Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
- Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
- Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты факторға тәуелді. Олар:
1.Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2.Еңбек ресурстарының сапасы мен саны
3.Негізгі капитал қорының көлемі
4.Технология
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды усыныс факторлары деп айтуға болады.
Дәл осылар өңдірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ,олар:
- Сұраныс факторы
- Бөлу, тарату факторы
Өңдіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.
І. Экономикалық дамудың теориялық негізі
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары
Өндіріс көлемінің ауьггқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндірі-леді. Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруга тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және зандылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады. Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу" деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандагы көрсеткіштер қолданылады.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өңдіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нөтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымдылығы, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың есуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың зандылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс фактор-ларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен кебейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы — халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Соңдықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-тендігінің шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретіңде қарастырылады.
Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың Кейнстік өсу үлгісіне қатынасы Кейнстік өсу үлгісі және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол — капитал.
Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің шартында пайда болады.
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады.
Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-тендік тұрақсыз болуы мүмкін.
Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.
Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кесіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.
Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сұраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай қорьпынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод «табиги» өсу қарқынын енгізеді. Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.
Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағаңда неоклассикалық өсу үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің ерекшеліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығында екендігін Р. Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясын пайдаланды. Бұл функцияда өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыратын-дығы белгілі. Р. Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:
- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі
- масштаб өсерінің тұрақтылығы
- ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы
- инвестициялық лагтардың болмауы. Факторлардың бірін-бірі алмастыруы (капиталмен қаруланудың өзгерісі) технологиялық шарттармен ғана түсіндіріліп қоймайды және өндіріс факторларындағы" таза бәсеке нарығындағы неоклассикалық алғышарттарға байланысты болады. Экономика жүйесінің тепе-теңдікте болуы үшін қажетті шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі.
Бұл функция өнімділік пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі кеміп отырады. Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды. Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысуды — азайтады.
Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді. Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес. Үлгіде тұрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымалыларын үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.
Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық, әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім қарқынымен өседі, демек тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.
Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық, институционалдық байланыстыруға тырысады.
"Ұсыныс экономикасының" тұжырымын ұстағандардың айтуынша, толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың ерекшеліктері
Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.
Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.
Қазақстан Республикасы экономикасының өсуі. Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.
Кеңес жүйесінде кедейшіліктің ресми түрі болған жоқ, бірақ жағдайы нашар отбасылардың болғаны белгілі. Халыққа әлеуметтік ақша төлемдерін төлеу жұмыссыздардың қажеттілігін қанағаттандырды.
Жалпы, КСРО бойынша 1975 жылы жұмысшылардың табысы 16% болды, ал колхозшылар арасында — 39%, 1985 жылы - 16, 3% пен 27,6% болды. Халықтың жалпы санының 16-25%-ы әр түрлі бағалаулар бойынша кедейлер тобына жатты. Реформаға дейінгі жылдары кедейлерге демографиялық белгілері бойынша адамдардың өте аз тобы ғана жатты. Төменгі квалификация едәуір рөл ойнады, бірақ ол да тұрақты табысты бола алмады. Адамдардың әр түрлі жерлерде тұруы, аймақтық экономикалық дамуы теңсіздікке әкеліп соқтырады. Кедейлік көптүрлі жағдаймен түсіндіріледі, адамзат әлуеті дамуының көзқарасынан қарағанда мүмкіндік пен тандаудың жоқтығын көрсетеді. Кедейліктің анықтамасы жоқ, ал оның өлшемі концептуалды сипаттың қиыңдықтарымен, толық мәліметтердің болмауымен және субъективті бағалаумен байланысты. Кедейлік көрсеткішін құру үшін республикада "табалдырық" ретінде өмір сүру минимумының көлемі пайдаланылады.
Өтпелі экономикалы мемлекеттерде жалақы мен әлеуметтік трансферттен басқа да отбасыларда табыс көздері бар деп есептеледі. Сондықтан кедейшілік деңгейін білу үшін баға тұтыну индексі арқылы есептеледі.
Қазақстандағы кедейлік деңгейі.
Өмір сүру минимумы, тг. | Жан басына шаққандағы есеп коэффициенті | Салыстырмалы кедейлік | |
1996 | 2861 | 34,6 | 11,4 |
1997 | 3505 | 43,0 | 12,1 |
1998 | 3716 | 43,4 | 12,8 |
1999 | 3394 | 34,5 | 13,7 |
1997-98 жылдары тұрғындардың 43%-дан астамының табысы күнкөріс минимумынан едәуір төмен болды, 1999 жылы ол 34,5%-ға түсті.
Кедейлік деңгейі терең деп жағдайы нашар топтардың тұтынуы күнкөріс минимумынан төмен болғанда айтылады. Қазақстанда тапшылықтың орташа тұтыну көлемі күн көру минимумынан үштен бір есе төмен, Ресейде ол 42,6%-ды құрады, Украинада 32,5%, Әзірбайжанда 51,8% және т.б. Кедейліктің тереңдігі Шығыс Еуропаға қарағанда көбірек болып келеді, Еуропада ол 10% бен 15% ара сында ауытқиды. Барлық әлемдегідей, республикада да жұмыссыздық кедейлікпен үйлеседі.
Ауылдық жерде қалалық жерге қарағанда кедейліктің жоғары жене терең екендігін атап өту керек: қаладағы тұрмысы нашар тұрғындар кедейлік сызығы-нан 30% кем тұтынады, 1999 жылы олар ауыл тұрғындарының 49,6%-ын құрады.
1993 ж. қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат ұстанғаны-мызға 12 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге 14 жыл толды. Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз алтыншы жылды алқымдап қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес зандар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, үлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрактандыруға қол жеткізідді. Экономиканы алға сүйрелеуші локомотив ретінде минералдық ресурстар өндірісі мен экспорты басымды түрде дамыды. Дүниежүзілік шикізат нарығында Қазақстан үшін оңтайлы бағалар конъюктурасы қалыптасып, соның арқасында елдің төлем балансының он сальдосы мүмкін болды. Ақша-несие саясатымен қатар бюджет-салық саясаты да уақтылы реформаланып, ұлттық капитал қордаланды. Макроэкономикалық тұрақтандырудың қысқа мерзімдік салыстырмалы формасы орнықты. Өндірістік-құрылымдық реформалардың аяқталмағандығынан сапалы экономикалық өсуіміздің шарты ретіндегі шынайы макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткіздік деп айту әзірге ерте. Бұл мақаланың мақсаты — қазіргі экономикамыздың шынайы келбетін, бірқатар бекем және осал тұстарын көрсету.
Республика экономикасының шикізаттық бағдарлануынан туындайтын голландиялық синдромы белгілерінің асқынуы еліміздің алдына жаңа міндеттер қойғаны белгілі. "Голландиялық синдром" концепциясы экономикалық әдебиетте елдің табиғи ресурстарды игеруі, өндіруі және экспорттауы арқасында шынайы айырбас курсының артуы салдарынан әуелде сыртқы бәсекелестік эрозиясының орын алуын, соңында елдің өндірістік базасының әлсіреуін сипаттауда пайдаланылатындығын ескерте кетейік. Бұл синдромды женіллететін қауіпсіздік тұрғысынан экономиканың оңтайлы құрылымын қалыптастыру үшін оны диверсикациялау қажеттілігі. Осы тұрғыда және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болудың қарсаңында сыртқы сауданы ырықтандыру (ли-берализациялау) жүргізілуі тиіс. Басты реттеу құралдарының бірі — валютаның айырбас курсы.
Әлеуметтік бағдарланған экономиканы құру үшін мүмкіндігінше өркениетті нарыктық қатынастар қалыптастырылуы керек. Соңғысының орын алуы үшін дүниежүзілік еңбек бөлінісінде бәсекелесгікке қабілетті экономикасы бар мемлекет атануымыз қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін индустриалдық-инновациялық стратегияға сай сервистік-технологиялық келешегі жоғары салаларды дамыту көзделгені белгілі . Өндірістік кластерлер жасау, мүнай химияны дамыту, инвестициялық құрылымдарды өндеуші салаларға бағыттау, жаңа технологияларды тарту сияқты шаралар қолға енді алына бастады. Кластерлер деп аталатын технологиялык өзара тығыз байланысты және бәсекелестік кдбілетті өнеркәсіп топтарын құрмай отандық экономикамыздың әлемдік нарықта келешегі жоқ екендігі 1996—1997 жж. бері айтылып келді.
Бүгінгі уақытта перспективті жеті кластер анықталған. Олар: туризм, тамақ өнеркәсібі, мұнайгаз саласындағы машина жасау, мақта-мата өнеркә-сібі, көліктік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия, құрылыс матер-иалдары. Жалпы ішкі өнімнің (ЖЮ) өсуі, инфляция қарқынының төмендеуі, ресми жұмыссыздықтын азаюы сынды макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша елеулі жетістіктерғе жеттік. 1999 ж. бері олар тек оң сипатқа ие. 1999—2005 жж. аралығында ЖШ өсуінің орташа жылдық қарқыны 9—10 пайызды құрайды. Инфляцияның жылдық деңгейі 1999 жылғы 13,2 пайыздан 2005 ж. 7 пайызға дейін төмендеген. Ресми жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда, сәйкесінше 14 пайыздан 8,6 пайызға түскен. 2004 жылы өндіруші саладағы өсу 12,7 пайызды, өқдеуші салада 8,9 пайызды құрады. 2005 жылдың көрсеткіштері де позитивті болатыны анық. ЖІӨ-нің физикалық көлемі дағдарысқа дейінгі деңгейге жеткізілді Теңгенің бекіне бастауы әлпетінде, қаншама ларадоксальды көрінгенімен, экономиканың тиімділігі кемуде деген пікір де орынды Өңдеуші өнеркәсіп саласының өзіндік құны артып, сәйкесінше, рентабельділігі төмендеуде. Мәселен, 2004 ж. дайын өнімді өткізудің өзіндік құны алынған кірістің 79 пайызын құрады.
Сонымен қатар өндіру саласында да материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану төмендеген. Бұл доллардың теңгеге шаққандағы курсының төмендеуінің арқасында өздерінің түсімін доллармен есептейтін компаниялардың ұтылуында деп білу қажет. Осы саладағы өзіндік құн деңге-йі 2003 жылғы 44 пайыздан 2004 жылы 65 пайызға дейін көтерілген. Сондықтан доллардың девальвацияға ұшырауы кезінде экспорттаушылар-дың мүддесін қанағаттандыру мақсатында Ұлттық банк қосымша теңге эмиссиясын жасауға немесе "артық валютаны" сатып алуға мәжбүр. Мұнай бағасының дүниежүзілік нарықта айрықша шарықтап кетуінің (ағымдағы жылдың ақпан айының басында 1 баррель мұнайдың бағасы 65 долларға жетті) оң жағы — республиканың сыртқы айналысының көлемін ұлғайтудың, нәтижесінде сауда сальдосының артуынан көрінсе, теріс жағы — сол мол валюталық түсім қайтадан қымбат бірақ моральдық жағынан дамыған елдер үшін ескірген, біз үшін жаңа инвестициялық тауарларды (машина, құрал-жабдық) импорттауға бағыгталуында, мәселен, алыс шетелдерден ондай тауарлардың импорты 2004 жылы 56 пайыздан асқан. Сөйтіп экспорт импоргты қаржыландырады. Бұл мәселенің өзектілігі республика экспорты-ның жалпы көлеміндегі алыс шетелдердің үлесі жылдан-жылға аргу фактісі-мен күшейеді, өйткені соның салдарынан өзара теңдестік тұрғысынан біздің республика үшін әзірге тиімсіз айырбас жүргізілуде. Экспорттан түсетін кіріс импорттан келетін кірістен орташа алғанда 1,5-2 есе жоғары екендігін ескерген жөн. Экономикалық өсуіміздің сапалық әлсіз астарының бірі осында жатыр. Мұнай өндіру саласындағы кәсіпорындардың басым көпшілігі шетелдік капитал еншісінде екендігін ұмытпаған абзал. Мәселен, 2004 жылы 59,2 млн. т мұнай мен газ өндірілді, соның тек 8,9 млн. т немесе 14 пайызы ғана ұлттық "Казмұнайгаз" компаниясына тиесілі болды. Басқаша айтқанда, экспорттық түсімнің қайтарылмай қалу қаупінін алғышарттары зор.
Бағалы немесе құнды қағаздар нарығы дамуының жоқтығы — респуб-лика шаруашылығының түрлі саласындағы кәсіпорындарының ілгерілеу мүмкіндігін тежейді. Қомақты инвестициялық қаражатты жинаудың осы тиімді тәсілін пайдалану және олардың дұрыс бөлінуін қадағалау қаржы жетіспей жатқан шикізаттық емес салалардың жандануына игі әсер етіп, ұлттық байлықтың елеулі өсуіне әкелер еді. Қазақстан экономикасының тағы бір осал тұсы — ішкі инвестициялардың көзі болып табылатын жиынтық жинақтау нормасының әлі де болса төмендігінде. Кейбір деректерге қарағанда, оның мөлшері 2004 ж. 8 пайыздан аспады, ал экономикамыз үшін 25 пайызға жеткені қажет. Сондықтан қордаланған ұлттық капитал көлемі келешегі үлкен ірі коммерииялық жобаларды игеруге шамасы жетпейді. Инвестациялық "гэп" ұғымының мәні осында.
Қысқа мерзімдік уақытта валюталық дағдарысгың болу қаупі болмағанмен, ұзақ мерзімдік перспективада жоқ емес. Капиталдың еркін қозғалысы мен толық конверттелінген валюта тәртібіне өту мақсатында 2005—2007 жж. аралығында валюталық тәртіпті толық ырықтандыру көзделгені мәлім. Сөйтіп, лицензиялау операцияларының қазіргі түрлерінің басым көпшілігі 2007 ж. кейін алынып тасталынады. Дегенмен, ұлтгық қауіпсіздік тұрғысынан кейбір маңызды операцияларды қадағалау сақталады деп сенеміз. Біздің пікірімізше, 2006—2008 жж. Қазақстан, "голландиялық ауруға" шалдыққандығынан, өддеуші өнеркәсібінің сапалық және бағалық бәсекелестік қабілеті мейлінше төмен және валюталық дағдарыс қаупі жоғары экономикасымен сипатталатын елге айналуы мүмкін. Өндірістік-құрылымдық реформалардың жоқтығынан, егер болса, тым баяу-лығынан, валюталық тәртіпті ырықтандыру-ды жүзеге асыруы жағдайында республика экономикасы валюталық дағдарысқа ұшырауы ғажап емес. Өңдеуші өнеркәсіп рөлін күшейтуге бағытталған Индустриалды-инновациялық стратегия бойынша өндірістің интегралданған жүйесін құру тек 2010 ж. белгіленгендіктен мұндай жағымсыз құбылыстың орын алу мүмкіндігі артады. Валюталық ырықтандыруды тым ерте іске қосқан жағдайда экономиканың салыстырмалы тұрақтығы мен теңгенің бекемдігі орта мерзімдік кезеңде бұзылу қаупі бар.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторында орын алған мәселелер экономиканың нақты секторының әлсіздігі мен тиімсіздігінен туындайды. Экономикалық дамуымызға кедергі жасайтын келесі қатерлерді атауға болады:
- шикізат экспортына тәуелділіктен туындайтын сыртқы тітіркендіргіштерден (факторлардан) тәуелділік;
- сыртқы қарыздың артуы: мемлекеттің халыкаралық Валюта Қоры алдындағы қарызының өтелгендігімен, банк секторы мен жеке кәсіп-орындардың мемлекеттік кепілдікпен алған қарыздарының жиынтық сомасы үлкен;
- экономика құрылымының деформациялылығы, өндіруші өнеркәсіптің басымдылығы;
- экономиканың өндіруші және өңдеуші секторларында ғылыми сыйымды өндірістердің жоқгығы, бар болса аздығы;
- өндеуші өнеркәсіп бәсекелестігінің сапа-лығы төмен деңгейі;
- Ішкі инвестициялардың төмен деңгейі,жинақтау нормасын көтеру қажет;
- теңгенің шынайы бекуінің, үзақмерзімдеүлттық экономика үшін тиімді болғанымен, қысқа мерзімдік тұрғыда тиімсіз болуы (алдыңғы қатерлермен байланысты);
- өзге елдермен сауда байланысындағы тауар айырбасының "кемтар-лығы": минералдық ресурстар экспорты мен инвестициялық тауарлар импорты;
- тікелей инвестиция жасаушы шетелдік әріптестердің Қазақстанға құйылатын шетел инвестицияларының басым бөлігін өздерінің кірістері ретінде кері кетуі, сөйтіп ұзақ мерзімдікперспективада теңгенің күшеюіне соққы болатын шетелдік валюта көлемінің азаюы (капиталдың сыртқы ағылуы және инвестициялық кірістің тапшылығы) — осы жағдайлар инвесторлар жұмысының шарттарын одан әрі жетілдіруді талап етеді;
- шағын және орта кәсіпкерлік дамуындағы инновациялық– техно-логиялық сапаның төмендігі. Экономиканы диверсификациялауда оның маңызы зор. Қоғамдағы түрақтандыру факторы регінде кәсіпкерлікті өркендетудің өзектілігін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев талай рет ескерт-кендігі мәлім.
Қазақстан, 2000 ж. Европаның бірқатар елдерінің қолдауымен нарықтық экономикалы мемлекет деп ресми танылғанымен, әзірге өркениетті нарық қатынастарының дамуы тұрғысынан буыны бекімеген ел болып табылады.
ІІ. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас Ресей де жуық арада үлы елдің жаңа келбетіне йе болады деп шынайы үміт арта-мыз және оған сенімдіміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да „көптеген" параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.
Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар.
Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуға тиіс. Ол қауіп-қатерден қаймық-пауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс. Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады.
Ол өзі ішетін тұнық судың ылайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады.
Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі мен төзімділігі де тән болуға тиіс.
Ол өзінің талпыныс-ұмтылыстарында, жеңістері мен сәтсіздіктерінде бір ананың сүтін төл емген өзінің бауырлары — Өзбек, Қырғыз және басқа да Орталық Азия барыстарымен ләйім бірлікте болып, олардың өрлеуі мен жетістіктерін мақтаныш тұтатын болады.
Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге болмайтыны да белгілі. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді. Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой, зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.
Бұл жұмыста табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Ал мұндай қолдау адамдар істің оңалуға беталысы мен әділеттілікке көзі жеткен жағдайда ғана көрсетіледі. Нақ сондықтан адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізілуге тиіс. Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымас үшін, бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білуге тиіспіз. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен, мемлекет басшысы ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы — өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бүл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс.
Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады. Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылары бола-ды. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретш әрі олармен әлемдік экономи-каны қамтамасыз ететін болады.Көпшілігі халық тұтынатын жоғары технологиялық тауарларды және әлемдік рынокта өзінің арзан бағасы мен үздік сапасына орай жоғары сұраныспен пайдаланатын өнімнің көптеген басқа да түрлерін өндіруші болады.
Біздің жас ұрпақтың кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.
2030 жылдың азаматтары - мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасайтынын білетін болады.
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.
2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан, үш аймақтың — Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.
Оны барлық ұлттар үшін тең мүмкіндіктер барына сенімді, бірақ бәрінен бұрын өздерін Қазақстанның азаматтарымыз деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады.
2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды. Ол әлі әлемдегі ең бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
2.2 Қазақстан Республикасының даму стратегияларын жүзеге асырудың құралы ретіндегі Ел басы жолдауы
Қолданыстағы Ата Заңымыз бойынша, Елбасымыз жылма-жыл халықты ішкі және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030-шы жылға дейінгі даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді Стратегия ұсынды. Бұдан былай Президент аталмыш Стратегияны жүзеге асыруда ағымдағы жылы атқарылған істерге баға беріп, алдағы жылдағы атқарылар істің нақты нысаналарын көрсетіп бермекші. Бұны өз отандастарымыз құптап қарсы алды. Шетелдерде де дер кезінде жасалған батыл бастама ретінде бағалануда.
Бұл ретте "Қазақстан —2030" Стратегиясы тек қазақстандықтардың ғана емес, күллі әлемдік қауымдастықтың да ойынан шыға алды.
Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жағынан да сын көзімен үңіліп байыпты талдап, бүгін таңда қай шамада жүргешмізді өте дәл көрсетіп берді. Сөйтсек, сөреден әлі ұзап ісете қоймаппыз. Тоталитаризмнен баз кештік. Демокрдтиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. „Тәуелсіз-дігімізді дүние түгел мойындады. Бір партияға басыбайлықтан бас тарттық. Көптің атынан сөйлеп, өкілдікті бұлдап, шешім қабылдататын өкілеттілік демократиясын місе тұтпадық. Әркім өз пікірін айтып, уәжге тоқтап, көп ұсыныстың ішінен тиімдісін бірлесіп таңдап алып, ықтимал шешім қабылдауға ыңғайлы бәсекелік демократиясын отандық парламентшілдіктің түп қазық қағидасына айналдырдық. Қоғамды жаңартуды төңкерісті төтен әрекет деп емес, үдемелі үзілмес өзгеріс деп түсінеміз. Соған сәйкестіріп, мемлекеттік билік үлгісін пішімдедік. Обалы не керек, әлі аяқтала қоймаған саяси жаңарту үшін бұл алты жылға аз табыс емес. Бірақ саяси жақару бабты мұрат бола алмайды. Жүргізіліп жатқан кешенді өзгерістер экономиканы түбегейлі жаңғыртқан күнде ғана өзін өзі ақтаған іс боп шықпақшы. Онсыз әл-ауқатымызды арттырып, көсегемізді көгертіп, ұлттық қауыпсіздігімізді нығайта алмаймыз. Кешегі біртұтас кеңестік кеңістіктегі өзара еңбек бөлісу жүйесінің аяқ асты адыра қалғаңдығы Қазақстан экономикасын да қаусата күйзелтті. Құдық түбіне қарай құлдырай құлауды тек І996 жылы ғана тоқтата алдық. Енді-енді шым-шымдап жарыққа тырмыса бастадық. Зәре-құтымызды қашырған ақша құнсыздануынан құдай құтқарса, енді көп ұзамай құтылып шығар түріміз бар. Бүгін таңда экономикамыздың жетпіс проценттейі жекешеленді. Алдағы 1998 жылы бұл шаруа, негізінен, аяқталады. Беделді сарапшылардың пайымдауынша, макроэкономикалық өзгерістер жағынан кешегі социализм елдерйгін арасында алдыңғы шептеміз. Бірақ микроэкономикалық жандану жағынан өйтіп ауыз толтыра алмаймыз. Алып кәсіпорындарға айырықша үйірсектігіміз, шырайналып келгенде өз басымызға сор болды. Біздің зауыт-комбинаттарды қаржыландыруға шетел қалтасының да қауқары жетпей жатыр. Түпкілікті бұйым шығармайтын жарым-жартылай өндірістік процесс кәсіпорындарды технологиялық шала-жансарлықтың, жұмысшы-мамандарын кәсіби шалағайлықтың құрбандығына айналдырыпты. Соның салдарынан орта және шағын бизнес те әлі әлсіз. Мандып кете алмай тұр. Соның қырсығынан бір кәсіпорынның тоқырауға ұшырауы ұлттық трагедияға айналып шыға келеді. Кешегі ебедейсіздіктен өндірісіміз осы кезге дейін ықтималдана алмай отыр. Онсыз экономика жаңармайды. Оны ешкім де бірден жолға қоя алмаған. Батыс Европаның ең жүрек жұтқан өкілдерінен жинақталған Солтүстік Америка бұған жарты ғасырдан астам уақыт жіберді. Германия мен Жапония да сырттан көлкөсір көмек пен қолдау көріп отырып, отыз жыл уақытын осыған сарп етті. Күнгей Шығыс Азия жолбарыстарына да осынша мерзім керек болды. Олардың ешқайсысы да нарыққа бейімділігін тап біздей жоғалта қоймаған елдер еді. Бұл қиындықты өткенді жоқтаушылар да, бүгінгіні жақтаушылар да өз пайдаларына шешіп жатыр. Кешегі теңгермешілдікті көксеушілік те, суық қолды сұғанақтық та тек осыдан өрбіп жатыр. Біз Евразияның ну шалғынды, орман-тоғайлы, кең жазықты, салқар өрісті теріскей ендіктерін ежелден жайлап келеміз. Өз-өзінен тозаңданып, өз бетімен өніп-өрбіп жатқан құнарлы орта қорегімізді мыңжылдар бойы молынан айырып келді. Соның салдарынан тұрмыстық сұранысымыз дамымады. Ол іскерлікті өрістетпеді. Коммунистік режим оны тұншықтыра түспесе, күшейтпеді. Жетпіс жыл бойы өз бетімен пайда табушылықтың қырсоңына түсіп келді. Ол әспеттеген ұжымдық шаруашылық кәсіп қуып, дәулет таптырмақ түгілі, күнкөріс айыруға да жарамай адал еңбек етуден де аздырып бақты. Кеңес империясының да ұрмай-соқпай түбіне жетіп тынған сол бәсекеге тетеп бере алмайтын шалажансар экономика мен шалағай еңбек еді. Еңді оны біз жер қаптырдық деп күпсінетіндер аз емес. Бірақ оның шын сырын, түптің түбінде империяларды — тым ересендігі, тоталитаризмді — тым қытымырлығы, диктатураны — тым бейбастақтығы бәрібір құртпай тынбайтындығын талай көрген тарлан тарихтан басқа ешкім де айтып бере алмайды. Оның үстіне, коммунизм әуелден де ақылға симас құрғақ қиял екендігі белгілі. Ондай әсіре мақсат әсіре зорлануға мәжбүр етеді. Одан кез келген адам да, қоғам да тез титықтайды. Әсіресе, әлеуметтік әулекілікке ұрынған қоғам аямай болдырады. Ұжымшылдық төбеден соққы, бүйірден түрткі көрсетпей тұрмайды. Тек қырық қоршау түрмелер мен күштеп жинақталған студенттік, әскери қосындар ғана емес, кез келген кәсіпорын атаулы тап осындай екі тепкі, бір қамшының астында тірлік кешті. Бұған жоғарыдағылардың да, төмендегілердің де үзақ уақыт төтеп бере алмасы анық. Алпысыншы жылдардан бастап, билік маңындағылардың масайрай, былайғылардың қожырай бастағандары да сондықтан. Өндіріс өнім шығармай, цифр қуалады. Өнімдеріміз шеттің базар түгілі ез дүкенімізде де өтпей жатты. Сүлесоқ еңбек сүлесоқ экономиканы, сүлесоқ мемлекет пен сүлесоқ саяси құрылысты қалыптастырды. Бір кезде бәсекеден бойларын әдейі аулақ салған пәтуасыз өндірісті түгелімен қайта жандандырудың атымен мүмкін еместігін, одан бәрі бір мән шықпайтынын енді-енді түсіне бастадық. Халықаралық сүранысы мол шикізатымызды тұрақты валюта мен осы заманғы технология базарына шығаратын жаңа бағыттар мен ықпалдастар тауып, сол арқылы бүгінгі бәсекеге төтеп бере алатын өз өндірісімізді қалыптастыруға тәуекел еткенімізге көп уақыт өте қойған жоқ. Осыған байланысты, "бәрібір басқаларға ісіміз түседі екен, бұрынғы қалпымызда неге отыра бермедік?" дейтіндер де естіліп қалады. Бірінші, бұрынғы қалыпты біз бұзған жоқпыз. Екіншіден, бұрын біз басқа мемлекетке тікелей тәуелді едік. Ол ұлт ретінде де, мемлекет ретінде де жұрттан ала бөтен жойып жібере жаздады. Ал қазір үлкеннің де, кішінің де ісі түсетін әлемдік нарыққа жүртпен бірге ісіміз түсіп отыр. Әзір сұраушы болуға тура кеп тұрғаны рас. Бірақ толыққанды ықпалдастыққа жетісе келе, әлемдік нарық тамырына қан құятындар қатарына көтеріле алуымызға жағдай жасайтындай экономикалық және геосаяси алғышарттарға түгел ие екендігімізді уақыт өзі көрсетіп беріп отыр. Онымызды ұнатпайтындар іште де, сыртта да аз болмай шықты. Халықтың сөзін сөйлегенсіп, солардың жыртысын жыртып, іштен тұрып, аяқтан шалатын ала көңіл пиғылдар да кез-деспей қалып жатқан жоқ. Майлап, сырлауға келмейтін нағыз шындық осындай. Кеткен кемшіліктер де көп. Кемшіліктерді жібергендер де аз емес. Солай екен деп, бір-біріміздің жағамызға жармасып, жағаласып кеткеннен жағдай түзеле ме?! Жоқ. Ал соның бәрін көріп, біліп, тырп етпей қарап отырғанды, әрине, ешкім кешпейді. Ендеше, ұзақ мерзімді стратегия жасақтау сияқты ең қиын шаруаны өз мойнына алған Елбасының нар тәуекелін жұртшылықтың сонша құлшына құптауын әбден түсінуге болады. Бірақ ұзақ жылдар бойы әлгіндей әдейі жаншылып келген іскерлік уытты қайтып оятпақпыз? Оянған күнде, оны жұртшылық пен қоғамды тонаушылыққа емес, адал жүріп, адал тұрып, адал жолмен дәулет жиятын жасампаз еңбекке қалай бағыттауға болады? Бұндай жоралы жолға бай мен кедейді, "ақ жағалы", "кек жағалы" мамандарды, әрі-сәрі күй кешкендер мен кежегелері кейін тартып, күл басына шөккендерді — бәрін-бәрін де қандай амал тауып, тегіс жүмылдыра алмақпыз? Экономикалық енжарлықпен күресті экономикалық қомағайлықпен күреске қалайша ұштастырмақпыз? Бұл арада неге басты назар аударып, неге басымдық берген жөн? Міне, негізгі гәп қайда? Әрине, адамдарымызды іскерлік бастамашылдыққа ынталандыруға күш салған дұрыс.
Президент келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтып жүзеге асатынын қалай пайымдайтынын ортаға салып, көп көңіліндегі көп күмәнді сейілтті. Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алуға, сосын жаппай көгеріп-көркею жолында жабыла еңбектенуге шақырды. Бұны не деп атасақ та, қүрғақ қиял дей алмаймыз. Өйтер болсақ, билік алсам, бәріңді қарық қылам деп бәлденуді қалай атамақшымыз? Шамасы, бүндай ұшқарылыққа экономикасының жетпіс проценті жекешеленіп кеткен қоғамда мемлекет билікші емес, ықпалдас ретінде ғана әрекет ете алатындығынан атымен бейхабар адамдар ғана ұрына алатын шығар. Ондай барлық нәрсенің бәріне бірдей билігі жүре бермейтін мемлекет отандастарын қай мәселеде де тек өз күш-жігеріне сенуге шақыруға мәжбүр. Ал өзі көпшілікке тек әрекет бостандығын қамтамасыз етуге, сосын қай тараптың да, соның ішінде мемлекеттің өзінің де, заңдастырылған ойын ережесін бұзбауын қатаң қадағалауға уәде бере алады.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвести-цияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен түрады:
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін қүра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын қуруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауга, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақүрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықтыэкономикалық саясат жүргізуге бағытталған қүқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр. Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол жеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі түрақсыз дамудың аралық кезеңінде түрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар болуға тиіс.
Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен са-пасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен үлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруга және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз. Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін эко-номиканың кепілі болуы керек. Оның міндеті на-рық ережелерін белгілеу, бүл ретте әділ әрі байыпты іс-қимыл жасай отырып, ол ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Біз — саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды. Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол еркі мен қайратынан айырылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік тумауға тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте күшті, конъюнктураның өзгерістеріне даяр болу үшін қүзыретті, әлемдік және отандық рыноктарды білетін, босаң және ша-шыраңқы болмау үшін өз жүмысын белсенді жос-парлайтын болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін анықтауға, даму басым-дықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз ынтымақтастықта болуға және сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктете түсуге тиіс. Ал бүгін мемлекет қажетсіз жерлерде зор әкімшілік билікке ие болып, керісінше, рөлі жоғары болуға тиісті жерлерде енжар қалып отыр. Алайда істің мундай күйі біздің дамуымызға кедергі болып отырғаны барған сайын айқын көрініп келеді.
Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен баждарды толық ала алмай, жалақы мен зейнет-ақыны] уақытында төлемей отырып, заңдар мен жарлықтар көбінесе орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба? Осыған байланысты саналы салық төлеушілер мен кәсіпорындардың адал иелері, сондай-ақ халықтың аз қорғалған жіктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал кәсіпорындардың оспадарсыз басшылары мен са-лық төлемейтіндер алшаң басуда. Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі. Біз:
-Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға;
-жылжымайтын мүлікті, қалған үсақ және ор-та кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға;
-орталық Үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты үйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкілеттігі доен жауап- кершілігін байсалды ой елегінен өткізуге;
-сот билігі мен қүқық қорғау органдарын реформалауды жандандыра түсуге;
-заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бүған керісінше, билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек.
Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макро-экономиканы түрақтандыру болды, бүл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін біз осы мәселені шешуге бүрынғыдан да жақын түрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсуге негіз бола алмайды.
Халықаралық тәжірибенің сабақтары айқын. Экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдын-дағы кезеңде жоғары инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолданған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған. Бұл жолдан ауытқығандар сәтсіздікке ұшырады. Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол — инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады. Біздің алдымызға не инфляция, не экономика-лық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қара-ғанда қаржылық тұрақтанудың көптеген әлеуметтік топтардың жағдайын қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі және құрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нарық — қатаң қаржылық жауапкершілікке толы демократия. Халықтың көпшілігі мүны енді түсінді. Әрине, макротұрақтандыруға ауыр тоқырау мен ақшаның жетіспеуі ілесе жүрді. Бірақ нақты секторды құрылымдық қайта құру жүріп жатыр, еңді таяу арада ақша және тауар массасы қажетті сәйкестікке жетеді.
Уақыты келгенде өмір мен жұмыстың қиын кезеңінде шыныққан адамдар да бүл дағдарыстан шығады. „Таршылықты көрмеген кеңшіліктің парқын білмейді" дейді қазақ мақалы. Инфляцияны қёлайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпы-мемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз. Ұзақ мерзімді болашақтағы макротұрақтандыру туралы әңгіме болғанда біз осы салада пайда болатын қауіпті болдырмауға әзір болуға тиіспіз. Пайдалы қазбаларымызды игеруте және экономиканың жекелеген секторларындағы үміт артып отырған экспорттың үлғаюы біздің валютамыздың бағамын едәуір қиындыққа ұшыратып, оны көтеріп жіберуі мүмкін. Ал мұның өзі басқа салаларды, ең алдымен экспорт және қайта өңдеуші салаларды „жоғалту" қаупін төндіреді. Сондықтан валюталық нақты ақша ағымының бір бөлігін импортты кең қолданбастан игере білуіміз керек. Бірақ адам санының аз болуына және қазірше халықтың сатып алу қабілетінің төмен болуына байланысты Қазақстанның ішкі рыногы өте шағын. Сондықтан дүниежүзілік тәжірибені және инвестициялар нарығындағы жүмыс істеп тұрған тетіктерді мұқият зерттеп алып, шетелдегі қаржы инвестицияларының стратегиясын алдын ала әзірлеу керек.
Біз аяқтаған бағаны ырықтандыруға енді күмән келтірілмейді және өзгеріс болмайды. Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады. Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқ-талды. Енді оны, ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялар-дың айналымы процесін дәл реттеу керек. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады. Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік, бірақ ауыл шаруашылығында, өндірістің бірқатар салалар мен әлеуметтік секторда нарықтық қатынастар төмен деңгейде қалып отыр. Өндірістік сектор бүтіндей дерлік меншік иелері алдында есеп бермейтін немесе есеп бергенситін олақ және жемқор басшылардың іс-әрекетінен туған төлем жүйесі дағдарысынан зардап шегіп отыр. Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді.
2.3 Даму стратегияларын жүзеге асыру мекемелері мен жетілдіру жолдары
Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрылықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды.
Біздің ұлттық капиталымыз кішкентайынан бастап шынығып, өз рыноктарында күресуге даяр болуға тиіс. Бұл өте күрделі міндет, бірақ онсыз ол ертең сыртқы рыноктарда жеңіп шыға алмайды. Бірақ қазір ол жас әрі әлсіз болып тұрғанда, жаңадан тәй-тәй басып келе жатқанда қорғансыз жағдайда тұр, мемлекет оны қанатының астына алып, жылдам аяғына нық тұруына көмектеседі.
Ішкі рыноктары шағын бола тұрып аса биік экономикалық нәтижелерге қол жеткізген елдерді өзін-өзі оқшаулау жолын таңдап алған елдермен са-лыстыру, жабық рыноктары, шектен тыс мемлекеттік реттеу, сондай-ақ шаруашылық жағынан даралануға қол жеткізу әрекеттері қысқа мерзімді экономикалық табыстарға алып келгенмен, түбінде сәтсіздікке ұрындырары бізге мысал болып отыр.
Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру жалғаса береді. Оның мақсаты — экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бүрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшш шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.
Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларының неғұрлым бәтуагер режимін орнатуды талап етеді. Тек осы-лайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.
Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және бәтуагерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.
Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.
Сондықтан да мен өз Жарлығыммен Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетті құрып, оған тікелей инвестицияларды қорғаудағы саясатымызды іске асыру құқығы бар Қазақстандағы бірден-бір мемлекеттік орган мәртебесін бердім.
Шетелдің күрделі қаржылары соңындағы қуғынның ұзаққа созылатынын әрі ешқашан бітпейтінін есте ұстау керек. Бұл бәйгеде біздің артта қалуға хақымыз жоқ.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүние-жүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп түзетуге болмайды. Дүние-жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және, керісінше, өңдеуші өндірістің, ең алдымен — ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажеттігін көрсетіп отыр.
Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мүнай-газ өндіру саласының, сон-дай-ақ бүкіл өндіруші өнеркәсіптің көлемі айтарлық-тай артады деп санауға жеткілікті негізіміз бар. Бұл — өз құрылымдық саясатымызды құруда басшылыққа алуымызға тиіс бағдар болады. Бұл ретте біздің индустриялық стратегиямыз жекелеген кәсіпорындарды қозғамайды. Біз мемлекеттік саясат тетіктерін Қазақстанға қолайлы салаларды дамытуға жәрдемдесетіндей етіп пайдаланатын боламыз.
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай-химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау көмектеседі. Қазірге бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу процесі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы бағытта жүріп барады. Өндірістің құлдырауы мен оның керітартпа құрылымы бұдан былай есепке алмауға болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады. Егер еркін рынок шын мәнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер туғызады. Біздің міндетіміз Қазақстанды дүние-жүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғұрлым маңызды салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.
Бірақ әзірге тек рыноктың күшіне ғана сенуге болмайды. Үкімет диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс.
2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыс-керліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.
Қорытынды
Стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз. Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі. Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен ана-лардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте үстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті бола ма. Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.
Бүгінгі күнді ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бүл процесті сан рет қайталай отырып, проб-лемалардың ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын және олардың жуықтай түскенін сезінеміз. Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген им-периялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда — Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді. Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта қүру үстіндеміз. Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 1990 жыл.
- Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991 жыл.
3. Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999жыл.
4. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5. Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева
- «Заң» Республикалық құқықтық журнал Астана 2000ж №9
- История экономических учений Москва, 1994г.
- Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
- Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
- Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Алматы, 1992ж.
- Реуэль А.Л. «Экономических учений» Москва 1972г.
- Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
- Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.
- Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
- Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
- Ядгаров Я.С. «История экономических учений» Москва 1998г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024