Қаржы қызметтерін дамыту ұлттық қорының (ҚҚДҰҚ) төрағасы Михаил Кленчиннің айтуынша, қазақстандық борышкерлердің несиелеріне қатысты күрделі мәселелерді шешуге арналған үкіметтік бағдарламаны жүзеге асыру салық заңнамасына қайшы келгендіктен, жекелеп алғанда корпоративті және жеке табыс салығын төлеу ерекшеліктеріне байланысты мүмкін болмай отыр. Бұл туралы ол дүйсенбі, 6 сәуір күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Осыған дейін президенттің тапсырмасы бойынша үкімет пен Ұлттық банк борышкерлердің мәселелерін шешу үшін 130 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдаған-ды. Бұл қаржы жылдық мөлшерлемесі төмендетілген 3% көлеміндегі, 20 жылға берілетін және комиссиясыз жаңа қарыз беру арқылы $200 мыңнан аспайтын негізгі қарызды қайта қаржыландыруға жұмсалады деп жоспарланған болатын.
Михаил Кленчиннің айтуынша, қазақстандық банктер жағдайы күрделі борышкерлер төлеуі тиіс сыйақыны да, барлық өсімпұлды да "кешіруге", сонымен қатар, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені 3%-ға түсіруге, ал доллармен алғандардың валютасын теңгеге ауыстыруға келіскен.
Ұлттық банк жедел түрде Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы, ҰҚК, прокуратура, "Нұр Отан", Алматы әкімдігі, банктер, ҚҚДҰҚ өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар енген ведомствоаралық жұмыс тобын құрды. Наурыз айының аяғында іс-әрекет бағдарламасы түзіліп, келісім-шарт дайын болған екен. Бірақ, жоғарыда аталған мәселеге қатысты аталған бағдарламаның болашағы әзірге беймәлім болып тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024