Бүгін «Алматы» телеарнасы «Өткінші жаңбыр» телехикаясының жабық таныстырылымын өткізді.
«Өткінші жаңбыр» хикаясы тағдыр тәлкегімен Алматыда кездесіп, ортақ іс ашып, жеке тұлға ретінде өскен, қиындықтарды жеңіп, табысқа жеткен екі әйелдің тағдыры мен олардың армандары туралы баяндайды.
Туындының басты кейіпкері – Жанар есімді көпбалалы ана. Күнделікті үй шаруасынан зеріккен ол - кәсіпкерлікті қолға алып, ел қатарлы жұмыс жасағысы келеді.
Екінші кейіпкер – Ажар жалғызбасты ана әрі, шағын кәсіпкер. Жұмыстан жалыққан ол - керісінше отбасылық өмірді аңсайды. Кейіпкерлердің тағдыры әр түрлі болғанымен, басқа түскен қиындық екеуінің басын бір арнаға тоғыстырады.
Телехикая әрі Алматы қаласы туралы да. Мұнда көрікті қаламен қатар оның адамдарға беретін мүмкіндігі, қаланың ерекшелігі туралы, «Бақытты отбасы», «Еңбек», «Іскер ана», «Бастау бизнес» сияқты әлеуметтік жобалармен, шетсіз қала тұжырымдамасына да қосылған үлесті байқауға болады.
Телесериалда басты рөлдерді Алмат Сақатов, Нұргүл Мыңғатова сынды танымал өнер адамдары сомдаған.
«Телехикаяның «Өткінші жаңбыр» деп аталу себебі, кез-келген отбасында, адамда пенде болғаннан кейін қандай да бір мәселелер, проблемалар, қиындықтар болады. Сол өткінші жаңбыр сияқты өтеді де кетеді. Ең басты құндылықтар ол отбасы бала-шаға, сыйластық, достық, туыстық қарым-қатынас мәңгі қалады. Телехикаяның негізгі идеясы, көрерменге жеткізер ой осы болатын. Сондықтан телехикая «Өткінші жаңбыр» деп аталады»,-дейді продюсері Айкерім Самалбекқызы.
Әрқайсысы 25 минуттық 12 сериялы телехика 2 қарашадан бастап «Алматы» телеранасынан көрсетіле бастайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024