Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутаттардың демалысы кейінге қалдырылды

Депутаттардың демалысы кейінге қалдырылды

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz – Сессияны екі аптаға ұзарту туралы шешімді Мәжіліс депутаттары шұғыл қарауды және қабылдауды талап ететін заң жобаларының болуына байланысты қабылдады.

«Біз сессияны 10 шілдеге дейін создық. Біз жұмыс істейміз. Сессия ұзартылды, өйткені көптеген заң жобалары қабылдануы тиіс. Олар көп», – деді Мәжіліс депутаты Василий Олейник.

Мысал ретінде ол депутаттар бастамашылық жасаған халыққа мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін айтарлықтай жеңілдететін «Мемлекеттік қызметтер туралы» заң жобасын атады.

«Біздің азаматтарымызға біздің қызметтерімізді уақтылы алу өте қажет. Депутаттар бастамашы болған басқа да заң жобалары бар. Сіздер білесіздер, мен заңнама және сот реформасы жөніндегі комитетті ұсынамын. Біз жақында комитеттің Ақтау қаласында сот-құқықтық жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша көшпелі отырысында болдық. Бірқатар заң жобалары, атап айтқанда, әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексі бойынша келіп түсті. Жұмыс өте көп», - деді ол.

Оның мәліметінше, мәжілісмендердің сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге шығуын 10 шілдеден кейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Похожие материалы