Қай жерде болмасын адамдар қауіпсіз, өркендеген, ой мен іс-қимыл бостандығы қамтамсыз етілген және үкіметті таңдауға демократиялық құқықтарын жүзеге асыра алатын елде өмір сүргісі келеді. Бірақ әлем 2017 жылы және алдағы жылдарда тұйыққа тірейтін сұраққа беттесіп тұр: біз саяси еркіндік және экономикалық өркендеудің бірге болуына қалайша сенімді бола аламыз?
Америкалық саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма либералды демократиялардың, өздерінің саяси бостандығы және экономикалық табысымен қатар, үш маңызды компоненті бар деп айтты, олар: күшті үкімет билігі, заңның үстемдігі, және демократиялық есеп берушілік. Мен төртіншісін қосар едім, ол - еркін нарықтар.
Қуатты мемлекеттік билік жай әскери күш немесе нәтижелі барлау аппаратын білдірмейді. Керісінше, ол тиімді, әділ әкімшілікті білдіруі тиіс, басқа сөзбен айтқанда, «адал басқару».
Заңның үстемдігі дегеніміз, мемлекет үндістер Дхарма терминімен атайтын, яғни діни, мәдени, немесе сот органы қолдаған барша түсінетін моральдық мінез-құлық кодексімен шектеулі болады демек.
Демократиялық есеп берушілік азаматтар жемқор немесе саяз билеушілерді ауыстыруға құқылы болып, үкіметтерді халықтың толықтай қабылдауы қажеттілігін білдіреді.
Бірақ күшті үкімет қандай болады? Либертариандықтар бойынша, ең үздік мемлекет ол ең аз басқарып, өмірдің, мүліктің, сондай-ақ келісім-шарттардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге өзін арнаған бір «түнгі күзетші» ретінде болады. Марксистер сенім-пікірі бойынша, Фридрих Энгельс айтып өткендей, пролетариат жеңісі таптық қақтығыстарды аяқтағанда, «тұлғалардың мемлекеті заттардың әкімшілігімен ауыстырылады». Екеуінікі де дұрыс емес: барлық экономикалардың дамып, өркендеуі үшін оларға мықты үкімет қажет.
Күшті үкіметтер, алайда, дұрыс бағытта жүрмеуі де мүмкін. Гитлер Германияны тиімді әкімшілікпен қамтамасыз етті: пойыздар уақытымен жүрді (1975-77 жылдардағы төтенше жағдайымыз кезіндегі Үндістан пойыздары сияқты). Бірақ Гитлер заң үстемдігін елемей, Германияны құрту жолына қойды, ал демократия мұндайда көпшіліктің тираниясына әкелуі мүмкін. (Гитлердің сайланғанын ұмытпайық).
Керісінше, демократиялық есеп берушілік заңның ұлықтылығымен ұштастырылғанда ол мемлекеттің азаматтарының тілектеріне жауапсыз қалдырмауын қамтамасыз етеді. Әрине, әр түрлі әлеуметтік топтар әрқашан олардың бағдарламаларының саясатқа түрленуіне жете алмайды; бірақ демократиялық институттар шағымдардың күштеусіз хабарланып, жетулеріне мүмкіндік беруімен маңызды.
Біз тарих әсерін ескерусіз қалдыра алмаймыз. Фукуямның айтуынша, Қытай өз тарихында хаостың ұзақ кезеңдерін бастан кешірген. Шектеусіз әскери бәсекелестік орнаған кезде топтар билеушілері билігін шексіз жасай алатын, иерархиялық әскери бөлімдер құралады. Топ ақыр соңында жеңімпаз атанғанда, ол хаостың қайта орнамауы үшін орталықтандырылған диктаторлық билікті орнатқан. Ал үлкен географиялық аймақты басқару, сондай-ақ дамыған элиталық бюрократияны қажет етті, демек мандариндерді. Қай кезде болмасын, Қытай біріккен кезде оның шектеусіз, тиімді үкіметі болды. Бірақ, Фукуяманың айтуы бойынша, оларда заң үстемдігін нығайту үшін дін немесе мәдениетте биліктің баламалы көздері болмады.
Батыс Еуропада, керісінше, христиан шіркеуі басқарушы билікті шектеп отырған. Сондықтан әскери бәсекелестік заңмен орнатылған шектеулермен қосылып, күшті үкімет пен заң үстемдігінің пайда болуына әкелді.
Үндістанда, каста жүйесі арқасында бүкіл халықтың толықтай ешқашан соғыс күшіне арналмаған. Сондықтан Үндістанда соғыстар Қытайда сияқты ешқашан жауызды болмаған. Сонымен қатар, ежелгі үнді жазбаларынан шыққан дұрыс мінез-құлық кодекстері тарихи билеушілердің озбырлығын тежеп отырды. Нәтижесінде, Үндістанның үкіметтері сирек автократиялық болған.
Тарих тағдыр емес - бірақ ол ықпалды болып табылады, және ұқсас тарихи мен мәдениеті бар кейбір көршілері жете алмағанда, Үндістаннің демократияға жетуі әлі де жұмбақ болып тұр. Ұзын сөздің қысқасы, енді демократия мен еркін нарықтың арасындағы қарым-қатынасты қарастырайық.
Демократия мен еркін кәсіпорындардың екеуі де бәсекелестікті тудырта отырып, өздері де оны қажет етеді. Бірақ, демократия жеке тұлғаларды тең дәрежеде қабылдайды, ал еркін кәсіпорын жүйесі оларды табыстары мен активтеріне байланысты күшейтеді. Олай болса, демократиядағы орташа сайлаушылар байларды қуып тастауға неліктен дауыс бермейді?
Орташа сайлаушылардың байлар мүлкін қорғап және оларға қалыпты салық салуға келісулерінің бір себебі - олар байларды барлықтары үшін өркендеуді жасаушылар ретінде көруі. Байлар құр сандалған немесе жемқор болған сайын, орташа сайлаушылар көбірек қатаң ережелер мен жазалаушы салықтар үшін дауыс береді.
Бүгінде кейбір дамушы нарықтарда дәулетті олигархтар бизнесін басқару арқылы емес, жүйені басқаруды үйрену арқылы байи түсті. Үкімет осы бай олигархтардың артына түскен кезде тек бірнеше дауыстар ғана наразылық көрсетеді - және нәтижесінде мемлекет одан да аса автократиялық бола түседі.
Барлығы үшін тең ойын алаңы бар, бәсекеге қабілетті еркін кәсіпорын жүйесі, ең нәтижелі, пысық адамдарға байлықты игере алуға мүмкіндік беру арқылы, осы қаупті азайтады. Креативті деструкция процесі мұраға келген нашар басқарылатын байлықты жаңа және динамикалық байлықпен ауыстырады. Ұрпақтар буыны бойы туындаған ұлы теңсіздік, көпшіліктің наразылық көзі болмайды. Оның орнына, әркім, Билл Гейтс немесе Нандан Нилекани болатынын армандай алады.
Батыс демократияларында бірқатар қиындық ойын алаңының қисаюынан туындайды. Орта таптың көбі үшін, баю жете алмайтын шыңдай көрінеді, себебі бүгінде байлыққа жол ашар паспорт болатын жақсы білім көп адам үшін қолжетімсіз болуда. Өсіп келе жатқан әділетсіздік идеясы еркін кәсіпкерлік жүйе қолдауын бұзады.
Сонымен, Үндістанға оралайық. Фукуяманың үш компонентінің Үндістанда ең мықты орын алғаны демократиялық есеп берушілік болып табылады. Біз сондай-ақ заң үстемдігін кеңінен ұстанамыз. Біз әлі аспаған ұзақ жол үкіметтің қоғамдық қызметтерді көрсете білу қабілетінде жатыр. Мықты мекемелер, мысалы тәуелсіз сот, оппозициялық партиялар, баспасөз бостандығы, сондай-ақ жарқын азаматтық қоғам үкіметтің үстеме билігін тежейді, және бізде «тежеу мен баланс» «тежемелік балансты» қажет етеді. Мысалы, бізде апелляциялық процесс өте баяу болмауы тиіс себебі ол қажетті мемлекеттік шараларды тоқтатады.
Ең жігерлендіретін даму бұл бүкіл Үндістан бойынша көп адамдар бәсекеге қабілетті болуда, және біздің жас кәсіпкерлердің көбі үкіметке бас июді сөзсіз орын алатын нәрсе деп қабылдамайды. Біз өркендеу және саяси бостандыққа ие болғымыз келсе, бізде сондай-ақ, экономикалық интеграция мен тең жағдайлар болуы керек. Барлық азаматтар үшін білім алуға, тамақтану, денсаулық сақтау, қаржы, және нарыққа қол жеткізе алу моральдық императив болып табылады, себебі ол тұрақты және демократиялық экономикалық өсудің алғышарты.
Автор туралы: Рагурам Раджан - Үндістан Резервтік банкінің бұрынғы басшысы, Чикаго университетінде Бут бизнес мектебінің қаржы профессоры болып қызмет атқарады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024