Экономика
Медиа
Қазақстанда телеарналардың телеконтентке арналған бюджеті қысқаруы мүмкін
Телеарналардың телеконтент жасауға жұмсайтын бюджеттері қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы Alma TV-дің контентті басқару департаментінің директоры Ғазиза Жаппарова айтты.
Оның сөзінше, басты себеп - дағдарыс. "Дағдарыс кезінде телеарналар мен продакшн компаниялар бірігіп әрі келісіп жұмыс жасаулары керек. Мүмкін ол айтарлықтай пайда әкелмес, бірақ қазіргі жағдайдан осылай шыға аламыз. Бұл телеарналарға да, телеконтенттерді шығаратындарға да көмектеседі",- деді Ғ.Жаппарова.
Alma TV басшысының есептеуінше, дағдарыс нарыққа сапалы өзгеріске әкелетін катализаторға айналуда. Бәсекелестік артып, продакшн компаниялар мен продюсерлік орталықтар төмен бағамен сапалы өнімдер ұсынатын болады. Дегенмен де телеарналардың телеконтент жасауға жұмсайтын бюджеттері қысқарылады.
"Егер арналар контентке бөлетін қаржысын қысқартса, келесі жылдан бастап дағдарыс контенттің саны мен сапасына әсерін тигізе бастайды. Нәтижесінде бұрынғыдан оңай, орташа жобалар мен қарапайым безендірулер болады",- дейді Alma TV департаментінің директоры. Ғ. Жаппарованың ойынша, сериал өндірісі дамитын түспек. "Телеарна жетекшілері отандық сериалдарды сапалы деңгейде түсірсе, сериалдардың сұранысқа ие бола алатынын, бәсекелестік туғызып, жоғарғы ретингке ие бола алатынын түсініп келе жатыр",- деді сарапшы.
Фото: russian.rt.com