Познавательный
Қазақстанда автомобиль бағасы қалай өзгереді?
Қазақстанға автомобиль әкелу ережелері тағы да өзгерді. Бұл жолы ЕАЭО елдерінен сату рұқсатынсыз келетін көліктерді елімізге кіргізуге тыйым салынды. Енді мұндай азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің кәсіптерін тек арнайы лицензия арқылы жалғастыра алады. Өткен аптада күшіне енген өзгеріс отандық нарыққа қаншалықты әсер етеді? Автомобиль бағасы қандай болады?
Kursiv.kz-тің жазуынша, көліктердің импорты туралы жаңа құжат Қазақстанға жаңа және қолданыста болған көліктерді қандай мөлшерде кіргізуге болатындығын анықтайды. Қазір бизнесін заңдастырғысы келетін тұлғалардан құжат қабылдау басталып кетті. Лицензия алу үшін кәсіпкерлерге Индустриалды даму комитетіне 3 құжат тапсыру қажет: осындай кәсіп түрімен айналысқысы келетіні туралы өтініш, нотариалдандырылған дилерлік немесе дистрибютерлік келісім және заңды тұлғаның тіркелгені туралы құжат. Өтініш 2 апта ішінде қаралады, құжат бергені үшін ақша алынбайды. Аталған норма енгізілгеннен кейін автосалондар заңды түрде үлкен партиядағы көліктерді саудаға шығара алады. Құқықтық органдардың айтуынша, машина бағасы күрт жоғарылап кетепейді.
"Бағалар қатты көтерілмейді. Біріншіден, ЕЭО елдерінен өзінің қажеттілігі үшін көлік әкелетін физикалық тұлғалар салық төлеуден босатылған. Ресми дилерлерде баға онсыз да өзгермейді. Сондай-ақ, үшінші елдегі импоршыларда да баға сол күйінде қалады, бәсекелестік орта бұрынғы қалпында болады", - деді Мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім басшысы Еділ Әзімшайық.
Дегенмен де, кейбір мамандар бұл саланы қадағалап отырған профильді ведомство жаңа өзгерістерге дайын емес деп есептейді.
"Бұл өте үлкен құжат, Қазақстанда бұған қатысты проблема бар. Қазір Қазақстанға заңды тұлғалар арқылы енгізілетін жаңа көліктердің барлығы Ресейге баруға мәжбүр. Сол жерде куәландырылып, содан соң ғана Қазақстанға өтеді", - деп түсіндірді Кедендік брокерлер ассоциациясының төрағасы Геннадий Шестаков.
Сондай-ақ мамандар "көлеңкелі" дилерлер күрделі жағдайдан шығу жолын табады деген сенімде. Себебі өзгеріс жеке тұлғаларға қатысты емес.
LS сұрастырған сарапшылар Қазақстанға көліктерді енгізуге шектеу қою автосалондардағы бағаның өсуіне әкеліп соғуы мүмкін деп есептейді. Дегенмен, нарықтың басқа ойыншылары баға бірте-бірте көтеріледі деп есептейді.
Тәуелсіз автомобильдік одақ басшысы Эдуард Эдоковтың сөзінше, тыйым салу жергілікті ресми дилерлерге қосымша салмақ сала түсті. Олар ресейлік автодилерлермен баға жөнінен де, сервис қызметі мен көліктердің үлгісі жөнінен де бәсекелестікке түсе алмайды.
"Мұндай шектеулер нарықта бәсекелестіктің төмендеуіне және салондардағы бағалардың өсуіне әкеліп соқтырады. Инвестиция және даму министрлігі тұтынушыларды қорғау деген желеумен тұтынушылардың өзін таңдау мүмкіндігінен, қол жетімді бағаға көлікке ие болу мүмкіндігінен айырып отыр. Әдеттегідей, мұндай рәсімдердің барлығы сіз бен біздің есепшотымызға әсер етеді", - дейді Э.Эдоков.
Тәуелсіз сарапшы
Ернар Дүкенбаевтың атап өтуінше, өткен жылғы рубльдің құлдырауынан кейін нарық тоқыраушылық жағдайында қалды. Бірақ, жеңілдікпен несие беру бағдарламасы да отандық автоөндірушілерге қоймаларындағы тауарларын өткізуге мүмкіндік берді.
"Енді алдағы жартыжылдық ішінде авто бағасы 15% көлемінде қымбаттауы мүмкін", - деп есептейді ол.
Оның пікірінше, әзірге Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру шарттары белгілі болмайынша, нарықтағы өзгерістерді болжау қиындау. "Бірақ бір нәрсені нақты айтуға болады. ДСҰ-ға толыққанды кіргеннен кейін біздің нарығымыз көптеген басқа да автоөндірушілер үшін қызықты болады және авто бағасы нарық және бәсекелестік реттеп отырады",- деді ол.
Еске салайық, өткен аптада шетелдік көліктерді кіргізу үшін ресми өндірушілерден рұқсат алу қажет деген
шектеу күшіне енді.