Әдетте, адамдар белгілі бір кәсіпті бастамас бұрын оны зерттеп, талдау жүргізіп, бизнес жайлы кітаптар оқып, әртүрлі тренингтерге қатысып жатады. Осы тізімге бизнес тақырыбын қамтитын, кәсіпкер болуды, істі жүргізу жолдарын үйрететін, шынайы мысалдар арқылы көрсететін сериалдарды қосуға болады. 7kun.kz осындай сериалдардың ТОП-7 тізімін ұсынады.
Mad Men. «Безумцы»
Сериалдың басты кейіпкері - жарнамашы Дон Дрейпер. Ол "Стерлинг Купер" агенттігінде АҚШ-тағы жарнама индустриясының дамуы кезі, анығырақ айтқанда 60-шы жылдардан бастап жұмыс істейді.
Дон керемет талант иесі, ол сендіреді және сата алады. Оның құрсауына тек клиенттер ғана емес, сұлулар да түседі.
Сериалда Доннан басқа да көптеген қызықты кейіпкерлер бар. Олардан өнімдерді ұсынуды, адамның эмоцияларымен ойнап, ақша табуды үйренуге болады.
Оқиғалар желісі 1960 жылдың наурызынан басталып, 1970 жылдың қарашасында аяқталады.
Six Feet Under. «Клиент всегда мертв»
Бұл сериал Фишерлердің отбасы және олардың отбасылық бизнесі – жерлеу бюросы туралы баяндайды. Киноның басында компания басшысы болған әкесі қайтыс болады. Енді отбасылық істі оның ұлдары жалғастыруы керек.
Бұған дейін де тату болмаған ағайындылардың қарым-қатынасы осы жағдайдан кейін тіпті шиеленіседі. Бәсекелестер де отқа май құяды. Нарықта Фишердің кішігірім бизнесін жоюға тырысқан үлкен компания пайда болады.
Сериал бәсекелестермен қалай күресуге және бизнестің турбуленттік жағдайларында қалай аман қалуға болатындығын анықтауға көмектеседі.
How to Make It in America. «Как добиться успеха в Америке»
Кэм және Бен сериалдың басты кейіпкерлері. Олар Бруклинде тұрады. Жігіттер жиі сән кештеріне қатысады және дизайнерлік киімдерді тани алады. Ақша табу мақсатында достар эксклюзивті заттарды заңсыз қайта сатады.
Уақыт өте Ким мен Бен жеке кәсіптерін бастауға және жеке брендімен киім шығаруға шешім қабылдайды. Қылмыс әлеміндегі танымал адамнан ақша алып, бизнестерін бастайды.
Бірақ кәсіпкердің өмірі олар ойлағандай оңай болмайды. "Америкалық арман" жолында жігіттер бизнестің қиындықтарына тап болады. Осылайша сериалдың атауындағы риторикалық сұраққа жауап беруге тырысады: Америкада қалай табысқа жетуге болады?
Silicon Valley . "Силиконовая (кремниевая) долина»
Silicon Valley - комедиялық сериал, жас кәсіпкерлерге өте пайдалы. Сюжет деректерді жинаудың революциялық технологиясын жасаған достардың оқиғасына негізделген. Олар жеке компанияларын ашады, бірақ көптеген қиындықтарға кезігеді.
Жігіттердің заңдық және басқарушылық кемшіліктері - кәсіпті жаңадан бастаған бизнесмендер үшін жақсы тәжірибе көзі. Сонымен қатар, сериал технологияға қызығушылық танытатын адамдарға да ұнайтыны анық. Себебі, туындыда Силикон алқабындағы өмірге арналған көптеген сілтемелер бар.
Мысалы, сериалда әзірленген технология шынымен бар, бірақ басқа атаумен. Ал кейіпкерлердің бірі - Ричард Хендрикстің бейнесі бірнеше танымал кәсіпкерлерді еске салады. Ол Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг сияқты киінеді, ал мансапта өсуі Twitter негізін қалаушы Джек Дорсиге ұқсайды.
Billions. «Миллиарды»
Сериал сюжетінің негізі - миллиардер Бобби Аксельрод пен федералды прокурор Чак Роадс арасындағы қақтығыс.
Бобби жергілікті бай адам: ол өзінің жағдайынан ұялмайды, қымбат жылжымайтын мүлік пен көліктерге құмар. Бірақ миллиардер байлығының бір бөлігін қайырымдылыққа береді.
Осы ретте прокурор Чак Роадс Боббидің қаржы компаниясы заңсыз іспен айналысады және ол миллиардтарды адал жолмен таппайды деп күдіктенеді. Сондықтан, сот төрелігі мен ақшаның күші арасындағы соғыс өршиді.
StartUp. «Стартап»
Сериалдың үш бас кейіпкері бір-бірінемүлдем ұқсамайтын адамдар. Ник - әкесінің компаниясында жұмыс істейтін талантты қаржыгер. Иззи - әлемдік экономикада төңкеріс жасауға қабілетті GenCoin-тің электрондық валютасын жеті жыл әзірлеген бағдарламашы (программист). Ал Роналд - жергілікті бандиттер тобының басшысы.
Иззи өзінің стартапы үшін ақша іздейді және оны Никтен алады. Содан кейін оларға Рональд қосылады, ол қылмыстық өмірден алшақтап, отбасының болашағы жарқын болғанын қалайды.
Halt and Catch Fire. «Остановись и гори»
Бұл 80-ші жылдардағы компьютерлік индустрияның қалыптасуы туралы туынды. Бас кейіпкер, инженер Джо Мак-Миланның ойына портативті компьютер құру идеясы келеді. Бұған дейін оны ешкім жасамаған.
Ол жаңадан құрған компаниясына өзін түсінетін, идеясын жүзеге көмектесетін адамдарды іздейді. Көп уақыт өтпей өз ісінің нағыз мамандарын кездестіреді.
Саладағы үлкен компаниялар тынымсыз еңбек етеді. Сондықтан Джо және оның серіктестеріне тез өсіп, IT-саласының авангардында болу үшін қиындықтарды жеңуге тура келеді.
Жинаған Әлишер Асқарбек
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024