НЬЮ-ЙОРК – Америка Құрама Штаттарында кеден бажын реттеу (КБЖ) таяуда орын алатындай болып тұр. Казіргі кезде заң шығарушы және атқарушы билікті бақылауға алған республикашылдар партиясы, тауарларын импорттайтын АҚШ компанияларына айыппұл салып, ал АҚШ экспорттаушыларына субсидиялар қарастырып, оларға салық үзілістер беретін бұл бажды корпоративтік салық реформасының маңызды элементі ретінде қарастырады. Отандық өндірісті, инвестицияларды және жұмыспен қамтуды арттыра отырып, ол АҚШ-тың сауда теңгерімінің жақсаруына әкеледі деп хабарланады.
Шындығында, республикашылдардың жоспары аса күрделі болып табылады. Басқа жоспарланған реформалармен қатар, КБЖ корпоративтік табыс салығын корпоративтік ақша ағыны салығына айналдырады (шекаралық реттеумен бірге), және бұл АҚШ компанияларының бәсекеге қабілеттілігі және табыстылығы үшін алыс-жетіп салдары болатынын білдіреді.
Кейбір секторлар немесе фирмалар, әсіресе импортқа сүйенетін американдық бөлшек саудадағылары салық міндеттемелерінің күрт артуына тап болуы мүмкін; кейбір жағдайларда, бұл олардың салықтан бұрын көрген пайдаларынан әлдеқайда көбірек бола алады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіндеттәрізді экспорттық секторлар немесе фирмалар, олардың салық ауыртпалығының айтарлықтай қысқаруынан пайда көрер еді. Бұл айырмашылық негізсіз және әділетсіз көрінеді.
КБЖ табыс бөлуде басқа да салдары болады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл табыс бойынша төменгі 10% -ға кіретін тұтынушыларға аса қатты соққы беруі мүмкін. КБЖ республикашылдар қолдап жатқан корпоративтік салықтарды қысқартуларының орнын толтыратын тәсіл ретінде көрестіліп жатыр және аталмыш қысқартулардың қайтадан кірістері көптерге пайдасы тиері анық.
Ең жаманы, КБЖ іс жүзінде АҚШ фирмаларын шетелдік бәсекелестіктен қорғай алмайды. Экономикалық теория негізінен, осылайша КБЖ, импорт пен экспорттың салыстырмалы бәсекелестік әсерін жоя отырып, салықтың ғана емес доллардың да құнының артуына әкелуі мүмкін деп болжанады.
Сонымен қатар, доллардың қымбаттауының баланстық әсерлері де үлкен болар еді. АҚШ инвесторларының сыртқы активтері шетелдік валютада болғандықтан, осы активтердің құны бірнеше триллион долларға төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, қарыздары көп дамушы экономикалар өскен долларлық міндеттемелерге тап болып, қаражаттан қысылып, тіпті дағдарыстардың да орын алуы мүмкін.
АҚШ долларының құны өсе тұра КБЖ-дан кем болса да, импортқа салынатын салықтан ішкі бағаға өту инфляция деңгейінің уақытша, бірақ тұрақты көтерілуіне апарады. Кейбір зерттеулер бойынша, КБЖ енгізілген алғашқы жылы, жаңа салық АҚШ инфляциясының 1%-ға немесе одан да жоғарылауына әкелуі мүмкін. АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі, мұндай арттыруға оның саяси ставкасын өсірумен жауап бере алады, сайып келгенде, мұндай шешім ұзақ мерзімді пайыздық ставкалардың өсуіне әкеліп және АҚШ долларының айырбас бағамына одан әрі жоғары қысым көрсетіледі.
Дегенмен, тағы бір мәселе бар, ол АҚШ-тың корпоративтік секторы соңғы бірнеше онжылдықта салған жаһандық жеткізу буындарында жаппай шалыс жұмыс жасаудың болуы. Оффшордың қозғаушы мотивациясы - еңбек және капитал бөлу тиімділігін барынша арттыруда компаниялардың әлеуетіне нұқсан келтіріп, КБЖ АҚШ пен жаһандық экономика үшін үлкен әлеуметтік және мәдени шығындарды тудырар еді.
КБЖ-ға байланыста қорытынды негізгі проблема, ол оның Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерін бұзуына байланысты, себебі ережер бойынша шекаралық түзету мүмкіндігі қосылған құн салығы сияқты жанама салықтарға салынады, корпоративтік табыстан алынатын салықтар сияқты тікелей салықтар бойынша жүзеге аспайды. Осыны ескере отырып, ДСҰ, бәлкім, КБЖ заңсыз деп шешер. Мұндай жағдайда, АҚШ салық күшін жоймаса жылына 400 млрд долларға дейін баратын жауапты шараларға тап болуы мүмкін. Бұл АҚШ және жаһандық ЖІӨ-нің өсуіне ауыр соққы болады.
Сондықтан, АҚШ-тың КБЖ-ны қабылдауы қаншалықты мүмкін? Бұл ұсыныс Өкілдер палатасындағы Республикашыл көпшіліктің қолдауына ие, бірақ Парламент Сенатының бірқатар республикашылдары оған қарсы дауыс беруі мүмкін. Конгрестің екі үйіндегі демократтар бүкіл ұсынылған корпоративтік салық реформасына, соның ішінде КБЖ-ға да қарсы дауыс берері анық.
Атқарушы билік, осы мәселе бойынша бір келісімге келмейді, мемлекет басшысы Дональд Трамптың протекционистік кеңесшілері оны қолдап, ал интернационалист кеңесшілері қолдамайды. Трамтың өзі нақты емес ойда екенін көрсетіп өткен.
КБЖ бойынша келіспеушіліктер сондай-ақ бизнесте де бар, импортқа қарағанда экспорттары көбірек фирмалар оны қолдаса, керісінше, импорты көбірек фирмалар қарсы шығуда. Жұртшылық болса, төмен және орта табысты отбасылар КБЖ-ға қарсы шығуы мүмкін,себебі ондай жағдайда олар өздері тұтынатын арзан импорт тауарлары қымбаттар еді, бірақ Трамптың көк жағалы сайлаушылары, әсіресе, өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндер шараны қолдауы мүмкін.
Сайып келгенде, КБЖ жағдайы керемет емес. Бірақ осыны және ұқсас саясаттарды қатты алға бастырып отырған АҚШ үкіметінде мықты протекционистік күштер бар. КБЖ қабылданбаса да, Трамп әкімшілігі жасай алатын бүлдіруші жаһандық сауда соғыс тәуекелі жалғасады.
Автор туралы: Нуриэль Рубини - Roubini Macro Associates бас директоры және Нью-Йорк университетінің Stern бизнес мектебінде экономика профессоры болып жұмыс атқарады.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org