Бүгін Алматыда «Өз ісіңді баста - 2021» жас кәсіпкерлерді қолдау байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Биыл байқауға 1075 өтінім түскен. Бұл байқау тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Бұлардың ішінен 35 жоба жартылай финалға өтсе, қазылар алқасы жобаларды қорғау нәтижесі бойынша 11 жобаны жеңімпаз деп тапқан. Биылғы жүлде қоры да 330 000 долларға жетіп, байқау тарихындағы ең үлкен жүлдені құрады.
Атап айта кетейік, осы уақытқа дейін Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен және кәсіпкерлер Вячеслав Ким, Кеңес Рақышев, сондай-ақ Рашит Махаттың қолдауымен «Сәби» қайырымдылық қоры 8 жыл бойы қазақстандық кәсіпкерлерге өз идеяларын немесе жүзеге асқан жобаларын жариялап, істерін дамыту үшін қайтарымсыз қаржылай қолдау алуға мүмкіндік беріп келеді. Осы уақыт ішінде жас кәсіпкерлерге берілген гранттардың жалпы сомасы 1 910 000 АҚШ долларына жеткен.
Биылғы жылғы байқау жеңімпаздары болып төмендегі жобалар танылды:
1. Мақсат Прімбет. QR-мәтіні бар жартылай электронды кітапты шығару жобасы - $ 10 000
2. Рүстем Емеков. QBit білім беру конструкторы - $ 15 000
3. Гаухар Әукен. Brak.kz. Отбасылық даулар бойынша құқықтық көмек - $ 15 000
4. Гүлмира Байгулжаева. Feedingkaz. Шаруашылық өсімдік майлары, ұн, урбеч - $ 20 000
5. Серік Тұрысбеков. Service4Agro. Бау-бақша техникасының жергілікті өндірісі - $ 30 000
6. Қасымхан Ұлықбанов. Zerenmilk. Балаларға арналған сүт қоспасын әзірлеу - $ 30 000
7. Алмас Мұхаметов. Бірреттік медициналық құралдарды өндіру - $ 30 000
8. Мақсат Умурханов. Аса берік қолғаптарды өндіру - $ 30 000
9. Бағлан Қалдарбеков. Guryev өлшеу құралдарын өндіру - $ 50 000
10. Шейхислам Сахи. MedData. Пациент, дәрігерді және аурухананы басқаруға арналған ЖИ - $ 50 000
11. Гүлнұр Құтыбаева. "Нұрлаб" көпфункционалды медициналық орталығы - $ 50 000
Жеңімпаздарды қор басшысы Әсел Тасмағамбетова құттықтады. Сондай-ақ, Вячеслав Ким, Кеңес Рақышев, Рашит Махат грант сертификаттарын табыс етіп, сәттілік тіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024