Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алматы" республикалық телеарналардың қатарына қосылады

"Алматы" республикалық телеарналардың қатарына қосылады
"Алматы" телеарнасы республикалық телеарналардың қатарына қосылады. Үкімет жанындағы Телерадио хабарларын дамыту жөніндегі комиссия  республикалық  деңгейде хабар тарататын 15 телеарнаны анықтады, деп хабарлайды телеарна баспасөз қызметі.  Комиссия сынынан өтіп, жоғары сапалы арналардың қатарына енгендіктен, "Алматы" телеарнасы міндетті хабар тарату желісіне кіреді. Талапқа сәйкес, Алматы арнасында әлеуметтік маңызды бағдарламалар, мәдени және  балалар мен жастарға арналған бағдаралмалар  берілуі тиіс. Еске сала кетейік, жалпы еліміздің әр өңірінен  32 телеарна  бәсекеге түскен еді. Фото: otautv.kz

Похожие материалы