
Ақтау. 5 тамыз. 7kun.kz – Ақтау полицейлері Түркияға жалған жолдамалар сатқан сериялық алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Демалыс маусымын пайдаланған алаяқ қала тұрғындарын Жерорта теңізі жағалауындағы қонақ үйлерге арзан турлар уәде етіп, алдап кеткен. Зардап шеккен үш жәбірленуші полицияға жүгініп, алаяқ әйелге 2 734 000 теңге төлегендерін айтты.
«Алаяқтыққа қарсы жедел-профилактикалық іс-шара аясында криминалдық полиция қызметкерлері 36 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жалғасуда», – деді полицияда.
Екі күнге созылған Anti-fraud жедел алдын алу іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 10 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Полиция азаматтарды алаяқтықтың маусымдық түрінен абай болуға шақырады.
«Маңғыстау облысының полиция департаменті азаматтардан бейтаныс адамдарға ақша жібермеуді, көрсетілетін қызметтерді мұқият зерделеуді, түсініктемелерді, шолуларды оқып, содан кейін ғана қаржылық операцияны жүзеге асыруды сұрайды. Алданған жағдайда дереу полицияға хабарласу керек», – деді полицейлер.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025