Қазақстан халықаралық ұйымдарға қатысқаны үшін 2016 жылдан бастап 55 млн доллар төлейтін болады
Бұл туралы бүгін үкімет сағатында еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді деп хабарлайды Kursiv.kz.
"Қазақстан енді реципиент-елден донор-елге айналды. Біз жоғары табысты елдер санатына көштік. Осыған байланысты әлемдегі қауіпсіздік үшін халықаралық жауапкершілігіміз де арта түспек. Әлемдік істерге белсенді түрде араласатын болғандықтан, қаржылай шығындарымызда көбейеді",-деді ол депутаттарға.
"Қазір Қазақстанның халықаралық ұйымдарға қатысуына байланысты ведомствааралық комиссия жұмыс істейді. Бұл комиссияның мақсаты еліміздің белгілі бір ұйымға атсалысу тиімділігін сараптайды. Қазір Қазақстанның халықаралық ұйымдарға төлеп отырған жарнасы 33 млн долларды құрайды. Донор-елдер санатына көтерілгеннен бастап, жарна көлемі кем дегенде 55 млн долларға дейін жоғарылайды. Сондықтан әрбір тиынның мемлекетке өз қайырымын беруін қадағалап отыруымыз қажет",-деп түсіндірді министр. Ведомства басшысының сөзінше, Қазақстан 100-ге жуық халықаралық ұйымға мүше.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024