Психологтар адамдардың қаражатты басқаруда ақылға жүгіне бермейтінін дәлелдеген. Осы қисынсыз ақша жұмсаудың соңы ауқымды экономикалық дағдарыстарға алып келеді. Барлық уақытқа бірдей қаржы заңдылықтары жоқ, әрине. Дегенмен бүгін қоғамдағы түрлі тұрақсыз кезеңдерде қаражатты қалай сақтау керектігі туралы айтатын боламыз.
Бар байлығыңызды бір жерде сақтамаңыз.
"Девальвация болады" деген сыбыс естілісімен, ақпараттың рас өтірігіне мән бермей, валюта айырбастау орындарына жүгірмеңіз. Жинаған мүлкіңізді валютаға, жылжитын және жылжымайтын мүлікке немесе бағалы металдарға аудармас бұрын 100 рет ойланыңыз.
Барлық нәрсенің құны жоғалады. Тіпті, 1971 жылы Бреттон-Вудск келісімінен кейін доллардың алтын қорымен байланысы алынып тасталған. Демек, ол да тек қағаз. Ал ұлттық валюта одан да тез құнсыздануы мүмкін. Венгриядағы әлемдегі ең қорқынышты гиперинфляцияны еске салайық. Ол кездері инфляцияның күнделікті межесі 207 пайыз болған, ал бағалар әр 15 сағатта ауысып отырды. Жылжымайтын мүлік құны табиғи апаттардлың салдарынан немесе саяси тұрақсыздықтан арзандап кетуі мүмкін.
Ақшаны алтынмен сақтау жақсы-ақ. Бірақ 1933 жылы АҚШ перзиденті Франклин Рузвельт жеке және заңды тұлғалардың қолындағы барлық тиын және сом алтындарды тәркілеу туралы бұйрық шығарғанын білсеңіз бұл ойыңыздан да айнып қалуыңыз мүмкін.
Сондықтан барлығын бірдей жоғалтып алмас үшін, инвестициялық портфеліңізде аздаған валюта, біраз жылжымайтын мүлік және құнды металдар болғаны дұрыс. Бұлай етсеңіз бүгін ұтпасаңыз да, ертең ұтасыз, ең болмағанда барлығынан айырылып қалмаудың амалын табасыз.
Әр кезеңнің бағалы заттары да әр түрлі.
Бағалы заттарды 3 топқа бөлуге болады: ақша, жылжымайтын мүлік, алтын (немесе басқада құнды металдар). Қандай кезеңде қай жинақ түрін таңдаған орынды? Үш түрлі кезеңді алып қарастырайық.
Бірінші нұсқада елдегі жағдай тұрақты уақытта не істеу керектігіне тоқталайық.
Мұндай елде ақша мен жылжымайтын мүліктің бағасы қымбаттай түседі. Ал алтын, керісінше, қажет болмай қалады. Сондықтан жинағыңызды жылжымайтын мүлікке немесе валютаға салғаныңыз жөн.
Екінші нұсқаға экономикасы тұрақсыз жағдайды алып қарайық.
Ұлттық валюта құнсызданып жатқан мұндай кезеңде алтын да, жылжымайтын мүлік те қымбаттайды. Олардың әрқайсысының да өз құны бар: үй бетон мен кірпіштен құралған, жер бетінде нық тұрады. Алтынның да жағдайы солай, ол да құнын жоғалтпайды.
Үшіншіден саяси тұрақсыз немесе табиғи қатер төнген елде қандай жинақ түрін қолданған маңызды деген сұраққа жауап беріп көрейік.
Адам өміріне қауіп төнетін жерде ешкім тұрғысы келмейді. егер мұндай жағдай туындаса, жинақты жылжымайтын мүлікпен немесе ақшамен сақтаған қисынсыз. Тұрақсыз мемлекеттің ақшасы құнсыздана бастайды. Ал үйге төнетін қауіп-қатер оның бағасын арзандатып жібереді. Сонымен қатар, оныі басқа елге кетер болсаңыз өзіңізбен бірге алып кете алмайсыз. Сондықтан бұл жағдайда жалғыз құнды дүние алтын ғана. Оның ең бір артықшылы өзіңмен қай әкетсең де ыңғайлы және барлық жерде де бағаланады.