
Алматы. 1 қазан. 7kun.kz - Бірғаным Әйтімова жаңа лауазымға ие болды, ол Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды Парламенттің баспасөз қызметі.
Кеңес хатшысы болып сенатор Нұрлан Қылышбаев тағайындалды.
Бұған дейін Дариға Назарбаева даму мен алға жылжу үшін елге сенімді шешім қажет екенін атап өтті. Сондықтан жоғарғы палата жанынан консультациялық орган – Сенаторлар кеңесі құрылды. Кеңеске алдыңғы шақырылымдардағы Сенаттың неғұрлым беделді, тәжірибелі депутаттары шақырылды.
"Кеңес даналықты, тәжірибені, ұстамдылықты, тұрақтылықты бейнелеуі керек. Біз оны тікелей диалогтың ашық алаңы ретінде көріп отырмыз. Сенаторлар кеңесінің мүшелері қолданыстағы депутаттық корпустың жақсы қолдауына ие болады деп есептейміз. Бізге сіздердің тәжірибелеріңіз, күштеріңіз, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз қажет", - деді Дариға Назарбаева.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025