Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — «Алматы» телеарнасының директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақ радиолары» ЖШС бұрынғы Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» телеарнасының Бас директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.
Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова 1961 жылы 12 ақпанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін үздік тәмамдаған.
Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында редактор, бөлім бастығы, Бас редактор қызметтерін атқарған.
1991 жылы Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасы ақпараттық-сараптамалық редакциясының Бас редакторы, Қазақ радиосы бағдарламалар Бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақ радиосы Бас директорының бірінші орынбасары, Қазақ радиосының саяси шолушысы қызметін атқарды.
1997 жылы ҚР Президенті Баспасөз қызметінде, 1997-2006 жылдары «Интерньюс» Халықаралық Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігі директорының орынбасары, Атқарушы директоры, 2006 жылы «31 канал» ТРК Атқарушы директорының бірінші орынбасары, Атқарушы директоры, 2008-2011 жылдары «31 канал» ТРК Бас директоры болды.
2008 жылдан Қазақстан Телерадиотаратушылар Ұлттық Ассоциациясының Президенті.
2011 жылдың шілдесінен «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
Кейіннен "31 арнаның" Бас продюсері болды.
Осыған дейін құрамында "Қазақ радиосы", "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолар бар "Қазақ радиолары" ЖШС басшысы болды.
Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024