Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екі елден кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

Екі елден кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың 19 ақпанынан бастап Қазақстан тарапынан Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімдерге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілді. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда тұқымдық және азықтық картопқа, алма, құрма, сонымен қатар Өзбекстан Республикасынан әкелінетін анарға. Бұл туралы брифинг барысында АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің орынбасары А.М. Марс хабарлады.

Соңғы уақытта Қырғыз Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан енгізілген карантинге жатқызылған өнімдерден жүйелі түрде мынадай карантиндік объектілердің анықталуы жиіленіп кетті:

- алма және құрмада карантиндік объект Комсток сымыры - Pseudococcus comstocki (Kuwana);

- картопта карантиндік объект картоптың алтын түстес жұмырқұрты Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens.

2018 жылы және ағымдағы жылдың қаңтар - ақпан айларында Қазақстанға енгізілген карантиндік жүктердерді тексеру кезінде Қырғыз Республикасынан карантиндік фитосанитариялық бірегей талаптарына сәйкес 465 фактісі, соның ішінде 59 фактісі карантинге жатқызылған өнімдерден  карантиндік объектілермен залалдануы анықталды.

Ағымдағы жылдың соңғы айында Өзбекстан Республикасы аймағынан енгізілген анардан 2 комсток сымыры - Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды.

Анықтама: сымырдың шоғырлануы жемістің өсу нүктелерінің және өркеннің кебуімен қурауына жапырақтың сарғайуы мен түсінуіне және  бұның бәрі өсімдіктің қурауына әкеп соғады. Жеміс қатты залалданған уақытта кеуіп қатайуына, сапасымен дәмінің нашарлауына және салмағының азаюына әкеп соғады. Сымырмен залалданған ағаштардың жанында өскен жеміс дақылдары сымыр құртымен залалданып шығынға ұшырауы: қызылша 35%, картоп 42%, шабдалы 49%. Сымырмен тұт ағашының залалдануы орташа есеппен 10% құрайды.

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты тамырмен түйінді зақымдап картоп өндірісіне зиян келтіреді. Өнімді жоғалту мүмкіндігі 50-90%. Кей жағдайларда бүкіл өнімді жоғалтуына әкеп соғады.

Похожие материалы