Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Шыңғыс Мұқан 1984 жылы дүниеге келген. Экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Алматыдағы "Қайнар" университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және Гарвард университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын журналистика саласында, "Жас Алаш" газетінің тілшісі болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, "Жайық-пресс" ЖШС бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Соңғы жылдары KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті, "Mazmundama" қорының президенті болды. Аталған қор әлемдік бестселлерлерді қазақшаға аудару бойынша табысты жұмыс атқарды.