XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы. Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономика-лардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы. Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ, қара" деп жіктеп, оған "капитализм", “социализм" атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үлгін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор. Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді. Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр. Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдык,, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде зшшды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді. Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.
1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚҚА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және ерекшеліктері
Қазіргі халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының мәні, ерекшелігі және деңгейі мыналардан көрінеді: - дүниежүзілік шаруашылықтағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі; - дайын өнімдердің саудасы көлемінің, құрылымының, сапасының өзгеруі оның таза алыпсатарлықтан ұлттық өндіріске қызмет көрсетушіге айналуы; - капиталдар келуінің қарқыны; - ғылыми-техникалық білімдер айырбасының және қызмет көрсетулердің дамуы; - жұмысшы күштері миграциясының өсуі; - жекелеген елдер мен аймақтардың экономикаларының үйлесу процестерінің жеделдеуі және кеңеюі. Өнеркәсібі дамыған елдердің (мысалы, Еуропалық Одақ елдері) сауда, өндіріс және несиеқаржы мәселелерінде жеткен жоғары деңгейі дүниежүзілік шаруашылық кешенінің қалыптаса бастағанының белгісі. Еуропалық Одаққа қатысушылар мемлекеттік шекаралары бола тұра біртұтас шаруашылық жүйесінің құрамдас бөліктері тәрізді қызмет атқаруда. Сөйтіп, іс жүзінде шаруашылық өмірдің интернационалдануы процесі жүріп жатыр. Жалпы, интернационалдану деген ұғымның астарында әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесінің көп деңгейлілігі жатыр. Бұл деңгейлер жекелеген елдерді бүкіл дүниежүзілік кешенге біріктіру мақсатында пайдаланылады. Интернационалдану дегеніміз халықаралық еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік-экономикалық байланыстарды қалыптастыру. XX ғасырда айырбастың интернационалдануы капитал мен өндірістің интернационалдануына жалғасты. Өндірістің халықаралық мамандануы мен кооперациясы жедел дами бастады. Ішкі ұлттық рыноктың шеңбері ірі көлемді маманданған өндіріске тарлық етті. Сондықтан, ол (өндіріс) ұлттық шекарадан объективті түрде шығады. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) әсерімен өндірістің интернационалдануы қай елде болмасын тек қана өз өндірісімен шұғылдануын экономикалық жағынан тиімсіз етеді. Дербес, ұлттық экономикалар дүниежүзілік экономикадан өз орнын іздейді, соған “бір кірпіш болып қалануға" мүлделі болады. Жұмысшы күшінің қозғалысы, кадрлар даярлау, мамандармен алмасу уақыт озған сайын интернационалдық мәнге толыға береді. Аталған байланыстардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеп, болашағын болжау дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына бастайтын төте жол. Жекелеген елдердің экономикаларының жақындасып, үйлесуі негізінде бүкіл дүниежүзілік капиталдар, тауарлар және қызмет көрсетулер рыногы қалыптасады, сөйтіп біртұтас дүниежүзілік шаруашылық кешенінің құрылу мерзімі жақындайды. Бұл халықаралық экономикалық қатынастардың ең жоғарғы деңгейі. Демек, дүниежүзілік экономиканы неғұрлым халықаралық экономикалық қатынастардың кешенді жүйесі ретінде қарастыру, соғұрлым дүниежүзілік рынокқа жеткізер жолды жеңілдетеді. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік деңгейін екі тұрғыдан талдап көрсетуге болады. Макроэкономикалық деңгейде оны жекелеген елдер мен аймақтардың халықаралық экономикалык, белсенділігі мен шетелге шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Мұндай ұмтылыстардың көздеген мақсаты - экономиқалық еркіндік, сауда мен инвестициялар жолындағы кедергілерді жою, еркін экономикалық аймақтарды құру т, б. Микроэкономикалық деңгейде мұны фирмалар мен кәсіпорындардың ішкі рыноктың шеңберінен шығын, әлемдік рыноктық кеңістіктерге ұмтылыстары байқатады. Мысалы, Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Жапония елдерінің "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару" ниеттері халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік кеңістіктерді игеруге ұмтылыстарының дәлелі. Біздің заманымыздың бірталай қайшылықтарына қарамастан, оның басты белгісі мемлекеттердің бір-бірімен қарсыласуы емес, қайта бірлескен іс-қимылдар мен өзара түсіністіктерді ортақ мүлделерге пайдалану болып отыр. Біртұтас, өзара байланысты және өзара тәуелді, мей-лінше дамыған әлеуметтік әділетті қоғам құру - дүние-жүзілік шаруашылықтың негізгі тенденциясы. Әрине, мұны проблемасы жоқ, тек қана ілгерілеуші қозғалыс деп айту әлі ертерек болар еді. Бұл қозғалыстың ілгерілеуіне мыналар әсер етеді: - индустриалды қоғамнан постиндустриалды, ақпаратты қоғамға өту; - технологиялық төңкерістер; - энергия, шикізат және азық-түлік мәселелерін шешу; - экологияның әлемдік проблемаларының шешімін табу. Бұл қозғалысқа теріс ықпалын тигізетін қауіпті де қатерлі күштерге ұлтшылдық, нәсілшілдік, діни фанатизм жатады. Сонымен, қазіргі уақыттағы халықаралық экономикалық қатынастардың мәні осы қатынастардың қарқындылығын арттырып, оларға жаңа келбет пен жаңа мазмұн беруде болып тур.
1.2 Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялая бағыттары
Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау және оның халықаралық қатынастар мен халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысу процестері енді ғана басталып келе жатыр. Дегенмен, мемлекетіміздің соңғы жылдардағы ұтылды әрі өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуға ұмтылыстарын атау керек. Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көп жақты ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді. Бұл арада, ең алдымен Ресей Федерациясымен өзара экономикалық қарым-қатынастардың жөні ерекше. Еуразиялық кеңістіктің едәуір бөлігіне орналасқан екі елдің қарым-қатынастары осы кеңістіктегі экономикалық тұрақтылықтың алғышарты және қуатты кепілі. Ресеймен, т. б. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерімен Кеден, Төлем және Валюта одақтарын қалыптастыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасып келеді. Бұл жұмыстардың қорытындысы қатысушы елдердің экономикалық дамуына өзінің игі әсерін тигізері даусыз. Орталық Азия мемлекеттерімен, ең алдымен Өзбекстан және Қырғызстанмен ынтымақастық жүйелі және қарқынды дамыту және одан әрі кеңейту мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Бул аймақтағы өзара тиімді экономикалық байланыстардың негізгілеріне отын-энергетика және су ресурстарын пайдалану, құрлықтық сипаттағы газ құбырларын тарту, көлік магистралдары мен байланыс жүйелерінің құрылыстарын салу мен пайдалану жатады. Экономикасы мейлінше дамыған едердің ішінде Америка Құрама Штаттарымен Экономикалық әріптестік өзінің оң нәтижелерін бере бастады. Соңғы жылдарда АҚШ-пен сауда-экономикалық қарым-қатынас саласында біраз келісімдерге қол жетті. Атап айтсақ, Сауда келісімі жасалып, оған мемлекет басшылары қол қойды. АҚШ-пен саудада біздің еліміз барынша қолайлылық берілген ел мәртебесіне ие болып отыр. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында Еуропалық бағыттың елеулі маңызы бар екені анық. 1996 жылы Қазақстан - Еуропалық Одақ бірлескен комитеті құрылды. Еуропалық Одақ елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру еліміз үшін елеулі саяси-экономикалық табыс болары сөзсіз. Экономикасы қуатты және инвестициялық мүмкіндіктері мол Германия, Ұлыбритания, Франция сияқты елдермен экономикалық қарым-қатынастардың жүйелі түрде дамуы Қазақстан экономикасының жедел дамуына жәрдем болары анық. Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен тығыз іс-қимыл мен әріптестікті дамыту, екі жақты байланыстарды кушейту өз мүмкіндіктерінен әлі төмен. Қазақстан экономикасын жаңарту, гүлдендіру бағытында осы елдердің инвестициялары мен үздік технологияларын алу проблемасы ерекше ықылас пен талаггга қажет етеді. АСЕАН-ға мүше елдермен, ең алдымен Индонезиямен, Малайзиямен, Сингапурмен экономикалық қарым-қатынастардың бізге тартымдылығы — ол елдердің тарихи қысқа мерзім ішінде қол жеткен орасан экономикалық жетістіктерінің іс-тәжірибесі. Туркия, Иран, Сауд Арабиясы т. б. Таяу және Орта Шығыс елдерімен экономикалық ынтымақтастыққа мүлделілігіміз жекелеген бағыттарды ұстанып қалмай, көп жақты шаруашылық байланыстарға ұмтылысымыздың сипатын көрсетеді. Қазақстан экспортының құрылымында шикізаттық бағыттың басым екендігі белгілі. Халықаралық интеграциялық процестерге еркін үйлесуді шешуге мынадай алғышартгарды орындау көмектеседі: - Қазақстанның рыноктық экономиканы дамытудағы негізгі кезеңдерден жеделдете өтуі; - КСРО-ның ыдырауымен байланысты бұзылған экономикалық үйлестіру процестерін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері шеңберінде мүмкіндігінше тезірек қайта жаңғырту; - Өнеркәсібі дамыған және дамушы елдермен, әр түрлі экономикалық топтармен байланыс механизмін жетілдіре беру; - Еліміздегі саяси халахуалдың турақтылығын қамтамасыз ету; - Қолайлы инвестициялык, ахуал жасап, экономикамызға ауадай қажет шетел инвестицияларын тарту және оларды жоғары тиімділікпен пайдалану; - Эспорт пен импорттың арақатынасын жіті қадағалап, белсенді сыртқы экономикалық саясат жүргізу; - Экономиканың ғылыми-техникалық прогресс жолымен дамуын ынталандыру; Аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстанда дамыған ғылыми-техникалық база мен шикізат қорларының мол көздері бар. Әрине, шикізаттың мол қорлары өздігінен, автоматты турде гулденуді қамтамасыз ете алмайды. Қазбалы байлықтар Қазақстан экономикасының өсіп, жетілуінің негізі екені даусыз, дегенмен тоқмейілсуге орын жоқ. Дүниежүзілік рынокқа қосылудың оңай жолдары жоқ. Ондағы қалыптасқан қатаң бәсекеге төтеп беріп, оңтайын таба білу үшін рынок конъюнктурасының сырларын талмай уйрену қажет. Бұл ретте еліміздің экономикалық қауіпсіздігі де естен шығармайтын мәселе. Дүниежүзілік шаруашылықтың талаптарын, халықаралық экономикалық қатынастардағы бәсекенің қыр-сырын үйреніп, жете тусіну - қазақстандық кәсіпорындар мен фирмалардың әлемдік рынокқа қосылуының негізгі шарттары.
1.3 Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар.
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізі макроэкономикалық тұрақтылық — инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады. “Қоғамдық өмірдің шешуші саласы — экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады"1. Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтармен қарым-қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдерімен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш-қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбұр болып, ТМД елдерімен “интеграция" саясатынан “үйлестіру" саясатына көшуді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі потенциалдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті. Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүниежүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциалдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар. Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүлдесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады. 1. “ТМД" Ресеймен, Украинамен, Беларусьпен, Орталық Азия мемлекеттерімен және ТМД-ның басқа мемлекеттерімен экономикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі: а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар; б) дүние жүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін шикізат эксперты саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі; в) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету; г) ғылыми-техникалык, орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу. 2. «Азия - Тынық мұхиты аймағы» Пекин — Сеул — Токио арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта — біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмысшы күшін қатыстыру рыногі ретінде үлкен мәні бар. 3. «Азия». Ықтимал өткізу рыногы және нарықтық экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Экономикаға инвестиция тарту үшін Шығыс және Алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық. 4. «Еуропа» ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуро¬па экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл сақталады. 5. «Америка» Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор. 6. Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық азаматтық авиа¬ция ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады. «Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз» . Республика Үкіметі бизнес үшін халықаралық сауданың қажетті болашағын құра отырып, халықаралық коммуникациялар қалыптастыру мен дамытуға жіті көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде Қытайдағы теңіз жағалауынан басталып Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Түркия арқылы Парсы шығанағындағы порттарға дейін баратын Трансазия темір жол магистралі іске қосылды. Осы мемлекеттердің темір жол желісі арқылы Ресеймен, Еуропа және Таяу Шығыс елдерімен жаңа қатынас жолдары ашылады. Қолда бар және жоспарланып отырған темір жол маршруттарымен Қазақстан жыл сайын 15-20 млн. тонна жүк тасымалдау ниетінде. Ресейдің Транссибімен салыстырғанда жаңа Трансазия маршруты Жапония мен Германия арасындағы жүк тасымалдау жолын 2,5 мың шақырымға қысқартады. Ал Суэц каналына шығып, теңіз арқылы тасумен салыстырғанда жол 10,5 мың шақырымға қысқарады. Каспий труба құбыры консорциумының барлык, ішкі проблемалары шешілді. Ол құбыр тарту құрылысына кірісіп, оны 1999 жылы аяқтайды. Мүның өзі қыруар мұнайды Қазақстаннан сырт жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірақ 2003—2005 жылдардан бастап балама мұнайгаз құбырлары қажет болады. Бұлар көмірсутегі өнімдерін сыртқа шығаруға және оны елдің ішінде тұтынуға бағдарланады. Әңгіме, атап айтк,анда, Кав¬каз дәлізін пайдаланудың мумкіндігі туралы болып отыр. Сондай-ақ мұнайды Жерорта теңізіне де, сондай-ақ Батыс Қытайдың аймақтарына да тасымалдау идеясының келешегі зор. 1997 жылы оптико-талшықты кабель пайдаланылатын Трансазия - Еуропа байланыс желісін іске қосу аяқталады. Мұның өзі таяу уақытта планетаның кез-келген нүктесіне бөгетсіз телекоммуникациялық жол ашуға мүмкіндік береді. Еуропа қайта құру және даму банкісінің көмегімен Каспийдегі Ақтау теңіз портын қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстары басталды. Олар аяқталғаннан кейін порт екі миллион тонна құрғақ жүк және 6 миллион тоннага дейін мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелте алады. Порт Иран арқылы Қазақстанның Таяу және Орта Шығыспен, ал Ресей өзендері мен Балтық теңізі арқылы Еуропамен сауда байланыстарын жасауын қамтамасыз етеді. Қазақстан арқылы жаңа әуе көтрлерін жасау жөнінде де жедел жұмыс атқарылуда. Олар келешекте Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға және керісінше жолаушылар мен жүк тасымалдағанда шығынды едәуір қысқартуға, жаңа астана, еркін экономикалық аймақ болып табылатын Ақмола қаласының құрылысын жеделдетуге жәрдемдеседі. Соңғы жылдары Қазақстанға б миллиард доллардан астам капитал енгізіледі. Мұнда 2000-ға жуык, бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Жасалған келісім-шарттар бойынша узақ мерзімді инвестициялар сомасы 60 миллиард доллардан асып түседі. Бұл ТМД елдері мен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бүкіл инвестициялық портфелінің 40 процентіне жуығын құрайды. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер арасындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады. «Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз» .
2-ТАРАУ. ӘЛЕМДІК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАТЫСУЫ МЕН РӨЛІ
2.1 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі
Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға муше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады. Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік: 1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде. 2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 процент болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 процент болды. 3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша турақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда—100,1 процент, соның ішінде өнеркәсіп өнімі — 100,2 процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде туңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді. 4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5 процент болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр. Солардың іпгінде: - облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет; - барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктіңәртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензия¬лар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді; - Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономи¬касын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталаған технологиялық кешендер құрып, өндіруі салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек. Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр. Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциалын ұлғайтын қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы кушінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, содай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы. Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыншық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады. Экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері. Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағыттындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ АҚШ “Таргетинг" дегенді пайдаланушы елдерге (негізінен “жаңа индустриалды елдер") қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады. Таргетинг - экспорттық потенциалды, негізінен бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру. 1997 жылдың басында, Мәскеуде, Интеграциялык, комитетте Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурде өткен БСҰ-ға муше мемлекеттер министрлері конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бул форумның мақсаты БСҮ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау, беделді Халықаралық сауда уйымы қызметінің жумыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады. 1996 жылы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкіметтері делегацияларының БСҮ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары, олардың осы бағытта қазір жүргізіп отырған қызметінің жоспарлары қаралды. “Төрттік" елдердің БСҮ-ға қосылу туралы қужаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың БСҮ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан узақ уақытқа созылатыны айтылды. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.
2.2 Халықаралық тауар айырбасындағы дамушы елдердің орны мен рөлі
Халықаралық еңбек бөлінісінде шаруашылық қызметгің көптеген сфералары қатысады. Соның ішінде ең алдымен шикізат пен дайын өнімдер өндірісін атап айту керек. Себебі, булар халықаралық сауданың негізін қалайды, сөйтіп дамушы және басқа елдер арасында экономикалық ресурстардың ауысуып қамтамасыз етеді. Да¬мушы елдер үшін, әсіресе, олардың ең кедей топтары үшін бул қаржы-валюталық табыстың сенімді көзі. Дегенмен, өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында материал және энергия сыйымдылығының төмендеуіне байланысты халықаралық саудадағы табиғи ресурстардың ролі кему үстінде. Мысалы, 90-жылдардың басында табиғи шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 25% болды. Сонымен қатар дамушы елдердің өздерінің арасында да дәстүрлі тауарлар улесінің арасалмағы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап жатыр. Айталық, 70-90 - жылдары дамушы елдердің жалпы экспорты көлемінде Африка елдерінің үлесі азайды. Олардың үлесі екі еседен артық, 17%-тен 8%-ке дейін кеміп кетті. Керісінше, азиялық елдердің үлесі үнемі арту үстінде. Шикізатты экспорттаушы-дамушы елдер қазірдің өзінде дүниежүзілік рыноктағы позицияларын тұрақтандыру үшін қосымша экспорттық мумкіндіктерді шуғыл іздестіруде. Бұл орайдағы басты бағыт экспортты диверсификациялау болып отыр. Экспортты диверсификация-лаудың мәні шетке шығарылатын шикізатты барынша өңдеу, ұқсату, сөйтіп дүниежүзілік рынокқа өнеркәсіп өнімдерінің жаңа түрлерін ұсыну. Көптеген проблемаларға қарамастан дәстүрлі тауарлар экспортын кеңейту ісінде дамушы елдердің дүниежүзілік рыноктағы үлесі бірте-бірте және үздіксіз артып келеді. Мысалы, 1992 жылы дәстүрлі тауарлар экспорты 1987 жылмен салыстырғанда 2,7%-ке өсті. Ал, 1993 жылы экс¬порт көлемінің тағы да 10%-ке өскені белгілі болды. Соңғы жылдары дамушы елдерде жиынтық экспорттың құрылымын қайта қарау процесі жүріп жатыр. Айталық, 90-жылдардың бас кезінде дамушы елдердің экспортындағы өнеркәсіп өнімдерінің (түсті металдарды қосқанда) үлесі 57,7-ке жетті. Бұл үлес тұрақты түрде өсіп келеді. 90-жылдардың ортасында дүниежүзілік экспорттағы олардың үлесі 25%-тен асты. Өнеркәсіп өнімдері экспортында машиналар мен жабдықтар экспортының маңызды рөл атқаратыны белгілі. Соңғы 20 жылда олардың экспорттағы үлесі 90 есеге дейін артты. Дамушы елдердің жалпы көрсеткіштерінің сыртында жекелеген мемлекеттердің экспорттык, мүмкіндіктері жасырын қалмас үшін кейбір мәліметтерді келтірейік. 1980-92 жылдары Иран, Конго, Лаос, Боливия, Парагвай сияқты елдердің халықаралық еңбек бөлінісіндегі үлесі шикізатты шетке шығару арқылы өсті. Басқа бір елдер дүниежүзілік экспорттағы өз үлестерін ұқсатушы өнеркәсіп өнімдерін қарқынды түрде шетке шығару нәтилсесінде арттырып отыр. Осы топтағы елдердің жетістіктерінің өзі әр қилы. Айталық, алғы шепте “жаңа индустриалды елдер" келе жатса, басқалары өздерінің экспорттық мүмкіндіктері көлемін біршама төмендетіп жіберді. Ондай елдердің қатарына, мысалы, Африкадағы ең ірі мемлекет Нигерия жатады. Бұл ел дүниежүзілік экспорттағы өз үлесінің кемуіне жол берді. Дүниежүзілік экономикадағы дамушы елдердің жалпы сипаттамасына қарасақ, онда ең нашар дамушы елдер халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінен бірте-бірте ығыстырылатын жағдайға душар болуы әбден мүмкін. Мұндай қорытындыға сауда және даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясының (ЮНКТАД) 1996 жылғы баяндамасының авторлары келген. Олардың пікірінше Букіл дүниежүзілік Сауда Ұйымының (БСҮ) Уруг¬вай раунды шеңберінде қабылданған әлемдік сауда пакті бойынша ауыл шаруашылығы өшмдерін экспорттау үшін берілетін субсидиялар (жәрдем ақша) қысқарады. Бұл шешім нашар дамушы елдер үшін күшті соққы. Себебі, астықтың, қанттың, еттің т. б. азық-түліктің өзіндік құны жоғарылайды да соған сәйкес ең кедей елдердің жыл сайынғы сауда дефициті (тапшылығы) 2000 жылға қарай 300—600 млрд. долларға өседі деген болжам бар. Дүниежүзілік саудадағы шикізат пен азық-түлік үлесінің азаюы оларды өндіруге маманданудың ролін біраз кемітіп тастады. Экономикалық өсудің шикізаттық бағытты ендігі уақытта тек көмекші роль атқаратын болады. Сондықтан, дамушы елдердің экономикалық өсуіне қажетгі қарқын беру үшін еңбекті көп қажет ететін қарапайым тауарлар өндірісін және оның рыногын игеруге тура келіп тұр. Халықаралық сауданың даму тенденциясы соңғы онжылдықта әртүрлі қызмет көрсетулер рыногының маңызы мен көлемінің өте жедел өсіп келе жатқанын көрсетеді. Дамушы елдер бұл саладағы өз мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет, ал қайсыбірі бұл мәселені мықтап қолға алды да. Мысалы, туризмді жандандыру, жұмысшы күшін жалақысы төмен “лас" жұмыстарды істеу үшін экспорттау т. с. с. Көптеген дамушы елдер үшін туризм шетелдік валютаны келтіретін негізгі арнаға айналып отыр. Египетте туризмнен түсетін валюта өз көлемі бойынша бұл елдің шетелдерде жұмыс істейтін адамдарының ақша аударуы мен шетелдік көмек арқылы келетін қаражаттардан кейінгі үшінші орында тұр. Соңғы жылдары шетелдік туризм Түркияда да ерекше қарқын алып, жедел дамуда. Егер, соңғы жылдары дүниежүзілік туристік алмасулар 4%-ке артса, Түркияда бұл көрсеткіш 8%-ке көбейді. Ұлттық экономиканың туристік секторы жедел дамып келе жатқан дүние жүзіндегі 5 елдің бірі — Түркия. Жұмысшы күшін экспорттаудан келетін валюталық тусімдер бойынша ең жоғары қарқын (жылына 10%) даму¬шы елдердің үлесінде. Жыл сайын табыстың осы көзінен мол пайда тауып отырған көптеген дамушы елдер еңбек ресурстарын экспорттауға әбден машықтанып алды. 80-жылдардың басынан бері жұмысшы күшін экспорттаудың ұлттық экономикаға келтіретін пайдасы бойынша Паки¬стан бірінші орында келеді. Пакистан жұмысшыларының шетелден аударатын валюталарының сомасы тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін экспорттаудан түсетін валютадан 5 есе артық. Египетте бұл көрсеткіш - 40%, Мароккада - 50%, Түркияда - 60%, Үндістанда - 8 0%. Кедейлік құрсауынан шығуға ұмтылыс дамушы елдерді экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамытута ынталандыруда. Ол үшін қолайлы инвестициялық ахуал мен қажетті инфрақұрылымдарды қалыптастыру және арнайы экономикалық аймақтар құру мәселелері дамушы елдердің күн тәртібінде тур. Дамушы елдердің бұл бағыттағы шаралары өздерінің алғашқы жемістерін де бере бастады.
2.3 Қазақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының болашағы
Ұлттық экономика дамуының, оны реформалаудың кезек күттірмес мәселелері Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын мейлінше күшейтуді талап етеді. Бұл байланыстар халык,аралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалануға жетелейді. Қазақстанның экономикалық мүлделерінің күрделілігі және көптүрлілігі дүниежүзілік қоғамдастықтың даму дәрежесі әр деңгейлі елдерімен экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыруды талап етеді. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әрбір елдің халықаралық еңбек бөлінісіне нақты қатысу мүмкіндігі оның экономикасының экспортқа бейімділігімен анықталады. Елдің экспортқа бейімділігі салыстырмалы артықшылықтары бар өндірістер мен құрылымдарды мейлінше жандандырып, дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды. Ал, мұның өзі өз кезегінде елдің экономикалық ресурстарын толық және тиімді пайдалануға жол ашады. Қазақстан мен дамушы елдер экономикаларының бірін-бірі толықтыру мүмкіндіктері жеткілікті. Оларға қойылатын дүниежүзілік рынок талаптарының ұқсастығы, өзара мүдделілік т. б. дамушы елдермен сауда-экономикалық қатынастарды көптеген позициялар бойынша өрістетуге ынталандырады. Мамандардың айтуынша дамушы елдердің рыногы Қазақстан экономикасына қажетті құрылымдық өзгерістер мен экспортты диверсификациялауды жүзеге асыру үшін мейлінше қолайлы. Жалпы, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтудің негізгі екі жолы бар. Біріншісі, отандық тауарлар құрылымын жетілдіру, екіншісі сыртқы сауда операцияларының географиялық ауқымын кеңейту. Аталған бағыттар өзара байланысты. Қазақстан экспортын дамыту жөнінде сөз болғанда, ең алдымен елдің шикізат ресурстарын экспорттаудың ұтымды бағыттарын қарастыру қажет. Ел экономикасының мүдделеріне сай сыртқы сауда-экономикалық байланыстарды қалыптастыру үшін объективті мүмкіндіктердің бәрі бар. Оларға, ең алдымен Қазақстанның табиғи қазба байлықтарының мол қоры жатады. Пайдалы қазбалардың зерттелген қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі ең бай елдердің қатарынан орын алады. Менделеев кестесіндегі 115 элементтің 99 элементі республика қойнауынан табылды, оның 70 түрінің қоры анықталган, 60 түрі өндірістік әдіспен қазып алынуда. Мұнай, газ, мар¬ганец, хром, фосфор, темір рудалары, вольфрам, молиб-ден, қорғасын, көмір запастары бойынша Қазақстан дүние жүзі елдерінің бірінші ондығына кіреді. Сонымен қатар, Қазақстанның дамыған пайдалы қазбалар шығару өнеркәсібі бар. Шикізат экспортының өсуіне дүниежүзілік рыноктағы оған деген сұраныстың төмендеуі кері эсер етіп отыр. Сондықтан Қазақстан шикізатына қызығушы елдердің сұранысын тұрақты түрде ынталандыру үшін оны өңдеудің технологиясын мейлінше тереңдету қажет. Мысалы, алтын запастары бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі алтын өндіруші елдердің бірінпгі ондығына кіреді, дегенмен оны өңдеу жұмыстары енді ғана қолға алына бастады. Түпкі нәтижелерге, түпкі тиімділікке ұмтылу қазіргі күннің басты талабы. Экспорт саясатында жаңа географиялық кеңістіктерді игеруге ұмтылыс, дамушы елдермен де байланыстарды нығайтуды көздейді. Бұл мәселенің тағы бір жағы — өнеркәсібі дамыған елдер біздің олар үшін тек шикізат базасы болып қала бергенімізді қалайды. Ол елдердің өңдеуші, ұқсатушы өнеркәсібі бұрыннан қалыптасқан, тиімді жұмыс істейді. Дамыған елдерді Қазақстан арзан шикізат көзі ретінде ғана қызықтырады. Сондықтан, Қазақстанның экспорттық саясаты ескі бай¬ланыстарды сақтай отырып, халықаралық экономикалық қатынастарда жаңа әріптестерді табуға бағытгалуы еліміздің экономикалық өсу ұмтылыстарына сай келеді. Дәл осы тұрғыдан Қазақстанның дамушы және “жаңа индустриалды" елдермен экономикалық қатынастарын жандандыру болашағынан көп үміт күттіретін процесс болмақ. Мұның өзі Қазақстанның негізгі стратегиялық мақсаты — ұлттық экономиканың аграрлы-шикізат құрылымын өзгерту үшін өте қажет мәселелер. Импорттық саясатта мемлекеттің өмір сүруіне қажет өнімдерден өзгелеріне икемді әкімшілік-экономикалық саясат устану керек сияқты. Себебі, импортты ынталандыру, практика көрсетіп отырғанындай ұлттық іскерлікті дамытута зиянын тигізеді. Әрине, рыноктық экономиканың заңдылықтарынан жасырынып, бұғып қалу еіпкімнің қолынан келмейтін іс, дегенмен шетел тауарларымен бәсекелік күреске түсе алатындай ұлттық өндірістің алғы шарттарын жасаудың орнына оларды тұншықтыра бергеннен келер пайда жоқ. Импорттық тауарлардың кейбір түріне жоғары кеден бажын салу арқылы, дәл сол тауарлардың улттық өндірісін қалыптастыруда мемлекеттік реттеу шараларын қолдану артык, болмас еді. Қазақстан экспортының тауарлық қурылымы 1996 жылы мынаны көрсетті: 48% — астық экспорты, 32% — химия және тусті металдар экспорты, 9% — сирек металдар экспорты. Дамушы елдермен экономикалық қатынастарды қалыптастырып, жандандыруды ол елдерден халық тұтынатын тауарлар, техника мен технологияны импорттау мәселесіне де зер салу қажет. Бул мәселені шешу барысында өнеркәсібі дамыған елдердің іс-тәжірибесінен уйрену артық болмайды. Ең алдымен дамушы елдермен бірлескен кәсіпорындар қуру, сол себепті капиталдарды шоғырландыруды жүзеге асырған жөн. Екіншіден, импорт тепе-теңдігіне жету бағытында Қазақстанмен сауда балан¬сы оңды елдерден импортты балансы теріс елдерге қарай аудару да естен шықпағаны дурыс. 90-жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, дамушы ел¬дерден, әсіресе “жаңа индустриалды елдермен" өнеркәсіп өнімдерінің, киімнің, аяқ киімнің, күнделікті қажет тауарлардың кең ассортиментін алуға мумкіндік бар. Дамушы елдермен экономикалық қатынастарды кеңейтуде екі жақты және көп жақты ғылыми-өндірістік ынтымақтастықты дурыс жолға қоюдың да әкелер пайдасы жоқ емес. Мұндай ынтымақтастықты ең алдымен улы көршіміз Қытаймен, Түркиямен, Парсы шығанағы елдерімен қалыптастырған жөн болар еді. Дамушы елдермен экономикалық байланыстарды нығайту ушін жүйелі әрі ғылыми дәйекті стратегиялық бағыттың бағдарламасы қажет.
2.4 Қазақстан және ТМД-ның экономикалық қатынастарының болашағы мен мақсаттары
Қазақстанның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған ЕАО жобасы ТМД-ның басым жактарын дамытуға бағытталған, яғни "бұл дегеніміз — әлеуметтік-экономикалық құрылым мен экономиканың жоғары дәрежедегі интеграциялануы және жалпы тарихи-мәдени дәстүрлерді, тұрғындардың ділін дамыту". Еуразиялык, Одақ — ТМД-нан мүлде баскаша одақ. Өйткені Еуразиялық Одақтың негізінде экономикалык, қорғаныс, сырткы саясатты реттеуді мақсат тұтқан халыкаралық органдарды кұру жатыр. Стратегиялық мәселелерді талқылау үшін ЕАО үкіметі мен мемлект басшыларының кеңесін кұру жоспарланып отыр, сондайақ Еуразиялық Одаққа кіретін елдердің заң шығару кызметін қадағалайтын жалпы парламентке тікелей сайлау өткізу де басты назарда. Осының өзінде Еуразиялық Одаққа мүшелік кайсы бір екіжақты қарым-қатынастардың үшінші елдермен орнатылуына еш кедергі келтірмейді. Ұсынылып отырған Одақтың негізгі принципі — теңдік, мемлекеттердің егсмендігі мен тәуелсіздігін, әрбір мемлекеттің жекелігі мен тұлғалык кұкығын сыйлау. Әскери салада қорғаныс министрлігінің Ксңесі баскаратын әскери-корғаныс кешенін құру көздслген, сыртқы саяси қызметті реттеу сыртқы істер министрлігі Кеңесіне жүктеледі. Күнделікті жұмыстарды аткару үшін Еуразиялык Одақтың мемлекетаралық атқарушы секратариаты кұрылуы мүмкін, ол тұрақты нсгізде жұмыс істемек, оның кұрамын мемлекет басшылары айқындайтын болады. Бұл орган БҰҰ мен ОБСЕ-да бакылаушы мәртебесін иемденуі кажет. Аткарушы секретариаттың кұрамы акпараттық бюроға маңызды орын беруі мүмкін. Ұлттық азшылыктардың құқыктарын корғау мен жүзеге асыру және келісілген білім саясатын қалыптастыру мақсатында білім, мәдениет жәые ғылым Кеңесін құру келелі істердің бірі. ЕАО-ның құрылуы осы Одақтың барлық мүшелері үшін жалпы құжат пен азаматтықты кіргізуді, сондай-ақ экономикалык реформалардың келісілген міндстті бағдарламаларын жасауды, халыкаралық валютаны кабылдауды көздейді. Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының 47-ші Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде: "Біздің достастыктың іргелі шаңырағы әзірге Еуразияның осы бөлігіндегі халықтар мен елдердің өзара әрекет етуінің ғасырлар бойғы дәстүрлерін толығымен есепке алмай отыр. ТМД-да еркін нарық экономикасы мен демократияға өту процессі әлеуметтік-экономикалык және саяси тұрақсыздыктың өсуімен, қазіргі даудамайлардың өршуімен және жаңаларының тууымен ерекшеленеді", — деп атап өтті. Сонымен катар 1994 жылы Н. Назарбаев ұсынған "Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын кұру туралы" жобасы ТМД-ны құртуды білдірмейді, себебі, жобада көрсетілгендей: "ТМД мемлекетаралық бірлестік ретінде оған кіретін мемлекетаралық қатынастардың кұкықтық дайындалуында үлкен роль атқарады. ТМД-ның мүмкіндіктері олі тұгесіле қойған. жоқ". Мұның үстіне, Еуразиялық Одакка мүше-мемлекеттер ТМД-мен қатар баска да интеграциялық бірлестіктерге қатыса алады, сонымен бірге ассоциациялык немесе тұрақты мүшелік негізінде бакылаушы мәртебесіне де ие. Еуразиялык Одақ - бұл кеңес дөуірінен кейінгі кеңістікте тұрақтылыкты және міндеткерлікті, әлеуметтік-экономикалық жақсартуларды нығайту максатына бағытталған интеграцияның жаңа түрі. Еуразиялык, кеңес дәуірінен кейінгі кеңістік үшін ХХ-ХХІ ғасырлар арасы жаңа мемлекеттердің тәуелсіздік пен егемендік алуындағы тарихи дәуір ғана емес, сондай-ак әлеумсттік-экономикалық тұрактылықтың жаңа түрін іздеу кезеңі болды. Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы саяси, әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешу барысында ғана емес, сонымен катар экономикалық интеграция моделін таңдау мәселесінде де шым-шытырыққа, түйыкқа тірелді. Кеңес дәуірінен кейінгі мемлекеттердің саяси зиялылары әуелі қазіргі өркениеттің және ұлттык дәстүрлердің құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдык сананы калыптастырмаса, мемлекеттік құрылысты құрудағы кез келген бастамалардың тиімсіз болатынын дұрыс түсінеді. Кдзақстан да дәл Ресей секілді Еуразияның орталыгы, ендеше, ол да геосаяси базисті таныта отырып, болашақтағы Еуразиялық Одақтың кұрылымдары айналып тұратын алтын діңгек болып табылады. Бұл құрылымдар алғашқыда әлеуметтік-экономикалық интеграцияның аймақтық орталықтары болып есептелінеді, олар болашақта қуатты саяси-экономикалық бір одаққа бірлесе алады, осылайша экономикалык бүкіл әлемдік және аймақтық экономикалық интеграция (әлемдік дамудағы негізгі бағыттар болып есептелінеді) тұрғысынан алғанда әлем тағдырында орасан роль атқаруы мүмкін. Жаңа тәуелйз мемлекеттер әлеуметтік-экономикалык интеграция мәселелерін шеше отырып, ортақ бір мақсатқа жұмылған, оны мыналар анықтайды: - XXI ғасыр басында тұрақтануды қамтамасыз ету, одан әрі экономикалык өсуге қол жеткізу; - инфляцияның жылдық қарқынын төмендетуді жалғастыру; - қаржы секторы мен өнеркәсіптерді реформалау; - өндірістік инфрақұрылымды жаңарту; - құрылымдык-институционалдық реформаларды жалғастыру, тиімдігілі жоғары бәсекелік мүмкіндігі мол өндіріс орындарына тура инвестициялар ағынын кұятын және инвестициялық белсенділіктің өсуін ынталандыратын жағдай жасау; - іскерлікті колдаудың мемлекеттік саясатын нығайту, бірінші кезекте ұсақ және орта бизнесті қолдау; - мемлекеттік билік институттарын, заңдылық пен тәртіпті, төлем және каржы тәртібін нығайту, экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерін жетілдіру; - жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір баскару міндетін тапсыруды күшейту, жергілікті органдардың атқару биліктерінің кызметін нығайту мен кеңейтуге бағытталған реформаларды жүзеге асыру. Еуразиялык интеграцияның өте күрделі жол таңдағаны анық, бұл жерде табыска жүз процент қол жететініне кепілдік жок, тек қана прагматизм, жалпы игілік үшін ынтымақтасудың кажеттігін түсіну жөне шыдамдылық ТМД-ға өтпелі кезенді ауыздықтап, өз мемлекеттерінің жалпы өркендеуіне қол жеткізуге көмектеседі. Қазіргі халықаралық қатынастарда интеграция көп қырлы, жан-жақты және кешенді процесс. Интеграция бірігуші елдердің жалпы және арнайы ерекшеліктерін есепке алуы қажет. Мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық интеграциялардың айырмашылықтары бар, осы екі процесс диалектикалык жағынан бір-бірімен матаса отырып, жекелеген елдердің, мемлекет топтарының, аймактық қоғамдастықтардың және жалпы халықаралық қатынастардыд жүйесінің қызмет етуін сипаттайды. Соғыстан кейінгі жылдары қалыптаскан ұлттық, экономикалык және саяси жүйелердегі бүкіл олемдік бірігу және халықтардың туыстық араласу процесстерінің белсене жүзеге асуына байланысты объективті өзгерістер халықаралык қатынастарда пайда болған кұбылыстарды концептуальды түрде ойлау кажет екендігін байкатады. Саясатшылар мен ғалымдардың арасында дүниеге келген интеграция идеясы теориялык қалыптасу мсн ғылыми болжауды кажет етеді. Әртүрлі мектептердің шеңберінде пайда болған интеграцияның көптегеп саяси теориясы осы көпкырлы процесстің ерекшеліктерін айкындауға тырысты. Соган карамастан, бүгінге дейін мемлекетаралық интеграцияның тұтас тұжырымы жасалған жоқ. Мүмкін, ол аталмыш процесстің әлемнің әртүрлі бөлігінде объективті арнайы ерекшеліктерімен отіп жатканына байланысты болар.
3-ТАРАУ. ӘЛЕМДІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОДАҒЫ ҚАТЫСУЫ
3.1 Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орыны
Қазақстанның дүние жүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Heгізгі валюталық саясаттың бipi - теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бip жағынан, теңдестірілген (баланстылған), екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы курсының (құнының) орнықтылығы. Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы. Қазақстанда қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына (внутренняя конвертируемость) ic жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысу дегеніміз - ол теңгенің ішкі валюта рыногында шетелдік валютаға өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу мүмкіндігі. Ал, теңгенің толық ауысу (полная конвертируемость) мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси-экономикалық және қаржы-қаражат турақтылығы, алтын, валюта резервтерінің қорлануы, ТМД елдерімен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы қажет. 90-жылдардың ортасына қарай теңгенің ішкі ауысуының тұрақсыздығы экономиканың, сонымен қатар қолда бар ақша айналымының едәуір “долларлануына" әкелді. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылыстары қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфельдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктерт береді. Керісінше, егер валюталық шектеулерге, шетелдік капитал үшін қолайсыз инвестициялық ахуалға, ұлттық валютаға тұрақты сенімсіздік жағдайларына жол бepiлce аталған мүмкіндіктерден айырыларымыз анық. Бұл факторлардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің кумәні болмаса керек. Осы тізбекті үзіп алмай, экономикалық реформалар бағытымен тынбай қозғалу, шаруашылық жүргізу механизмін, соның ішінде валюта рыногын дамыта беру Қазақстанның дүниежүзілік рынокта өз орнын табуының кепілі. Қазақстанның валюта саясатының маңызды бағыттарының бipi ТМД елдермен экономикалық және ва¬люта одағын қалыптастыру. Бұл арада Еуропалық Одақ шеңберінде қалыптасқан бай тажірибені пайдалану қажет. Қазақстанның Халықаралық валюта Қоры (МВФ) сияқты халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болып Kipyi ел экономикасын жандандыру үшін қарыз, касіпкерлік капиталдарын келтірудің оңтайлы жолы болып отыр. Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымда-ры біздің елге бірқатар несиелер береді. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі төлем мүмкіндіктің төмендегі оған бөлінген кредиттердің тауар жеткізуге байланыстырылып, немесе белгілі бip нормалармен (инфляция деңгейі), бюджет тапшылығы т. б.) шектеліп, инвестициялық жобаларға бекітіліп отыр. әрине мұндай жобаларды жедел жүзеге асыру мүмкін емес, ал оның кейбір бвліктерінің пайдаланылмай қалуы да ғажап емес. 1997 жылдан бастап Қазақстан үкіметі өз жұмысының басты бағыттарының бipi шетелдік Инвестицияларды тарту және оларды тиімді орналастыру деп ұйғарып отыр. Инвестицияларды дамушы мемлекеттерді былай қойганда, дамыған елдердің өзінің пайдаланатындығы белгілі. Шетелдік инвестициялар рыногындағы ахуал оларға деген Шығыс Еуропа және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің орасан зор сұранысына байланысты елеулі шиеленісіп келеді. Осының нәтижесінде капиталды импорттаушылар арасында үлкен бәсеке к,алыптасып отыр. Қазіргі уақытта әзірге капиталды тарту мәселесінде Қазақстанның бәсекелестик қабілеті төмен болып отыр. Қазақстан әлі де болса қызмет көрсетү және инфрақұрылымды дамытудың шетелдік инвесторларға қолайлы деңгейіне жеткен жоқ. Кептеген заңдарда, нормативтік актілерде шетелдік капиталмен жұмыс істеу жүйесінің өзінде де әлі айқындық жоқ. Біз әрбір инвестормен жеке келісуге мүмкіндік беретін жеңілдіктер мен преференциялардың (жеңілдетілген кеден бажы) икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыруға ұмтылуымыз қажет. Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасын әзірлеу қажет, ол мынадай қағидаларды қамтуға тиіс: 1) Біздің елімізге шетелдік бизнесмендердің келүіне байланысты барлық рәсімдерді оңайлату. Біз визалар алу, шекара және кеден бақылауымен ету, жұмыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп-тұруға руқсаттар бе¬ру женіндегі барлық ережелерді және тағы басқаларын қайта қарауымыз керек. Куллі іскер әлем қарым-қатынас жасасатын ағылшын тіліне қазақстандықтарды жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету саласында істейтін адамдарға қатысты, өйткені, тәжірибе кврсетіп отырғандай, ipi бизнес тілдік кедергілері бар елде нашар бейімделеді. Нақ сондықтан да дамушы елдердің көпшілігі осындай, бip қарағанда ұсак, мәселеге мейлінше салиқалы назар аударады. Біздің авиажелілеріміздің, әуежайларымыздың, ондағы қызмет керсетудің қолайлылырына, жоғары сапалы мейманханаларының, телекоммуникациялардың болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесменге неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеу болуға тиіс. Бұл қызметтердің құны оны әдетте екінші кезекте ғана толғандырады. 2. Инвестицияларға немесе кредиттерге салық үзілістердің жеңілдікті ставкаларды, салық шегерімдерін беруді қоса алғанда, салық жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны, жеңілдікті кеден бажын және тағы басқаларын енгізуге баруға турады. Олар мемлекеттік басымдықтарды іске асыру үстінде жаңа құрылыс салу жайында әңгіме қозғалған жерде және тек қана сонда болуға тиіс. Тым жан-жаққа шашырай берудің қажеті жоқ қарапайымнан курделіге қарай жүріп отыру қажет. Бүгін біздің инфрақұрылым объектілеріне — энергетикаға, газ және мұнай құбырларына, әуежайларға, мейманханаларға, байланыс құралдарына, автомобиль және темір жолдарға, су құбырларына назар аударуымыздың қажеттігі айқын. Бұл міндеттерді шешпейінше, елде қолайлы инвестициялық, ахуалдың экспорт пен сауданың, бизнестің өмір суруін қамтамасыз етудің куллі жүйесінің жақсы жұмыс icтeyi мүмкін емес. Импортты алмастыру және бәрінен бұрын халық тутынатын тауарларды, тағам мен ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу өнімдерін алмастыру жайында байсалды түрде ойлану қажет. Ақыр соңында, аймақтық басымдықтарды әрі ең алдымен халықты жумыспен қамту турғысынан айқындау қажет. Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі басым-дықтар жүйесімен қатар ұластырылуга тиис. Бул ретте жеңілдіктер берудің барлық ықтимал қиянаттарына сенімді тосқауыл қоя отырып, меіліншеш уқыпты түрде ойластырған жөн. 3. Жер мен жылжымайтын мүлікке берілетш қуқық туріндегі гранттар, қызметкерлерді оқытуға арналған демеу қаржы, әр турлалымдарды азайту түріндегі субсидиялар сияқты нысанды да пайдалану қажет. Бірақ тағы да басым болып табылатын салаларда ғана. 4. Үкіметтің капиталды сыртқа шығаруға, әр түрлі қызметтер мен жергілікті шикізатты артықшылықты пайдалануга арналған кепілдіктерін күшейту қажет. 5. Үйлестірілген және оралымды жумыс жүргізу үшін тікелей шетелдік инвестициялармен айналысатын арнайы мемлекеттік орган қуру қажет. Шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасымен қазірдің өзінде мамандар жұмыс icтeп жатыр. өз уақытында ол жария етіледі.
3.2 Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі
Халықаралық үкіметаралық уйымдар (ММПО) қазіргі халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқарады. Халықаралық уйымдардың бұл категориясының маңыздылығы олардың жумысына мемлекеттер мен үкіметтердің ресми түрде қатысуында болып отыр. Мемлекеттер бул уйымдарға мүшелігін өздерінің сыртқы экономикалық саясаттары мен қызметтерінің басты бағыттарының бірі деп қарастырады. Мұндай ұйымдар үкіметтердің ерекше қамқорлығында: әрбір мемлекеттің сыртқы істер министрлігі құрамында халықаралық ұйымдармен шұғылданатын бөлімдер бар, халықаралык, үкіметаралық ұйымдарға төленетін мүшелік жарна мемлекеттік бюджеттің сыртқы саяси және сыртқы экономика¬лык, қызметіне арналған бабының қомақты бөлігіне ие болуда. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қатарынан экономикалық мәселелермен шұғылданатын ұйымдардың қызметін атап көрсетейік. Ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық секторындағы жағдайды қарастырайық. БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметгік кеңесі (ЭКО СОС) Бас Ассамблеяға, оның комитеттері — Екінші комитетке (экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі) және Үшінші комитетке (әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет жөніндегі) есеп беруге міндетті. БҰҰ-ға мүше елдердің қатары өскен сайын экономикалык, сектордың салмағы да арта түсуде. 60-жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД). Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұйым (ЮНИДО) сияқты ірі экономикалық органдар құрылды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі СТО¬КГОЛЬМ конференциясы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) жүзеге асыра бастады. БҰҰ-ның экономикалык, қызметтермен шұғылданатын бөлімдері оның ресурстарының басым бөлігін (65-тен 90%-ке дейін) жұмсайтын көрінеді. Егер БҰҰ-ның маманданған мекемелері жөнінде айтатын болсақ, олардың қатарынан “таза" экономикалык, бөлімдерді бөліп алудың өзі қиын. Әрине, БҰҰ-ның органдары мен ұйымдарын экономикалык,, әлеуметтік т. с. с. деп бөлудің өзі шартты нәрсе. Дегенмен жыл сайынғы жүздеген миллион бюджеттік шығындар БҰҰ-ның экономикалық қызметінің деңгейін көрсетсе керек. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ), Халықаралык, еңбек ұйымының (MOT), БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО), қызметтерін жалпы талдау олардың іс-әрекеттеріндегі экономикалык, аспектілердің мейлінше маңызды және басым екендігін көрсетеді. Қазақстан БҰҰ-ға оның 164-ші ұлттық мушесі болып 1992 жылдың 2 наурызында қабылданды. Біздің Респуб¬лика БҰҰ-ның саяси мәселелер жөніндегі блогының белсенді мүшелерінің бірі. Қазақстанның бул беделді халықаралык, ұйымдағы белсенділігі, әсіресе ядролық қауіпсіздік мәселелерімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразиялык, қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалары да көпке мәлім. Қазақстандық өкілдіктің БҰҰ-ның көмекші органдарындағы іс-қимылдары айтуға турарлық. Соңғы уақыттың өзінде Қазақстан БҰҰ-ның экономикалык, және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС), елді мекендер комиссиясы мен ақпарат Комитетінің мүшелігіне кірді. Біздің Рес¬публика БҰҰ Бас Ассамблеясының космосты бейбіт мақсаттарға пайдалану комитетінің де мушесі Қазақстан БҰҰ-ның даму және қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасымен (ЮНЕП) де белсенді ынтымақтастықты қолдап, олардың Арал, Каспий, Семей проблемаларын шешудегі көмегіне үміт артып отыр. БҰҰ-ның даму Бағдарламасы (ПРООН) 1965 жылы қурылған. Бул Бағдарлама - дамушы елдерге көп жақты техникалық және инвестицияға дейінгі көмек көрсететін негізгі арна. Аталған көмектер эксперттерді жіберу, жабдықтар беру, стипендиялар тағайындау сияқты нысандарда жүзеге асырылады. БҰҰ-ның даму Бағдарламасының Қазақстандағы қызметі 1993 жылы басталып, улттық кадрларды даярлау, үкіметке консультативтік көмек көрсету бағыттарында жүргізіліп келеді. БҰҰ-ның маманданған мекемелері Бүкіл дүниежүзілік метеорологиялык, ұйым (ВМО) — ме^еорологиялық және гидрологиялық мәселелер жөігіндегі халықаралық үкіметаралық ұйым 1950 жылы құрылған. Штаб-пәтері Женевада орналасқан. Қазақстан ВМО-ға 1993 жылы мүше болып кіруіне байланысты оның аймақтық тораптарын құруға қатысу мүмкіндігін алды және ВМО-ның көмектесу бағдарламасы шеңберінде қажетті жабдықтар алуға қол жеткізіп отыр. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) дүниежүзінің 170-тен астам мемлекеттерін біріктіреді. Женевада орналасқан. Қазақстан ВОЗ-ға 1992 жылдан муше. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біздің мемлекетке шетелде мамандар даярлау, жаңа әдебиеттер мен оқу құралдарын шығару сияқты істерде көмек беріп отыр. ВОЗ-дың бағдарламасы негізінде Семей полигоны аумағы халқының денсаулық жағдайы мен қажеттіктері зерттелуде. ВОЗ Алматыда денсаулық сақтау жүйесі үлгін біліктілігі жоғары маман-менеджерлер дайындайтын Орталық ашуды жоспарлап отыр. Бүкіл дуниежүзілік инттеллектуалды меншік ұйымы (ВОИС) — құрамында дүние жузінің 140-тан астам мемле¬кет бар халықаралық, үкіметаралық ұйым. Қазақстан ВОИС-қа 1992 жылдың ақпанынан бастап муше, біздің мемлекет өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж одағының мүшесі және патенттік кооперация жөніндегі шарттың, тауар белгілерін тіркеу жөніндегі халықаралық Мадрид келісімінің белсенді қатысушысы. ВОИС Қазақстанның ұлттық патенттік ведомствосына, мемлекеттік авторлык, құқық агенттігіне мамандар даярлау, техникалық жабдықтау әдістемелік, ақпараттық қолдау мәселелерінде едәуір көмек көрсетіп келеді. Бүкіл дүниежүзілік почта О даты (ВПС) — халықаралык, ұйымдардың ең көнесі 1874 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 170-тен астам мүшесі бар. Одақтың мақсаты — почта байланыстарын ұйымдастыру мен жақсартуды қамтамасыз етіп, бұл саладағы халықаралық қатынастар үшін қолайлы жағдайлар жасау. Бүкіл дүниежүзілік почта одағына Қазақстан 1992 жылдың тамызында мүше болып кірді. Сеулде (Корея Республикасы) шақырылған соңғы бүкіл дүниежүзілік почта конгресінде Қазақстан осы одақтың жоғарғы органы — атқарушы кеңестің құрамына сайланды. Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО) 1958 жылы құрылған. Штаб-пәтері Лондонда. 1994 жылдың наурызында Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымына мүшелікке қабылданады. Бул одақ кеме қатынасы, теңіздегі қауіпсіздік, навигация, теңіздің ластану мәселедері шеңберінде ынтымақтастыққа қызмет етеді. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 1995 жылы құрылған. 183 мемлекетті біріктіреді. Мақсаты; халықаралық әуе қатынастарының принциптері мен әдістерін жасау; азаматтық авиацияға көмек көрсету; үшу жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымына 1992 жылдың ішлдесінен бері мүше. 1994 жылы дүниежүзілік әуе транс¬порты процесіне мейлінше интеграциялану үшін, сондай-ақ азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оның ережелері мен нормаларын қатаң орындау мақсатында Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 4-конвенциясына және Протоколына қол қойды. Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) — дүниежүзінің 170 мемлекетін әлеуметтік әділеттілікті жақтау, еңбек жағдайын жақсарту және қорғау, мамандыққа үйрету мәселелері төңірегінде біріктіріп отыр. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымына 1993 жылдан муше. 1995 жы¬лы аталған ұйым Алматыда Орталық Азия мемлекетіері ушін өзінің аймақтық офисін ашты. Халықаралық электр байланысы одағы (МСЭ). Бул одаққа 17 0 мемлекет мүше. Мақсаты: электр байланысының барлық түрлерінің техникалық жабдықтарын жақсарту телекоммуникация саласына жаңа технологиялар енгізу мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Қазақстан аталған ұйымға оның Жарғысы мен конвенциясына қол қойғаннан соң 1993 жылдың ақпанында қабылданды. БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі маманландырылған ұйымы (ЮНЕСКО) 1945 жылы құрылған. Оның мақсаты дүние жүзінде бейбітпгілік пен қауіпсіздікті нығайтуды ғылым, білім, мәдениет салаларындағы еларалық ынтымақтастықты мейлінше күшейту арқылы жүзеге асыру. ЮНЕСКО-ның секретариаты Парижде (Франция) орналасқан. Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылдың мамырында муше болып кірді. Қазақстанда және дүниежузінің басқа да көптеген елдерінде ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен. Абайдың 150 жылдығы және М. Әуезовтің 100 жылдығы салтанатты турде аталып өтті. 1995 жылдың тамызында Алматыда ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен “Орталық Азия мемлекеттеріндегі білім берудің жағдайлары" атты форум өтКізілді.
Халықаралық қаржы ұйымдары
Халықаралық валюталық қор (МВФ) 1945 жылы құрылған. Штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан. Мақсаты: халықаралык, валюталык, ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік сауданың кеңеюіне, мүше елдердің ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем ба¬лансы мәселелерін қысқа мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу. Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) 1945 жылы құрылған. МБРР-дың мүшелігіне тек қана МВФ-тың мүшелері қабылданады. Қазір құрамында 176 ел бар. Мақсаты: өндірісті улғайту үлгін күрделі қаржының қажетті бағыттарын ынталандыру, шетелдік жеке меншік капиталды келтіруді ынталандыру, халықаралық сауданың тұрақты түрде өсуіне жағдай жасау, т. б. Халықаралық даму ассоциациясы (MAP) — (МБРР)-дың филиалы. 1960 жылы ең кедей елдерге процентсіз займ беретін несие уйымы ретінде қурылған, қатарында 154 ел бар. MAP өз несиелерін табысы жан басына шаққанда 1305 доллардан аспайтын елдерге ғана береді. Халықаралық қаржы корпорациясы (МФК) 1956 жы¬лы экономикасы нашар дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын тікелей инвестициялау мақсатында МБРР-дың филиалы ретінде қурылған. МФК-ға 15 6 ел мүше. Инвестицияларға кепілдік беретін көп жақты агенттік (МАГИ) — МБРР-дың филиалы ретінде 1988 жылы қурылған. Қазір МАГИ-ге 110 муше ел бар. Аталған агенттік дамушы елдерге жеке меншік инвестицияларды тартумен шұғылданады. Бұл уйым жеке меншік инвестици¬яларды келтіру бағытында жекелеген үкіметтерге өзінің консультациялық-кеңестік қызметтерін усынады. Инвестициялық шиеленістерді реттеуші Халықаралық Орталық (МЦУИС) 90-жылдардың басында қурылған. МБРР-дың филиалы. Қазақстан МВФ пен МБРР-ге 1992 жылы мүше болды. Аталған қаржылық уйымдарға мүше болып кіру мақсатында Қазақстанда 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму ассоциациясына, Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көп жақты агенттігі мен Инвестициялық шиеленістерді реттеуші халықаралық орталыққа мүшелігі туралы" арнайы заң қабылданды. 1993 жылдан бастап Қазақстан Үкіметі экономикада түбегейлі реформаларды жүзеге асыру және қаржылық тұрақтандыруға жету бағытындағы жалпыэкономикалық стратегияны қолдап келеді. Азия даму банкі (АБР)—Азия, Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қаржылық мекеме. 1966 жылы құрылған. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. АБР-ға 54 ел мүше. Қазақстан АБР-ға 1994 жылдың қаңтарынан мүше. 1994 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен АБР өкілдігі арасында өзара түсінісушілік Меморандумына қол қойылды. Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕБРР) 1990 жылдың маусым айында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің рыноктық экономикаға өтуіне көмек көрсету мақсатында құрылған. Қазақстан Еуропалык, банкке 1992 жылы мүше болып кірді. Қазақстанға қатысты Банк стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе кадрлар даярлау ісіне көңіл аударылады, екінші кезеңде ауыл шаруашылығына, энергетикаға, таукен өнеркәсібі мен көлік шаруашы-лығына нақты инвестициялар тарту көзделеді.
3.3 Орталық Азия Экономикалық кеңістігі
Қазақстан экономикасын жандандырудың және оның дүниежүзілік қоғамдастықпен үйлесуін жеделдетудің маңызды факторларының бірі — Орталық Азия мемлекеттерімен тығыз экономикалык, байланыстарды орнықтыру. Орталық Азия мемлекеттері халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, болмысы терең тамырлас. Бұл аймақта орналасқан мемлекеттердің территориясы 4 млн. шаршы км. Халқының саны 50 миллионная астам. Геосаяси орналасу артықшылықтары, ортақ шекаралары, бір-бірімен байланыстырып жатқан көлік және коммуникациялык, қатынастары бар, сондай-ақ, табиғи шикізаттар ресурстарының барланған мол көздері бар бұл мемлекеттердің экономикаларының өзара әрекеттесуін жолға қоюдың саяси және экономикалық болашағы зор. Орталық Азия мемлекеттерінің дамыған таукен, түсті және қара металлургия, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, электроэнергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бар. Орталық Азия аумағындағы интеграциялық процестерді тереңдету және кеңейту мақсатында 1994 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында Бірыңғай экономикалык, кеңістік жасау жөніндегі келісімге қол қойылды. Кейінірек аталған келісімге Қырғызстан қосылды. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесі құрылып оның жұмысшы органы — Атқарушы комитет тағайындалды. Сондай-ақ Премьер-министрлер және сыртқы істер, қорғаныс министрлері Кеңестері ұйымдастырылды. Орталықазиялық ынтымақтастық пен даму банкі құрылып, оның жарғылық қорына — Өзбекстан 918 мың доллар, Қазақстан — 833 мың доллар, Қырғызстан — 333 мың доллар салды. Қаржы және төлем қатынастары шеңберінде ынтымақтастықты дамыту бағытында аталған банк сауда және басқа да операциялар жөніндегі көп жақты мемлекетаралық есептеулерді жүзеге асыруды, төлем жүйелері мен ақша аударуды орнықтыруды, сондай-ақ біріккен кәсіпорындар құруға көмектесуді, стратегиялық бағдарламаларды несиелеуді, жалпыаймақтық белгідегі объектілерді қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ, келісімде көрсетілген Ортақ рынокқа жылжу шаралары, әсіресе өзара сауда сферасында, орындалмай отыр. Мұның өзі бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ұлттық заң шығармашылығындағы айырмашылықтар және осы мемлекеттердің әрқайсысында қалыптасқан экономиканың ахуалы. Істің шын мәнінде, Орталық Азия мемлекеттерінің экономикаларын уйлестіру жұмыстары күтілген нәтижелерге жете алмай, артқан үміттерді ақтай алмай отыр. Кедендік одак, 1995 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы будан сәл бурынырақ Ресей Федерациясы мен Бела¬русь Республикасы құрған кедендік одаққа қосылды. Кейінірек аталған одақтың төртінші мүшесі болып Қырғызстан қабылданды. Мундай жауапты қадам “төрттіктен" ұлттык, заң шығармашылығы жуйелерін үйлестіру бағытында көптеген жумыстарды атқаруды талап етті. 1995 жылдың шілде айында Кедендік одақ құрудың бірінші кезеңі аяқталды. Одаққа мүше елдер арасындағы кеден алымдары жойылды, басқа елдердің тауарлары үшін біртектес кедендік алымдар белгіленді, экспорт, реэкспорт және импорт ережелері сәйкестендірілді, Кедендік одақ елдері үшін жеңілдіктердің бірыңғай жүйесі қабылданды. Қазіргі кезде Кедендік Одақ құрудың екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Дегенмен, Кедендік Одақ шеңберіндегі қызметтер көптеген айтыстартыстар туғызуда. 1998 жылы қаңтардың 22-сінде Мәскеуде Мемлекетаралық кеңеске муше — Қазақстан, Қырғызстан, Бела¬русь республикаларының және Ресей Федерациясының Президенттері кездесті. Мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі бул кездесуінде төрт мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға негізделген мәселелер төңірегінде ортақ уағдаластыққа қол жеткізілді. Оның көпшілігі кеден тәртібі мен кедендік алымдарға тікелей қатысты. Атап айтк,анда, Кеден одағына қатысушы елдердің жалпы кедендік тарифі, акциздік салық саясатын үйлестіру, салык, қызметінде өзара әрекет етудің негізгі принциптерін анықтау, көлік одағын қалыптастыру, Кеден Одағына кіретін мемлекеттердің аумағы арқылы транзиттік жуктерді тасымалдду шарттарын ыңғайластыру және кеденнен өткізілетін тауарларға қужат дайындау тәртібін жеңілдету туралы мәні мен маңызы зор мәселелер жөнінде шешімдер қабылданды. Мемлекет басшыларының бул кездесуінде қызу талқыланып, қолдау тапқан басқа мәселелер де болды. Ол Н. Назарбаевтың тікелей жетекшілігімен дайындалған Бірыңғай экономикалық кеңістік қуру туралы шарт жобасы еді. Бул жобаны дайындау барысында Президент Батые Еуропаның, Солтустік Американың, тағы басқа мемлекеттердің өзара интеграциялық байланыстар жасаудағы тәжірибелерін жан-жақты зерттеуден өткізген. Ол Еуропалық одақтың тарихи базасы ретінде құрылмақшы. Өйткені, Еуропалық одақ дүниеге келгеннен бері өзінің өмірлік мәні зор екендігін көрсете білді. Тиімділігі зор, тәжірибесі көп. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің басты міндеттеріне: мемлекеттер арасындағы ортақ рынокты қалыптастыру, импорт және экспортқа шығарылатын тауар турлерін шектеуді жою, осыған байланысты заңдық қужаттар мен нормативтік актілерді жақындастыру болып табылады. Жоба бойынша булар алты жылда ретке келтірілуі тиіс. Әрқайсысы үш жылдан екі кезеңге бөлінген. Еуропалық одақтың кезеңі 12 жылға созылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық кеңістіктің өтпелі кезеңі деп белгіленіп отырған алты жылдың алғашқы үш жылы дайындық кезеңі болмақшы. Онда келісімге сәйкес қужаттар дайындалады. Ал соңғы уш жыл ішінде барлығы сараптан өткізіліп, тиісті құжаттарға қол қойылып, заңдастырылуы керек. Бірыңғай экономикалық кеңістік қуру жөніндегі Н. Назарбаевтың усынған бул шарт жобасы мемлекет басшылары тарапынан мақулданып, оны елдің укіметтеріне тапсыру туралы шешімге келді. Осы жолғы “төрттіктің" Н. Назарбаев мемлекетаралық интеграциялық байланыстарды дамыта отырып, аталған елдердің арасында гуманитарлық және басқа салалар бойынша қарым-қатынастарды орнатуды көздейтін “Қарапайым адамдар мүлдесіне сай бірнеше жеңіл қадам" (Несколько простых шагов навстречу простым людям) деген бағдарлама жобасы барлық қатысушыларды қанағаттандырғанын атап өткен жөн. Онда мына мәселелер қамтылған: әр елдің азаматы өз төлқұжаты арқылы төрт мемлекеттің шекарасынан виза, анықтамасыз еркін өтуге, кедендерден 10 мың долларға дейінгі шетел валютасын алып өтулеріне мүмкіндік беру, 10 килоға дейінгі қол жүктерінен кедендік алым алмауға, төрт мемлекет арасын¬да мерзімді басылымдарға жазылуға шек қойылмауға, теледидар және радио хабарларын еркін таратуға қатысты мәселелер көрсетілген. Сондай-ақ Н. Назарбаев Ақмолаға қатысты ойларын да ортаға салды. Ақмолада Еуразиялық іскер адамдардың конгресін, Еуразиялық банкирлер клубын, Еуразиялық ин¬вестиция банкін, Еуразиялық ғалымдар клубын, тағы басқа халықаралық деңгейдегі ұйымдардың құрылуын қалайтынын айтты. Халықаралық ұйымдардың қазіргі кездегі атқарып отырған қызметтерінің мәні зор, мазмұны терең. Жер шарының әрбір мемлекеті әр түрлі халықаралық ұйымдардың мушелігіне кіруді және оның қызметіне араласуды дүние-жүзілік қоғамдастыққа интеграцияланудың негізгі жолдарының бірі деп санайды. Сондықтан мемлекеттің халықаралык, ұйымдардың қызметіне толыққанды және тиімді түрде қатысуы мүмкіндігі осы ұйымдардың мақсаты, құрылымы, дүниежүзілік саясат пен экономикадағы рөлі жөніндегі ақпараттар мен мәліметтердің толықтығы мен ақиқаттығына тікелей байланысты. Халықаралық уйымдарға мүшелікті тиімді пайдалану қандай елдің болса да сыртқы саяси және экономикалық саясатының ең басты мәселелерінің бірі. Мемлекеттің халықаралық ұйымдар мен Одақтардың қызметіне атсалысуы оның экономикалык, дамуына игі әсерін тигізіп, саяси қауіпсіздігіне кепілдіктер береді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы». «Егемен Қазақстан», 16 мамыр, 1992 ж. 2. Н.Ә. Назарбаев «Еуразиялық одақ туралы» Казахстанская Правда 20.10.1999. 3. Послание Президента страны к народу Казахстана. Стратегия "Казахстан-2030". 4. Елемесов Р.Е. «Халықаралық қатынастар» Алматы 2000. 5. Курс экономической теории. Под ред. Чепурина М.Н., - Киров: АСА, 2002г. 6. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы). Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. 7. Таналинов А. «Бұрыңғы КСРО елдерінің кешегі мен ертеңі» Алматы 2002 8. «Саясат» журналы #3 2001 жылы 9. «Саясат» журналы #4 2001 жылы 10. «Саясат» журналы #5 2001 жылы 11. «Континент», № 19. 23.10.2001 г. 12. «Континент», № 6. 29.03.2001 Г. 13. Азия – экономика и жизнь /1998 г. №27 (155) 14. Аль-Пари /98г. № 3 15. Вестник КазГУ. Серия экономическая /2002, №4(16) 16. ВЕСТНИК КАЗГУ. СЕРИЯ ЭКОНОМИЧЕСКАЯ /2001, №9