Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жаһандық көшбасшы Huawei компаниясы өз тарихын қазақ тілінде баяндайтын алғашқы аударма кітабын ұсынды.
Басылым Huawei-дің қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді, компанияның басқару мен инновациялардағы тәсілдерін, сондай-ақ технологиялардың дамуы мен олардың қазіргі әлемге әсерін сипаттайды.
Кітаптың аудармасы Huawei-дің қазақ тілінде білім беруді қолдау және техникалық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған ауқымды бастамасының бір бөлігі болды. Компания жергілікті жоғары оқу орындары және зерттеу орталықтарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, студенттер мен оқытушыларға заманауи технологиялар мен білімге қолжетімділікті ұсынады.
«Huawei әрдайым білім мен технологияларды, әсіресе елдің одан әрі дамуы үшін маңызды салаларда жергілікті деңгейде қолдауға ұмтылады. Бұл кітаптың қазақ тіліне аударылуы – қазақ тіліндегі техникалық әдебиет пен білім беру ортасын дамытуға қосқан біздің үлесіміз. Біздің кітабымыздың енді қазақ тілінде қолжетімді болғанына қуаныштымыз және оның жаңа буын инженерлері мен IT-мамандарын шабыттандыратынына сенеміз», – деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ша На.
Іс-шарада Білім министрлігінің өкілдері, технология саласындағы сарапшылар, білім саласын ілгерілетуші блогерлер мен журналистер бас қосты. Қатысушылар білім берудегі жасанды интеллекттің рөлін, қазақ тіліндегі техникалық әдебиетті дәріптеудің қиындықтары мен келешегін, сондай-ақ цифрлық қоғамды қалыптастырудағы тілдік қолжетімділіктің рөлін талқылады.
«Қазақ тіліндегі техникалық әдебиет болашақ инженерлер мен IT-мамандарды даярлаудың маңызды құралы. Әлемдік технологиялық компаниялар туралы кітаптарды аудару сияқты бастамалар жастардың заманауи технологияларға деген қызығушылығын оятады», – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов.
Панельдік сессияға белгілі мәдениеттанушылар мен қазақ лингвистикасының сарапшылары, журналистер қатысты. Олардың қатарына Раиса Қадыр, Мақпал Жұмабай және Әлия Әшім бар. Қатысушылар қазақ тілді техникалық әдебиеттің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады. Олар ғылымды дамыту, мемлекеттік тілді нығайту және білім алуға қолайлы орта құру үшін сапалы контент үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
«Техникалық әдебиетті насихаттау – бұл тек аударма ғана емес, сонымен қатар жастарды қызықтыратын білім беру жобаларын қолдау. Техникалық әдебиеттерді аудару – білімнің қолжетімді болуына және жастардың ана тілінде оқып, дамуына мүмкіндік беретін маңызды қадам», – деп бөлісті Әлия Әшім.
Huawei көпшілік қауым үшін жаңа жетістіктер мен технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында білім беру бастамаларын қолдауға және қазақ тілінде білімді таратуға ерекше назар аудара отырып, Қазақстанда өз жобаларын белсенді дамытуды жалғастыруда.