Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Болат Өтемұратов MARI атты жаңа жаһандық компанияның ірі серіктесіне айналды

 Болат Өтемұратов MARI атты жаңа жаһандық компанияның ірі серіктесіне айналды

Кәсіпкер және меценат Болат Өтемұратов MARI атты жаңа жаһандық компанияның дамуына инвестиция салып, жобаның негізгі серіктестерінің бірі атанды. Бұл туралы forbes.kz хабарлады. 

Жоба спорт, өнер және мәдениетті біріктіріп, жаһандық аудиторияны тартуға бағытталған. MARI жобасын голливудтық медиамагнат Ариэль Эмануэль басқарып отыр.

Болат Өтемұратов бұл жобаға беделді халықаралық инвесторлар консорциумымен бірге қосылды. Олардың қатарында:

  • Apollo Global Management
  • RedBird Capital Partners
  • Qatar Investment Authority (QIA)
  • Ares Management
  • Andreessen Horowitz (A16Z)
  • Google-дің бұрынғы бас директоры Эрик Шмидт бар.

Компания қандай активтерді сатып алды? 

MARI алғашқы кезеңде бірнеше әлемдік деңгейдегі активтерді иемденді:

  1. Madrid Open (ATP Masters 1000 / WTA 1000) – Еуропадағы беделді теннис турнирлерінің бірі.
  2. Miami Open (ATP Masters 1000 / WTA 1000) – Майамиде өтетін ірі турнир.
  3. Mubadala Citi DC Open (ATP/WTA 500) — Вашингтонда өтетін бірегей турнир.
  4. Frieze – Лондон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Сеулде өнер жәрмеңкелерін ұйымдастыратын ықпалды арт-компания.
  5. Barrett-Jackson – Коллекциялық автокөліктерге арналған АҚШ-тағы жетекші аукцион үйі.

 «Мен MARI жобасына халықаралық инвесторлармен бірге қосылғаныма қуаныштымын. Компания алғашқы қадам ретінде әлемдік деңгейдегі турнирлер – Madrid Open, Miami Open және Frieze арт-компаниясын сатып алды. Бұл бірегей жаһандық портфель қалыптастыру жолындағы батыл қадам. Қазақстан үшін бұл – спорт, мәдениет және өнер саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді елге әкелудің үлкен мүмкіндігі», – деді Болат Өтемұратов.

Басшылық және даму стратегиясы

Компанияны Ариэль Эмануэль басқарады, ал директорлар кеңесінің мүшесі Марк Шапиро компанияның дамуына жауапты. Булат Өтемұратов теннис активтерінің даму стратегиясын айқындайтын комитеттің мүшесі болады.

MARI компаниясының мақсаты – спорт, өнер және мәдениетті біріктіріп, жаңа форматтар арқылы әлем жұртшылығын тарту. Бұл жоба жаһандық деңгейде ықпал ететін, жаңа мәдени трендтерді қалыптастыратын ірі платформаға айналуы мүмкін.

Ұқсас материалдар