
Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz - Осы жылдың бірінші наурызынан бастап Қазақстанда Discovery Showcase HD атты жаңа арна жұмысын бастайды. Шетелдік арна Discovery Networks CEEMEA компаниясы және "Қазтелерадио" АҚ-мен серіктестігі арқылы келді.
Каналда Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra тәрізді ірі арналардың танымал шоулары көрсетіледі. Сондай-ақ Discovery Showcase HD қазақстандықтарға мемлекеттік тілде бағдарлама тарататын шетелдік арна болмақ. Алғашында көрермендер қазақ тілінде прайм-таймда қазақ тіліндегі шоуларды көре алады.
Жаңа арнаны ОTAU TV телерадиохабар тарату желісі көруге болады, кейінірек басқа операторлардың желілерінен де табылады. Discovery Showcase HD дистрибютері - Қазтелерадио компаниясы.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025