Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қамшы" порталы Алаш арыстарының рухына арнап ас береді

"Қамшы" порталы Алаш арыстарының рухына арнап ас береді

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz - 5 наурызда "Қамшы" порталы Алаш арыстарының рухына арнап ас береді.

"Бұл тарихи датаны ойдағыдай атап өту - Алаш арыстары аңсаған азат Отанда өмір сүріп жатқан біздер үшін абыройлы міндет. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» деп әз жандарын пида еткен ата-бабаларымыздың аманатын насихаттау - әр қазақтың бұлтармас борышы", - делінген сайттағы ақпаратта.

Ас Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражайында өткізілмек.

"20 жылдан бері Байтұрсынұлы мұрасын зерттеп, мұражай тізгінін ұстап келе жатқан ұстаз, ғалым Райхан Имаханбет бұл ұсынысымызды қуана қабылдады. 5 наурызда билік өкілдері мен қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары қатысқан үлкен ас осы мұражайда өтпек", - деп жазылған сайт хабарламасында.

Сайттың жазуынша, асқа Алаш Арыстарының рухына құран оқуға ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлына арнайы шақыру жіберілген. Ал Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мырза бұл асқа әкім Бауыржан Байбек немесе өзі міндетті түрде қатысатынын айтқан.

Асты өткізу бағдарламасы төмендегідей:

Похожие материалы