатар құқы бар, ең алдымен дауыс беру құқы бар. Жылдық және төтенше жиналыстарда акционерлер компаниялардың қызметіне бақылау жасайды. Олар менеджерлер көмегімен бизнесті бағыттап, бақылап отыратын директорларды сайлайды, олар төтенше маңызы бар мәселелер бойынша шешімдерді бекітеді, атап айтқанда, корпорациямен қосылу, бизнес, сату немесе жою, жарғыға түзетулер мен толықтырулар енгізу. Әдетте бір акция бір дауысқа ие. Дауысқа иелігі жоқ акциялар да болады. Олардың бірақ белгілі бір жеңлдіктері бар. Егер дауыс бермесе оның қандай жеңілдік, ерекшелігі бар деген заңды сұрақ туындайды. Жеңілдіктің бір түрі акция ұстаушыға жүйелі түрде белгіленген мөлшерде дивидент (облигациялар проценті сияқты) төленіп отырады. Ал енді жеңілдік ерекшелігі, компанияны жабу кезінде осы акция иегерінің бірінші кезекте мүліктерді сатудан түскен түсімнің бір бөлігіне ие болу құқы бар.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның барлық мүлкінің ақшалай баламасы қорлар түрінде тіркеледі, сондықтан да бұл процесс қорландыру (қор жасау) деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендіру деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлінбейтін мүлік икемді және бөлінгіш мүлікке айналады, бұл оған жаңа қасиет береді: мүлік иесізденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсіпорын – құрылтайшылардан басқа, тікелей бұл өндіріске қатысты және қатысы жоқ заңи тұлғалар акциялардың иеленушілері бола алады. Акциялардың аралық саны бірден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бірден бөлінуі заңнамамен қарастырылған.
Акционерлік қоғамның жарғысы қоғамның заңи тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 мың еселенген мөлшерінде болады. Акционерлік қоғамның өмір сүруінің нормасы мүлкін жарғылық капитал деңгейінен төмен етпей ұстауы болып табылады; ол борыштар бойынша барлық міндеттемелерді атқарады, салықтар төлейді және есептеме жүргізеді [24].
Акционерлік қоғамды басқарудың жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы, басқару органы – директорлардың кеңесі, атқарушы орган – аплқалы олрган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке дара жүзеге асыратын тұлға болып табылады.
Бағалы қағаздарды бастапқы иеленушілеріне сататын эмимтенттер мен инвестициялық институттар бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісін шығарады. Бұл құжатта эмитент пен оның қызмет түрлері, эмитенттің орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленуші акционерлер (қатысушылар), эмитенттің мүлкін бағалау, жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрі (санаты), төлеу тәсілдері, бағалы қағаздар бойынша кіріс алу, соның ішінде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзімі және өтелу тәртібі және т.б. мәліметтер болуға тиіс.
Шығарылуға және айналысқа мемлекеттік тіркеуден өткен және белгіленген тәртіппен тіркеу нөмірін алған бағалы қағаздар жіберіледі.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестордың бірінші талап етуі бойынша оған танысу үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісін немесе оның көшірмесін беруге міндетті.
Бағалы кағаздарға заттарға колданылатын режимнің де таралуы бойынша қарсылықтар білдірілді. Мысалы, Шершеневич меншік құқығының объектісі ретінде тек ұсынбалы бағалы кағазды ғана таниды. "Иелік ету объектісі болып атаулы акциялар бола алмайды, өйткені олар зат емес" - деп атап көрсетті. Бір мезгілде ол меншік құқық объектісі ретінде материалдық заттармен қатар ұсынбалы бағалы қағазды да таныды. Мұндай пікірді ол ұсынбалы бағалы қағаз жағдайында кұкықтың кұжатпен тығыз байланысының нәтижесінде меншік кұкығы ондағы құқықтың жүзеге асуына бірден бір мүмкіндік беретіндігімен түсіндіреді.
Бағалы қағаз мүліктік құқықтарды куәландырады. Бірақ әр түрлі мәмілелердің объектісі ретінде мүліктік құқық емес, оны куәландыратын құжат болып табылады. Құжат ретінде бағалы кағаз меншік құқығының объектісі ретінде табылады. ал құқыктың жиынтығы ретінде міндеттемелік құқықтық қатынастың объектісі болып табылады. Шершеневич келтіргендей кағазға құқық — бұл заттық құқық, ал қағаздан құқық — бұл көбінесе міндеттемелік құқық. Басқаша айтқанда бағалы кағаздың заңи табиғатына дуализм тән. Өзінің екі жақтылык табиғатының нәтижесінде бағалы кағаздарды азаматтық құкықтың шекаралык институтына жатқызуға болады, яғни, заттық және міндеттемелік секілді инстнтуттарға тән болып табылады.
Әрине, заттар мен бағалы кағаздың режимі осы объектілердің әр түрлі табиғатына сәйкес келуі мүмкін емес. Бағалы кағаздардың жылжымалы мүлік қатарына жататындығына қарамастан олар әрқашанда ерекше түрдегі зат ретіндегі доктрина болып қарастырылады.
Мысалы, Л.В.Шеншикова бағалы қағаздарды ақша секілді өзінің ерекшелігіне сәйкес ерекше түрдегі заттар қатарына жатқызады. Оның себебін олардың азаматтық айналымда ақша белгілерінің санымен емес, осы белгілерде көрсетілетін ақша бірліктерінің санымен анықталатындығы бойынша түсіндіреді. Оның пікірінше азаматтық құқық объектісі ретіндегі ақша және бағалы қағаздар көп жағдайда, заттық құқық емес, міндеттемелік шарттың қатынасымен байланысты.
В.А.Дозорцев бағалы қағаздарды меншік құқығының объектісі ретінде тани отырып негізінен қағазды зат ретінде емес, ондағы көрсетілген құқықтарға көңіл бөлу керек дегенді айтады.
Қазіргі таңда бағалы қағаздардың құрылымына және сол құрылымның маңызына талдау жасау қажеттілігі туындап отыр. Бағалы қағаздар рыногі дамуының қазіргі тенденциялары бағалы қағаздардың түсінігін материалдык әлемнің объектісі ретіндегі заттардың дәстүрлі түсінігінен ажыратуды көздейді. Бағалы қағаздарды затқа теңеу жеткілікті шартты барған сайын анықталады.
Бағалы қағаздардың Азаматтық Кодекстің 129-бабында көрсетілген анықтамасының талдауынан заттық құқықтың объектісі ретіндегі бағалы қағаздың келесі белгілері туындайды:
1.Бағалы қағаздарға іс құжаттық белгісі тән. Бағалы қағаз — бұл белгілі бір куәландыратын кұжат. Мысалы. белгілі бір ақша сомасын төлеуді, басқа мүлікті беруді талап ету құқығы. Қазіргі таңда азаматтық құқық теориясы мен заңнамада бағалы қағаздардың құжаттық концепциясы орын алып отыр.
2.Заттық құқықтың объектісі ретіндегі бағалы қағаздардың екінші белгісі онын формалды сипаты болып табылады. Бағалы қағаз қатаң формалды құжат,яғни,оның жазбасы қағазда толтырылған және белгілі бір қатаң нысаны және реквизиттерібар.Реквизиттердің біреуінің болмауы немесе заңда көзделген нысанының бұзылуы бағалы қағаздың жарамсыздығына әкеліп соғады.
3.Келесі белгісі ретінде бағалы қағаздың онымен куәландырылатын құқықпен арасындағы ажырамас байланыстың болуы.Құжат ондағы көрсетілген құкықтар мен өте тығыз байланысты.Өйткені сол байланысты жүзеге асыру немесе басқа тұлғаға беру құжаты сәйкесінше пайдаланғанда ғана мүмкін болады.Басқаша айтқанда құжатты қолдану немесе оны беру ондағы көзделген құқықты қолданумен беруге байланысты.
М.М.Агарков: ''бірқатар қағаздарға қатысты қағаздарды ұсыну ондағы көрсетілген құқықтың жүзеге асуы қажет. Ондай құжаттар бағалы қағаздар ретінде саналады. Сондықтан да Агарков, қағазға құқық және қағаздан құқық бір мағынаны білдіреді" - деген қорытындыға келеді.
Жоғарыда аталған бағалы қағаздардың үш белгісі бағалы қағазға заттық құқықтың объектісі ретінде, яғни, мүліктік құқықты құрайтын корпус ретінде қарайды.
Ендігі кезекте бағалы қағаздарды міндеттемелік құкықтың объектісі ретінде қарастырамыз. Оның маңызы қалай соған тоқталып өтейік.
Міндеттемелік құқықтың объектісі ретінде бағалы қағаз мүліктік құқықты білдіреді. Осылайша заттық құқықтардың объектісі болып табылатын бағалы қағаздардың мазмұны — мүліктік құқықтар.
Қорыта келе, бағалы қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәләндырады, бұл атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды. Бағалы кағаздар рыногы мүліктік кұқыктар рыногы болып табылады.
Оның мазмұны заң актілерінде белгіленген талаптарға сап келуге тиіс болатындықтан, бағалы қағаз-катаң белгіленген жазба болып табылады.
Акционерлендірудің дамуы капитализмнің бірқатар қайшылықтарын шешуге, оның жаңа жағдайларға бейімделуіне жағдай жасайды. Корпорация деңгейінде қолданылатын капитал өлшемдері өседі. Оның құрамына бірнеше үлкен кәсіпорындар кіреді, нәтижесінде олардың арасындағы байланыс нығайады. Кәсіпорындардың бүтін комплексі құрылып, соның шегінде бір салаға бағытталу жойылады. Акционерлік форма арқылы өдірістік корпорацияның қаржы институттарымен, өндірістік емес сала мекемелерімен, мемлекеттік сектормен, шетелдік инвесторлармен байланысы жеңілдетіледі. Капитал мен меншік арасындағы қарама-қайшылық олардың бір-біріне қатысты қозғалысында ерекше дамуға ие болады. Басқару субъектісі өзгеріске ұшырайды: жеке капиталистердің орнын жоғары басқарушылар тобы, банк қызметкелері, қор рыногының және басқа мекемелердің әкімшіліктері басады.
Акционерлік компаниядағы капитал концентрациясының ерекшелігіне, оның кәсіпорын концентрациясынан жоғары болуын айтуға болады. Акционерлік қоғам еншілес компания ретіндегі өзінің тәуелсіз фирмалар жиынтығын біріктіреді, өндірісті кеңейту үшін қаржы ресурстары тек қана қосымша құнды капитализациялау негізінде тартылады. Бұл жерде басқалардың капиталдарын аккумуляциялау жолы арқылы тартылатын қарыз қаражаттарының рөлі өседі. Осы мақсатта, сондай-ақ, бағалы қағаздарды сату арқылы жинақталған халық жинағының бір бөлігі де қолданылады [28].
Акционерлік фирмадағы концентрация ерекшелігіне, сондай-ақ оның толық мамандану саласында ғана жүзеге аспауын жатқызуға болады. Бұл жағдайда капитал концентрациясы өндірістің комбинациялануы мен диверсификациясы негізінде қозғалысқа келеді. Акционерлік компания олардың берік қаржылық бірігуіне және өндіріс жоспарындағы бөлімшелерге салыстырмалы еркіндік бере отырып, бұл процесс үшін анағұрлым адекваттық болып табылады. Әдетте компаниялар коммбинацияланған өндірісті дамытуға тырысады, өйткені ол компаниялардың бәсеке күресіндегі тұрақтылығын нығайтады .
Акционерлік қоғамдардың құрылуында нақты капитал қозғалысы мен меншік өзгерісі арасындағы байланыс бола береді. Дегенмен, ол тікелей емес (опосредованно), яғни қор рыногының дамуы мен корпорацияны бақылау арқылы байланысады. Екі жағдайда да қозғалыс нақты капиталдың дамуынан өзгеше негізгі заңдылықтары бойынша жүзеге асады. Енді барлық акционерлер компания бақылауының субъектісі болып табылмайды. Олардың көбі кейде тіптен нақты капитал қозғалысына араласпайды немесе бұл процестегі рөлі өте аз. Мұндай инвесторларды, әдетте, бағалы қағаздар бағамының қозғалысы ғана қызықтырады, сондықтан да олар корпорация ісіне көп араласа бермейді. Олар корпорация дамуына жанама түрде – қор рыногына акция лақтыру арқылы ықпал жасайды.
Қазіргі буржуазиялық экономикалық ғылым "қазіргі экономиканың қызмет етуінің ағымдағы жағдайы мен бағыттарына акционерлік қатынастардың дамуы өзінің оң әсерін қалдыруы тиіс" дейтін екі негізгі бағытты бөліп қарастырады: ол, біріншіден, "уақытша" бос ақша қаражаттарын өндіріс айналымына тарту. Екіншіден, еңбеккерлерді қожайындық сезімге тәрбиелеу, әртүрлі экономикалық қызығушылықтарды үйлестіру, басқаруды демократизациялау, еңбек коллективтерінің және әрбір жұмысшының ынта-жігерін дамыту.
Жұмысшыны кәсіпорын басқарушысына айналдыру идеясы түбірімен утопиялық социализм мен буржуазиялық реформаторлықтың теориялық ізденістеріне жатады, сонымен қатар, капитализмнің қалыптасу және даму тарихында әртүрлі формада қарастырылады. Қазіргі күні капитал шоғырлану деңгейі мен меншік қатынастырының күрделенуіне байланысты назар, көбінесе, осы идеяның басқа аспектілеріне ауысып отыр. АҚШ-та капиталдың монополистердің қолында шоғырлану қаупінен сақтану үшін акцияны жалдамалы жұмысшыларға беру арқылы капиталдың таратылып беру концепциясы пайда болады. Бұл концепцияны көтерген "ESOP" бағдарламасының инициаторы Л. Келсон болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде еңбеккерлердің акционерлік меншігінің пайда болуының екі негізгі формасы бар. Олардың екеуіне де мемлекеттік көмек, әртүрлі салықтық жеңілдіктер және басқадай да артықшылықтардың түрлері тән [29].
- КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ РЕТІНДЕ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың стратегияларын қалыптастыру жолдары
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердегі ресурстарды тиімді басқару туралы мәселе өте өзекті болып отыр. Коммерциялық банктерде кіріс статьяларына және баланстың шығыс бөлігінің төмендеуіне жеткілікті деңгейде аса мән беріле бермейді, алайда мұны тек пайда болатын қиындықтармен ғана ақтауға болмайды.
Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың алғашқы мақсаттарына, әсіресе кірістер қысқарғанда үнемі шешуге тура келетін, кірістер мен шығыстардың төмендеуі және рационализациясы болғанда шығындарды бақылау керек. Ол сапалы, яғни сенімді, жедел, сәйкестенген болуы керек.
Соңғы жылдары коммерциялық банктер үшін жаңа шаруашылық жағдайлары, әртүрлі инструкциялар мен үлгілер енгізілген есеп беру түрлері өзгергендіктен, қаржылық нәтижелерді толығымен жүзеге асыру мүмкін болмай қалды. Сенімділік пен анықтылық та төмендегендіктен, соңғы өзгерістер бірнеше жылдар бойы тұрақты болады. Өзгерістер жеке жағдайларда қағидалық мінездемеде болмаса да, әсіресе компьютеризация жағдайында ол үлкен мағынаға ие.
Өкінішке орай, экономикалық әдебиеттерде Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі ресурстардың тиімділігін талдау сұрақтары жеткілікті деңгейде зерттелінбеген. Бүгінгі күнге дейін аналитикалық механизмнің аяқталған ұйымдық құрылымы анықталмаған. Қолданылмаған қорларды толық анықтауды қамтамасыз етпейтін, шығыстар мен кірістерді басқарудың эпизодтық мінездемесі бар, нәтижесі жалпыланбаған ресурстарды басқару әдістері де бар. Рационалды құрылым табысты өмір сүру үшін үлкен мағынаға ие.
Қаржы ресурстарын басқарудың маңызды бөлігі шығындарды қысқарту болып табылады, бұл көп жағдайда нәтижелерді алуға бейімделген қателерді реттеу әдісі ретінде сипатталады. Шығындарды қысқарту көбінде мәліметтердің өсуімен қатар табыс көзінің негізі болып табылатын технология және стандартизацияны кеңінен қолдану қажеттілігі туындады. Компьютерлер мәліметтерді қолмен жасау процесін алмастырып, сенімді әрі жылдам жинақтап, талдайды [14].
Қазақстанның коммерциялық банктерін зерттеу ресурстарды басқару стратегияларын қалыптастыру бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
- Шығыстарды басқарудан басқа қысқарушы кірістерді іздеу компенсациясы мен олардың өсімін басқару үшін, - өмір сүру үшін стратегиясы. Шығыстарды сақтау көп жағдайда – онша танымал емес, ұйымшылдықты, тәртіптілікті әрі қатаңдықты талап ететін бағдарлама болып табылады. Өзінің шығыстарын қадағалай алмайтын адам өзінің орташа шұғыл кірістерін де өсіре алмайды.
Шығыстарды табысты басқару – кәсіпкерлік мәдениетінің қатаң әрі жұмсақ, ресм әрі бейресми элементтері бар шешуші әрі өзгермейтін бөлшегі. Кімде өзіне сәйкес кәсіпкерлік мәдениеті болмаса, сол шығыстарды қысқартудың қатаң қысқа шұғыл бағдарламаларымен әлі ұзақ айналысады. Кемшіліктер арқылы үйренуге қабілеттің болмауы әрі сапасыз еңбекті азайтуға ұмтылмау – ең қымбат әрі жағымсыз шығындар болып есептеледі.
Әрбір ойланып ақылмен қысқартылған шығыстар немесе кірістер мен шығыстардың рационалды құрылымы ұйымдасқан, жалпы стратегиялар аумағында өз-өзін сынаушы инвентаризация мен мақсаттарды қалыптастырудан басталады: мақсаттарды сәтсіз қалыптастыру нашар нәтижелерге алып келеді. Мақсаттарды анықтауға қатысты қарым-қатынас көп банктерде әлі де жолға қойылмаған. Кімде-кім өзінің алдына шын мәнісіндегі мақсаттарды қоя білсе, сол қарапайым жолдарды таба біледі. Шығыстарды азайту үшін мақсаттар мен іс-әрекеттер арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс.
Бөлімшелердің тапсырмалары бойынша ішкі жеке шығыстардың есептері жалпы жүйеге нақты енгізілуі керек. Қызметтерді қабылдап алушы идеал бойынша міндетті түрде оның саны мен сапасына әсер ете алуы керек. Нарықта сұранысқа ие қызметтердің нарықтық бағасы құнның жоғарғы шегі бола алады. Ішкі есептесудің құны көрсетілген қызмет бөлімшелердің ең тиімді деген мамандарына арналады әрі ешқандай кірістері болмайды. .[24]
Тапсырма бойынша нақты идентификациялауға болмайтын қызметтер оны қабылдап алушыға сандық не сапалық қатынаста әсер ете алмайды. Сондықтан да, қаражаттарды дұрыс тарату мен пайда болу көздеріне қарай нақты негіздеу шешуші мағынаға ие. Тратылған шығыстардың үлесі аз болған сайын объективті есептесулердің үлесі де жоғары, сонымен қатар УИС сенімділігіне қол жеткізу де жеңіл болады. Сондай-ақ шығыстар жинақталмай өз уақытында таратылса дұрыс болады.
Банктің таза кірісіне марапаттауға қатысты төлемақыларды қоспағандағы шығыстар қатты әсер етеді. Банктің марапаттауға қатысты төлем ақылардан басқа да шығыстарының құрылымдарын «ТұранӘлем Банкі»АҚ мысалға ала отырып тереңірек талдауға тырысып көреміз (агреграциялық кестеде «екінші деңгейлі шығыстар» статьясы енгізілген) (20
Келтірілген құрылымдық талдаудан, шығыстардың негізгі бөлігі марапаттауға қатысты емес төлемдер бойынша басқа да шығыстарға кетекені көрініп тұр (49,8% және 69,3%) олардың ішіндегі негізгі үлес жеке тұлғаларды міндетті түрде қауіпсіздендіруге кетірілген (92,3% және 83,1%); әрі қарай орынды 2004 жылы басқа да операциялық шығыстар алып отыр (28,2%), оның ішінде 99,1% анықтамалық-кеңес беру қызметтері құрап отыр, 2005 жылы басқа операциялық шығыстар 1,9% дейін төмендеген. Сондай-ақ, шығыстың басым бөлігінің үлесі тасымалдауға (9,9% және 9,5%) және жарнама шығыстарына (5,8% және 11,7%) кетірілгені анықталып отыр
20 кесте - «ТұранӘлем Банкі» АҚ марапаттауға қатысты емес басқа да шығыстары
Статьялардың аталуы мен мазмұны | 1.01.2004ж. | 1.01.2005ж | ||
сомасы | салмағы | сомасы | салмағы | |
1. Басқа банктерден аудару қызметі бойынша комиссиялық шығыстар | 1365 | 3,2 | 1362 | 4,1 |
2. Қауіпсіздендіру бойынша комиссиялық шығыстар | 44 | ,1 | 94 | 0,2 |
3. Шетел валюталарын сату-сатып алу қызметі бойынша комиссиялық шығыстар | ||||
5. Заңды тұлғаларға валюта бойынша кепілдік беру | ||||
6. Аудиторлық мәлімет қызметтері бойынша комиссиялық шығыстар | ||||
7. Банктің басқа да қызметтері бойынша комиссиялық шығыстары: | 823 | 1,8 | 1038 | 3,3 |
7.1. Банк аралық несиелеу қызметтері бойынша комиссиялық шығыстар | ||||
7.2. Несиені қайтару үшін делдалдық қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар | ||||
7.3 Банк-корреспонденттерінің теңге бойынша қызметі | 105 | 59 | ||
7.4. НБРК теңге бойынша кассалық қызмет көрсету үшін комиссиялар | 325 | 436 | ||
7.5. EUROPAY пластикалық карт-есептеу қызметі бойынша комиссиялар | ||||
7.6. Теңге бойынша клирингтік қызмет көрсету | 393 | 543 | ||
7.7. Банк-корреспонденттерді валюта бойынша қызмет көрсету | ||||
7.8. Теңгелей ақашаны тасымалдау және сақтау | ||||
7.9. Валюта бойынша акредетивтің комиссиялық шығыстары | ||||
8. Тасымалдауға байланысты шығыстар | 4442 | 9,9 | 3129 | 9,5 |
8.1. Тасымалдаудың норма бойынша қызметтік іс-сапар қызметі | 1107 | |||
8.2. Құнды заттарды тасымалдау мен сақтау | 13 | 270 | ||
8.3. АУ қатысы жоқ тасымалдау аппаратын қаржыландыру | 551 | 84 | ||
8.3.1. «ТитанИнкасация» ЖШС бойынша шығыстар | 398 | |||
8.4. Арнаулы көлікпен тасымалдауды қаржыландыру | 2758 | 2377 | ||
9. Жарнамаға кетірілетін шығыстар | 2626 | 5,8 | 3811 | 11,7 |
10. Норма бойынша ұсыныу қызметтеріне кетірілетін шығыстар | 250 | 0,6 | ||
10.1. Нормадан артық ұсыныу қызметтеріне кетірілетін шығыстар | 270 | 0,6 | ||
11. Материалдық емес активтерді амортизациялық есептен шығару | ||||
12. Басқа да операциялық шығыстар | 12558 | 28,2 | 650 | 1,9 |
12.1. Мемлекеттік салық (госпошлина) | 12 | 9 | ||
12.2. Банктік карточкалармен қызмет көрсету | 12 | 10 | ||
12.3. Анықтамалық-кеңес беру қызметтері | 12451 | 99,1 | 371 | |
12.4. Құжаттарды жабдықтау | 31 | 257 | ||
12.5. Құқықтық фирмалардың қызметтерін қаржыландыру | 52 | 2 | ||
12.6. Кедендегі құжаттарды жабдықтауға кетірілетін шығыстар | ||||
12.7. Валютаны тасымалдау кезінде кедендегі құжаттарды жабдықтауға кетірілетін шығыстар | ||||
13. Айыппұлдар, өсімдер, ауытқушылықтар | ||||
13.1. Бюджетке | ||||
13.2. Заңды және жеке тұлғаларға | ||||
14. Басқа да шығыстар | 22211 | 49,8 | 22695 | 69,3 |
14.1. Банк қызметіндегі өзге де шығыстар | ||||
14.2. Өткен жылы жіберілген марапаттауларды осы ағымдағы жылдарда төлеуге қатысты шығындар | 630 | |||
14.3. Жеке тұлғаларды теңге бойынша міндетті түрде қауіпсіздендіруге байланысты кетірілетін шығыстар | 20505 | 92,3 | 18878 | 83,1 |
14.4. Жарамсыз материалдарды тізімнен шығаруға қатысты шығыстар | 29 | 2223 | ||
14.5. Банктік емес қызметтер бойынша басқа да шығыстар | 1237 | |||
14.6. Есептелуге қатысы жоқ, көзге көріне бермейтін шығыстар | 678 | |||
14.7. Қайырымдылық қорына көмек | 440 | 1,9 | 284 | 1,2 |
14.8. Негізгі қаражаттарды тізімнен шығаруға қатысты шығындар | 2 | |||
Қорытынды: | 44589 | 100,0 | 32779 | 100,0 |
Келтірілген құрылымдық талдаудан, шығыстардың негізгі бөлігі марапаттауға қатысты емес төлемдер бойынша басқа да шығыстарға кетекені көрініп тұр (49,8% және 69,3%) олардың ішіндегі негізгі үлес жеке тұлғаларды міндетті түрде қауіпсіздендіруге кетірілген (92,3% және 83,1%); әрі қарай орынды 2004 жылы басқа да операциялық шығыстар алып отыр (28,2%), оның ішінде 99,1% анықтамалық-кеңес беру қызметтері құрап отыр, 2005 жылы басқа операциялық шығыстар 1,9% дейін төмендеген. Сондай-ақ, шығыстың басым бөлігінің үлесі тасымалдауға (9,9% және 9,5%) және жарнама шығыстарына (5,8% және 11,7%) кетірілгені анықталып отыр.
Зерттелініп отырған банктерде мәліметтік жүйелерді басқаруды талдауға арналған сенімді әрі қолайлы шығыстар статьясы мүлдем жоқ. Дегенмен, ол сыртқы әрі ішкі қызмет көрсету көздерін тарту мүмкіндігін дайындау кезеңдері әрі жолы болып табылады [12].
Шығыстарды азайтудың тиімді әдісі тәуекелділікті ескере отырып реттеуші несиелердің бағасымен табысты келісімге келу, сондай-ақ өзіндік тәртібі: орындау мен бақылаудың нашар тәртібі, сондай-ақ баланстың бағасын тізімнен шығару мен қосымша қорға жіберу, басқа да шығыстарды құрайды. Мұның шешімі тәукелділікті ескере отырып реттеудің, сондай-ақ өз еркімен ынталана оқу мен кәсіби біліктілігін көтеруге тізбектеліп жалғасқан кәсіпкерлік мәдениеттен тұрады.
- Мәліметтік технологиялар (МТ) бүгінгі күні қазіргі заманғы банктердің жұмыс істеуіндегі белгілі бір анықтаушы фактор болды. Мұндағы мәліметтік технологияның тапсырмалық базасы іскерлік стратегия болуы тиіс, ал ақпараттандыру саласындағы стратегия – іскерлік стратегиясының нақты құрамасы болып табылады. МТ жеке құрылымы жеткілікті дәрежеде дені сау әрі икемді, үнемі өзгермелі әрі жаңа технологияларға бейімделген болуы шарт.
Банктерді зерттеудің нәтижесі мәліметтік технологияға қатысты проектілердің менеджерлері оншалықты кәсіби емес екенін көрсетті. Мұндай сәтсіздіктердің маңызды себептеріне: банк басшылары МТ проблемаларымен толық таныспаған, басқару проектілеріндегі кемшіліктер мен қолданудағы жетіспеушіліктердің болуы жатады. Қызығушы қолданушылардың жеткіліксіз немесе кешіккен қарым-қатынас іс-әрекеті жаңашыл әдістерді қолдануы бейресми қарама-қайшылықтарға әрі төмен сапалы қолданысқа алып келеді. Қызметкерлерді қосымша оқыту мен үйретуге кетірілген жасырын шығыстар МТ – проектісінің үлкен үлес көлеміндегі шығыс салмағын құрайды. .[26]
Әрбір банкке мықты мәліметтік технологиялар қажет. Банктің жеке беделін арттыруға көмектесетін проектілер орындалуы қауіпті болса да басым болуы тиіс.
- Зерттелініп жатқан банктердің әріптестері өздерінің тұтынушыларға керегі бар ма, әлде жоқ па деген сұрақ туралы ойланбай-ақ әлі де «өз орындарында» өте жиі отыр. Тұтынушылық сұраныс жыл мерзімінде, апта күндерінде және күндердің уақыттарында өзгеріп отырады. Жұмысты дұрыс тарату, ыңғайлы жұмыс кестесін құру арқылы шамалы жұмыспен қамтылу, сондай-ақ қызметтерді араластырып отыру шығыстардың төмендеуіне пайдасы тиеді. Өз-өзіне қызмет көрсету, жеке тапсырыстар, тұтынушылардың өздеріне сәйкес стимулдарды өзіндік орындауы мен бағаларды реттеп отыруы – шығыстардың маңызды әрі де қолданылмаған потенциалын қысқартады.
- Шығыстарды табысты басқарудың ең маңызды потенциалы – қызметкерлерді дұрыс таңдағанда, әріптестердің іс-әрекеті мен процестерді басқаруда, сондай-ақ өнімдерді сегментациялау мен стандартизациялауда және операцияларды жалғастыруда анықталады. «Ең қымбат» адамзат капиталы – нашар менеджерлер мен әріптестер. Көп емес, алайда өте жақсы қызметкер нәтижесінде арзан түседі. Жұмысқа алған кезде өте жақсы әріптестерді нұсқа бойынша сұрыптап қабылдайтын аса ақырын әрі жоспарлы саясат керек: іздеу, кәсіби біліктілігін көтеру әрі қолдау көрсету.
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінің табысты қызмет етуі үшін жоғарғы кәсіби дайындығы бар, шетелдік банктерде тәжірибеден өткен, болжам мен жаңашыл әдістерді қолданы ұйымдастыру салаларында қызмет жасаған, яғни әлемдік-танымал банктерде іс-тәжірибеден өткен, арнаулы мамандандырылған сауатты мамандар қажет болып отыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша, кадрларды басқару саласында қызметкерерді бағалау жұмысы аса маңызды. Банк қызметкерінің жеке қасиеттері мен қабілеттерін бағалау басқаруда маңызды орын алуы тиіс. Еңбегі мен еңбегінің нәтижесіне баса назар аудару керек.
Біз қызметкерді бағалаудың екі элементтен тұратын өзара байланысқан әрі бір мезгілде жүргізілетін әдісін ұсынамыз: жеке бас қасиеті, еңбегі, еңбек нәтижесі.
Оның ішінен екі түрлі тұтастық бағалау нұсқасын бөліп алуға болады: ол жұмыскерді тұтас бағалау және шын мәнісіндегі еңбегінің нәтижесіне қарай бағалау.
Бағалаудың екі түрі де шын мәнісіндегі немесе қажетті жеке қасиеттерді қарастырады – еңбекті бағалау, шын мәнісіндегі немесе нормативтік нәтижелеріне қарай бағалау. Дегенмен, бірінші бағалау идеалдың үлгісін жасауға бейімделсе, екіншісі – жұмыскерді шын мәнісінде бағалаудан тұрады. Осыдан келіп олардың қолданылуындағы айырмашылықтары байқалады. Біріншісі кадрларды таңдау мен тағайындауда маңызды болса, екіңншісі – еңбек ақысын ұйымдастыруда маңызды. Алайда, екі бағалауды үлкейтуге болмайды – олар көбінесе тығыз байланысқан. Мәселен, кадрларды тағайындағанда үміткердің жасаған жұмыстарының нәтижесін бағалауды ескеру керек.
- Сонымен қатар, Қазақстандағы коммерциялық банктердің кірістерін жоғарылату үшін дамыған елдердің тәжірибесін белсенді түрде қолдана білу керек.
2003 жылы Қазақстанда 2003-2015жж. арналған өндірістік-инновациялық Стратегия қабылданды. Бұл Стратегия Қазақстанның 2015 жылына дейінгі кезеңдегі Мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастырады әрі елдің тұрақты дамуы үшін экономикалық салаларын диверсификациялау жолдары арқылы сервистік-технологиялық экономикаға өту жолдарын қарастырады.
Бәсекелестікке қабілетті өндіріс пен тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің экспортталуына бейімделген өңдеуші кәсіпорындар мен қызмет көрсету салалары Мемлекеттік өндірістік-инновациялық саясатта маңызды зат болып отыр.
Өндірістік-инновациялық саясат түсінігі Мемлекеттің кәсіпкерлерге бәсекелестікке қабілетті жағдайлар жасауы мен ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға көрсететін қолдауы мен көмектесу іс-шаралары дегенді білдіреді.[26]
Қазақстанның өндірістік-инновациялық саясатын жүзеге асыруы үшін жасап жатқан іс-шаралар, сондай-ақ ресурстарды басқаруды жетілдіру мен банктің кірісін арттыру үшін шетелдік банк ісінің мол тәжірибесін қолдану қажеттілігі Қазақстандағы жаңа шаруашылық жүйесін жүргізуге қызығушылық тудырып отыр. Жаңа банктік механизмдерді құру мүмкіндігі, несие беру мекемелерінің функционалдық қызметтерін қайта құру жолы, өркениетті елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан озық тәжірибесіне сүйенген нарықтық банк құрылымын құру жоспары негізінде ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан, шетелдік банк жүйесін терең оқып-үйрену тәжірибесі үлкен тиімділікті берері сөзсіз.
Сонымен, Франциядағы коммерциялық банктер нарықтық экономиканың қалыптасуында белсенді роль атқарған.
Ірі кәсіпорындар өздерінің қаржылық қызметінде үнемі тәеулсіздік алуға тырысуы, олардың ақша капиталын жинақтауға, өндірістік әрі коммерциялық аппараттарын кеңейту процесінің дамуына, әрине үлкен әсер еткен.
Бәрібір айырбастың ағымдық тұрақсыздығы еңбекте едәуір қиындықтар туғызып, кәсіпорындарды қаржыландыруда тепе-теңдіктің бұзылуына алып келсе де, банктердің несиелеу жүйесі мен кәсіпорындардың өзі ұсынатын несиелеу жүйелері арқылы орнын толтыруға болады. Мұнда ірі кәсіпорындардың жеке қызметерімен тәуелділік тереңдейді де, өндірістің диверсификациясы үлкен деңгейге қол жеткізеді. Бұл жағдайлар ірі өндірістер ішіндегі өндірістер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге әрі айырбастан бас тартуға көмектеседі. Бүгінгі күні өндірістік күштердің дамуымен қатар, әсіресе инвестициялар тарту, болашақ өнімдерді шығару жоспарына қатысты көптеген несиелер алу және аса қомақты капиталдарды алудың артуымен банктердің ролі өсе түскені байқалады.
Қаржыландыру процесінде делдалдық рольді атқарушы коммерциялық банктер кәсіпорындар мен сауда мекемелеріне әртүрлі деңгейдегі қарыздар мен несиелеу жүйесін жүзеге асыруда. Ағымдағы қаржыландыру банктің біліміне де қатысты – бұл үлкен әрі шағын ізденістер, - кәсіпорынның өз қарызын «жабуы» мен «пайыздарын төлеуін» қамтамасыз етуге қатысуын білдіреді. Кірістің нормалары (әр кәсіпорынның ерекше жағдайларына байланысты) әрібір бірлестікте әрқалай, сондай-ақ оларды қаржыландыратын банктердің қызметі де әртүрлі, яғни несиелеудің әртүрлі қағидалары ұсынылады әрі көбінесе несиелеу процесі әртүрлі жағдайларға байланысты таңдау арқылы жүргізіледі.
Екінші жағынан, несиені ұсыну жүйесі ең соңында операцияның рентабельдігі деңгейі мен тікелей қызығушылығына қарай қаржыландыру орталықтары экономиканың әртүрлі сектордында, оның ішінде қатысу жүйесі негізінде салымдар мен ақшалай қаржыландырумен аяқталады.
Банктік капитал жеке кәсіпорындардың тек кірістерін ғана ескермейді; оның мақсаты – коммерциялық банктер капиталға айналдыра алатын барлық кіріс түрлері де ескеріледі. Осыған орай, қаржыландыру орталықтарының алдында коммерциялық банктерге төленетін, пайыздық көлемі жоғары пайда табу үшін капиталды қалай енгізуге болады деген сұрақ туындады. Пайыздық өлшемнің арақашықтығы ақшалай кірісті ұстап тұруда төленетін салымдар мен банкке алып келетін кірістер мөлшері ақша мен қаржы қаражатын жинақтау арасындағы байланысты жүзеге асыруы қажет.
Кәсіпорындар ақша нарығында ұсынылатын қаражаттарды пайдаланады. Бұл жағдайда салымдарды ақшалай ұстап тұрушылар кәсіпорындық және сауда мекемесінің акционерлері бола алады. Керісінше, тек банк орталықтары ағымдағы қаржыларға өз қаражаттарын ұсынуға шамасы бар, бұл ірі инвестицияларды қаржыландырумен тепе-тең. Бұл ақша нарығындағы операцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Коммерциялық банктер өз кезегінде өндірістік әрі сауда мекемелерінің қызметін бақылай алатын белгілі бір мөлшердегі акциялар үлесін алуға қол жеткізді. Осылайша, банктер үнемі жоғарғы деңгейдегі пайда әкелетін жолдарды қарастыру арқылы өздерінің қалыптастырған бақылауларының тиімділігін артыруға ұмтылып, бір мезгілде өздерінің тікелей қатысуларын қысқартуға ұмтылуда.[27]
Сонымен, банктер өздерінің функцияланушы капиталдарымен бірге бірлесе отырып, тікелей қатысу тәжірибесіне жүгінді. Мұндай жағдайда банктер несиелік ресурстардың қайтпай қалуы мүмкіндігінен арылады.
Келтірілген зерттеулер көрсеткендей, Қазақстанның коммерциялық банктері дәл осы тәуекелділіктерге жиі душар болады, бұл олардың қаржылық нәтижелерін нашарлауына алып келеді.
Басқару және инфрақұрылымдарды қаржыландыруға қатысты сұрақтар, елдің не экономикалық, не әлеуметтік өмірінде де шешілуі қиын мәселелер болғандықтан, рентабельдігі мемлекеттің жергілікті басқару органдары мен мекемелердің мамандандырылуына артылады.
Академик С.С.Сатыбалдин «оңтүстіккореялық үлгінің ерекшелігі мемлекеттің қызметі ірі ұлттық қаржы-бірлестіктерін – чебольды «өсіруге» бағытталуымен сипатталады» деп жазады. [28]. Осындай институттардың дамуы арқасында Оңтүстік Кореяда өндірістік кәсіпорындар жақсы дамыған, мұнда Қазақстанның өндірістік-инновациялық даму Старетегиясында келтірілген проблемалар қарастырылған.
Пофессор У.Б.Баймұратов өзінің еңбетерінде «банктердегі ең тиімді деген шешімдер өндірістік инвестицияларды тарту арқылы өндірістің қаржы-кәсіпорындық бірлескен тобын құруға болады» деп жазған. (ФПГ) [28].
Біз дәл қазір жоғарыда аталған институттардың қызметі жайлы Заңды басып жариялау қажеттілігі бар деп есептейміз, әйтпесе А.Е.Есентүгелов, К.А.Есентүгеловтердің жазған мақаласындағы көрсетілген жағдайлардың пайда болуы әбден мүмкін. Олар «экономикадағы ұзақ мерзімді инвестицияларды стимулдау арқылы инвестициялық әрі іскерлік ауа-райын тез арада жақсартып, тұрғындардың банктерге салым салуы үшін сенімдерін арттыру керек». Егер қазіргі «микроскопсыз» «көзге көрінбейтін» жағдайлар жалғаса берсе, бұл инфляциялық процестердің күрт өсуіне алып келеді, кейін - өндірістің дағдарысына алып келеді.
Егер екінші деңгейдегі банктер жинақы орта, көп тұтынушыларға қол жеткізгісі келсе, оларға сенімді әрі ұнамды салым салушыларды өздері іздеп тауып оларды тәрбиелеуге, өсіруге, сондай-ақ олардың кәсіпкерлік деңгейін көтеруге, шын мәнісіндегі экономикалық кәсіпорындардағы менеджменттік менеджментті жақсартуға, менеджменттік ұқыптылықты қадағалауды үйретуге, өндірістің даму стратегиясын өңдей білуді үйретуге, «бизнес-жоспар» құруды үйретуіне және т.с.с. тура келеді. [29]
- Дамыған елдердің көптеген коммерциялық банктері өздеріне сенімді тұлға функциясын қабылдап өздерінің жеке әрі бірлескен тұтынушыларымен осы рольдерді орындаған. Мәселен, бизнесмен өзінің ұлы банктегі әкесінің атындағы капиталдың бір бөлігін алып отыруын қаласа, ал ол кәмелетке толғаннан кейін бүкіл капиталды алып отыруды қаласа.
Әлемдік тәжірибеде жеке тұлғалар үшін трастік қызмет көрсетудің үш негізгі категориясы бар:
- иегері қайтыс болғаннан кейінгі мүлікке ие болу тәртібі;
- мүлікті сенім артылғанда немесе қамқор болғанда басқару;
- агенттік функциялар.
Мұрагерлердің иесі қайтыс болғаннан кейін мүлікке ие болу құқы – ең сенімді қызмет түрі болып табылады. Мұнда мүліктің жағдайы түгелімен толық суреттелуі тиіс, яғни қарыздарының төленуі, ал қалған сома мұрагерлерге заң бойынша таратылады. [29].
Мүлікті траст түріндегі басқарылуы әртүрлі құқықтық негізге ие болады: мұра, арнаулы келісім, соттың үкімі. Банк басқаруында тұрған трастардың түрлері әртүрлі:
Өмірлік трасті банк пен жеке тұлға арасында келісіліп бекітіледі. Мәселен, тұтынушы өз ақшасын банкке сенім артып аударады, яғни өзіне кірістің бір бөлігін өмір бойы төлеп отыруды, ал өзі өмірден өткеннен кейін бүкіл капиталды жұбайына немесе балаларына қалдыруды тапсырады. .[28]
Қауіпсіздік трасті егер тұтынушы өзінің қауіпсіздік полисін банкке сенімді тұлға ретінде қарап тапсыруы, мұнда ол өзі қайтыс болғанда әйеліне, ал әйелі қайтыс болса, балаларына аударуды тапсырады.
Корпорациялық трасті компанияның облигацияларын алуды қамтамасыз ету үшін банкке мүлік түрлерін қою арқылы бекітіледі.
Ал, жалданған жұмысшылар пайдасындағы трастілер зейнеткерлік қоры немесе пайда табуға қатысу жоспары түрінде болады. Бірінші жағдайда кәсіпкер әріптестер арасындағы жасы жеткен зейнеткерлерге тікелей төлеу немесе аннуитеттер сатып алу үшін, бекітілген үлгі бойынша қорға ақша салады. Егер жұмыскерқорға ақша салса, онда оны зейнеткерлік траст деп атайды, егер жоқ болса – қатыспайлды. Екінші жағдайда кәсіпкер банктегі компания қызметкерлеріне, зейнеткерлікке жасы жеткендерге арналып ашылған қорлар бойынша салымдарды салу үшін өзінің кірісінің бір бөлігін траст-қорға салады.
Агенттік фунциялардың трастілерден айырмашылығы, жеке меншікке иелік ету үшін заңдық құқық алады, ал агенттік қарым-қатынаста құқық принципалда қалады. Агенттік функция келесі қызметтерден тұрады:
- құндылықтарды сейфте сақтау. Банк құндылықтарды принципалдың рұқсатымен ешқандай белсенділіксіз әрі белсенді функциясыз сақтайды және таратады.
- мүліктерді белсенді функцияларымен бірге сақтау. Банк құндылықтарды сейфте сақтап қана қоймайды, сондай-ақ сатып алады және сатады, принципалдың инструкциясына сәйкес әрекет ете отырып кіріс алады.
- басқару. Банк барлық мүліктерді сақтаушы функцияларды орындайды және жеке меншікті белсенді түрде басқарады, мәселен, құнды қағаздар сөмкесін талдайды, капиталды инвестициялауға ұсыныс жасайды, т.б. Егер де банк қызметін жүргізу шын мәнісіндегі жеке меншікті қарастырса, банк оны принципалдың инструкциясына сәйкес жалға бере алады. [29]
Банктер агенттік функцияларды іскер фирмалар үшін орындайды:
- Трансферт бойынша агент. Банк операцияның кооперациясы үшін жеке меншік құқын акцияларға және аталған облигацияларға аударып, бір иеліктен екінші иелікке ауыстыра алады.
- Банк әртүрлі қаржылық ұйымдастырылуда депозитария ролін атқарады.
- Банк өзінің мойнына акциялар мен компания облигацияларының пайыздарды төлеу үшін агент функциясын алады (сондай-ақ негізгі қарызды төлеу).
- Банктің траст-бөлімі жеке иелерге, қамқоршыларға және біреудің иелгіндегі мүлікті басқару сеніп тапсырылған басқарушыларға көптүрлі қызметтер мен қаржылық кеңестер береді. [30]
- Коммерциялық банктер кәсіпорындар мен ұйымдардағы өзінің қызмет түрлерін кеңейтуі қажет. Қазіргі уақытта қолма-қол ақшасыз есептесу әдістері кең тараған.
Осындай әдістердің бірі ретінде өзара талаптар бойынша орталықтанған сынақтар, кезеңдік алдын-ала талап етуші сальдолар, өзара қарыз берудің бір мезеттік сынақтар орын алады.
Бұл есептесулердің мәні кәсіпорындардың бір-біріне деген өзара талаптары жабылады. Төлемге тек өшірілген қарыздардың сынағы ұсынылады. [30]
Жақсы ұйымдастырылған өзара есептесу кәсіпорындардың өзара өндірістенуіне әсер етіп нығайтады.
У.Б.Бамұратов өзінің еңбегінде, «кәсіпорындар арасындағы бір банктің жабық есептесу циклі:
- «ішкі ақшалардың» тиімділігін арттыруға, яғни несиелеудің технологиялық тізбегін бірнеше мәрте өсіруге мүмкіндік береді;
- несие алушылардың төлей алмаушылық тәуекелділігін ішкі корпорациялық қаржыландыру есебінен төмендету мен өзара төлеу талаптарының мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады;
- банктің ликвидтігін қолдау үшін қажеттіліктер мен абсолюттік ликвидті белсенділікті төмендетуді аз тәуекелділіктің есебінен жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.
Қазақстан экономикасы нығаюы үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың келісім-шарттағы міндеттемелерін өз уақытында орындауы және қарыздарын өз мерзімінде төлеп отыру жауапкершілігін арттыруы қажет.
3.2. ҚР коммерциялық банктердегі кірістер мен шығыстар құрылымын оптимизациялау
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында банк секторын әлемдік стандарттарға сәйкес қалыптастыру процесі белсенді түрде жүзеге асып отыр. Бұл елдегі нарықтық қатынастарды құраушы жаңа экономикалық жүйенің тұрақталып, Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуімен сипатталады. Алайда, зерттелінуші коммерциялық банктердегі адамзат ресурстарын басқарудың әрекет етуші жүйесінде бірқатар кемшіліктер бар. Сонымен қатар, жоспарлық тапсырмаларда нақты әрі қатаң ғылыми көзқарастар тұрғысындағы талдаулар әлі де жоқ, сондай-ақ банк қызметіндегі тұрақтылық негіздемесі мүлдем жоқ. Басқарушылық жүйесіндегі жеке бөлімдер арасында жауапкершіліктерді тарату мен құқықтарын белгілеуде де кемшіліктер кездеседі. Жұмыскерлердің материалдық әрі моральдық стимулдар жүйесу болашақта әлі де жетілдіруді талап етеді. Мұның нәтижесі құжат айналымының анық еместігі, көрсеткіштердің қажетсіз қайталануы және құжаттар қозғалысының негізсіз жолдармен шектелуі болып табылады. Басқару жүйесінің мәліметтік базасының өзі де анық анықталмаған, яғни көрсеткіштердің тағайындалуы мен таратылуы құжаттық хабарламалар ретінде көрініс табады. Зерттеулер көрсеткендей, үнемі бір көрсеткіштің басқаларда қайталануы байқалады. Мұндай шатасулар ортақ терминологияның болмауынан болады, бұл мағыналары бірдей сол бір көрсеткіштер әртүрлі қызметтерде әртүрлі атаулармен функцияланады. Құжаттардың жабдықталуы мен көрсеткіштер мазмұнынының шифрленуі стихиялы, міндетті негіздерсіз өткізіледі. Құжаттарды жабдықтау барысында әртүрлі қол қойылған қағаздар мен визалар қажет, бұл құжаттардың құқықтық тәртібін құрастыруда артық қиындықтар алып келеді.
Ресурстарды басқару міндетін жүзеге асыруда мәліметтердің өсіп жатқан көлемі үлкен роль атқарады. Сонымен, коммерциялық банктерде ай сайын банк қызметін сипаттайтын бірнеше он мыңдаған алғашқы көрсеткіштерді өңдеуге тура келеді. Сонымен қоса, мәліметтердің белгілі бір бөлігі артық болып шығады да, басқару аппаратының тиімділігін арттыруға шын мәнісінде қажетті мәліметтер болмай қалады. Ұйымдардағы еңбекті басқару саласына қазіргі заманның ғылыми әрі техникалық жетістіктеріне негізделген басқарудың прогрессивті жаңа әдістері мен оптимальды жоспарлауды енгізу қажеттілігі талап етілуде.
Ғылыми және іс-тәжірибелік мақсаттар үшін, әрі жоғарыда аталған проблемаларды шешуде, коммерциялық банктердегі экономикалық саясаттың түбірлі сұрақтарының бірі ретінде ресурстарды басқарудың экономикалық тиімділігі алға қойылады. Бұл міндеттерді шешудің басты ролі басқаруды жетілдіру болып табылады. Алайда, басқарудың әрбір жетілдірілуі экономикалық тиімді бола бермейді. Экономистер арасында шығындардың дұрыс тиімділігін өңдеу қажеттілігі туралы ортақ пікір қалыптасқан. .[31]
Басқару жүйесіндегі күштер, әдістер басқару процесінің басты мақсаты ретінде ең алдымен экономикалық нәтижелерге аса қатты байланысты. Әрине, біздің пікіріміз бойынша, ресурстарды басқару тиімділігі басқару жүйесі әрекетінің нәтижесінде аз шығыстарға қол жеткізу мақсаттарына жету үшін объектілерді басқаруды қамтамасыз етеді. Басқарудың жоғарғы сапасының критериі оның жеделдігі, оптимальдығы мен нәтижелігі болып табылады.
Басқарудың жеделдігін оның қарқыны анықтайды. Мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге, талдауға және шешімдер қабылдауға және оны орындауға кетірілген уақыт басқару сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Соңғы уақытта күшейген динамизм процесі қаржы жүйесінің алдына қажетсіз жағдайда орындалған іс-әрекетке өз уақытында шара қолдану қажеттілігі жайына қатысты ерекше өткір сұрақтарды қойды. Басқарудың жеделдігі мәліметтерді жинақтау мен қайта өңдеуде тек автоматизация процесін құрап қана қоймайды, сондай-ақ басқару звеносындағы қысқартулар, әрбір адам үшін еңбектің нақты ұйымдастырылуын енгізеді.
Басқарудың оптимальдығы оның сапасының ең маңызды критериі болып табылады. Ол үшін өте прогрессивті шешім қабылдауға болады, бірақ та ол коммерциялық банктерде орын алған жағдайларға жауап бере алмайды. Екінші жағынан, ұжымда бар, алайда оны пайдалану мүмкіндіктерін қолданбайтын шешімдерді қабылдауға болады. Мұндай шешімдер шаруашылық қызметтің белгілі бір көрсеткіштерін дамытып ілгері жылжытуға мүмкіндік бере алмайды. Оптимальды шешім ұжым қызметінде бәріне танымал салмақ түсіреді, шығармашылық, жоғарғы ұйымшылдық, еңбек өнімділігін қажет ететін мақсаттарды қояды, сондай-ақ оның орындалуына шын мәнісіндегі мүмкіндіктерді алға шығарады. Басқарудың компьютеризациясы оның жұмысының оптимизациялау мүмкіндігін арттырады. Басқарудың оптимизациялау мүмкіндігі мен бұл мүмкіндіктің шындыққа ұласуы – басқару сапасының маңызды тіреуіші болып табылады.
Басқарудың нәтижелілігі басқару сапасының негізгі критериі болып табылады. Нәтижелілік жұмыстың өткен бөлімінде қарастырылған көрсеткіштермен анықталады. Сапалы басқару критериін ала отырып біз ресурстарды басқарудың бағыты мен арттыру жолдарын қарастыра аламыз.
Басқару тиімділігін арттырудың басты бағыты оның компьютеризациясы болып табылады. Мәліметтерді қарапайым автоматизациялау пооцесі үлкен жеңіске қол жеткізеді, еңбекті басқарудың дәл сол процестеріне жауапты жақтарының өндірістілігін едәуір жоғарылатады, Бұл процестің автоматизациясы еңбек шығындарын тек қысқартып қана қоймайды, сондай-ақ басқару процесіне жаңа сапалы құбылыстар алып келеді, алайда басқарудың оптимальдығын, жеделдігін арттыруға көмектеседі. .[31]
Дегенмен, біз басқарудың компьютеризациясы нәтиже бермейді деп есептейміз, өйткені басқару негізінің экономикалық әрі ұйымдасушылық негізінде өткізіледі.
Еңбек нарығындағы күрделі жағдайларға қарамастан, жұмыс істеуші коммерциялық банктердің басым көпшілігі қызметкерлермен тығыз жұмыс істеу мәселесі жақын арада белсенді түрде алғашқы жоспарға шығатынын түсініп отыр. Сондықтан да коммерциялық банктерге кадрлық саясатты жүйелеуіне тура келіп отыр. Бүгінгі күні оның қалыптасуының негізгі екі жолы қарастырылып отыр.
Алғашқы жолы, қызметкер банктің өзінде бизнесті жүргізу философиясымен бірге, көп жылдар бойы жұмыс істеген тәжірибелі мамандардың көмегімен қалыптасады. Бұл әдіс арқылы басшылық қызметіне және бөлім қызметкерлеріне өздерінің тәжірибесіне қарай тағайындалады. Банк қызметкерлерін банк мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген жас мамандар толықтырып отырады.
Екінші жолы – басқа жақтан, яғни басқа банктерден кәсіби мамандарды тарту арқылы толықтыру. Оның жүзеге асуы үшін банк тексеру мен бейімдеуден өткізетін жоғарғы деңгейлі қызметті қолданады. Банктің бизнес философиясы қызметкерге фискальды сипатта әсер етеді, бұл әрбір маманның өзінің лауазымдық міндетін орындауда қатаң қаржылық-материалдық жауапкершілігін орындауды талап етеді. Бөлімдер мен қызмет орындарының басшылары өзге банктер мен ұйымдардан шақырылады әрі үнемі ротацияға түсіп отырады, бұл негізінде лауазымдық көтерілу үшін емес, банк қызметі туралы құпия мәліметтерді сақтауға және еңбектің жоғарғы тиімділігін сақтап тұру үшін жүргізілетін тексеру процесі болып табылады. Өте жоғарғы деңгейдегі бақылау жұмыскерлердің еңбектік кәсібилігін бақылаудан өткізіп тереңдету мен шығындарды үнемдеу үшін жасалады. .[32]
Коммерциялық банктердің кадрлық саясаты аймақтық әрі конъюнктуралық ерекшеліктерінінің дамуын ескере келе, банк секторындағы еңбек нарығына едәуір дәрежеде әсер етеді. Банк жұмысының табысты болуы кез-келген күрделі экономикалық жағдайда өзіне жауапкершілік алуға қабілетті және дұрыс шешім қабылдай алатын кәсіби келісілген маман болуы тиіс.
Зерттелініп жатқан банктердің кірісі мен шығыстарының құрылымын салыстыра отырып (21 кесте), келесі қорытындыға келуге болады, яғни қазақстандық банктер орташа көрсеткіштері бойынша, соңғы бес жылда әлемдік бейімделулерден айтарықтай ерекшеленеді
Зерттелініп жатқан банктердің негізгі бағыты – несие бойынша кірістер (орташа алғанда 57,2%) тәуекелі жоғары операциялық қадам жасаған. Тек «АТФ Банкі» АҚ өзінің ақшалай кірістерін әлемдік стандартқа сай деп есептейді. Егер американдық банк үшін екінші деңгейлі кіріс 52% құраса, онда «АТФ Банкі» АҚ басқа отандық банктер үшін орташа табыс көзі 31,4% құрайды.
21 кесте-Зерттелінуші банктердің американдық банктермен салыстырғандағы кірістері мен шығыстарының құрылымы (%)
Көрсеткіштер | Американдық банк | Валют-Транзит Банкі | ТұранӘлем Банкі | АТФ Банкі | ЦентрКредит Банкі |
Несие бойынша кіріс | 55 | 41,7 | 64,2 | 57,7 | 65,2 |
Құнды қағаздар бойынша кіріс | 10 | 2,0 | 7,3 | 3,2 | 3,1 |
Қолданылған ақшалай активтер бойынша кіріс | 30 | 2,7 | 14,9 | 29,7 | 5,3 |
Екінші деңгейлі кіріс | 5 | 53,6 | 13,6 | 9,4 | 26,3 |
Кірістердің қорытындысы | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Депозиттер бойынша пайыздық төлем түріндегі шығыстар | 45 | 21,9 | 37,7 | 64,3 | 39,9 |
Депозиттік емес қарыздар бойынша пайыздық төлем түріндегі шығыстар | 15 | 15,9 | 39,4 | 5,9 | 36,8 |
21 кестенің жалғасы
Еңбек ақысын төлеу бойынша шығыстар | 15 | 9,6 | 10,6 | 25,1 | 12,8 |
Екінші деңгейлі шығыстар | 5 | 48,4 | 11,6 | 4,1 | 4,5 |
Салықтық төлемдер | 10 | 4,2 | 1,8 | 0,6 | 6,0 |
Шығыстардың қорытындысы | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Егер шығыстарды салыстырсақ, келесі нәтижелерді көрсетеді:
- Депозиттер бойынша пайыздық төлемдер түрі мен шығыстар 21,9 дан 64,3% құрайды;
- Депозиттік емес қарыздар бойынша пайыздық төлем түріндегі шығыстар «Валют-Транзит Банкі» АҚ, «ТұранӘлем Банкі» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ мен «ЦентрКредит Банкі» АҚ американдық банк көрсеткішінен асып түседі.
- Еңбек ақыны төлеуге кетірілетін шығыстар әлемдік стандартқа сәйкес емес.
- Екінші деңгейлі шығыстар «Валют-Транзит Банкі» АҚ асып түссе, «АТФ Банкі» АҚ мен «ЦентрКредит Банкі» АҚ әлемдік стандартқа сәйкес.
Бұл жағдайлардағы радикалды өзгерістер басқарудың экономикалық тіреуішін сапалы өзгертуді талап етеді, әсіресе коммерциялық банктер үшін қаржы ресурстарын басқару аса маңызды. Басқарудың төмен сапалығы қай елде болмасын көптеген қарама-қайшылықтарды туғызып, экономикалық процестерді тоқтата түседі. Сондықтан Қазақстанның коммерциялық банктерін зерттеу ресурстарды басқару стратегияларын қалыптастыру бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
- Шығыстарды басқарудан басқа қысқарушы кірістерді іздеу компенсациясы мен олардың өсімін басқару үшін, - өмір сүру үшін стратегиясы. Шығыстарды сақтау көп жағдайда – онша танымал емес, ұйымшылдықты, тәртіптілікті әрі қатаңдықты талап ететін бағдарлама болып табылады. Өзінің шығыстарын қадағалай алмайтын адам өзінің орташа шұғыл кірістерін де өсіре алмайды.
Шығыстарды табысты басқару – кәсіпкерлік мәдениетінің қатаң әрі жұмсақ, ресм әрі бейресми элементтері бар шешуші әрі өзгермейтін бөлшегі. Кімде өзіне сәйкес кәсіпкерлік мәдениеті болмаса, сол шығыстарды қысқартудың қатаң қысқа шұғыл бағдарламаларымен әлі ұзақ айналысады. Кемшіліктер арқылы үйренуге қабілеттің болмауы әрі сапасыз еңбекті азайтуға ұмтылмау – ең қымбат әрі жағымсыз шығындар болып есептеледі.
Әрбір ойланып ақылмен қысқартылған шығыстар немесе кірістер мен шығыстардың рационалды құрылымы ұйымдасқан, жалпы стратегиялар аумағында өз-өзін сынаушы инвентаризация мен мақсаттарды қалыптастырудан басталады: мақсаттарды сәтсіз қалыптастыру нашар нәтижелерге алып келеді. Мақсаттарды анықтауға қатысты қарым-қатынас көп банктерде әлі де жолға қойылмаған. Кімде-кім өзінің алдына шын мәнісіндегі мақсаттарды қоя білсе, сол қарапайым жолдарды таба біледі. Шығыстарды азайту үшін мақсаттар мен іс-әрекеттер арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс .[27]
Шығыстарды тиімді басқару мәліметтік жүйелерді дұрыс басқару қажеттілігін талап етеді. Шығыстар мен кірістерді ақылды есептеудің негізі болып табылады. Сенімді УИС мүмкіндігінше, «ішкі сенімділікті» алу және сақтау үшін транспарентті болуы керек. Бөлімшелердің тапсырмалары бойынша ішкі жеке шығыстардың есептері жалпы жүйеге нақты енгізілуі керек. Қызметтерді қабылдап алушы идеал бойынша міндетті түрде оның саны мен сапасына әсер ете алуы керек. Нарықта сұранысқа ие қызметтердің нарықтық бағасы құнның жоғарғы шегі бола алады. Ішкі есептесудің құны көрсетілген қызмет бөлімшелердің ең тиімді деген мамандарына арналады әрі ешқандай кірістері болмайды.
Тапсырма бойынша нақты идентификациялауға болмайтын қызметтер оны қабылдап алушыға сандық не сапалық қатынаста әсер ете алмайды. Сондықтан да, қаражаттарды дұрыс тарату мен пайда болу көздеріне қарай нақты негіздеу шешуші мағынаға ие. Тратылған шығыстардың үлесі аз болған сайын объективті есептесулердің үлесі де жоғары, сонымен қатар сенімділігіне қол жеткізу де жеңіл болады. Сондай-ақ шығыстар жинақталмай өз уақытында таратылса дұрыс болады.
Қаржыландыру процесінде делдалдық рольді атқарушы коммерциялық банктер кәсіпорындар мен сауда мекемелеріне әртүрлі деңгейдегі қарыздар мен несиелеу жүйесін жүзеге асыруда. Ағымдағы қаржыландыру банктің біліміне де қатысты – бұл үлкен әрі шағын ізденістер, - кәсіпорынның өз қарызын «жабуы» мен «пайыздарын төлеуін» қамтамасыз етуге қатысуын білдіреді. Кірістің нормалары (әр кәсіпорынның ерекше жағдайларына байланысты) әрібір бірлестікте әрқалай, сондай-ақ оларды қаржыландыратын банктердің қызметі де әртүрлі, яғни несиелеудің әртүрлі қағидалары ұсынылады әрі көбінесе несиелеу процесі әртүрлі жағдайларға байланысты таңдау арқылы жүргізіледі. [25]
Екінші жағынан, несиені ұсыну жүйесі ең соңында операцияның рентабельдігі деңгейі мен тікелей қызығушылығына қарай қаржыландыру орталықтары экономиканың әртүрлі сектордында, оның ішінде қатысу жүйесі негізінде салымдар мен ақшалай қаржыландырумен аяқталады.
Банктік капитал жеке кәсіпорындардың тек кірістерін ғана ескермейді; оның мақсаты – коммерциялық банктер капиталға айналдыра алатын барлық кіріс түрлері де ескеріледі. Осыған орай, қаржыландыру орталықтарының алдында коммерциялық банктерге төленетін, пайыздық көлемі жоғары пайда табу үшін капиталды қалай енгізуге болады деген сұрақ туындады. Пайыздық өлшемнің арақашықтығы ақшалай кірісті ұстап тұруда төленетін салымдар мен банкке алып келетін кірістер мөлшері ақша мен қаржы қаражатын жинақтау арасындағы байланысты жүзеге асыруы қажет.
Кәсіпорындар ақша нарығында ұсынылатын қаражаттарды пайдаланады. Бұл жағдайда салымдарды ақшалай ұстап тұрушылар кәсіпорындық және сауда мекемесінің акционерлері бола алады. Керісінше, тек банк орталықтары ағымдағы қаржыларға өз қаражаттарын ұсынуға шамасы бар, бұл ірі инвестицияларды қаржыландырумен тепе-тең. Бұл ақша нарығындағы операцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Коммерциялық банктер өз кезегінде өндірістік әрі сауда мекемелерінің қызметін бақылай алатын белгілі бір мөлшердегі акциялар үлесін алуға қол жеткізді. Осылайша, банктер үнемі жоғарғы деңгейдегі пайда әкелетін жолдарды қарастыру арқылы өздерінің қалыптастырған бақылауларының тиімділігін артыруға ұмтылып, бір мезгілде өздерінің тікелей қатысуларын қысқартуға ұмтылуда.[36]
Сонымен, банктер өздерінің функцияланушы капиталдарымен бірге бірлесе отырып, тікелей қатысу тәжірибесіне жүгінді. Мұндай жағдайда банктер несиелік ресурстардың қайтпай қалуы мүмкіндігінен арылады.
Келтірілген зерттеулер көрсеткендей, Қазақстанның коммерциялық банктері дәл осы тәуекелділіктерге жиі душар болады, бұл олардың қаржылық нәтижелерін нашарлауына алып келеді.
Басқару және инфрақұрылымдарды қаржыландыруға қатысты сұрақтар, елдің не экономикалық, не әлеуметтік өмірінде де шешілуі қиын мәселелер болғандықтан, рентабельдігі мемлекеттің жергілікті басқару органдары мен мекемелердің мамандандырылуына артылады.
Бұл жағдайда орталықтанған жоспарлаушы орган негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді анықтайды және қаржыландырудың негізгі бағыттарына бақылау жасайды. Ғылыми-техникалық база негізінде қаруландыру, реконструкциялау, мен кәсіпорындарды басқару проектілері қарастырылуда, нәтижесінде бұл проетілер жүзеге асырылуға дайындық үстінде. Аймақтық деңгейдегі проектілер еңбетік және табиғи ресурстарды тиімді қолдану үшін зерттелінген аймақтарға қатысты әлеуметтік даму үлгілері ұсынылуда.
Біз, бұл әдістің орталықтанған экономикалық басқару кезінде, яғни кәсіпорынның және банктің кәсіпкерлік қызметі халық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аумағында жүзеге асырылғанда ғана тиімдірек болады деп есептейміз. Ресурстардың қалыптасуы мен олардың белсенділерге таратылуы осы бағдарламаларды орындау кезінде жүзе асады әрі ол сол банктің жұмысының нәтижесіне онша тәуелді емес.
Ресурстарды басқарудың тағы бір әдісі «банктер ішіндегі банкте» негізделеді: бұл бұл әдіс ең алдымен нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес, яғни қатаң кәсіпкерлік қызметінің сұрыпталуы мен жұмыс нәтижесіне материалдық жауапкершілік алғанда ғана жүзеге асырылады. Бекітілген капитал мұнда банктің капиталдық басымдылығын құру үшін, яғни алдын-ала салымдар – тез арада жүзеге асатын ағымдағы белсенділіктер, шұғыл және сақтаушы салымдар – орта шұғыл және ұзақ шұғыл ссудалара, т.б. қолданылуы тиіс.
Біз бұл әдістің өзектілігі, банктің басшылығы мен әрбір бөлімшесінде қабылданатын шешімдердің тиімділігі мен соған сәйкес операциялардың нәтижелі болуының жауапкершілігін арттырады, яғни бұл қазіргі заманғы Республикамыз үшін өте маңызды деп есептейміз.
Сондай-ақ, бұл әдіс жұмысында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген жеке жұмыскерлер мен банк департаментін сыйақымен марапаттаудың ыңғайлы жүйесін енгізуге көмектеседі.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы тиімді қызметті өсіруге бағытталған әрі коммерциялық банктердің экономикалық субъекті ретінде нығаюына бағытталған шынайы экономикалық саясатты жүзеге асыруды талап етуде.
Осыған қарамастан, қазіргі заманғы коммерциялық банктердің жағдайы жағымды тенденциялармен сипатталады, едәуір проблемалары бар. Жоспарланушы жағымды тенденцияларды әрі қарай дамыту мен бекіту банктік секторлардан үлкен күштерді талап етеді. Екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі коммерциялық банктер деңгейінде өткізілетін тұтас қаржылық талдау болып табылады. Коммерциялық банктердің жұмысын талдау оның шаруашылық қызметін зерттеудің бір түрі; талдаудың міндеті ішкі қорларды шығару мен оны дұрыс қолдану болып табылады.
Микродеңгейдегі аналитикалық жұмыстың маңыздылығын бағалау өте қиын. Коммерциялық банк деңгейінде талдауы мазмұнның нақты жетілдірілген, күнделікті шаруашылық-қаржылық банк қызметіне, оның ұжымына, менеджерге, жеке меншік иесіне байланысты. [28].
Экономикалық талдауды өткізуді, оның мақсаттары міндеттерін сауатты етіп қою әрбір коммерциялық банк үшін аса өзекті болып табылады. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің алдын алады, қаржылық нәтижелерді ғылыми басқарудың негізі болумен қатар негіздейді, олардың объективтілігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ол ресурстарды үнемшіл қолдануға, озық тәжірибені енгізуге, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға, банк ісінің жаңа техникасы мен технологиясын енгізуге, басы артық шығындар мен жұмыстағы әртүрлі кемшіліктердің алдын алуға көмектеседі. Нәтижесінде банк экономикасы нығаяды, оның қызметінің тиімділігі жоғарылайды. Сондықтан талдау қаржылық ресурстарды басқару жүйесінде, ішкі шаруашылық қорлардың әрекет етуші құралында ғылыми-негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін өңдеудің негізінің маңызды элемент болып табылады.
Ресурстарды басқаруда коммерциялық банктің өмірлік қабілетінің сапасы мен сенімділігін арттыратын экономикалық талдау айрықша роль атқарады. Ойлану, алынған мәліметтерді өңдеп-талдау процесі басқарудың ерекше функциясы ретіндегі мазмұнды атқарады. Экономикалық талдаудың міндеті: банк қызметінің заңдылығын зерттеуге қатысты теоретикалық талдау; нақты фактілер мен құбылыстардың бірлесуін зерттеуші ағымдағы талдау; негізгі тенденциялар мен басты әрекет етуші факторларды зерттеуші болашағы зор жетілдірілген талдау; аз мерзімдер аралығында пайда болатын міндетінде ауытқушылығы бар жедел талдаулар болып табылады.
Біздің коммерциялық банктегі қаржы ресурсының негізгі бөлігін құрайтын қаржылық ағымды талдауымызды біз коммерциялық банктегі кіріс, шығыс пен таза кірістің агреграциялық есебін құраудан бастадық.
Жүргізілген зерттеулер көмегімен келесі қорытындыға келуге болады, яғни Қазақстанның коммерциялық банктері тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бет бұрып, банктің жаңа технологияларына аса зор мән беруге ұмтылуда, өз қызметтерін белсенді жүзеге асыруда, банктің кірістілігін тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету арқылы ұлғайтуға тырысуда. Дегенмен, ҚР коммерциялық банктері өзара қатыгез бәсекелестік күресі жағдайында еңбек ететінін ескеру керек. Сондықтан да, қаржылық ресурстарды «өмір үшін күресте» маңызды фактор ретінде әрмен қарай таза кіріс көзі ретінде қарап басқаруды жетілдіруді қарастыру қажет.
Жалпы алғанда зерттелініп жатқан банктер талаптарға сай әрі қазіргі заманғы жан-жақты банктерге тән сапаларға ие. Қазіргі уақыттағы банктердің өткізіп жатқан барлық іс-шаралары таза кірісті көтеру мен қаржылық нәтижелерді жақсартуға бағытталған.
Еңбектің сапасы оның нәтижесінен көрінеді. Нәтиженің сапалы болуы еңбекті басқарудың функционалдық міндеттемелері болып табылады.
Банктік еңбекті басқарудың сапалы ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1) еңбекті басқарудың жалпы ерекшеліктері: шығармашылық ой еңбегінің түрі ретінде; инновациялылық; уақытты қатаң шектеу; ұжымдық мінез-құлық (серіктестік, корпоративтілік); тәуекелшілдік;
2) банк қызметіндегі еңбекті басқарудың мамандандырылған ерекшеліктері: еңбек қызметінің бағыттарындағы абсолюттік басымдылығына жоғарғы кәсіби талаптар қою; кәсіпкерлік мінез-құлық; еңбектің жеке басымдылық мінездемесі; жұмысшыларды еңбекпен қамтудағы (ең алдымен мәліметтік) ресурстық ерекше талаптар (толық және сенімді мәлімет); банк басшылығы мен қызметкерлерінің категорияларына қарай еңбектегі стресстік элементтердің көрінісі.
Еңбекті басқарудың сапалық мінездемелері әржақтылы, олардың арасында экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық және басқа да түрлері бар. Оларды бағалау банк қызметінің шын мәнісіндегі талаптарының сапалы мінездемелерін міндетті салыстыруды жоспарлайды.
Аталған еңбек сапасының мінездемелеріне мәліметтік ресурстар, басқарудың техникалық құралдарының талаптарын қосқан дұрыс; жұмыскерлер мен ұжым арасындағы сапалы қарым-қатынастар мінездемесі, еңбектік жағдай мен мотивациялар.
Қазіргі уақыттағы коммерциялық банктерде басқарушылық мінездеменің өзгерісі байқалады, бұл қызметкерлердің мотивациясы, ұмтылушылығы, бір-бірімен ара қатынас, т.с.с. проблемаларына аса мән берілуідің күшеюімен сипатталады.
Коммерциялық банктерде еңбекті басқарудың терең мамандандырылуы жүзеге асырылуда, бұл жұмыскерлердің білімі, дайындығы, қызығушылығы деңгейіне қарай сұрыптау кеңінен орын алған, сондай-ақ жұмыскердің жеке тұлғасына да аса мән беру талап етілуде. Коммерциялық банктерге кәсіби менеджерлер қажет.
Банк жұмысының тиімділігін арттырудың тағы да бір маңызды көрсеткіші ретінде кадрлық саясат пен банк қызметкерлеріне жалақы төлеу жүйесінің тиімділігін жоғарылату табысқа қол жеткізеді. Банктерді зерттеу барысында анықталғандай, 2000 жылдағы банктерді қамтамасыз етуге кетірілген қаражаттардың орташа деңгейі барлық шығындардың 17,7% құраса, 2005 жылы – 14,3% құрады. Коммерциялық банктердегі кеңейтілген штаттар үлкен шығыстарды талап етеді, ал жалақы төлеуге кетірілген шығыстар ұйымның қаржылық көрсеткіштерін төмендетеді. Керісінше, салыстырмалы түрде шамалы белсенді ұжымдар акционерлер үшін қосымша таза кіріс әкелуге қабілетті.
Коммерциялық банктердегі ресурстарды жоспарлау технологиясы |
Стратегиялық жоспарлау | Жедел жоспарлау | Әдістемелік жоспарлау |
қызметтерді бағалау; сұраныс пен ұсынысты бағалау; тұрмыстық технологиялар; нарық потенциалы | мәліметтік ағымдар; қаржы ағымдары; басқару технологиялары; нарық конъюнктурасы | Кіріс пен шығыс құрылымын бағалау; қабылданған шешімдердің тәуекелділігін бағалау; нарықты бақылау |
Ресурстарды басқару идеологиясы | Ресурстарды басқару мотивациясы | Ресурстарды басқарудың құрылымдығы |
5 сурет – Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың әдістемесі
Банктердегі ресурстарды басқару проблемасының өзектілігі стратегиялық жоспарлау деңгейінде орын алған, бұл банк қызметіндегі пайызы жоқ шығыстар өзара сұраныстың қанағаттандырылуы мен қолдауын анықтайды. Осылайша, коммерциялық банктің таза кірісі қаржы ресурстарын басқару концепцияларын қалыптастыру мен құру саласында қарастырылады, яғни коммерциялық банктің қызметі оның қаржылық-мәліметтік қатынасы мен нарықтық потенциалынан тұрады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі күні нарықтық экономиканың қатаң заңдарына бейімделе алған тек қана 5000-ға жуық АҚ-дар жұмыс жасайды. Бірақ, осы қоғамдардың қызмет ету жағдайы қандай, ол бастапқыда оған қойылған талаптарға сай келе ме: бағалы қағаздар эмиссиясын бағал қағаздар нарығына оналастырып, нарық механизмдерін ескере ме?
Алғашқыда АҚ-дар бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектісі ретінде/ бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне әсер етеді деп болжанған, бірақ шындығында бағалы қағаздар нарығына қатысуда акционерлік қоғамдардың көп бөлігі, ең жақсы дегеннің өзінде, тек қана акция эмиссиясын тіркеумен ғана шектеледі. Сонымен қатар, кейбір акционерлік қоғамдар тіптен акция эмисссиясының мемлекеттік тіркеу құжаттарын да көрсетпеген. Акцияны шығару мен орналастыру қорытындысы бойынша есеп беруін де жарияламаған.
Диплом жұмысын жазу барысында тәжірибемде өткен “THE BEST ” АҚ-ның мәліметтері қолданылған. Фабриканың зертханасы шикiзаттың және өндiрудiң барлық сатысында өнiмнiң сапасына бақылау жасап отырады.
Салқын тасымалдауыштарды экологиялық қауiпсiз салқын тасымалдауыштарға ауыстыру арқылы салқындату жүйесi жетiлдiрiлдi. Өндiрiстi автоматандыру деңгейi де тұрақты дамуда. Қолданыстағы механизмдердiң 100-ден астамы күрделi жөндеуден өткiзiлдi. Осының бәрi цехтар бiр қалыпты жұмыс iстеуiн, технологиялық процестердiң параметрлерiнің қатаң сақталуын, цехтардың бар қуатын күшейтудi, қазiргi заман технологияларын қолдануды қамтамасыз етедi.
Шоколад дайындайтын цехтың жыл сайын 3,6 мың тонна какао бұршағын өңдеу мүмкiндiгi бар. Нәтижесiнде жоғары сапалы какао майы, ұнтақталған какао ұнтағы, шоколад глазурi өнiмдерi дайындалады.
Бұдан басқа, фабриканың кондитерлiк өнiмдер ассортиментiне төмендегiлер кiредi: шоколад - вафелдi, пралине, помадалы және желе, көп қабатты кәмпиттер; мұздақ, жемiс-жидек толтырылған, бұлғанған, помадалы және қабатталған салмалары бар, глазурленген карамельдер; сегiз түрлi ирис, желатиннен жасалған мармелад, капол және қант қосылған желелi мармелад пен глазурленген мармелад, ақшыл-қызғылт зефир және глазурленген зефир, дессертiк тақта шоколадтар, сүт қосылған, ащы, қоспалар қосылған және салмалары бар шоколадтар, кеуектi шоколадтар; негiзi желатиннен жасалған мармелад, жаңғақ пен жүзiмнен жасалған драже; қлшеулi, бөлшектеп өлшенген, глазурленген вафли; түрлi қаптамадағы қантты және затяжное печеньелерi; диабетпен ауыратындардың тұтынуына рұқсат етiлген нәрлiлiгi төмендетiлген қант алмастырғыштарынан жасалған “На здоровье” сан алуан түстi брендiнiң құрамына кiретiн шоколад, кәмпит, печенье, вафли, драже; шығыс тәттiлерiнiң төрт түрi бар.
Негізінде кез келген акционерлік қоғамның өмір сүру әдісі – акция шығару болып табылады және оның номиналды құны болуымен қатар, дивиденд алуға құқық беруі тиіс, сондай-ақ акциоенрлік қоғамдар бағалы қағаздар нарығының дамуына жағдай жасауы тиіс.
Сонымен, Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуында келесідей негізгі мәселелерді көрсетуге болады:
- қарапайым халықтың көбінің акционерлік қатынастар мәселелерін түсінбеуі;
- көптеген қоғамдарда акция "акция" болып табылмайды;
- акционерлік қоғамдардың үлесінің көптігі;
- ашық акционерлік қоғамдардың акция эмиссиясын жүргізбеуі;
- Заңдық базадағы қайшылықтар /24/.
Осындай бірқатар мәселелерді шешу жолдары:
- Заңдық базаны ретке келтіру.
- Акционерлік істі білетін мамандарды дайындау /қаржыгерлер, брокерлер мен диллерлер, қаржы менеджерлері, т.б./.
- Акцияның әлеуметтік қағидасын максималды түрде сақтай отырып, тарату керек. Акционерлік қоғамды құрғаннан кейін салымшыларға қоғамның жағдайы туралы ақпарат беріп, акционерлік капиталдың жұмсалуын қатаң бақылау.
Міне, осындай мәселелерді шешудің бірден-бір жолы ретінде парламент акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының минималды мөлшерін ұлғайту арқылы акционерлік қоғамдар қызметінің олардың инвесторлар үшін тартымдылығын көтеруді ұсынды. Мысалы, талдау және болжам жасау бөліміне қарайтын маркетинг бөлімшесін коммерция бөліміне біріктіріп, керісінше коммерция бөліміне қарасты қоймалар бөлімшелерін қызмет көрсету бөліміне ауыстыру қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет жөніндегі” заңы, 18.11.1998ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2001.)
- Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі” заңы, 1.01.2000.
- Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлiк есеп: Оқу құралы. А: Қазақ Университеті, 1999.
- Вещунова Н.Л., Фомина Л.Ф. Экономикаский учет на предприятиях различных форм собственности: М., 1999.
- Дуйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы. А.: Экономика, 1999.
- Н.А.Назарбаев. Рынок и социально-экономичское развитие. -М.:Экономика, -1994.
- Каминка А.И. Акционерные компании. Т.1. -С.-Пб.:1902.
- Тарасов И.Т. Учение об акционерных компаниях. -М.:1998.
- Маркс К. Капитал. Т
- Писемский П. Акционерные компании с точки зрения гражданского права. -М.:1876.
- Указ от 27 октября 1699 года /Свод Законов Российской империи /№1706/.
- Метелева Ю.А. Правовые положения акционера в АО-е.-М.:1999.
- Шершеневич Г.Ф. Курс торгового права.Т.1. -С.Пб.:1908.
- Кошанов А.К.,Рамазанов А.А., Бисембаев А.А. и др.формирование системы акционерных отношений в РК. -А.:Гылым,1995.
- Кошанова Ж.А. Становление акционерной собственности в условиях перехода экономики Казахстана к рыночной экономике. Канд. Дисс.А.:1995.
- ҚР-ның Азаматтық кодексінің ресми мәтіні/Жалпы және ерекще бөлімдер/:-А.:Жеті жарғы, 2000.-59-65 б.
- ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы Заңы/16.05.2003/.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі Актілерінің жинағы. – 2004ж. №28, 34-40 бет. №12, 80-81 бет. №8, 27-28 бет.
- Ансофф И. Новая корпоративная стратегия. - Санкт-Петербург, 2004.
- Друкер П. Принципы менеджмента. - М. Экспресс-инфо, 2005.
- Қазақстан Заман. – 2005, 5-сәуір.
- Егемен Қазақстан. – 2004, 11-маусым.
- Алматы Ақшамы. – 2004, 14-ақпан.
- Карлофф Б. Деловая стратегия. - М. Экономика, 2004
- Томпсон А., Стрикленд А. Стратегический менеджмент: искусство разработки и реализации стратегии. - М.: ЮНИТИ, 2005
- Егемен Қазақстан. – 2000, 6-мамыр.
- Егемен Қазақстан. – 2005, 29-шілде.
- Статистикалық бюлетень. – 2002, №1 55-57бет.
- Егемен Қазақстан. – 2004, 17-қыркүйек.
- Ақиқат. – 2001, №7 38-42бет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024