Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Алматы су» алматылықтардың кәрізге қарызын кешіреді

«Алматы су» алматылықтардың кәрізге қарызын кешіреді

Алматы. 1 қаңтар. 7kun.kz - Алматылықтардың септиктің қызметіне төленуі тиіс қарызы кешірілетін болды. Бұл туралы «Алматы су» мекемесі хабарлады.

Бұл қала тұрғындарының өтініші мен Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асады.

«2009-2015 жылдары Алматы қаласында жеке тұрғын үйлерде тұрып жатқан және орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған тұрғындарға сол уақытта күшінде болған заңнама талаптары бойынша су бөлу қызметі бойынша қосымша төлем енгізілген болатын. 2015 жылдың мамыр айынан бастап аталмыш заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты септик үшін қосымша қаржы енгізілмеген»,-деді мекемеден.

Кешірілетін сома 131 млн теңгені құраған. «Алматы су» мекемесі бұл қарыздарды алып тастау үшін түзеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған дейін түбіртектерде көрсетілген төлем көлемі 2020 жылы таратылатын түбіртектерде өзгертіледі.


Похожие материалы