Алматы. 10 шілде. 7kun.kz - Республиканың 70 пайызға жуық алкогольдік және алкогольсіз сусындар Алматы өңірінде шығарылады.
Қазақстандық компаниялар қаңтар-мамыр айларында 107,2 млрд теңгеге сусын өндірген - былтырғы жылдан 16,5 пайызға артық.
Өндірістің басым бөлігі Алматы обласы (55,8 млрд теңге, жылына +9,2 пайыз) мен Алматы қаласына (18 млрд теңге, жылына +45 пайыз) тиесілі.
Алматылық агломерацияда алкогольдік сусындар өндіруші ірі компаниялар қатарында Түрген шараптарын өндіруші Gold Product (компания шырын өндірісімен де айналысады), "Бахус" АҚ, сыра өндірушілері Caspian Beverage Holding, Efes Kazakhstan, Carlsberg Kazakhsta, сонымен қатар, алкогольсіз сусындар өндіруге негізделген Galanz Bottlers, RG Brands, The Coca-Cola Company қазақстандық филиалы, "Комета" ЖШС, "Рикс ЛТД", "Обис" Компаниясы, "Либелла Боттлерс Алматы" және тағы басқалары.
Сусындарды көп жылдар бойы өндіру, 2015 жылғы дағдарысты (2014 жылғымен салыстырғанда -7,2 пайыз) есептемегенде, ұдайы өсіп отырды. Және былтырғы жылы қалыпты динамикасы қайта қалыптасты (+10,3 пайыз).
Ащы алкогольдік сусындар ішінде жыл сайын коньяк өнімі артып келеді - бірден +69,3 пайыз, 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4 млн литр. Ликер ішімдігінің шығарылымы да өсті - 875,3 мың литрге (+18,3 пайыз) дейін, ал шарап шығарылымы - 14,2 пайызға (14,5 млн литр) артты.
Арақ өнімдерінің шығарылымы жылма-жыл 1,4 пайызға ғана өсті. Десе де, өндіріс көлемі бұрынғыдай жоғары - 5 айда 11 млн литр. Мәселен, "Хаома" қазақстандық бренді The Millionaires’ Club әлемдік брендтер рейтингіне енді. The Millionaires’ Club (Халықаралық миллионерлер клубы) - жылына өз өнімдерінің 1 млн-нан астам кейсін (1 кейс - 9 литр) сататын әлемдік сусын өндіруші-компаниялар. Жыл сайын бұл рейтингке 200-ге жуық әлемдік брендтер (2017 жылғы тізімде 157) енеді. "Хаома" ішімдігі бүл рейтингте 2012 жылдан бері бар. Өнім халықаралық Asia Waters корпорациясының құрамына кіретін "Кокшетауминводы" компаниясымен шығарылада.
Алкогольсіз сегменттегі минералды және асханалық ішуге жарамды сусын қндірісі бір жылда 2,2 пайызға (196,5 млн литр) артты
2017 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысымен қазақстандық өндірушілер арақ пен ликер сұранысының 85,2 пайызын, коньяк өнімдері сұранысының 96 пайызын, шараптың - 60,6 пайызын, сыраның - 89,4 пайызын, минералды су мен алкогольсіз сусын сұранысының 94,9 пайызын қамтамасыз етті.
Маусым айы қорытындысы бойынша, ішуге жарамды су бағасы бір жылда 4,6 пайызға артты, литріне 76,8 теңге. Бқтелкедегі судың ең қымбаты Алматы қаласында - литріне 88 теңге (жылына +7,3 пайыз)
Арақ литрі 2,25 мың теңгеге дейін (11,8 пайыз) қымбаттады. Ең қымбаты Астана қаласында - литріне 2,5 мың теңге, жылына +16,1 пайыз.
Осы жылдан бастап Қазақстанда алкогольдік өнімдерге акциз (салық) 45 пайызға карттыру жоспарланып отыр: 2017 жылы - литріне мың теңге, былтырғыжылдан + 45пайыз, 2018 жылы - 2,275 мың теңге, өсім - 14 пайыз, 2019 жылы - 2,55 мың теңге, өсім - 4 пайыз.
Сонымен қатар, салық төлеуді жеңілдету мен отандық алкогольдік өнімдерді экспорттауда бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында этиль спиртіне акцизді нөлге теңеу қарастырылып жатыр. Қазіргі төлем - 60 теңге/литр. Балама босату Ресей мен Беларусияда бар
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024